Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ

КІРІСПЕ
Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, үсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.
Осы замандағы макроэкономикалық зерттеулерде тепе-теңдікке бағытталу көбінесе экономикалық агенттердің күтімдеріне түзету жасауға негізделеді, ықтималдық процесс деп түсініледі.
XX ғ. 40—60 жж. күтімдер концепциясының (негізін қалаушы швед экономисі Г.Мюрдаль) дамуы, макроэкономикалық мәселелерге жататын бірнеше экономикалық теорияларды, атап айтқанда экстраполяциялық, адаптивтік және рационалдық күтімдер теорияларын қалыптастырды: осы теориялар макроэкономикада жаңа классикалық мектеп деп аталады. Неоклассиктер макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз информация, экономикалық субъектілердің болжауларының қателіктерінің немесе, мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық конъюнктураның ауытқуларын жатқызады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Топырақтың адамзат үшін маңызы

Кіріспе
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ

КІРІСПЕ
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.
Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Үйсіндердің этникалық және саяси тарихы

Кіріспе
Биология сабақтарында зертханалық жұмысты тиімді пайдаланып, оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастырудың маңызы өте зор. Қазақтың «Құлақпен естігенше, көзбен көріп, қолмен ұстағанға не жетсін» деген нақыл сөзінің өзі осыны керсетеді. Себебі күнделікті еткен бірсарынды баяндау, сұрақ-жауап секілді әдеттегі сабақтар оқушыларды жалықтырып, шаршатады. Сондықтан биология сабақтарында әрбір мұғалім зертханалық жұмысты тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге қызығуы артады. Микроскоппен көру техникасын меңгеру үшін жарық көмегімен көрсететін микроскоптың құрылысын білу; уақытша микропрепараттар дайындады. Тубусты қимылдататын екі бұранда заттық үстелшеден төменірек, тұрғының екі жағында орналасқан. Тубусты жоғары-төмен қозғалтып, фокус бағытын туралайтын үлкен дөңгелек басты макрометрлік бұранда "кремальер" деп аталады. Бұрайтын дөңгелек басы кішірек бұранда -микрометрлік бұранда. Оны сәл бұрау арқылы тубусты аз жылжытып, фокусты дәлме-дәл туралауға болады. Микрометрлік бұранданы мнкроскоптың екі жағынан тауып алып, жарты айналымға бұрау арқылы фокус дәлме-дәл тураланады. Микроскопта зерзат бейнесі теріс көрінеді. Окулярдың үлкейту мөлшерін объективтің үлкейту мөлшеріне көбейту арқылы микроскопты жалпы үлкейту шамасын есептеп шығара аламыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ТуранАлем банк -Қазақстан Республикасының Орталық банкі

Кіріспе
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйе – жалпы ақша-несиелік механизмі аясында қызмет атқаратын ұлттық банктер мен басқа несиелік институттардың жиынтығы. Бұл жүйе орталық банк, коммерциялық банктер мен басқа да қаржылық несиелік институттардан құралады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0