Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері құралдары

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі оқыту принциптері

Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған зандар мен заңдылықтар. Бұл заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, үдерістер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылықтары және заңдарымен таныс, біз олармен әр қилы мәселелерге орай кездесіп отырамыз. Дидактикалық үдерістің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу үдерісіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Осыдан, дидактикалық принциптер (латын сөзі "негіз") оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдарына сай келетін оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындаушы тірек тұжырымдар жиынтығы. Дидактика тарихынан белгілі болғандай, зерттеушілер принциптерді ашу жолында елеулі табыстарды қолға кіргізді. Енді мұғалімдердің міндеті осы белгілі принциптерге сай әрекет ете отырып, оқу сапасын жоғарылату мен оның тиімділігін және беріктігін көтере түсу. Принциптер дидактикалық үдерістің біртұтас тұжырымдамасын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А.Коменский қалаған. Ғұлама - педагог пікірінше, оқудың негізі - табиғи сәйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сәйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмунына, 2) оқытушыларга, 3 оқушыларга қатысты болады. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, біртіндеушілік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі. анықтығы, оқушылардың дербестік әрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық өз алдына әртүрлі мақсаттар белгілеген дидактикалық жүйелерде бір-біріне ұқсамас оқу принциптері іске қосылады. Негізгі тұжырымдары өткен баптарда жария етілген Гербарт және Дьюи дидактикалары өзіндік ерекшеліктерге ие болғанын білеміз. Біз әңгіме еткен жаңа дидактикалық жүйе дәстүрлі (классикалық) және қазіргі заман оқу принциптерін пайдалануда байыптылық сипат танытады. Осыдан онда бірдей уақытта көптеген заңдар мен заңдылықтар іске қосылып жатады. Оларды әр қилы жолдармен топтастыруға болады және олардан негізгі тұжырымдарға сай көптеген жаңа жүйелерді ажыратып, бөлу мүмкін. Сондықтан да оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларда оқу принциптерінің әртүрлі жүйеде біріктірілген топтарын кездестіреміз. ...
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қарым қатынастар

Қазіргі Қазақстан-Ресей қатынастары Еуразия кеңістігінде өмір сүріп, ғасырлар бойы адамзат қызметінің барлық салаларында өзара байланысқан қазақ және орыс халықтарының қатынастарынан бастау алады. Екі елде ортақ тарих, жеті мың шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара мен көршілес орналасқан кең аумақ біріктіреді.
Екі елдің тығыз байланысының тұтас бір кезеңді қамтыған тарихы, бір мемелекет құрамындағы өзара байланысы жаңа егеменді мемлекеттер-Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең дәрежелі әріптестік пен достық қатынастарының қалыптасуына негіз болды.
Курстық жұмысының дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа да құжаттар құрайды. Осы орайда ерекше атап өтетіні екі жақты қатынастардың негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына талдау жасауда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының мәліметтері, екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары үлес қосты. Сонымен қатар, екі жақты қатынастардың қазіргі сипаты мен келшегі екі ел басшыларының түрлі жылдардағы Жолдауларында аталып өткен.
Негізгі әдебиеттер қатарында Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1999 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 2000-2004 жылдар» материалдар мен құжаттар жинақтарында қарастырылады. Еңбектің құндылығы белгіленген уақыт аралығында екі жақты деңгейде қабылданған құжаттар мәтіні, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және саясат қайраткерлерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы мақалалары жарияланған.
Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясаты алдындағы басымдылықтар, ондағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орны мен Ресей бағыты қарастырылған Қ.Тоқаевтың «Ресей мен Қазақстан» атты монографиялық еңбектері мен әр жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі бастамасымен жарық көрген мақалалар жинағын ерекше атап өткен жөн.
Тақырыпты зерттеу барысында негізге алынған әдебиет көзінің бірі Т.Мансұровтың «Өзгерістер кезеңіндегі Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-2001 жылдар» атты еңбегі. Жұмыста Қазақстан-Ресей қатынастары құжаттық-құқықтық негізде кезеңдестіріліп, әрбір кезеңге талдау жасалады. Екі жақты байланытың өзекті саласы ретінде Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастығы жеке қарастырылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Этнодемография | Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы

Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толады. Тарихи өлшеммен алғанда бұл онша көп уақыт емес, дегенмен, ғасырлар бойы азаттық пен теңдікті аңсаған қазақ халқы мен елімізде тұрып жатқан өзге ұлт үшін осынау аз ғана белестің өзінің маңызы орасан зор.
Қазақстан әлемдегі көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Оның аумағында тегі, тілі, мәдениеті әртүрлі, бірақ тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстардың өкілдері (этностар) тұрады. Республикада негізгі ұлт – қазақтардан басқа орыс, украин, белорусь, неміс, өзбек, ұйғыр, татар, корей және т. б. ұлт өкілдері бар.
Халық қоғамның өндірістік күшінің негізгі көзі болып табылады. Ал, этнодемография қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі. Бұл мәселелерді демографиялық саясат тұрғысынан дер кезінде шешу көп ретте қоғамның, соның ішінде ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, тәуелсіздігіміздің жетістігіне тығыз байланысты. Сондықтан этнодемографиялық мәселе қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған көкейкесті, кезек күттірмейтін мәселенің біріне айналды......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс.
Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы байланыстар құрайды.
Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе, саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен байланысын қамтиды.

Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.
Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 2006 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Осы аталған Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асырады. Сондықтан Ұлттық банктің еліміздің орталық банкі ретіндегі экономикадағы атқаратын қызметтері мен саясаттарын толық зерттеп қарастыру менің осы жұмысымның мақсаты болып табылады.
Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі Ұлттық банк елміздің несие және банк жүйесінің негізгі құрылымы және бүкіл экономиканы реттейтін экономикалық құрылғы болып табылады.
Бүгінгі таңда Ұлттық банк өзінің атқаратын ақша-несие саясаттарының механизмдері бойынша Еуропа кеңістігінің стандарттарына өтуде. Сондай-ақ Ұлттық банкіміз ТМД елдері бойынша нағыз классикалық банктің операциялары мен саясаттарын жүргізіп отырған жалғыз банк болып табылады. Яғни, ТМД елдерінің Орталық банкі деп те атасақ болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | ҚР-ның ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде әлемдік экономикалық интеграция барлық елдерді қамтып отырғанда аймақтағы елдер арасындағы өзара байланысты дамыту барынша маңызды болып саналады. Еліміз ашық нарықтық ұстанымды қолға алған аз уақыт ішінде Орталық Азия аймағында, ТМД елдері арасында қара озып алға шығып келеді. Еліміздің осы жетістіктерінің себебі оның жан жақтылы әлеуетінде болып отыр. Жұмыста аталмыш әлеуеттері жан жақтылы ортаға салынып талдау жасалады, сол арқылы еліміздің жеткен жетістіктеріне құр сөзбен емес нақтылы ғылыми деректер мен дәйектер негізінде талдау жасалып дәлелденеді.
Еліміз болашағының тіпті де баянды боларына, өркениетті елдер санатына, Ел басы айтқан дамыған елу елдің қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар екендігі бүгінгі және таяу болашақта қолға алынуға жоспарланған келелі жұмыстар арқылы ғылыми тұрғыда тиянақталады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу.
Жұмыстың міндеті: Көздеген мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының шаруашылығының дамуына қажетті мүмкіндіктеріне экономикалық географиялық тұрғыда сипаттама берілді, Қазақстанның нарықтық экономикасының даму барысы мен даму мәселелеріне талдау жасалды, болашақтағы даму мүмкіндіктері ең басты салалар болып табылатын ғылым білім саласы, денсаулық сақтау саласы, ғарыштық өнеркәсіп саласы және бүгінгі экономиканың тірегі саналған мұнай өнеркәсібі саласы бойынша қарастырылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Оқшы ата киелілер ордасы

Оқшы ата - киелілер ордасы
Қойнауы құпияға толы Сыр өңірінде көненің көзі де, бүгіннің өзі де бар. Қасиетті Сыр топырағы бүкіләлемдік тарихта өзіндік орны бар өлке. Ата - бабамыздың ежелден кіндік қаны тамып, ұрпағын өрбіткен киелі мекенінде бүгінгі кезеңде жадыңнан өшпейтін асылдың сынағындай небір мұраларымыз бар. Ежелгі өркениеттің белгісі ретінде сыры кетсе де сыны кетпеген ғажайып тарихи ескерткіштер мен мазарлар соның куәсі. Осындай тарихи мұраларды қорғау - халқымыздың сан мың ғасыр бастан кешкен тарихын, мәдениетін, өнерін, салтын, тілін қорғау деген сөз.
Осы бағытта тарихи - археологиялық және сәулеттік ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, сондай - ақ жұртшылыққа олардың құндылығы мен маңызын таныту, жас ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнын арттыру жөнінде біршама іс - шаралар жүргізіліп отыр. Міне, осындай мұрағаттардың бірі - Оқшы Ата мазары, ал тарихи мәліметтерге сүйенсек, ол оғыз - қыпшақ заманының жәдігері болып табылады. Кезінде ұланғайыр іс тындырып, тіршілікке тұтқа бола біліп, кейінгі ұрпаққа ұлағатты үлгі еткен ұлы бабалардың аманатына адалдықты сақтау адамдық та, азаматтық та асыл парызымыз......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сауда саттықты реттеу

Қазіргі жағдайдағы елдердің әлемдік сауда да белсенді қатысуы бірнеше айтарлықтай артықшылықтармен байланысты: бұл елдегі бар ресурстарды тиімді пайдалануға, әлемдік ғылым мен техника жетістіктеріне қатыстыруға, аз уақыт ішінде экономикадағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға, сонымен қатар халықтың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Халықаралық сауда бұл түрлі елдердің сатыпалушылар, сатушылар және делдардар арасында болатын сату және сатып алу процесі болып табылады
Халықаралық сауда өзіне сауда балансы деп аталатын тауарлардың экспорттық, импорттық қоймасын кіргізеді. Көптеген елдер үшін халықаралық сауда айырбасы сыртқы экономикалық байланысының негізгі формасы ретінде қалып отыр. Алайда, халықаралық интеграциялық ұзақ процесіне қарамастан, сыртқы экономикалық байланыстарды реттеудің көптеген мәселелері ашық қалып отыр. Соған байланысты, сыртқы саудалық сату-сатып алу мәселелерін құқықтық реттелуі өзекті мәселелер болып табылады.
Президент Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «біздің Республикамыздың байсалды әрі сенімді әріптес ретіндегі халықаралықимиджі қалыптасып, әлемдік шаруашылық байланыстарға Қазақстанның интеграцияланудың қажетті алғышарттарын салынған», «сыртқы байланыстар дамуындағы жаңа кезеңде біздің барлық саясатымыз сыртқы байланыстардағы бір қалыпты экономикалық және мәдени даму мүдделеріне бағынуы тиіс» деп атап көрсетті Президент. Бұл тақырыпппен Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде дамуының өзектілігін ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақтың әдет ғұрып құқығының бастаулары

Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені "адат" деп атады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымды білдіреді. "Адат" өте ерте кезден басталып, көптеген өзгерістермен және толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуіш нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен "адаттың" құқықтық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады:
1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан көрінетін консерватизмі. Мұндай ерекшеліктердің сақталуы заңды нәрсе. Ру қазақ қоғамының негізі болды. Ал рудың негізі патриархалдық отбасы болды. Қазақ отбасының басшысы немесе отағасы отбасындағы шешуші фигура болды. Бұл ерекшеліктердің бәрі де көшпелі экономикалық қатынастардың бейнелері болып табылады.
2. Қазақ әдет-ғұрпы құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті. Бұл институттар қазақ қоғамында және оның құқықтық жүйесінде ерекше орын алды.
Қоғамдық пікір бұл институттарды айьштамады.
3. Әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән бере берілмеді.
4. Жерге жеке меншік құқының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан тендігі қазақ аристократиясының (сұлтандар, билер, қожалар) артықшылығымен ұштастырылды. Қазақ ақсүйектерінің, әсіресе сұлтандар мен қожалардың артықшылығы ресми заңдастырылды. Ал ел билеу ісі тек сұлтандардың үлесі ретінде рәсімделді. Мұндай тәртіпті қоғамдық пікір де мойындады.
5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманистік сипатта болды.
6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік сипатта болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0