Курстық жұмыс: Писхология | Қарым – қатынас психологиясы

Қарым – қатынас психологиясы.
Адам қоғамнан тыс өмр сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келсімен екәншә біп адаммен қарым- қатынасқс түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарм-қатынас жасай білу де қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екндігі белгілі. Өзгелеромен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық емес ұйымдар

КІРІСПЕ
Кәсiпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезiнде жұмыс iстейдi.
Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.
Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы

1.1Қаржының мәні
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру , бөлу , айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуы айқындайды , өйткені өндірілген өнімдер сатып алу – сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес , қоғамдық қатынастардың барлық қатынасушылардың қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандырылған еңбектің , орындалатын қызметтердің нәтижелерімен , әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда , оларды белгілі бір ақшалай баламен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі ( табысы ) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер , қызметтердің өндірілген массасы – қоғамдық өнімнің – натуралдық – заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Сонымен қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы.
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының «Азаматтық бастамадан- жергілікті өзін-өзі басқаруға!» атты Коалициясы
2005 жылдың 20-21 маусымында Алматы қаласының «Алатау» демалыс үйінде конференция өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушы-Қоғамдық саясатты зерттеу орталығы (PPRC).
Конференция – Сорос- Қазақыстан қоры мен Ашық қоғам
институты ( Будапешт, LGI\OSI) Local Government Initiative and Public Service Refoms бағдарламасының қолдауымен Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының «Жергілікті өзін-өзі басқару» атты
жоба бойынша бірінші іс-шарасы.
Іс-шараны өткізуге мақсат: «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңды әзірлеп, оны жүзеге асыру мақсатында азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктерін арттыру, олардың тәжірбиелерін, идеялары мен ресурстарын жинақтау. Міндеттері:
- Коалицияны құру жөнінде ұсыныс жасау;
- Жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының тәжірбиесін қорыту;
- Коалицияны құрап, оның келешекте атқаратын қызметіне қатысты негізгі принциптер мен әдістемелерді дайындау;
- Үкіметтік емес ұйымдар Коалициясының белсенді тобын сайлау; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржының мәні

Кіріспе
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып , дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктердің дамуымен тығыз байланысты болады. Осы қаржы терминін енгізген адамын табу өте қиын , айту қиын. Бұл терминнің авторлығы 1577 жылы « республика туралы алты кітап » деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржының мәні , оның даму заңдылықтары , тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржының мәнi, функциялары және ролi

Қаржының мәнi, функциялары және ролi.
Қаржы (“қолма – қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia” сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады.
“Қаржы” ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта қоғамның таптарға жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар - ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі

Кіріспе
Менің тақырыбының аты «Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі» Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0