Курстық жұмыс: Экология | Қазақстанның климатына сипаттама

Кіріспе
Қазақстанның климаты қоңыржай ылғалды биік таулы аймақтарынан басқа әсерлерінде континентті болады. Климаттың континенттігі оның бірнеше ерекшеліктерінен көрінеді, оларға: температура амплитудасының үлкендігі, ауаның құрғақтығы, республиканың көпшілік бөлігінде атмосфералық ылғалдың аз түсуі қыстың оңтүстікте қысқа, солтүстікте ұзақ, әрі қатаң, жаздың ыстық болуы жатады.
Қазақстанның географиялық орны ендігі жағынан климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңіз елдеріне және қоңыржай ылғалды жылы климатымен ерекшеленетін Орталық Европаға сәйкес келеді. Бірақ Қазақстанның материктің ішінде ішкері жатуы онда бұл елдерден ерекше қоңыржай суық климаттың құрылуына себепші болады.
Қазақстанның климатына қыста Сибирьдің қатты суығы, ал жазда Орта Азияның ыстығы әсер етеді. Қазақстаннан алыста жатқан теңіз бассейндерінің оның климатына тигізетін әсері бірдей емес.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне, он төрт жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек».
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік нарығы

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің барлық жағдайларын жасау қажеттілігі бекітілген. Тұрғын үй мәселесі қазіргі заманның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі ретінде сақталып отыр.
Кез – келген елдің тұрғын үй саясатының бастапқы мақсаты – “әрбір отбасын қолайлы тұрғын үймен және қоршаған ортамен қамтамасыз ету”.
Жылжымайтын мүлік нарығы ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі және қарқынды дамушы рыноктардың бірі болып табылады. Жылжымайтын мүліктер нарығы ауқымы кең нарық болып саналады. Тұрғын үй –нарықтық экономикада экономиканың түрлі секторының даму қарқының және халықтың, жалпы елдің келешегіне деген сенімін бейнелейтін өсімнің көрнекті көрсеткіші.
Тұрғын үй мәселесі кеңес дәуірі кезінен – ақ шешуі қиын мәселе болатын. Ел экономикасы өтпелі кезеңнен өтіп, дамудың даңғыл жолына түскен шақтан бастап халықтың саны да өсіп, тұрғын үйге деген сұраныс еселеп артты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІ ҰСЫНАТЫН ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕР

К І Р І С П Е
Ипотека дегеніміз б.з.д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б.з.д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді.
Қазақстанда ипотекалық несиелеу меншік туралы Кеңес Үкіметінің заңы қабылданғаннан кейін мүмкін бола бастады. Шын мәнінде алғашқы ипотекалық несиелеу тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасымен 1994-1995 жылы жүзеге асырыла бастады. Ал бүгінгі таңда коммерциялық банктердің дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ролі баршаға белгілі. Шағын болса да тұрақты табысы бар халық топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жағдайлар жасаумен қоймай, ипотекалық несие құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп, қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногының әрекет етуіне септігін тигізді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының халықаралық сауда

Кіріспе.
Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бәрақ тек ХХ ғасырда ғана жүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрлымына тәуелді. Егер ХІХ ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгң уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-пен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3 өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы экономикалық теорияның өсуі мен оның маңыздылығы

Кіріспе
Қоғамдық өндірісті интенцивтендіру негізінде экономиканы құрлымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Әрбір кезеңдегі құрлымдық өзгерістер дәрежесін жағымды жағдай деп қарауға болады, ол мынаған тәуелді:
а) өнім өндірудің жалпы өсу қарқына;
б) салалық эстетикалық өсімге.
Соңғысы өнім өндіру қарқынының бүкіл өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны қатынасын көрсетеді. Осыған орай өнеркәсіптің салалық көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
1. Өсудің жоғары эластикалық саласы, яғни орташа жылдық өсу қарқынын тұтас алғанда өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқынан асып түсуі. Қазіргі кезеңде мұндай салаға ең алдымен ғылымды қажет ететін салалар жатады.
2. Эластикалық өсу салалары бірге жуық, яғни орташа жылдық өсу қарқыны шамамен өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсімімен бірдей.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕЛIК ОРТА

КIРIСПЕ
Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы

Кіріспе
"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | ҚАЗАҚСТАН МЕН КАНАДАНЫҢ БАЙЛАНЫСТАРЫ

Кіріспе
Канада Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі бойынша бүкіл дүние жүзінді Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алады. Оның құрлықта АҚШ - пен ғана шекарасы бар. АҚШ- пен көршілестігі - Канаданың саяси және экономикалық – географиялық жағдайын анықтайтын шешуші белгі. Шекараларының сумен ұласып жатуының үлкен маңызы бар. Ұлы көлдер жүйесін Атлант мұхитымен жалғастырып жатқан Әулие Лаврентий өзені елдің басты « теңіз қақпалары » қызметін атқарады және Африка Еуропа құрлықтарына баруға болады. Тынық мұхит арқылы Аустралияға баруға болады. Географиялық орны қолайлы. Оңтүстік және солтүстік батысында АҚШ – пен, теңіздер арқылы солтүстігінде Ресеймен, шығысында Гренландия аралымен шектеседі.
Канада табиғат жағдайлары мен ресурсқа өте бай, табиғат ландшафтысы Ресей жеріне ұқсас. Бұл жерде территорияның өте нашар игерілген жерлер өте көп.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын жоспарлау

Кіріспе.
Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан жәй аталмаған.
Айналым ретінде ақшаның қызметі. Алынған тауарларды төлеу үшін, ақша қызмет көрсетеді. Тауар сатып алушы және оны төлеу бірге жұмыс жасалынады, бұл ақша қызметінің ерекшелігін көрсетеді. Ақша тауар иеленушілердің қысқа мерзімдік төлем құралы болып қолданылады. Сол ақша белгілері әр түрлі келісімдерде көп қайтара қолдану және бір келісімге қатысушыдан екінші бір қатысушыларға орын ауыстыру ретінде қолданылады. Бұл қызметте қолма-қол ақша белгілері қолданылады.
Ақша айналымы ақша белгілерінің қолдай және аударым түрлерінің үздіксіз айналым процесін көрсетеді.
Ақша айналым құрылым әртүрлі нысандар арқылы бөлуге болады. Ақшаның тәуелді қызмет ету түрлері, ақша айналымының жіктелуі неғұрлым кең тараған деп саналады. Сондықтан, осы нысан бойынша ақша айналым қолма-қол және аударым ақша болып бөлінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0