Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның салық жүйесі қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері

Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-ғы лизингтік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері

Кіріспе
Ғылыми-техникалық үрдістің өндіріс және айналым саласындағы дамуы мемлекетімізде қалыптасып отырған эконмикалық жағдайлардың күрделі өзгерістерге ұшырауына әкелуде. Бұл болса өз алдына елімізде қалыптасушы халық шаруашылықтың материалдық-техникалық базалары мен әртүрлі меншік нысаны бар, негізгі қорлық субъектілердің дамуына жаңа қалыптасқан салттан тыс тәсілдердің енгізумен негізделеді.
Бәрімізге белгілі біздің республикамызда кіші және орта бизнесті дамытуға көптеген реформалар қабылдануда. Азаматтық құқықтағы осы шараларды бекітуге арналған өзгерістер кәсіпкерліктің бұл түрін реттеуге және дамытуға көп серпіліс берді. Азаматтық кодекіске жаңа түсініктер мысалы: лизинг, франчайзйнг, траст т.б. енгізілді.
Тақырыптың маңыздылығы Қазақстан өндірісінің дамуына елеулі кері ықпал тигізетін тәндік және моральдық, тұрғыда ескірген қорлар, артта қалған технологиялық ресурстар көлемімен байланысты келеусіз жағдайларды шешуге бағытталған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде

Кіріспе
Менің курс жұмысымның тақырыбы - "ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттейтін орган ретінде".
Бұл курс жұмысымда негізінен Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеудегі рөлі қарастырылады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытшы бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) етене байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осыдан дәл он жыл бұрын Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.
Біз, қазақстандықтар ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуымыз елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз. ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді. Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін жандандыруды талап етеді. Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің еліміздің халықаралық сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол қоюы және БҰҰ бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел таңдауының табиғи жалғасы ретінде қабылданды [1].....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазір мектепте оқушы ұжымын қалыптастыру жолдары

КІРІСПЕ
«Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады», - деді А.В.Луначарский. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская: «Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы - ұжым» -деді.
Барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде оқушыларды тәрбиелеу үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол ұжым мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. А.С.Макаренко баланың ұжымдағы қарым-қатынасындағы қызмет әрекетін ұйымдастыру және салауатты өмір салтын құру, мектеп пен ұжым арақатынасы туралы түсініктеме жазған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау

Кіріспе
Қазіргі Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселередің бірі қаржы ресурстар жеткіліксіздігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруде қаржы институттары негізгі құралдарды уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен ұсынуда – лизинг.
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың көкейкестілігі: «Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі" деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз: мектеп, ұстаз, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз.
Орта білім дамыту тұжырымдамасында "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имаңдылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Ол "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғалымда-рының жетістіктерін пайдалана oтырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың мінде-тіміз. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне ілескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің егемендік алғаннан бергі 15 – шақты жылдың ішінде экономикамызбен әлеуметтік өмірімізде болып жатқан оңтайлы өзгерістер мен қол жеткен табыстарды сөз еткенде, ең алдымен мемлекеттік бюджеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау, екіншіден оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатына пайдалану мақсатымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастары екені көрсетуіміз керек.
Мемлекеттік бюджет жүйесі қаражаттарын қайта бөлуді экономикалық өсімнің сапасы мен нәтижесі арқылы анықтайды. Бюджет Қазақстанның жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы керек.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық тілімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын.
Қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің, қайта бөлудің экономикалық тетігі және ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-ғы маркетингтік қызмет көрсету

Кіріспе.
І.Маркенгті қызмет көрсетудің маңызы және ұйымдық құрылымы.
Мемлекеттік кәсіптердің басым көпшілігі өздерінің кәсіби шеңберіндегі міндеттерін атқарумен айналысады да, кызмет нәтижелерін есеп берінен кезде ғана қорытындылайды. Бірақ олар өз ісінің нәтижелілігіне айырыша мүделілік таныта коймайды. Мысалы, өрт сөндіруші — өрттің, ал аурухана дерттің көбейгеніне мүдделі емес. Ал бұған керісінше, коммерциялық байланысты. Осылайша аталған мекемелердік кай-кайсысы болсын, өз кәсіптерінің калайда белгілі бір тиісті нәтиже беруіне мүделі. Әрбір әрекет немесе кәсіп кашанда ізгі ниетпен басталады. Әйтсе де онық нәтижелілігі, сәттілігі тек ішкі ұйымдастырудан ғана емес, кейде тіпті сыртқы факторларға катысты болуы мүмкін. Мысалы, сыркат адам дәрігерге сауығамын деген үмітпен келеді Дәрігер де оған тілектес. Бірақ кажетті дәрі-дәрмек пен медициналық кұрал-жабдықтық жоқтығына байланысты дәрігер максаты орындалмай калуы мүмкін. Сейтіп, көрсетілген клзмет күткен нәтиже бермейді. Бірақ соған карамастан, дәрігерлік көмек көрсету — емдеуге кажетті кәсіп ретінде өз жұмысын жалғастыра береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0