Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Кіріспе
Ақша-несие саясаты дегеніміз – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Ел басының елге жолдаған жолдауында ақша-несие саясаты туралы былай мәлімдеген.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банкпен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.
Ақша – несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды роль атқаруға тиіс , Үкімет қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын.
1 тару. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты.
1.1. Ақша-несие саясаты және оның мақсаттары
Ақша-несие саясатының негізінде ақша мен ақша несие саясатының экономикаға әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатыр.
Мемлекеттің ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының ең басты мақсаты - баға тұрақтылығын, тиімді еңбекпен қамтамасыз ету мен жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету. Бұл мақсат ұзақ уақытта жүзеге асатын жылдарға созылатын және нарықтық конъюнктураның өзгерісін тез сезіне бермейтін ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырылатын шаралар арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты ағымды ақша-несие саясаты ірі тапсырмаларға қарағанда нақты және мүмкін мақсаттарға бағытталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Мұрагерлік құқық қатынастары

Кіріспе
Мұрагерлік - өте ертеден келе жатқан көне институттардың бірі. Мұрагерлік тарихына көз жіберсек, оның адамзат қоғамымен бірге жасап, бірге дамып отырғанын байқаймыз. Алайда, алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде, адамдардың қазіргі заманмен салыстырғанда өте қарапайым болып және оны қанағаттандыру құралдарының жетімсіздігі әсерінен болар, ол кезеңдерде әлі мұрагерлік деген түсінік қалыптаспаған еді. Мүмкін, оны мұраға қалдыратын мүліктердің жоқтығымен де түсіндіруге болар. Әрине, ол заманда да аңшылық, балық аулау құралдары, жабайы терілер, үйді ұстауға жабдықтар, т.б. адам өміріне қажетті құралдар әкеден балаға, рудан-руға қалып отырған. Сонымен, мұндай жағдайда туындайтын қатынастар құқық нормаларымен емес, ғасырлар бойы дәстүрлермен реттелетін еді. Соған сәйкес, бұл қатынастарды жүзеге асыру қазіргідей мемелекеттік мәжбүрлеу шарасымен емес, қоғамдық пікір, ру, тайпа беделі сияқты шаралармен жүзеге асырылатын.
Әдет – ғұрып, дәстүрді орындамаған адамға рудан (тайпадан) шығару қаупі туындады. Ал тайпадан (рудан) шығарылу нәтижесі ашық өлімге әкелетін еді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мүгедек балаларды әлеуметтік сақтау 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңның негізгі мақсаты мүгедектерді біздің қоғамда оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасау.
2005 жылы 13 сәуірде қабылданған, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» № 39-ІІІ ҚРЗ заңының негізгі мақсаты – мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және олардың тіршілік-тынысымен, қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шарттарын айқындау. Бұл заңдарда мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, т.б. мәселелер қамтылған.
Заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдану

Кіріспе
Жасампаздық стратегиясы атағына ие болған «Қазақстан - 2030» жас ұрпаққа талаптарға сай тәрбие мен білім беруді мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік бағдарламалар, ұлттық бірыңғай тестілеу және ата - аналар, қоғам талаптары деңгейінде болуын міндеттейді, ұстаздарға айырықша жауапкершілікті нақтылайды.
Сондықтан, оқыту - тәрбие жұмыстарын тұтас жүйе деп есептеп, саналы тәрбие, сапалы білім беру технологияларын жегілдіруді міндеттейді. Оқыту технологиясы-педагогикалық технология дидактиканың бір бағыты, ғылыми зерттеулер бойынша байқаулардан өткізу нәтижелеріне байланысты іс - тәжірибелерге ендіріледі. Оқыту үрдісінде жаңалықтар пайда болуда, оларды зерделеп, талдап, нәтижелі болса іс - тәжірибеде қолданады. Білім беруде инновациялық бағыт пайда болып, оқу - тәрбие үрдісінде енуде. Инновация өздігінен пайда болмайды және ұжымның шығармашылықпен зерттеулері мен ізденістерінің озық педагогикалық тәжірибелерінің нәтижелері. Сонымен, білім берудегі инновациялық үрдістерді сөз етеміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | “Темір жол техникасы” Ж.Ш.С. – ның экономикалық жағдайы

Кіріспе
Бұл курстық жұмыста мен фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуын қарастырдым. Ол келесі көрсеткішкерден байқалады: кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, цехтың өндірістік қуатын есептеу, жұмыскерлер санын және еңбек ақысын анықтау.Осы көрсеткіштерді мен нақты, кәзіргі уақытта жұмыс істеп жатқан « Темір жол техникасы » ЖШС-нен алдым. Бұл кәсіпорын двигательдерді жинау және құрастырумен айналысады, сонымен қатар басқа жұмыстармен де айналысады. Осы курстық жұмысты алуымның себебі, егер фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүріп жатса , онда халқымыздың да әлауқаты тез арада жоғарылайды деп ойлаймын. Ал бұл әр азаматты толғандыратын мәселе. Егер де кәсіпорын нарықты, сұранысты , тұтынушылардың талғамы мен қалауларын , сұранысты қанағаттандыратын тауар шығаратындарды , нарыққа ықпал ететін және өздерінің мүдделерінің сұранысына зерделейтін жағдайда болса, онда ол кәсіпорынның әлеумметтік – экономикалық дамуы жоғары қарқынмен жүреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Мінез туралы жалпы ұғым

Мінез туралы жалпы ұғым
Әр адам сыртқы дүниесінің сансыз тітіркендіргіштеріне өз елінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-катынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кей де оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераметінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды ор қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ҰҢҒЫЛАРЫН БҰРҒЫЛАУ

КІРІСПЕ
Мұнай және газ еліміздің қалық шаруашылығында маңызды міндет атқарады. Ауыр индустрияның дамыуы, бірінші кезекте олардың отын-энергетикалық комплексі сияқты базалық саласы, бүкіл қалық шаруашылық мәселелерін болашақта шешетіні сөзсіз. Академик Е.Велиховтың пікірі бойынша, болашақтағы энергия тұтыну қабылдаудың өсуінің көп бөлігін жабатын, кемінде XXI – ғасырдың бірінші жартысында., отының негізгі түрлері болып табиғи газ, мұнай және көмір табылады. Казіргі кезде 23% құрайтын, әлемдік энергобаланста табиғи газдың үлесі жаңа ғасырдың бірінші тоқсанда 30% дейін көтерілмек.
Көмірсутекті шикізат-энергетика көзінің негіздерінің бірі-еліміздің энергетика балансы жүйесінің үштен екісін алады.
Елімізде 1988 жылға дейін мұнай және газ өнеркәсібі өте жылдам қарқындылықпен дами бастаған. Егер 1940ж. СССР-да 31,1 млн.т. мұнай және 3,2 млрд. м3 газы өндірілсе, онда 1960 жылы мұнай өндіру 147,9 млн.т. құрады және 45,3 млрд. м3 газы өндірілсе, онда 1960 жылы мұнай өндіру 147,9 млн.т. құрады және 45,3 млрд. м3 газ өндірілді, ал 1982 жылы мұнай өндіру деңгейі 624 млн.т. және газ өндіру 770 млрд. м3 –ге жетті. Оның ішінде 569 млн.т. мұнай мен 616 млрд.м3 газ Pоссияда өндірілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Микробтың инфекциядағы маңызы

Кіріспе
Ауруға бейімділіктің түпкі негізінде әртүрлі молекулалар мен клеткалардың бірін-бірі биологиялық тануы жатыр. Инфекцияның ең алғашқы кезеңі ауру қоздырушының макроорганизмдегі тиісті ұлпаны тануына, содан кейін оған жабысып, мекен етуіне саяды. Микробтың белгілі бір ұлпада мекендеп, өсіп-өне бастауын колонизация, немесе отарлау деп те атайды. Биологиялық тану микробтың экзотоксинының (мысалы, ботулизм токсинының) сезімтал торшаларды табуы үшін маңызы аса зор. Макро және микроорганизмдер торшаларының бірін-бірі тануы олардың беткі макромолекулалық құрылымдары арқылы іске асады. Олар біріне-бірі сай, яғни өзара комплементарлы болулары қажет. Бұларды тану бірлігі (сайт узнаванмя) деп атайды. Олар лиганда - рецептор жүйесін құрайды (рецептор - қабылдаушы, ал лиганда - жалғаушы деген мағынада).
Бейімділікке қарама-қарсы жағдай, организмнің инфекция қоздырушысының зардапты әсеріне төтеп беретін мүмкіндігі төзімділік немесе табиғи резистенттілік деп аталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Тарихты оқытудың жаңашыл әдісі – модульдік технология

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Білім деңгейі мен технологияның барған сайын дамуы, жаңа идеялармен оқыту әдістерінің шығуына түрткі болады. Білім деңгейінің жоғары болуы, оқушылардың білім көрсеткіші осы жаңа оқу әдістерін оқып үйренуімен сипатталады.
Тақырыптың мақсаты:
Тақырыптың мақсаты оқытушылардың жаңа идеяларымен танысу, жас педагог әдіскер идеяларымен танысу, жас педагог әдіскерлердің тәсілдерімен танысу болып табылады. Шаталов, Шевченко, Жанпейісова, Д.Құтымбекова сынды әдіскерлер тәсілін оқып үйрену.
Тақырыптың міндеттері.
Тақырыпта төмендегідей міндеттер қойылды:
- Жаңашыл идеялар ұсынған педагог әдіскерлер тәсілдерімен жалпы танысу.
- ХХІ ғасырдағы жаңа оқыту идеяларының қажеттілігін атап көрсету.
- Шаталовтың В.Ф.Тірек конспекті әдісімен толық түрде баяндау.
- Оқытудың жаңа әдісі әрі көпшілік қолдау білдірген модульдік технологиямен танысу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Табиғат жайлы көркем шығармалар

1 Табиғат жайлы көркем шығармалар жүйесі
1.1 Табиғатпен сабақтас көркем шығармалар үлгілері
Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздегі барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар:
а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;
б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды Морковскаяның «Балабақшадағы табиғат бұрышы», Веретникованың «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» еңбектерінде, балалар барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым-қатынаста болады, жасыл орман, әдемі гүлдер, аң-құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрі балалардың көңілін аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстыру барысында адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру қажет. Бұл күндері Қазақстанда білім беру саласы мен Қазақ табиғат қорғау қоғамы жасаған бірқатар әдістемелік құралдардың негізінде табиғат қорғауды насихаттау белгілі жүйеге келтірілді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0