Курстық жұмыс: Информатика | ПРОЦЕССОРЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫ

Қазіргі кездегі шығарылатын кез-келген байланыс аппаратураларында: радио, теледидар, телефон, телеграф, көпканалды байланыс аппаратураларды, сонымен қатар бақылау және өлшеу аппаратураларының құрамында әр түрлі цифрлық қондырғылардың сан алуан микросхемалары кездеседі. Келесі уақыттарда олардың қолданылуы кеңейіп, бұдан да көбейе түспек.
Цифрлық техниканың негіздері. Цифрлық сигналдар туралы жалпы мәліметтер.
Кез-келген цифрлық қондырғыларда біз сигналдың екі түрін кездестіреміз.
1. Логикалық 0
2. Логикалық 1
Бұл цифрлық сигналдар екі түрде көрсетілуі мүмкін.
1. Бірінші түрі – потенцилдық – бұл жағдайда логикалық 0 сигналына бір кернеу деңгейі, логикалық 1 сигналына басқа кернеу деңгейі сәйкес келеді. Бұл түрінде барлық цифрлық қондырғылар екі топқа бөлінеді.
1.1. Оң логикалық – бұнда логикалық 0 сигналына төменгі кернеу деңгейі, ал 1 сигналына жоғарғы кернеу деңгейі сәйкес келеді. Оң логикалық сигналы бар цифрлық қондырғылар өте жиі кездеседі. Цифрлық қондырғылардағы кез-келген хабар логикалық 0 және логикалық 1 сигналдарының белгілі бір сандарының х х х х х кезектесіп ауысуы түрінде көрсетілуі мүмкін. Хабарларды беретін цифрлық сигналдардың бұндай комбинациясы кодтық сөз немесе жай код деп аталады.
1.2. Теріс логикалық – бұнда логикалық 0 сигналына жоғары кернеу деңгейі, ал логикалық 1 сигналына төменгі кернеу деңгейі сәйкес келеді.
2. Екінші түрі – импульстік – бұл жағдайда логикалық 1 импульстің бар кезі ал логикалық 0 сигналына импульстің жоқ кезі сәйкес келеді.
Цифрлық техникада импульстік сигналдар ретінде импульстік генераторлар шығаратын тік бұрышты импульстер қолданылады. Кез-келген импульстік генератор автотербеліс режимінде бірдей уақыт аралығында қайталанып отыратын біркелкі импульстерді шығарады. Осындай цифрлық қондырғылардың бірі процессорлық қондырғылар.
Процессор – бұл қажетті бірізділікпен белгілі сан операциясын автоматты түрде орындайтын қондырғы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0