Мамық күртешені қалай жуамын

Мамықтан жасалған сырт киім қыс кезінде әрқайсымыздың гардеробымызда табылатын болар. Жылуды керемет сақтайтын күртешелер аң терісінен тігілген тондардан әлдеқайда арзан, есесіне сапасы сын көтерерліктей жақсы. Мұндай сырт киім ыңғайлы келеді, оған қоса қазірде мамықтан жасалған күртешелердің көптеген түрі бар. Олардың кез келген түсін тауып, кез келген стильмен жарастырып киюге болады.
Мұндай күртешелердің қыс мезгілі үшін таптырмас екендігі айтпаса да белгілі. Алайда бұл сырт киім басқа кез келген киім сынды уақыт өте кірленеді. Оны үйдегі кір жуғыш машинаға салып, жуа салуға болады деп ойлайсыз ба? Мамық күртешені дұрыс жуып, дұрыс кептірмеген жадайда, ол киюге мүлдем жарамсыз болып қалуы мүмкін. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Күйікті емдеуге қарапайым кеңес

Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.

✅ 1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.

✅ 2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Угги етігін қалай тазалаймын

Суық қыста қалың, жылы угги етіктері үлкен танымалдыққа ие болады. Угги етігі пайда болғаннан соң бірден сәнге кіріп, трендке айналды. Жайлы, ыңғайлы, әрі аязға төзімді аяқ киімді неге кимеске?

Угги дөрекі көрінеді, көйлек пен белдемшемелермен жараспайды деп сынайды. Қалай болғанмен, қой жүнінен тігілген австралиялық етікті қазірде жұлдыздар да, қарапайым қыздар (ал кейде жігіттер) де киеді.

Аяз түскенде сүйікті етігімізге айналатын угги қыс бойына бастапқы келбетін сақтау үшін оны тазалап, күтім көрсету керек. Төзімді етік ерекше күтімді қажетсінбейді, тек бірнеше қарапайым кеңестерді біліп жүрсеңіздер болғаны. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Жер жаңғағының жанға жайлылы қасиеттері

✅ Жер жаңғағы – жылы жақта көп өсетін бір жылдық өсімдік. Оны диқандар бақшаға қолдан егеді. Бойы 15-тен 80 сантиметрге дейін өседі. Мамырдың соңы, маусымның басында сарғыш гүл ашып, жемісі қыркүйекте піседі. Жер жаңғағын халық медицинасында көптеген ауруларды емдеу үшін пайдаланады. Жер жаңғағының майы бадам майының құрамымен бірдей. Талма (эпилепсия) ауруын емдеу үшін жер жаңғағы майының бір шай қасығын ешкінің бір стақан қайнатқан сүтіне қосып күніне 3 рет 6 ай ішкізеді. Осы әдіспен жүректің барлық ауру түрлерін емдейді.

✅ Ал таза майдан көтеу ауруына (гемморой) тампон жасаса тез жазылады. Тік ішектің қабынуын басады. Кешкілікті жатарда бір шай қасығын ыстық сүтпен ішіп жүрсе, жүйке жүйесін тыныштандырады, жақсы ұйықтатады, сергітеді. Майын қыздырып теміреткі, қотырға, ерін жарылғанда жақса, жазады. Құлағы ауыратындар жатар алдында ыстықтай 2-3 тамызып, мақтамен бітеп қойса, бір-екі күнде ауырғаны сап тыйылады. Жер жаңғағы майының 50 грамын жарты литр алма сірке суына қосып, 2 күн ұдайы шайқап жатар алдында буындағы ревматизм, полиартрит, тұз тұнуы, хондроз, белдегі құяңға сылап жағып жүрсе, сауығуға өте жақсы көмектеседі. Осы қосындыны кешқұрым тумаған әйелдердің сегізкөзіне қатарынан он күн компресс жасап, 10 күн демалып қайтадан бастайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Дақылдың дертке дауалығы

Ежелден халықтың медицинада тәжірибеден өткендіктен, сұлы арқылы дәрі-дәрмектің күші келмейтін көптеген сырқаттарды емдеп жазуға, адамды әлсіздіктен арылтуға, күш-қуатын арттыруға болатындығы анықталған. Біз ғылыми, медициналық, тарихи танымдық басылым, материалдарын, халық емшілерініғ ақыл-кеңестерін пайдалана отырып, сіздерге мынандай сұлы емдерін, диеталық дәмдерін ұсынып отырмыз. Шипалық нұсқауларды орындауда өзіңіздің дәрігеріңізбен ақылдасып қабылдауыңызды өтінеміз. Өйткені әркімнің табиғаты, ағзасының жағдайы, бойындағы жасырын. Белгілі дерттері әрқилы ғой. ......
Кеңестер
Толық
0 0

ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРУДІҢ 14 ТӘСІЛІ

1. Үй жануарымен дос болыңыз. Зерттеулер итпен серуендеу, мысықты сипалаудың қан қысымын қалыпта ұстауға көмектесетінін, холестерин мөлшерін реттеу мен жүрек жұмысын жақсатуда да оңды әсері барын анықтаған. Олардан бөлінетін жағымды қуат вирусты жояды, ал жағымды қуат иммунитетті көтереді екен. Мұны неміс ғалымдары айтады.
2. Достармен кездесіп, олармен түрлі тақырыпта әңгімелесу жүйкеге жайлылық сыйлайды, көңілді сергітеді, мидың тынығуына көмектеседі. Жақын досыңызбен өткізген жарты сағат миға екі күндік тынығу сыйлайды. Ал ми тынық болса, ағза ауруға алдырмайды. Испан зерттеушілері сенімді досы көп адамның аз ауыратынын, досы аз қатарластарынан ұзақ жасайтынын айтады.
3. Көңілді жүру де ауру жолатпаудың бір жолы. Болмашыны уайымға айналдыратын адамдарға қарағанда қиындықты өтпелі сынақ деп қабылдайтындар аз ауырады екен. Оптимистер пессимистерге қарағанда тұмауға 50% аз шадығады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Сулықтар сыры

Қолды жуу, макияждарды кетіру, жемістерді сүрту, жарақатты тазалау, әйнектер мен айналарды жылтыратып қою, үйді шаңнан тазарту... Аталғандарды бір-бірімен байланыстыратын не болуы мүмкін? Әрине, барлығын да сулықтардың көмегімен жасауға болады. Сулықтардың адамзат тұрмысында пайда болғандығына көп уақыттың жүзі болмаса да, бүгінде кең таралып, көпшіліктің қажетіне жарап жатыр. Тек қана аруларымызды емес, ержүрек бекзадаларымыздың өзін сулықтарсыз елестету қиын.

Испания ханшайымы Изабела Кастильская өмірінде екі-ақ рет: алғашқысы – туылғанда, екіншісі - үйлену тойы күні шомылғандығын мойындаған. Егер де сулықтар сонау ХV ғасырларда пайда болса, ханшайымның бұл әрекетіне таң қалмаған болар едік. ......
Кеңестер
Толық
0 0