5 ас қасық диетасымен 5 кг-нан құтылыңыз

Бұл диетада тәтті де, майлы тамақ та рұқсат етіледі. Және түнде де тамақ жеуге болады. Бірақ, салмақ тастайсыз. Сенбесеңіз, «ұстап», сынап көріңіз!

Артық салмақ – мөлшерден көп жегеннен пайда болады. Демек, егер салмақ тастағыңыз келсе, күнделікті қабылдайтын тағам мөлшерін кемітуіңіз керек. Нақтырақ айтқанда, калорияны 1000 ккал-дан кемітсеңіз болғаны. Әрине, калорияны есептеп отыруға ешкімнің уақыты, шыдамы жете бермес. Осыны ескеріп, диетолог мамандар сіздер үшін есептеп, ең оңай жолын тауып та қойған. Ол үшін сізге арнайы таразы алудың қажеті жоқ. Ас қасық таразының рөлін атқарады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қасты ретке келтірудің құпиясы

Қастың бейнені ашатын, не кез келген макияжды құртатын қасиеті бар. Қастың формасына қарай бейнеңіз ойнақылық пен әсемпаздыққа немесе сенімділік пен ішкі рухқа бөленеді. Алайда, қасты ретке келтіру барысында кішкентай құпияны ұмытпаңыз. Бұл - табиғилық. Яғни, қасыңыздың табиғи формасын жоғалтпай, тек ретке келтіріп отырсаңыз, болғаны.

Сонымен, іске кірісейік:

1. Щеткамен (кеуіп қалған тушьтың щеткасын пайдалансаңыз болады) қасыңызды төменнен жоғары қарай тараңыз.(1-суреттегідей)

2. Қастан асып тұрған барлық қылшықтарды кішкентай қайшымен қиып тастаңыз.(2-суреттегідей) ......
Кеңестер
Толық
0 0

Тұзбен емделіңіз

Күнделікті тұрмыста қолданатын тұздың қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Оның адам денсаулығына тиімді тұстары өте көп. Әсіресе салқын тигеннен пайда болатын аурулардың алдын алуға көмектеседі.

✅ 1. Ангина

1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз салып, күніне бірнеше рет тамағыңызды шайыңыз. Сонымен қатар, 1 стақан жылы суды ½ шай қасық қайнатпа тұзбен араластырып, оған 4-5 тамшы йод қосыңыз. Дайын болған тұнбаны мұрныңызға тамызып, жұтқыншағыңызды жуыңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Бөлме гүлін баптау

Бөлменің сәнін келтіретін үй өсімдіктері мен гүлдер ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан оларды аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып тұру керек. Одан өзге гүлдерді өсіру, баптау тәсілі санқырлы. Назарларыңызға бөлме гүлдерін әдемі етіп өсіру мен баптауға арналған кейбір кеңестерді ұсынамыз.

• Бөлме өсімдіктерін бойына қарай ретімен орналастырады. Сонда олардың барлығына ауа мен жарық жеткілікті, өсуі қарқынды болады.

• Жаз мезгілінде күн көзі гүлдерге тікелей түссе, қурап кетпес үшін көлегейлеу қажет.

• Гүл әдемі болып өсу үшін, оған құятын суды 1 күн бұрын ыдысқа құйып, бөлме ішіне беті ашық күйінде қояды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Күйік шалғандағы халық емі

Күнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс майы мен 20 грамм ара балауызын баяу отта ерітеді, жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегейді қосады, жақсылап араластырады, әзір болған жақпа майды күйген жерге жағады.

✅ Картоппен. Балғын картопты үккіштен өткізеді, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресті жылыған кезде алып тастайды.

✅ Шаймен. Қара немесе көк шайды қоюлап демдейді, 13-15 градусқа дейінсуытады, күйген жерді бинтпен орай отырып, оған жылы шайды үзбей құяды. Осынау ем 10-12 күнге арналған. Көмегі жақсы.

✅ Асқабақпен. Оны үккіштен өткізіп, күйген жерге таңып қояды. Бұл емді үсік шалғанда да пайдаланады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Аяқ терлеудің ең оңай емі

✅ Жазда, күзде, кез келген уақытта аяқтың терлеуі қояр емес. Қандай ем қолдансаңда әсері жоқ, міне енді оның ең оңай тәсілін ұсынамын: Дәріханадан фурацилин деген дәріні алсаңыз жетеді. Әсірін көрген сәтте таң қаласыз. Айтсам сенуге қыйналасыз бірақ бұл рас, бар болғаны бір қолданғаннан терлеуі азаяды немесе мүлдем жоқ болып кетеді, ал жаман иісі болса одан да құтыласыз!

✅ фурацилин деген дәріні 2 литр жылы суға 2 данасын салып әптен қозғаңыз, қозғап болған соң сол дайындалған суға аяғыңызды 10-15 минутқа салып отырыңыз, міне бар болғаны осы ғана.

✅ Аяғыңызды салып болған соң сүлгіге сүртпеңіз, дұрысы өзі кепкені жақсы. Дәл осылай аяғыңыз қалпына келгенге дейін істеп тұрыңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Сары майдың пайдасы

Сары май – кез келген адамның күнделікті рационының ажырамыс бөлігі. Сары майдағы холестериннен қорқып, оны өсімдік майларымен алмастырған жандар неден құр қалады? Сары майдың пайдасы қандай?
Жылу мен күш-қуат
Сары май сүт майының концентраты болып табылады. Ал май бірінші кезекте жылудың қайнар көзі. Майдың бұл қасиеті әсіресе суық кезеңде пайдалы. Әрине сары май калориялығы өте жоғары (100 граммда 730 ккал), оған қоса майлары ағзаға оңайлықпен сіңеді. Бірақ сары майдың бұл қасиеттерін де өзіміздің пайдамызға асыруға болады. Таңғы ас құрамына дәстүрлі нан мен май бутерброды өте орынды. Бұл тіпті арықтап жүретін қыздарға да артық болмайды, күніне 30 граммнан артық емес май сіздің салмағыңызға еш әсер етпейді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Холецистит ауруының алдын алу

Егер холецистит ауруына шалдықсаңыз, күн сайын аш қарынға екі алмұрт жеу керек. Сонымен қатар кептірілген алмұрттан компот қайнатып ішуге болады. Бірақ қант қосудың қажеті жоқ.

Тамақтан кейін ішіңіз ауырса, құсқыңыз келсе, лимон шырынына жарты шай қасық ас содасын араластырып ішіңіз немесе сұлы жармасына (геркулес) 8 литр қайнаған су құйып, бір сағат бөлме температурасында қойып, тұтынуыңызға болады.

Сонымен бірге мынадай қоспа дайындаңыз: 1 қасық ашытқы, 2 шай қасық қант, 1 стақан су, 1 стақан ұн. Барлығын жақсылап араластырып, жылы жерге қойыңыз. Бірнеше сағаттан соң қоспаны сұлы жармасына қосып, тоңазытқышқа салу қажет. Дайын қоспаға сайын таңертең кілегей майын қосып жеңіз.

Бұл әдіс тек холецистит емес, гастрит, энтероколит, ойық жара ауруларына қарсы күресіп, алдын алуға көмектеседі. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Қауіпті тағамдар

1. "Тархун" сусыны - қауіпті краситель Е102;
2. MilkyWay шоколады - қауіпті краситель Е129;
3. Schweppes алкогольсіз сусыны (компания Кока-Кола) - қауіпті краситель Е129;
4. "С вкусом лайма" алкогольсіз сусын - қауіпті краситель Е102;
5. Мармелад «Апельсиновые и лимонные дольки» - қауіпті краситель Е102 және Е110;
6. Көпке танымал M&Ms (компания "Марс") - 5 қауіпті краситель бар;
7. Конфет «Барбарис» -қауіпті краситель Е122;
8. "Морские камешки" - қауіпті краситель Е102 және Е122;
9. Конфет «Дюшес» - қауіпті краситель Е102; ......
Кеңестер
Толық
0 0

Ақшадан маңызды 11 дүние

Ақшадан да маңызды, қымбат заттар бар. Бірақ біз оларды көбіне ұмытып кетеміз. Міне, алдарыңызға ақшадан қымбат 11 дүниені ұсынамыз...
Қарым-қатынас тәжірибесі
Әлдекімді ойлайсыз, оның сіз туралы ойы сіз үшін қымбат. Жасырмай-ақ қойыңыз. Сүйіңіз, іштегі сырды тарқатыңыз, өмірдің қызықты сәттерін бірге өткеріңіз. Ақырында мұның расымен де, қымбат екенін ұғасыз.
Даналық
Мәселенің шешімін білу – даналық емес. Даналық тынбай оқумен ғана келеді. Оқуды жалғастырыңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0