Ғылыми жұмыс (жоба): Өнер | Бақыттың мәні

І. «Өзін - өзі білген – ер бақытты, өзін - өзі билеген ел бақытты» деген халық мақалын бүгінгі айтар ойымның түп қазығы етіп алмақпын. Неткен даналықпен, көрегендікпен айтылған сөз! Туған елің, Отаның құлдықта болса қайдағы бақыт?! Құлдықтағы ел төгілген тердің, еңбектің жемісін еш уақытта көре алмайды, ой еркіндігі туралы айтудың да қажеті жоқ. Құдайға шүкір, «мың өліп, мың тірілген» қазақ тәуелсіз ел болды. Ғасырлар бойы аңсаған бақыт құсы қолымызға қонды. Қазақ халқы бақытты құсқа теңейді, оның мәні неде? Құс қолға оңайшылықпен қонбайды, қонған екен оны аялай білмесек, баптай білмесек, қадірін білмесек қалай ұшып кеткенін білмей қаламыз. Бақыттың шалғайынан басып, күшпен ұстап тұруға болмайды, - деген екен ұлы ойшыл Сайф Сараи.
Қазіргі уақытта техника мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайындағы жаһандану дәуірінде мемлекетте әлеуметтік - экономикалық жаңғырту саясатын жүзеге асыру арқылы ізгі қоғамға қол жеткізу басты мәселе болып отыр. Қоғамды өзгертуші күштің бірі адам болғандықтан, қоғамның ізгілігі адамдардың игілігінен, адами іс - әрекеттерінен, олардың өркениеттік озық үлгілері бойына сіңіруінен және өзіндік болмысын сақтап қалуынан негіз алады. Осы тұрғыдан Елбасы Н. Ә. Назарбаев әлеуметтік - экономикалық жаңғырту саясатындағы он бағыттың бірі ретінде «Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуіне» баса назар аударды......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақстандағы аударма теориясы мен практикасының негізгі бағыттары

Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Аударма проблемасын әр қилы тұрғыдан: тарихи-мәдени, әдебиеттану, лингвистикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарастыруға болады. Қазақ аудармасының тарихына, теориясы мен тәжірибесіне арналған мақалаларда, жинақтарда, монографияларда, аударманың тарихи-мәдени, әдебиет салаларындағы жайы көбірек. (14; 15)
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған тұсынан бері қарай ғылымның аударма саласы едәуір сипатқа ие болып отыр. Егеменді елдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі – дүниежүзілік ақпараттар алмасудың сапалы деңгейіне көтерілуі; ақпараттық база жасау; ақпараттық-анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде ақпараттарды жинау, қабылдау, өңдеу, жеткізу жүйесі бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аталған жағдаяттарға орай соңғы жылдарда аударылу процесінің объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әр алуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкімдер, жарғылар мен ережелер, қатынас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен аударма жолы арқылы жүзеге асырылуда. Жазба аудармамен қатар ауызша аударма (ілеспе аударма және қосарласа аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады. Қазақ тілінен өзге тілге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-үйренуді, шетел тілдері туралы білім-дағдыны еңбек процесінде пайдалануды талап етіп отыр. Осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда. Аударма туралы белгілі әдебиеттанушы Ю.Д.Левин былай деген: «... Преобразование инонационального писателя в переводе имеет двоякий смысл. С одной стороны он вводит этого писателя в новую литературу, тем самым обогащая ее. Но с другой стороны «обогащается» и сам переводимый писатель». (24; 6) ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы

Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың банк жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда банк жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және банк құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады. Банк қызметін табысты реформалау барынша тұрақты банк жүйесін құруға мүмкіндік берді.
Кейінгі жылдары Ұлттық банк, Қазақстандағы банктік қадағалауды жалпы қабылданған стандарттарға, ең алдымен, банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің тиімді банктік қадағалауының негізгі принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытында жұмыс жүргізді. Шоғырландыру негізінде банк қызметіне қадағалау жүргізу үшін Ұлттық банктің 2001 жылдың басында өкілеттіктерді бөлуі банктік қадағалаудың осы принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытындағы тағы бір қадамды білдіреді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 34 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді.
Банк жүйесінің жиынтық меншікті капиталы валюталық баламада 1,5 АҚШ долларын құрайды. ТМД елдерінің ішінде бір банкке тиесілі меншікті капиталдың мөлшері бойынша Қазақстан жетекші болып қалып отыр.
Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде, бұл көп жағдайда халық салымдарын сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі. Банктер базасының қарқынды өсуі оларға экономиканы несиелеу жөніндегі қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді.
Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі ипотекалық несиелеу болды.
Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.
Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.
Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.
Курс жұмысының өзі мынадай бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшадан ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау

Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500 миллион АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің 11 пайызын қамтасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады. Осыған байланысты, бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау басқармасы шетелден дайын дәрілік препараттарды сатып алу үшін қажет валюталық құралдардың бар болуына 94 пайыздан астам тәуелді.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде Қазақстан Републикасында қалыптасқан қаржылық тапшылық кезінде дәрілік препараттар импортына тәуелділік дәрілік қамтамасыз ету жағдайын кенет нашарлатты. ЮСАИД мәліметтері бойынша, Қазақстандағы медикаменттердің бағасы (2005 жылы) 1993 жылмен салыстырғанда 386 ретке ұлғайды. Өзіндік дамыған фармацевтикалық өндірістің болмауы нәтижесінде бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналды. Сонымен қатар, импорт бойынша дәрілік препараттарды сатып алуды жалғастыру экономикалық мағынада мынаны білдіреді – шетелдік фармацевтикалық фирмаларды қазақстандық қаржы көздерінен қаржыландыру.
Осының барлығы фармацевтикалық нарық құрылымын зерттеудің өзектілігін және оны жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар нарығын зерттеу, проблемаларды анықтау және осы нарықты жетілдіру үшін ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- маркетингтік зерттеудің теориялық аспектілерін зерттеп білу;
- дәрілік препараттар нарығына жалпы сипаттама беру;
- «Химфарм» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасын беру;
- дәрілік препараттар нарығын зерттеу және талдау;
- осы нарықтағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Гидрология | Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет

1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет көрсету

Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады.
Республикамыздың ауыл шаруашылығына агрометеорологиялық қызмет жасаудың дамуы тыңайған жерлерді игеруді бастаумен (1954 жылы) сәйкес келеді. Дәнді-дақылдар алқабының ауданы үлкеюмен метеорологиялық станциялар мен посттардың саны көбейеді. 1978 жылы агрометеорологиялық бақылаулар 240 пункттерде жүргізіледі /1/.
Бірақ бұл жеткіліксіз болды. Сондықтан 1960 жылдан бастап вегетация кезеңі мен өнімді қалыптастыруда далалар мен жайылымдарға жер үсті және авиациялық зерттеулер жүргізіле бастады.
Агрометеорологияның маңызды міндеттері мыналар /2/:
1) ауылшаруашылық өндірісінің процестері мен объектілеріне ауа-райы мен климаттың әсер ететін кеңістіктік-уақыттық заңдылықтарын зерттеу;
2) метеорологиялық факторлардың топырақ жағдайына, агрофитоценоздардың өнімінің дамуына, өсуіне және қалыптасуына ауылшаруашылық дақылдарына ауру мен зиянкестердің дамуы мен таралу әсерін мөлшерлік бағалау әдістерін өңдеу;
3) агрометеорологиялық болжамдар әдістерін және ауылшаруашылық өндірісін агрометеорологиялық қамтамасыздандыру формаларын жетілдіруді өңдеу;
4) агроклиматтық аудандастыру, ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттары мен гибриттерін орналастыру, өсімдік өсіру өнімділігін жоғарылату үшін климаттың ресурстарын толық және ұтымды пайдалану тәсілдерінің агроклиматтық дәйектемесі;
5) жерді мелиорациялау және далалардың микроклиматының өзгеру тәсілдерінің агроклиматтық дәйектемесі;
6) ауыл шаруашылығына қолайсыз және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстармен күресу әдістерін сонымен бірге осы құбылыстарға белсенді әсер ету әдістерін өңдеу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлелдейді.
Өткен жылдардың қорытыңдылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалаудың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлері мен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасыңда алшақтық көп болды.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттің қауіпсіздік және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың бір-тұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.
Қазақстан Республикасының Президеиті жүргізіп жатқан экономикалық реформалар бағыты стратегиялық тұрғыдан, жалпы алғанда дұрыс.
Бірақ Қазақстаңдағы экономикалық реформалардың жайына жасалған талдау және олардың барысы, тактикалық тұрғыдан алғанда, Үкімет пайдаланып отырған әдістердің, нарықтық қатынастарға көшудің модельдері мен кезеңдерінің тиімсіз екенін дәлелдейді. Реформаларды жүзеге асыру барысында елеулі қателіктерге жол берілді.
Әлеуметтік экономикалық міндеттерді жыртықты жaмay әдісімен шешуден бас тартатын мезгіл жетті, тактикалық міндеттерді әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру стратегиясына сәйкестендіре шыңдап қолға алу мақсатымен жүйелі жұмыс бастайтын уақыт келді. Қазақстан Республикасын өз ерекшеліктеріне, ұлттың менталитетіне сай, дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып әлеуметтік-экономикалық дамыту моделін жасайтын және іске асыратын мезгіл жетті.
Ел экономикасы XXI ғасыр шебінде түр. Мәселе XXI ғасырдың табалдырығынан қандай нарықтық жетістікпен, қандай дайындықпен аттағалы отырғанымызда. Монография авторы экономикалық реформаның барысын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін ашық көрсетуге тырысты. Соның негізінде автор отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету басты мақсаты болып табылатын жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) концепциялық негізін әзірледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының төлем балансы

Макроэкономикалық зерттеулердің пәні болып елдегі өндірістің жалпы көлемі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, төлем балансының сальдосы мен валютаның айырбас бағамы сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау табылады. Бұл талдаулардың мақсаты осы көрсеткіштердің өзгеруін түсіндіріп, ел үкіметі жұмысында қойылған экономикалық мәселелерді шешу бағыттарын анықтау мен экономикалық даму барысында болжамаған өзгерістерге жауап беру. Өзгерістерді дәл талдау мен бағалау, ал одан кейін соған сәйкес саясатты жасақтау жүйеленген және уақтылы негізде келіп түсетін экономикалық және статистикалық ақпараттың дәлдігін талап етеді. Сонымен қатар, дұрыс экономикалық шешімдерді қабылдау үшін елдің сыртқы жағдайын тұрақты түрде бағалау мен өлшеу қажет. Біз білетініміздей, елдің басқа елдермен арасындағы қаржы ағымдары мен экономикалық операциялар мәліметтері жүйеленіп төлем балансында көрсетіледі де, ол елдің сыртқы жағдайын талдау мен қажеттіөзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады.
Сыртқы экономикалық іс - әрекеттерді есептеу орта ғасырларда пайда болған. «Төлем балансы» терминін Шотландық экономист (XVII ғ) Джеймс Стюарт ойлап тапқан. XX ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда дами түсті. Осыған негізделе отырып, ХВҚ барлық елдер бойынша ортақ төлем балансын құраудың стандарттық әдістемесін жасаған. «Төлем балансына - бақылаулар» (алғы шарт) деп аталатын 4 үлгі ХВҚ – ның толық схемасы 112 баптап тұрады. Кеңейтілген схемасы бұл баптарды 7 топқа ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік

Осыдан дәл он жыл бұрын Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.
Біз, қазақстандықтар ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуымыз елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз. ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді. Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін жандандыруды талап етеді. Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің еліміздің халықаралық сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол қоюы және БҰҰ бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел таңдауының табиғи жалғасы ретінде қабылданды [1].
Күштердің ара салмағы бұзылды, ядролық қару «үлкен» бестіктің ғана меншігі болудан қалды. Бұл қаруды таратпау жөніндегі жұрттың бәрі қабылдаған, енді бұзылмастай көрінетін тәртіпке қарамастан, ядролық қаруға ие елдердің саны арта түсті.
Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 90 -жылдарындағы аталған күрделі геосаяси жағдайда өтті. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік қауымдастықтың алдындағы айрықша жауапкершілігін сезінгендіктен де Қазақстан жалғыз дұрыс шешім екендігін кейіннен өмірдің өзі көрсетіп берген күрделі қадамға барды.
Осыдан дәлме - дәл он жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда мен Қазақстан жерін жарты ғасырға жуық уақыт бойы азапқа салып келген Семей ядролық полигонын жабуы Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің еліміздің халықаралық сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол қоюы және БҰҰ бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел таңдауының табиғи жалғасы ретінде қабылданды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан қауіпсіздігін талдау ісінде саяси жүйенің елдегі экономикалық базаға барабар келмеуінің ұлғаюы және осыған қоса ішкі-сыртқы саяси жүйеде барған сайын наразылықтардың өрши түсуі тұтқалы мәселе ретінде қалып отыр. Біздіңше, қазіргі жағдайда "саяси қатер" дейтін ұғымның өзі әлдеқайда кеңірек түсіндіруді тілейді. Саяси қатерді тек "кейбір саяси шешімдердің, оқиғалар мен жағдайлардың коммерциялық ахуалға инвесторлар пайдадан айрылып қалатындай әсер етуінің" ғана ықтимал көрінісі деп қарауға болмайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның салық жүйесі

Салық жүйесін жетілдіріп, қалыптастыру - өте күрделі процесс. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет барысына кедергі келтірмейтін салық жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелер қатарында болып отыр.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бәсекелес ортаның қалыптасуына, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық экономикадан алатын өз орнын жедел іздеуі үшін өзінің икемділігін, жинақтылығын, нарықтың шынайылылығын пайдалануы тиіс. Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерлік ортаның белсенділігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасап, өзінің көмегін шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеті жоғары және елдің ғылыми-техникалық күш қуатын көтеру көзқарасы тұрғысынан мүмкіндігі зор кәсіпорындарға бағыттауы қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі

Несиелік жүйе – нарықтық экономиканың ажырамас бір бөлігі. Несиелік жүйенің дамуы қашанда тауарлы өндірістің дамуымен тығыз байланысты келеді.
Бүгінде несие жүйесінің құрылымы барған сайын күрделене түсуде, яғни оның құрамына жаңа қаржы-несие мекемелері пайда болып, клиенттерге жаңаша қызмет көрсетуде жаңа әдістерді несиемен қамтамасыз етудің жаңа әдісі пайдалануылын талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан банкілері шетел банкілерімен тәжірибе алмасуда өзінің мүдделерін арттыра түсуде, сондай-ақ банк ісіндегі әлемдік тәжірибелік жаңалықтар, Қазақстандағы қазіргі банк өнімдерінің дамуына өз ықпалын тигізуі тиіс.
Осындай жоспарда банктердің арасында орын алып отырған бәсекелестік әрекеті, олардың жаңа клиенттер тартудағы күресін шыңдай түсіп, нәтижесінде клиенттерге көрсететін қызмет түрлерінің сапасын арттыруға және олардың санын көбейтуге итермелейді
Қазіргі несиелік жүйенің тұрақты икемді, тиімді инфрақұрылымын жасау – қазіргі кезеңнің негізгі мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты –Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің қалыптасуы мен даму тарихын және құрылымын қарастыру болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0