Курстық жұмыс: Технология | Модульдік технологияны сабақ барысында қолдану

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.
ХХІ ғасыр ақпараттық технологияның ғасыр кезеңі болғандықтан оқытудың дәстүрлі тәсілдерімен бірге жаңа технологиялық әдістерді де пайдалану міндеті тұр. Қайткенде оқу талабы мен деңгейін көтеру , мәселесімен бүгінгі күнннің өзекті мәселесі.
Жаңа технологиялардың түр - түрі әртүрлі тәсілдерді педагог ғаламдар сабақ оқытуда тіиімді пайдалану үстінде.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыста қазіргі кездегі кең қоланысқа ие болған педагог ғалымдардың көпшілігі мақұлдаған тиімді, бөлімдеу дейін жетілдіруге қабілетті оқу түрі модульдік технологияны қалай оқыту бұл технологияға толық сипаттама беру негізгі мақсат болып табылдаы.
Курстық жұмыстың міндеттер:
Курстық жұмыста төмендегідей міндеттер қойылды:
1. Қазіргі уақыттағы жаңа технологиялардың қажеттілігі туралы баяндау;
2. ең тиімді оқыту түрі модульдік технологияға кең көлемде сипаттама беру; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Ұшты ұшты

"Ұшты-ұшты" — ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады.

Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады немесе шеңбер құрғызып дөңгелене тұрғызады да, ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстіне тигізе көтеріп, «ұшты-ұшты» деп отыруларын сұрайды, өзі де солай істеп көрсетеді. Бұдан кейін ол:

— Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты» деп қалықтатып тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем, сендер де «ұшыңдар».

Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер ұшпайсыңдар. Мысалы, «қаз ұшты». Бұл жағдайда ұшпайсыңдар.

Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған, сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады,— деп түсіндіреді.

Бұдан кейін ұпайдың шарты туралы келісіп алады. Мысалы, бір ұпай 2 ауыз ән салу, не 3 жұмбақ шешу, не 3 жаңылтпаш айту немесе өз көлеңкесімен сөйлесу, көзін байлатып ортаға шығып, «Соқыр теке» болу, т. б. ұпай көбейген сайын бұл сияқты шарттар да көбейе береді. Ойын басталады .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мүгедек балаларды әлеуметтік сақтау 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңның негізгі мақсаты мүгедектерді біздің қоғамда оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасау.
2005 жылы 13 сәуірде қабылданған, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» № 39-ІІІ ҚРЗ заңының негізгі мақсаты – мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және олардың тіршілік-тынысымен, қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шарттарын айқындау. Бұл заңдарда мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, т.б. мәселелер қамтылған.
Заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Тұтас педагогикалық процесс – оқыту білім беру және тәрбие бірлігінің негізі

КІРІСПЕ
Оқу мен тәрбие – егіз. Оны бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Осыны жүзеге асыратын ұстаз десек, ол бір елдің болашағы үшін еңбек ететін аса асиеті де құрметті мамандық иесі.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрие үрдісін жаңаша ұйымдасытру қажеттілігі туындап отыр. Келешек ұрпақты ұлттық халықтық тұрғыда тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл міселелерді шешу үшін негізгі, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелу үшін мына міндеттерді орындауға тиіспіз:
- оқушылардың сана сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасы туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін оның тарихын, мәдениетін , өнерін, салт – дәстүрін , рухани - мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастыру.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ұлттық тілімізді, дінімізді мұра мұрағаттарымызды, ата – бабаларымыздан қалған өсиеттерді, мақұал – мәтел, нақыл сөздерді білім беру барысында пайдалану керек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Мемлекет қызметінің түсінігі мен мазмұны

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекет қызметінің түсінігі мен мазмұны» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, оның бүгінгі мемлекет органдарының атқаратын қызметін түсіндіру болып келеді. Негізінең мемлекет дегеніміз - белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекеттің міндеттерді орындауы олардың қызмет бағыттарынан көрінеді. Мемлекеттің қызметтері дегеніміз – қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған және ешбір өзгермейтін қатаң қағида (догма) емес, қайта олар өзгермелі, өзгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді. Мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару болып табылады. Қоғам - өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі -өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс-әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекеттің істейтін қызметі сан алуан. Мемлекет өзіне қарайтын кәсіпорындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Теңге ілу

«Теңге ілу» — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.

Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мұғалімнің сабаққа дайындығына қойылатын талаптар

Кіріспе
Мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Міндеті:
- Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау
- Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.
- Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
Өзектілігі
Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс - әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Алланың сынағы.....

Аязды күн......
Жүректерді жылатқан биязы күн.
Қайғылы күн.......
Бес бүлдіршін өліп кеткен қараңғы түн.
Ақшаның жетегіне ерген ата анасы,
Қайғыдан қан жұтқан түн.
Бәрі кетті...
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физика | Механикалық тербелістер, механикалық толқындар

Кіріспе
Мұғалім пәнді оқытудың әдіс–тәсілдерін орынды пайдаланғанда ғана оқытудың мақсатына қол жеткізе алады.Сондықтан да оқытудың оқушы тұлғасын дамытуды қамтамасыз ететіндей неғұрлым тиімді әдіс – тәсілдерін таңдау мәселесі мұғалімнің алдында тұрған үлкен міндет болып саналады.
Сабақта уақытты ұтымды пайдаланудың ең бір дұрыс жолы – материалды блокпен оқыту. Бұл әдісті пайдалану,әсіресе тақырыптарды блоктарға бөліп жоспарлау мұғалімнен үлкен іскерлікті талап етеді.
Әртүрлі әдістемелік құралдарда ұсынылып жүрген дәстүрлі күнтізбелік жоспарларды пайдаланған кезде әр сабақ сайын дерлік жаңа тақырып өтіледі.
Демек, бір сабақта оқулықтың бір – екі параграфын түсіндіруге тура келеді. Бұл жағдайда оқушылар төрт –бес сабақтан кейін өтілген материалды ұмыта бастайды. Ал бір сабақты материалды бағдарлама деңгейінде игеру мүмкін емес, оның үстіне, көптеген мәселелер бүкіл тақырыпты тұтастай саналы түрінде ой елегінен өткізіп зерделеуді талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Таяқ ойнау

«Таяқ ойнау» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды жастар қыста ойнайды. Ойын алаңды жерде өтеді. Ойынға ұзындығы 1,5—2 метр үшкір таяқ қажет. Ойынға қатынасушылар қардан қалыңдығы 0,5 метр қабырға қалайды.

Ойынға қатынасушылар орталарынан біреуін басқарушы етіп белгілейді. Ол бақылаушы, төреші рөлін де қоса атқарады.

Ойын басталғанда әр ойыншы, қолындағы таяқты белгіленген жерден қардан қаланған қабырғаға қарай бар пәрменімен лақтырады. Таяқ қабырғаға бойлай кіреді. Егер таяқ қатты ұрылатын болса, таяқтың ұшы қабырғаның екінші жағынан шығады. Кімнің ұрған таяғы қабырғаның екінші жағынан көбірек шығып тұрса, сол жеңген болып табылады.

Жеңілгендер алдын ала белгіленгендей ұпайларын орындайды — өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтады. Ойын қол күшін дамытып, денені шынықтырады. Таза ауада дем алып, денсаулықты шыңдай түсуге мүмкіншілік береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0