Табиғи сұлулық табиғи өнімдерден

Табиғатпен етене байланыста болуды сән мамандары да, денсаулық сақтау мамандары да қайталайды. Қолданысымыздағы жасанды емес, табиғи өнімдер пайдалылығымен шектелмейді, олар бұл күні өте сәнді. Табиғи өнім деп отырғанымыз —жерден өсіп шығатын көкөніс не жеміс-жидек.

✅ Табиғат — шабыт пен шаттықтың, сұлулық пен қуаттың қайнар көзі. Сұлулық пен тән саулығы үшін табиғат берер қоректік заттар мол.

Жасыл түс — нағыз табиғи түс ......
Кеңестер
Толық
0 0

Жер жаңғағының жанға жайлылы қасиеттері

⚡ Жер жаңғағы – жылы жақта көп өсетін бір жылдық өсімдік. Оны диқандар бақшаға қолдан егеді. Бойы 15-тен 80 сантиметрге дейін өседі. Мамырдың соңы, маусымның басында сарғыш гүл ашып, жемісі қыркүйекте піседі. Жер жаңғағын халық медицинасында көптеген ауруларды емдеу үшін пайдаланады. Жер жаңғағының майы бадам майының құрамымен бірдей. Талма (эпилепсия) ауруын емдеу үшін жер жаңғағы майының бір шай қасығын ешкінің бір стақан қайнатқан сүтіне қосып күніне 3 рет 6 ай ішкізеді. Осы әдіспен жүректің барлық ауру түрлерін емдейді.

⚡ Ал таза майдан көтеу ауруына (гемморой) тампон жасаса тез жазылады. Тік ішектің қабынуын басады. Кешкілікті жатарда бір шай қасығын ыстық сүтпен ішіп жүрсе, жүйке жүйесін тыныштандырады, жақсы ұйықтатады, сергітеді. Майын қыздырып теміреткі, қотырға, ерін жарылғанда жақса, жазады. Құлағы ауыратындар жатар алдында ыстықтай 2-3 тамызып, мақтамен бітеп қойса, бір-екі күнде ауырғаны сап тыйылады. Жер жаңғағы майының 50 грамын жарты литр алма сірке суына қосып, 2 күн ұдайы шайқап жатар алдында буындағы ревматизм, полиартрит, тұз тұнуы, хондроз, белдегі құяңға сылап жағып жүрсе, сауығуға өте жақсы көмектеседі. Осы қосындыны кешқұрым тумаған әйелдердің сегізкөзіне қатарынан он күн компресс жасап, 10 күн демалып қайтадан бастайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақтың қара сабыны жайлы не білеміз

♻ Бағзы халқымыз көшіп – қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір – қоңын, киім – кешегін, көрпе – жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй – іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.

♻ Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды. Алаботаның күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек – кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт – бес қалта (дағар) күлден, жарты қалта сақар алынады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Неліктен жаз мезгілінде балалардың іш өтуі көбейіп кетеді

- Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы- жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды. Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, мәселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Сіңір тартылуы

Сіңір тартылуы және бұлшық ет діріліне қарсы үйде не істеуге болатынын көбіміз біле бермейміз. Барлығы өмірінде бірнеше рет бұлшық ет діріліне тап болған. Сіңір тартылуы әдетте қол, аяқ және арқада пайда болады. Сіңір тартылудың кейбір себептері: Қатты қиналу, жарақаттану және ұзақ уақыт қимылдамай, бір қалыпта отыру. Үйде жасауға болатын кейбір емдік тәсілдер:

Жеңіл массаж: Сіңір тартылған жерді ақырын уқалау.

Ыстық монша: Ыстық душқа немесе жылы ваннаға түсу. Сіңір тартылған жерді ыстық суға біраз уақыт ұстап тұрылады.

Керу: Балдырдағы сіңір тартылғанда аяқ саусақтары жоғары қарайтын күйде аяқ басқа қарай тартылады және осы қалыпта 30 секунд уақыттай тұрады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Құрқылтайдың ұясы 80 түрлі ауруға ем екен

Қазір көпшілік дәрі-дәрмектен гөрі табиғи ем түрін дұрыс көреді. Соның ішінде ата-бабаларымыз ежелден емге қолданған тәсілдерге деген қызығушылық басым. Осындай тәсілдің бірі – құрқылтай ұясымен ем жасау.

Ел ішінде құрқылтай ұясы бедеулікте таптырмас ем ретінде айтылады. Бұл жөнінде «Ауырмаңыз!» газетінің 22-ші нөмірінде жазған болатынбыз. Осы мақалаға орай бізге Астана қаласынан Ғабит Әлмаханұлы есімді азамат хабарласты. Ол бізге құрқылтай ұясының тек бедеулік емес, одан бөлек 80 түрлі ауруға шипа болатынын айтып берді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

ТЕРІ ҚАБЫНУҒА

Бір тал жұмыртқаны бір кесе қытай сірке суына матырып қойып 7 күннен кейін жұмыртқаны шағып, оның ағын əртүрлі тері қабынуларына жағады. Күніне 2-3 реттен 7 күн жақса жазылады. Ем қабылдау кезінде спирттік ішімдік ішу-ге, ащы тағамдар жеуге тиым салынады.

КӨК ЖӨТЕЛ

Тауық өтін отқа кептіріп, талқандап, азырақ қан тараластырып, күніне 3 реттен 2 күн ішу керек. Ескерту: Барлығын бір ретте ішуге əсте болмайды.......
Кеңестер
Толық
0 0

​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

✅ Аяқтан өткен сызды дер кезінде емдеу керек Қыс мезгілі былай тұрсын, жаз мезгілінде далада қапырық, қырық градус ыстық кезде аяғы мұздап, терлеп жүретіндер сіздердің де араларыңызда бар шығар. Жанына батып ауыртпаған соң тексерілуді құнттамайды. Жә, жарайды. Ол кезде аяғыңыз мұздаса да бойыңыз жылы жүреді емес пе?!

✅Ал қыс мезгілінде аяғыңыздан суық өткізіп алудан сақтаныңыз. Өйткені аяқтан өткен сыз басыңыздан бір-ақ шығады. Мұрныңыз пысылдап, көзіңіз жасаурап, жөтеліп, түшкіріп шыға келесіз. Әсіресе, қысы ылғалды болатын Шымкент жұртшылығына өте таныс жағдай болса керек. Қар жауып тұрғанымен, аяғыңызбен су кешіп жүресіз. Бұл енді табиғаттың құбылысы. Ал біз өз жағдайымызды ойлайық.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бетті жұмсартуға арналған қоспа

Кез келген ару бетінің жібектей жұмсақ болғанын қалайды. Алайда ауа райына, терінің типі мен тамақтануға байланысты бетіміз майланып не құрғап кетеді. Бұл мәселені шешу үшін қанттан жасалатын скрабты қолданған жөн.

✔ Скрабты дайындау жолы:

✔ 1 стақан құрақ қанты мен жарты стақан кокос не миндаль майымен араластырыңыз. Бұл қоспаға қалауыңызша эфир майын қосуға болады.

✔ Дайын болған скрабты ылғалды теріге жағып, сумен жуып тастау керек. Гель не сабынмен жуудың қажеті жоқ.

✔ Қанттан жасалатын скраб басқа әдістерге қарағанда жұмсағырақ болып келеді. Ол бетті тек тазартып қана қоймай, оны ылғалдандырады. Егер бетіңіз құрғақ немесе нәзік болса, осы скрабты пайдалануыңызға болады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Жағымсыз тері иісінен қалай құтылуға болады

Жағымсыз тері иісі ешкімге абырой әкелмейді. Қазіргі кезде тері иісін залалсыздандыратын түрлі дезодоранттар мен антиспиранттардан дүкен сөрелері қайысып тұр. Соған қарамастан қоғамдық орындарда жағымсыз тері иісі мұрныңды жаратын адамдарды күнделікті кездестіресің. Кейде «өздері қалай сезінбейді, неге жуынбайды?» деген күңкілді де естіп қаласың.

Жағымсыз тері иісі неден пайда болады?

Мәселе жуынбауда емес, тері иісінің белгілі бір физиологиялық және психологиялық себептері бар.

Физиологиялық себептеріне қалқанша бездің зақымдануы, гормондардың өзгерісі, ішкі органдардың ауруға шалдығуы, иммунитеттің төмендеуі, кейбір дәрі-дәрмектің қанның құрамына әсер етуі, т.б. жатады. Сондықтан жағымсыз тері иісінен құтыла алмай жүргендер міндетті түрде эндекринолог, терапевт мамандарға қаралу қажет. ......
Кеңестер
Толық
0 0