Ғылыми жұмыс (жоба): Технология | Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы

I. Кіріспе
Қамыстың биологиялық ерекшеліктері.

II. Негізгі бөлім
2. 1 Қамыс өсімдігінің морфологиясы
2. 2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы
2. 3 Қамыс қантының пайдасы
2. 4 Қамыстан шиті тоқу технологиясы

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі
Аңдау хат
Зерттеу мақсаты:
Астық тұқымдасына жататын көпжылдық су өсімдігі қамыстың шаруашылықта және адам өміріндегі маңызын анықтау
Міндеттері:
- Қамыс өсімдігі туралы мәліметтерді іздестіру.
- Керексіз болып келген су өсімдігінің шаруашылықта және тұрмыста қолданылуын сипаттау.
- Қамыс өсімдігінен қант дайындаудағы тиімділікті дәлелдеп, көз жеткізу.
- Қамысты басқа да салаларда пайдалану туралы болжамдар айту.
Зерттеу нысаны:.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): | Боранқұлдың шаруашылығы

Боранқұл — Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы ауыл, Боранқұл ауылдық округінің орталығы, темір жол станциясы.
Географиялық орналасуы: аудан орталығы — Бейнеу кентінен солтүстік - батысқа қарай 108 км жерде, Каспий маңы ойпатындағы Қарақұмның оңтүстік - шығысында шөлді белдемде орналасқан. (Қосымша 1)
Халқы:
5700 адам (1997);
4913 адам (2406 ер және 2507 әйел адам) (1999);
6310 адам (3116 ер және 3194 әйел адам) (2009);
7335 адам (2016).
Боранқұл селолық округі бойынша 2016 жылы 197 сәби дүниеге келіп, тұрғындар саны 7335 жетті. 40 жас отау шаңырақ көтеріп, отбасы саны 1280 - ді құрады. Мектеп жасындағы балалар саны – 1824, мектепке дейінгі балалар саны – 1038, балабақшадағы бала саны – 301, зейнеткерлер саны – м424, оның ішінде 1 – еуі Ұлы Отан соғысы ардагері, оған теңестірілгендері – 2, ауған соғысының ардагерлері – 4, тылда еңбек еткендері – 10, мүгедектер саны – 142 адам. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Құрдымға кеткен елдер

Азия құрлығында түркі тектес тайпалар ішінде Ресейдің отарлауына қатты қарсылық көрсеткен қазақ халқы болса, Африка жерінде отарлаушы Еуропамен алғаш қақтығысқа түскен елдердің бірі осы Бенин. Португалдар Үндістанға барар жолда ең алдымен Африка жері арқылы жүріп өтті дедік. Бұл 1500 жылдардың шамасында еуропалықтар мың жерден отты қаруы болса да қара құрлыққа ішкерілей ене алмайтын. Олар бар болғаны жағалауда орналасқан қалаларды ғана қорқытып, сонда билік құрды. Мұндай территориялар Африканың 10 пайызына да жетпейтін. Ал еркіндік сүйгіш африкалық жауынгер тайпалар құрлықты ойқастап тіршілік ете берді. Америка жерінде плантациялар құрылып, ірі монополист компанияларға арзан еңбек күші керек болды. Физикалық тұрғыда әлдеқайда қуатты, сом тұлғалы африкандықтар таптырмас құлдың жұмысын жасай алатын. Бірақ есіңізде болсын ол кезде қазіргідей қара нәсілділер құл болады деген түсінік атымен жоқ болатын. Себебі солтүстік Африканың құл базарларында өзі сары, көзі көк еуропалықтар, орыстар, грузиндер мен черкестер, болгарлар мен румындар сатылатын. Енді Еуропа үлкен шығынға бармай - ақ бас білдірілмеген осынау қара нәсілді еркектерді сатып алу үшін айлаға көшті. Бұл үшін оларға делдалдар қажет е.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Ұстаз болу борышым

«Ұстаз болу – өз бақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»- деп, Ж. Ж. Руссо айтқандай, өзінің бар білгенін аямай, өзгенің бақытына қуана білетін ұстаз болу, мен үшін үлкен арманым, алдыма қойған мақсатым болатын. Мектептегі ұстаз - балалардың екінші анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірттердің бойындағы талай жіберген ағаттықты кешіре білетін, бойындағы парасаттылығы мен ақылдылығы арқасында, әр оқушының жүрегінен жол тауып, тентекті жуасытып, еркені сабасына түсіріп, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізетін мейірімді адам. «Ұстаз» болған адам бақытты, адал, мәдениетті, білімпаз, өз білгенін үйрете білетін, өзгеге үлгі адам сияқты деп көз алдыма елестете білдім. Жүрек қалауым, балалармен жұмыс жасап, қуанышты күлкілерінен нәр алу болатын. Алғашқы қызығушылығым, бастауыш сыныпта сабақ берген Дина апайыма еліктеуден, қызығушылықтан басталды. «Болмасаңда ұқсап бақ» дегендей, сол балалық шақтағы арманым орындалып, бүгінде 35 жыл еңбек өтілі бар, 3(базалық) деңгейден өткен, 1санатты, бастауыш сынып мұғалімімін. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Қазақ тілі | Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні

Еліміздің әрбір азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін білуі керек, сонымен қатар, туған тілінің асыл қазынасының інжу - маржанын тізе білу, өз тілін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтап, дамыта беру – әрбір жас ұрпақтың ізгілікті борышы деп ойлаймын. Сондықтан да, менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» Алдымен, диалектология туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін.
Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы - диалектология (диалектос - сөйлеу, сөйленіс, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы.
Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.
Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2 - 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 - 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды.
Диалект сөздерді ХХ ғасырдың ІІ жартысыннан бастап зерттеген ғалымдар да бұл жағынан өз еңбектерін жазды. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы», Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» Ал, қазақ сөйленістерін бөлек – бөлек зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, кейінірек шыққан Ш. Сарыбаев, Ғ. Қалиевтің «Қазақ диалектологиясы» оқу құралында сөйленістер төмендегідей топтарға жіктелген:.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Вич инфекциясы туралы түсінік

Ұзақ уақыт лимфоциттерде, макрофагтарда, жүйке тіндерінде персистерлеуші қабілеті бар адамның иммуножетіспеушілік вирусымен шақырылатын ауру. Тіндерде ұзақ уақыт сақталуы салдарынан организмнің жүйкелі және иммундық жүйесін баяу зақымдайды, ол екіншілік инфекциялар, жеделдеу энцефалитпен, ісіктер және тағы да басқа патологиялық өзгерістермен сипатталады, осының бәрі науқас адамның өліміне әкеледі. АИВ инфекция бірнеше кезеңдермен өтеді, соңғы кезеңнің ЖПИЖС терминімен анықтайды (синдром – жүре пайда болған иммундық жетіспеушілік). Қазірі кезеңде АИВ инфекция өте тез өршуге бейім.
Патогенезі
Табиғи жолмен жұққанда АИВті кіру қақпасы болып саналады – тік ішек пен гениталий шырышты қабаттары, тік ішектің бір қабатты эпителийінен вирустың ену жолы өте жеңіл, қынаптың көп қабатты эпителийіне қарағанда. Лимфатикалық жүйе арқылы АИВ қанға өтеді де, көптеген мүшелер мен тіндерге таралады. Егер жұғу жолы парэнтеральды болса, онда АИВ бірден қанға түседі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасымен пәнін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері «Ветеринария» мамандығы бойынша «Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасымен» пәні сабағында ақпараттық технологияларды жиі қолданудамын......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Көру елестері

Кіріспе.
Ежелден - ақ адамдар көзге көрінетін алдамшы дүниелерге қызығып қана қойған жоқ, оларды саналы түрде өз тәжірибелерінде пайдалануға ұмтылып отырды. Кеңістіктің тереңдігі сезілу үшін жазықтықтағы зор денелерді бейнелеуге тырысты. Мыңдаған жылдар бойы көру елестерін белгілі бір кеңістік ұғымын жасау үшін сәулет өнерінде мақсатты түрде пайдаланылып келеді. Мысалы: залдардың биіктігі мен аумағын ұлғайтудың мүмкіндігін көрсету үшін. Көру елестерін бейнелеу және цирк өнерінде тиімді пайдалануда. Сондай - ақ көру елестері кинематография мен телевидениенің негізі болса, баспа ісі мен әскери істе де қолданылады. Қазіргі адам өмірінде көру нақтылығы үлкен орын алып отыр, әрі ақиқатпен де үндеседі.
Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың дамығандығына қарамастан адам барлық бағытта да өзінің субъективті бағалауын жалғастыра түсуде. Әрине бүл нақты ғылымдарға қатысты болмаса ештеңе де етпейді, ал өлшеуіш құралдарды керек ететін бағалауларды қажет ететін ғылым салаларында үлкен қателікке ұрындыруы мүмкін. Бұл жалпы "көз мөлшері" деген бағаға қатысты, ел арасында "көз алдайды" деген сөз кең таралған. Өкінішке орай көз әлемдегі нақты құрал емес болғандықтан оған қателесу де тән. Осы қателіктер - оптикалық елестер(оптикалық иллюзиялар) деп аталады. Басқаша айтқанда бұл нақтылықтың қате көрінісі, олардың шығу себептері әр түрлі болатындықтан да оптикалық елестердің де саны өте көп болады. Мен сабақта аса қызығушылық туғызатын осы тақырыпты зерттеуді мақсат еттім......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0