Кіріспе Білім мен тәрбие тұғыры тіл болғандықтан, тілдерді оқыту жайы қашан да басты назарда тұрады. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін байланыс құралы ретінде тілдің басты қызмет атқаруы табиғи құбылыс. Сондықтан да болар, шет тілін үйренуге деген талап пен көзқарастың жаңа бағыттарда өзгеруі жаһандану процессімен, еліміздің басқа елдермен экономикалық тұрғыда, мәдени тұрғыда қарым-қатынасының кеңейуі салдарына байланысты. Шетел тілі біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени прогресінің іс жүзіндегі факторына айналып, бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан кезде ендігі жана буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдерін жақсы білуі — уақыт талабы болып отыр. Осыған байланысты шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқып жатқан шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білуге үйрету. Оқушыларды сөйлеуге, тілдік қарым-қатынасқа екі немесе бірнеше адамның өзара іс-әрекеті ретінде қарауға тәрбтелеу пәнді оқытуды түбегейлі түрде өзгерту, жаңарту арқылы іске асады. Шетел тілін оқытудағы бұл мақсат әдіскерлердің, шетел тілі мұғалімдерінен әрдайым тиімді әдіс-тәсілдерді іздеуді, сонымен қатар оқыту мазмұнына көңіл бөлуді талап етеді. ....
Кіріспе Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері,ережелері мен қағидалары белгіленген,онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына,олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған. Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы,құндық өлшемдері,ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс.Басқаша айтқанда,есептік саясат-бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген. Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн: -кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы; -толассыз қызметі; -есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі; -шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы.....
К і р і с п е Курстық жұмысын мазмұндамас бұрын, осы тақырыптың бүгінгі күндегі өзектілігіне тоқталған жөн. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде Азаматтық құқықтық қатынастарды, әр түрлі күрделі шаруашылық байланыстарды реттеу тәсілі ретінде азаматтық құқықтық шарттардың ролі жоғарлай түсті. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады. Азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да болашақта болу мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді. Бұл қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасын өтпелі кезені үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз. Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімін сипаттауда тауарларды өткізу жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді сонымен бірге тепе-тең айырбас негізінде құралатын кейбір қатынастарды реттеу шарт еркіндігін қамтамасыз ететіндей болып құрылғанын жалпылай атап өтуге болады, сонымен қатар оларға қатысушылардың құқығы бүтіндей салады және соған сәйкес шарттың қатынастардың жекеленген түрлеріне жауапкершілік тетігін толықтап реттеу және бекіту арқылы жоғары кепілді қорғалады.....
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі: Қазақ топырағында ағартушылвіқ идеяның туын алған көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым-білімнен мейлінше мол сусындаған, жан-жақты быімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхаттшы, талмас географ, білгір әдебиетші шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұққыш, нәзік психолог, тәлімгер-үлгілі ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосуы осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады. Зерттеудің маңсаты: Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайва айтқаны", "Абылай туралы жырлар", "Шора", "Орақ жырлары", "ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылуы, соңдай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатуы, ал атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.....
Кіріспе Шетелдік Азия әлемде халқының саны жағынан алдыңғы орында. 1990 жылдардың ортасында халық саны 3, 06 млрд. ал жер шарында таралған халық саны 58,2 % . Аумағы бойынша (27,2 млн. кв. км. Антарктиданы есептемегенде 20% жерді құрғақ жерлер алып жатыр). Шетелдік Азия, Америка мен Африкадан кейінгі үшінші орынды алып жатыр. Өзінің географиялық, этникалық және мәдени жағынан бұл елді –мекенді төрт бөлікке бөлуге болады. Олар: Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс және Шығыс Азия. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін шетелдік Азия империалистік державаның жартылай отарға тәуелді болды. Олар: Англия, Франция, Нидерланды, Португалия, АҚШ. Нәтижесінде, соғыстан кейін бұл елдер өз егемендігі (Қытай, Вьетнам, ҚХДР) алды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отар елдер болған Үндістан, Пәкістан, Цейлон, Бирма, Камбоджа, Индонезия өздерінің тәуелсіздігін алды. ХХ ғасырдың басындағы шетелдік Азия халықтарының (млн. адам) өсу деңгейі Азия- ның аума-ғы 1900 1950 1960 1970 1980 1990 2000 2010 2025 Оңтүс-тік Батыс Азия 48 42 56 74 98 130 167 209 271 Оңтүстік Азия 302 480 595 754 930 1164 1387 1592 1855 Оңтүс-тік Шы-ғыс Азия 104 182 226 287 356 438 519 593 688 Шы-ғыс Азия 401 671 791 986 1183 1324 1475 1588 1721 Барлығы 915 1375 1668 2102 2567 3057 3548 3982 4535 Азия халықтарының орналасуына байланысты өзгерістер болды. ХІХ ғасырдың басында Азия халқы біршама өсті, басқа елдерге қарағанда оның мөлшері 1650 жылы 60%, ал 1800 жылы 60%-ке өсті. Құндылыққа байланысты халқының саны мен өнімнің азаюы көп.....
КІРІСПЕ Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді. Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті. Мемлекет басшысы 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Салық кодексінде күрделі, көпқұрамалы міндет – бір мезгілде салық жүйесінің ашықтығын,салық салудағы бейтараптықты, салықтық әкімшілендірудің қарапайымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп,экономиканың сапалы дамуы үшін ынталандыру жүйелерін құруды тапсырды. ....
Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі. Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген прблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтардың қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашты. Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев «Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады» деп айтқан сонымен қатар ол озат техналогияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен қайта өңдеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады. Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалықтардың көлемі 1 мллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. т түсті металлургия өндірістің меншігіне жатады (4 млрд т – тау-кен өндірісінікі, 1,1 млрд т байыту фабрикаларныкі және 105 млн т металлургиялық өңдеу процестерінен шыққан қалдықтар).....
КІРІСПЕ Кәсіпорындағы шаруашылық қаржы жұмысын жургізу — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет кәрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғам¬дық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты - халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Кәсіпорындағы шаруашылық қаржы жұмысын жүргізу қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді. Кәсіпорын қаржы жұмысын жүргізуші мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар ақша қатынастарының өмір суруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.....
Кіріспе Ақпараттық жүйе – обьектіні басқару үшін қажетті ақпаратты жинақтау, сақтау, жаңарту, тасымалдау, өңдеу және шығару жүйелері. Ақпарат айналымын тиімді ұйымдастыру адамдардың күнделікті өмірінің табыстылығының шартына күн өткен сайын айналып келеді. Адамзат өмірінің тұрақты жұмыс істеп тұруы үшін қажетті ақпарат мөлшері өндіруші күштер көлемінің өсіунен квадрат дәреже есе көп өсіп келеді. Көптеген дамыған елдерде ақпаратты өңдеу сласында жұмыс істейтіндердің саны нақты өндірістегі жұмыс күштерінен асып түседі. Ақпараттың айналымының барлық саласында автоматтандыруды қолдану экономиканың жаңа қарқын алып, үлкен жұмыс күші ресурстарын босатуға алып келеді. Осындай қарқынды өсім мен интенсивті айналым кезінде ақпараттың қауіпсіздігі, соның ішінде криптоәдістерді қолдану ерекше маңызға ие. Криптология ақпаратты оны түрлендіру арқылы қорғаумен шұғылданады. Ол криптография және криптоталдау (криптоанализ) деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл екі бағыттың мақсаттары қарама-қарсы. Соған қарамастан алдыңыздағы курстық жұмыста сол бағыттарды тең қолдана отырып, мен жұмысымды сипаттамақпын. Симметриялық шифрлау саласына жататын Вижинер кестесімен шифрлау, омофондар жүйесі және гаммалау арқылы шифрлау қазіргі заманғы ақпаратты өңдеу құралдарының дамуымен бірқатар басымдылықтарын жоғалтса бірқатар басымдықтарға ие болды.....