Шығарма: Ұланы бар елдің ұраны бар!

Әр адам үшін өмірде екі ғана нәрсе қымбат. Оның бірі-Ана,екіншісі-Отан. Себебі.бұл екеуі жайлы қозғағанда елжіремейтін жүрек жоқ болар,сірә. Ана бізді өмірге әкелсе,Отан бағып-қағушы. Сондықтан да біз Анамызды қалай құрметтесек, Отанымызды дәл солай қадірлейміз. Міне,сондықтан болар, аяулы Ана мен ардақты Отанды қосып, Отан-Ана дейтініміз.Жер шарындағы өзге жандар үшін қалай екенін білмеймін, бірақ мен үшін менің Отаным ең керемет жер,ғажап ел! Ұлан-байтақ жазығы бар, бидай,күріш азығы бар, асқар-асқар таулары бар, жасыл желек баулары бар, ащы-тұщы
көлдері бар, сарғылт келген шөлдері бар , сан миллион халқы да бар, ескірмейтін салты да бар, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет-Қазақстан Республикасы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Айбынымызды асқақтатар, рухымызды биіктетер - ел рәміздері

Мемлекеттік рәміздер-белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде жатыр.Мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас бөлігі. Ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отаным – Қазақстан!

...Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «Ана» деп күлім қаққан,балалықтың бал күнін осында жүріп сезінген елім, киелі жерім, атамекенім- Қазақстаным бар. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері-Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған болар, сірә! Туған жерін жырға қоспаған,туған жері жайлы толғанбаған, ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар, бәлкім.Мен де бүгін қолыма қыл қаламымды алып, жазушы болмасам да, өзім жайлы толған бақпын, Туған жер!
Қасиетті де киелі, елім менің! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым

1996 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздеріміз дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Рәміздерін жасау бүкіл халықтық сипат алып көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шағармашылық белсенділікке жол ашты. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті рәміздері бар. Қазақстан республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным - Қазақстан

Мен үшінең қымбат мекен – Қазақстан.Осындай киелі, әрбір қазақ үшін қымбат, тәуелсіз, жан дүниесі де байлыққа да бай Қазақстан атты елде өмір сүру мен үшін үлкен мақтаныш.
Меніңтуғанжерім – ҚазақстанРеспубликасы. Бұл – бай тарихымен, көнемәдениеті мен ерекше табиғатымен мақтана алатын ұлымемлекет. Қазақстанның тамаша табиғаты-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлығы да менің Қазақстанымда.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Шарықтап шыңға шыққан Қазақстан

Отан. Атамекен. Атажұрт. Тарих. Бұл қай құлаққа да жағымды естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды.
Қазақ елі тарғалаң тарихты бастан кешкен батыр халық. Оның батырлығы да, елдігі де бір күндік жеміс емес. Тәуелсіздік жолында сан қилы заманды өткерген Қазақстан-бүгінде үлкен жеңіске жетіп отыр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлттық патриотизм – елдікті сақтап қалудың негізі

Қазақ халқының сан ғасырларға созылған ұлт - азаттық күресінің нәтижесі – тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы. Осы жолдағы ұлы белестерде, қиын-қыстау асуларда бабаларымыз кемеңгер ақылы мен ержүрек батырлығын көрсетіп, ұлан байтақ жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, біздерге мирас етті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтсақ: “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін , Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз”.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан – ұлы отаным

Отан. Бұл сөзді естігенде, ойға алғанда әрбір адам баласының жүрегі езіліп, ден бойы шымырлауы анық. Себебі, әрбір қазақ деп, халық деп соққан кеудедегі жүрек болған соң және нағыз патриот жандар болғандықтан. «Отан отбасынан басталады». Бұл мақалдан не түсінеміз? Әрине, бұдан түсінетініміз әрбір адам баласы ең алдымен өз әке – шешесін, бауырларын , яғни өз отбасын сүйеді ,бағалайды және сыйлайды. Осылайша өз отбасын құрметтеген адам өз Отанын да дәл осылай сезімдермен қабылдай алады. Отан – туып өскен жерің, кіндік қаның тамған, тай құлындай ойнап өскен өлкең. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ барда салт-дәстүріміз ғұмырлы болмақ

Салт – халықтар кәсібіне, сеніміне,тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп,өзгеріп,қоғамдық болмыс принциптеріне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Сондықтан да халық :«Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар»,-деп дұрыс айтқан.
Дүние жүзі халықтарының өздеріне тән салт-дәстүр ерекшеліктері бар. Сол сияқты:«Қазақ барлық сенім,әдетімен де, ойын -сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар,өлең жырлар жасауымен де,сауыққа құмарлығымен де, халықтың заңның көптеген кодекстерін сақтаумен де,соттың шешімдерімен де ең ақылдылардың қатарына қосылады»,-деп Ш.Уалиханов ......
Шығармалар
Толық
0 0