Шығарма: «Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген»

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,
Мен қазақпын дегенің қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын!
Жетер сан жыл шеккені малдай азап!
Ж. Молдағалиев
Мен кіммін?.. Қандаймын?.. Қайдан келдім?..
Мен - қазақпын! Мен – сонау замандағы дүниежүзін дүр сілкіндірген, Ұлы Рим империясын аяғынан тітіреткен, «Аспан асты елін» үрейлендіріп, қорған салдырған ғұндардың ұрпағымын. Мен – дүниенің төрт бұрышына даңқы кеткен, талай царь, князьдерді тәжім еткізген Ұлы түріктің көк бөрісінен қалған бөлтірігімін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған,......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан қорғау- басты міндет

Мемлекетіміздің кең - байтақ жері, оның қойнауындағы мол қазынасы, көлі мен тауы, шөлі мен нуы – халқымыздың игілігіне жарататын, атадан балаға мирас етіп қалдыратын баға жетпес байлығы. Сонау ғұн, сақ заманынан бері ата-бабаларымыз осы жер үшін қан төгіп, ұлтарақтай бөлігі үшін жан алысып, жан берісті. Сол «елім, жерім», деп еңіреген ерлердің арқасында ұланғайыр жерге иеміз. Жер көлемі бойынша 9-орындамыз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан үшін отқа түс күймейсің

Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. Әрісі сонау Алпамыс, Қобыланды батырлар, берісі моңғол-жоңғар шапқаншылығы кезінде де, еліміздің батыр ұлдары ел қорғау мақсатында қолдарына найза ұстап, елін-жерін яғни осы ұлан-ғайыр атырыпты қорғағаны бәрімізге белгілі. Сондай қазақ батырлары: Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Райымбек батыр, Шапырашты Наурызбай батырлардың Аңырақай маңындағы шайқастарында елі мен жері үшін, қасық қаны қалғанша алысқаны тарихтан аян.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Еркіндік - ежелден ел тілегі

Тәуелсіздік – ел тарихында, тағдырында айрықша орын алатын, ауқымы кең ұғым. Тәуелсіз ел болу кез-келгеннің маңдайына жазыла бермейтін бақыт. Біреудің боданында, бұғауында емес, еркіндікте ғұмыр кешу өмірдің рақаты емес пе? Сол бақыт, сол еркіндік біз өмір сүріп жатқан елдің тағдырына жазылған сый екен. Демек, біздің еліміз екінің біріне бұйыра бермейтін сондай сыйға лайықты болғаны.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейтіні баршаға аян. Олай болса, біздің ел сол байлыққа қалай қол жеткізді? Тарихқа көз жүгіртелік. Бізге бостандық әкелген ХХ ғасыр тек қана қуаныштарға......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен тәуелсіз елдің ұланымын

«Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген
Іс тынбайды «жанамын, күйемменен...»
Өгей әке емес қой Отан деген,
Отанды мен Атамдай иемденем!»
М. Жұмабаев
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуды аңсады. Қаншама батырларымыз, ер жүрек апа-ағаларымыз елін, жерін қорғау мақсатында оққа ұшты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бір халық-бір ел-бір тағдыр…

Отанды сүю – біздің перзенттік
парызымыз,қарыс қадам үшін
жанын қиған бабалардың асыл
аманатына адалдығымыз!
Н.Ә.Назарбаев
Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-
сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан.Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау түтіні,бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.Әр адамның туған Отаны,туған жері оны елімен,......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып , мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген. Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады. Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері даусыз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Рахмет, Анашым!

«...Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған»
А.М.Горький
Ана жайлы ойыңды айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анама маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Жер бетінде анасын жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, сірә. Әр сәбидің дүние есігін ашқанда өз анасы болады. Бұл әлемде қанша ана болса да, барлығының тілеуі бір. Олар балаларының мейірімді, адал, адамгершілік қасиеті мол, кішіге қамқор боларлықтай азамат болғанын қалайды және сол жолға түсуі үшін еңбегін аямай жұмсайды.......
Шығармалар
Толық
0 0