Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының Индустриялық инновациялық дамуының 2003 2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы"
Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері

¥йымдық-қүқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Азамат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарлды төлеу- әрбір адамзаттың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2. «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдармен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекеленген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етеді.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшалады шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табыладын: қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз- бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР салық жүйесі қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары

Әлемдік экономиканың жаһандануы, яғни шаруашылық өмірдің барлық аспектілерінің интеграциялануы мен интернационализациялануы, сайып келгенде әлемдік шаруашылықтарының түрлі салаларының өзара байланыстылығын нығайта түсуде. Жаһандану барысында салық саясаты мен салық жүйесінің өзара үйлесімділігі көрініс табады.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси әлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмететуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық мемлекет бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекттік әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты міндеті - әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес саланы қаржыландыру болып табылады.Сонымен бірге салық жаңадан құрылған қосымша құнды алудың тәсілі ретінде салық төлеушілердің қаржылық күйіне шешуші әсер жасайды. Салықтың мәні әлеуметтік-экономикалық мәні мен құрылымы мен рөлі қоғамның экономикалық және саяси құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің табиғаты және қызметімен анықталады.салықтар қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі қайнар көзі ретінде құрылуы, ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі және бұл дәстүр нарықтық экономикада да әрекет етеді.
Жаңа қайта құру жағдайларында Қазақстанның салық жүйесін экономикалық даму мен жаһандану құбылысына сай қалыптастыру—еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан өз Отанымыздың салық жүйесінінің қазіргі жағдайын зерттеу және жетілдірудің ғылыми негізделген әдістерін табу—объективтік қажеттілік болып табылады.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары» деп таңдап алдым. Менің бұл дипломдық жұмысымда салықтардың экономикалық мазмұнынан бастап, ҚР салық жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы, оны дамытудың перспективалары мен стратегиялық жоспарларын қолдану мүмкіндіктері сияқты мәселелер талданып қарастырылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА КЛАСТЕРЛЕР ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.
Қазір сала жаңа кезеңнің табалдырығында тұр, бұл кезең ашық экономика және тағам өнімдері саудасының әлемдік жүйесі жағдайында оның тиімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл әсіресе алдағы кезде БСҰ-ға кіруге байланысты өзекті болып отыр. Біз үшін басты басты міндет – халықаралық саудадағы құқықтың кемсітушілігін болдырмау және азық-түлік қауіпсіздігі мен ел аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін сақтай отырып, тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығына нақты қол жетімділігі қамтасыз ету.
Яғни , кластер жүйесін экономика секторының басымды жеті бағытына енгізу жоспарланған. Негізгі экономиканың басымды секторлары мұнай-газ, ауыл шаруашылығы (мақта кластері, күріш кластері, өсімдік май кластері), қара және түсті металлургия және т.б. салалар.
Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел болғандықтан, экономикаға кластер жүйесін енгізу тиімді болып табылады. Әсіресе кластер жүйесін ауыл шаруашылығы саласына енгізу мәселесі бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының маңызды проблемаларының түйіні. Себебі, біртұтас әміршіл мемлекет ретінде КСРО – ның өмір сүруін тоқтатуы, бұрынғы республикалардың орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы осы елдердің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығында әлеуметтік және саяси жаңартуларды жүзеге асыру қажеттілігі тұрғаны белгілі. Еліміз нарықтық экономикаға өткеннен соң артта қалған ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға көптеп көңіл бөле бастады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Республика Үкіметінің алдына келесідей міндет қойы, яғни онда былай деген болатын: " Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді негіздеуіміз қажет. Соның бір мысалы, индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады."
Елімізде кластерді ең адымен астық, мақта өндірістерінде дамытуға болады, әрі мұндай тәсілді мал шаруашылығында да сапалы дайын өнім шығару мақсатында қолданып көру қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Оңтүстік Қазақстан облысында экономиканы кластерлеудің мүмкіндіктері мен экономикалық мақсаттылығын бұл аймақты экономикалық дамытудың болашақ бағыты болып, аймақтағы өндірістік кешендері зерттеу
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай мәселелерді шешу қарстырылады:
- экономикалық кластерлер маңыздылығы мен түсініктерін айқындау және олардың аймақтық экономикадығы орны мен сипаттамаларын анықтау; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кірустратегиясынасәйкес әзірленді.
Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы

Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыру керек. Өйткені, тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі – қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шарушылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.
Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың желтоқсаны) бастап мемлекеттігімізді жаңадан құру барысында оны басқару жүйесі өзгермелі жағдайларға жиі ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті. Міне, осы өзгерістердің негізі болған – экономикалық тоқырау жағдайынан шығу кезеңдері, шаруашылық жүргізудің жаңа нарықтық үлгісінің орнығуы және де әлеуметтік-экономикалық өсу қарқынының тұрақтылығына қол жеткізу проблемаларын шешу барысында мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен міндеттері осы аталған курстық жұмыстың негізі болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – тарихи шолу жасай отырып, мемлекетіміз бен оны басқару жүйесін бөлек және арнайы зерттеуді талап ететін мәселе ретінде қарастыру.курстық жұмыс екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімінде, «Мемлекет мәні және нысандары», жалпы мемлекеттің пайда болуы, дамуы, мемлекеттің нысандары мен жіктелуі қарастырылған. Мұнда сонымен қатар мемлекеттік нысандары әр түрлі елдердегі басқару айырмашылығына көңіл бөлінген.
Ал, екінші бөлімде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінде» еліміздің мемлекеттік басқарудағы ұстанып отырған саясаты мен мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдірудің негізгі бағыттарына тоқталған. Ең алдымен, мемлекетіміздің мемлекеттік-аяси құрылымы көрсетілген және де мемлекеттік басқарудың қалыптасу және даму кезеңдері қамтылған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан аудандарында туризмді дамыту

Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.
Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан Зиминнiң бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi орналасты.
Ұлы отан соғысынан кейiн “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы мақсатында 1952 ж. Қазақстанда Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж. кәсiподақтардың Қазақ респ. кеңесi жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма ұйымдастырылды. 1962 ж. Туристiк-экскурсиялық басқарма Туризм жөнiндегi кеңес болып қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстанда респ. және 5 обл. (Алматы, Қарағанды, Шығ. Қазақстан, Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.
1950 — 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi дамытуда үлкен үлес қосты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастары

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы – әлемдегі табиғи ресурстары мен шикізат қорына бай дамушы мемлекет. Оның экономикасының жетекші салалары түсті және қара металлургия, көмір, мұнай және химия өнеркәсібі, астық шаруашылығы мен етті-жүнді қой шаруашылығы. Сондықтан, Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамындағы көптеген республикалармен және өзге де алыс-жақын шет елдермен экономикалық байланыстары жақсы дамып келеді. Дүниежүзіндегі экономикалық қарым-қатынастар орнатпастан қазіргі заманғы шаруашылықты серпінді әрі жан-жақты дамыту үрдісіне ілесу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының қазіргі өндіргіш күштерді орналастыру ұстанымдары – өндірісті шикізат аудандарына, отынды тұтынушыларға жақын орналастыру. Қазақстанның барлық түкпірлерінде экономикалық орталықтардың пайда болуы, кеңінен дамыған территориялық - өндірістік кешендердің қалыптасуы республикада мүлде жаңа экономикалық және әлеуметтік географияны қалыптастырудың барынша айқын көрсеткіштері болып табылады. Еуропа мен Азияның аралығында орналасқан Қазақстан территориясы ежелден-ақ қызу сауда-саттық және саяси байланыстар сахнасы болып келді. Қазақстан қазіргі кезде де Еуропа, Орталық Азия және тез дамып келе жатқан Тынық мұхит аймағы арасындағы байланыстырушы буын ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Қытайдың шығыс теңіз порты Лянюньганнан Нидерландтың Роттердам қаласына жететін, әрі едәуір бөлігі Қазақстан территориясы арқылы өтетін Азия аралық темір жол құрылысы Қазақстанның геосаяси және экономикалық байланыстағы маңызын тіпті де асыра түсті. Алайда республикада ашық теңізге шығатын жолдың жоқтығы, оның дүниежүзілік қатынас құралдарынан шалғай орналасуы Қазақстанның халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуын қиындатуда. Сондықтан, ол үшін дүниежүзілік қатынас құралдарына жол ашатын өзара тиімді достық байланыстарды ең алдымен Ресеймен және Қытаймен дамытудың зор маңызы бар. Қазақстан үшін шекарасы ортақ, шаруашылық байланыстары қалыптасқан, халқының тарихы және мәдени-этникалық қауымдастығы бір Орта Азия мемлекеттерімен өзара тығыз қарым-қатынас орнатудың да маңызы ерекше.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен ел ретінде жаңа заман талаптарына сай нарықтық экономикаға өту үрдісіне көшіп, сыртқы экономикалық қатынастарын орнату барысында туындаған көптеген мәселелер болды. Яғни, нарықтық экономиканың құрылымы мен мазмұны, оның жұмыс істеу қағидалары, сыртқы экономикалық қатынастарды орнатуда негізгі сүйенетін принциптер мен ұстанатын бағыттың ерекшелігі болып табылады. Осы мәселелерге қатысты арнайы ғылыми зерттеулерді Қазақстанның географ ғалымдары Е. Ахметов, К.Б. Ахметова, С.Е. Ердаулетов, Ш.М. Надыров, М.Ш. Ярмухамедов және т.б. жүргізген болатын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастарын зерттеу. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары

Әлемнің көптеген елдерінде зейнетақы қорларының жұмысы қайтадан түрлендірілуде. Бұл әсіресе ТМД елдерінде кеңінен етек алады.
1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып өзінің зейнетақы қоры жүйесін реформалауға кірісіп кетті. Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды деп айтуға болады.
Қазақстандық зейнетақы қорларының жүйесінің негізінде Чилидегі зейнетақы қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Өйткені бұл жөніндегі Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама ден қоюға тұрарлықтай. Чили мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнетақы қорлары басқарады, олар зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі схемаларын ұсынады. Ондағы халықтың зейнетақы жинақтары ЖҰӨ-нің 55%-ын құрайды. Зейнетақы қорларының инвестицияларының есебінен елдің тұрғын үй қорының 60% тұрғызылған. Бұл зейнетақы жүйесінің қазіргі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өмірінде қаншалықты маңызды роль атқаратынын байқауға болады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы маңызды рольді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Қазірдің өзінде-ақ зейнетақы қорларын реформалау оң нәтижеге беріп отырғанын нық айтуымызға болады.
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік – экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі өзінің ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды мәселелердің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зерттеуді қажет ететін жүйе депсанаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан – жақты тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая түседі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0