Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инвестициялық пай қорлары

Кіріспе
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы салыстырмалы азғантай уақыт ішінде ол эволюциялық дамудың барлық сатысынан өтті деуге болады, яғни алғашқы құрылудан тұрақтанып, дамуға дейін. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибе есебінен де, ел экономикасының спецификалық ерекшелігі есебінен де модернизацияланып, даму үстінде.
Қор нарығының дамуының бір жаңашылығы, ол 2004 жылдың 7-шілдесінде республика парламенті қабылдаған «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде инвестициялық қорлардың құрылуы. Мұндай заң алғаш рет 1997 жылы қабылданған болатын. Бірақ ол заң ескіріп, қор нарығының даму тенденциясына сәйкес келмей қалды. Осы алғашқы заң негізінде тек бір инвестициялық қор құрылып, бір жарым жылдан кейін инвесторлардың қызығушылығын тарта алмай, жабылып қалған болатын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі

Кіріспе
Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздар

Кіріспе
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен тұрады.
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада манызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы экономикалық теорияның өсуі мен оның маңыздылығы

Кіріспе
Қоғамдық өндірісті интенцивтендіру негізінде экономиканы құрлымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Әрбір кезеңдегі құрлымдық өзгерістер дәрежесін жағымды жағдай деп қарауға болады, ол мынаған тәуелді:
а) өнім өндірудің жалпы өсу қарқына;
б) салалық эстетикалық өсімге.
Соңғысы өнім өндіру қарқынының бүкіл өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны қатынасын көрсетеді. Осыған орай өнеркәсіптің салалық көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
1. Өсудің жоғары эластикалық саласы, яғни орташа жылдық өсу қарқынын тұтас алғанда өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқынан асып түсуі. Қазіргі кезеңде мұндай салаға ең алдымен ғылымды қажет ететін салалар жатады.
2. Эластикалық өсу салалары бірге жуық, яғни орташа жылдық өсу қарқыны шамамен өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсімімен бірдей.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

Кіріспе
Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсідік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

Кіріспе
Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.
Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Сақтандыру қызметі | Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі

Кіріспе
Қазіргі жағдайда дәстүрлі басқару әдістері тұрақты істеп тұрған кәсіпорындарға бағдарланған болғандықтан қажетті нәтиже бермейді. Кәсіпорындардың басым көпшілігі уақытша қиындықтарға ғана емес, тұрақты қауіпті ситуацияларға душар болып отыр. Осыған байланысты кәсіпорындарды кризистік жағдайға жеткізбейтін басқарудың әдістері мен формаларын табу және іске асыру өзекті мәселесі болып табылады. Бұл кезде жүзеге асырылған және ғылыми негіздерге іс - шараларда жүргізілетін тәуекелдерді басқару қарастырылады.
Көптеген салалардың кәсіпорындары адамға да, қоршаған ортаға да потенциалды қауіпті, төтенше оқиғаларды, аварияларды тудыратын, толассыз экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге жетудің ықтималдық дәрежесі жоғары болып табылады. Адамның кез — келген іс - әрекеті қауіп — қатер көзі болып табылады, шығындарға әкеліп соқтыруы мүмкін және экологиялық тәуекелмен байланысты боладьь,
Экономикалық әсер етудің механизімінің әкімшілік басқару әдісіне бағынуы, экологиялық мәселелерді түбегейлі шешетін жана технологияларды қолдануды ысырьш, тез іске асыратын табиғатты қорғау іс - шаралары арқылы экологиялық қайшылықтарды шешу, экономикалық жағдайды жақсартпайтын табиғатты қорғау іс-әрекеттерге кәсіпорындардың бұрыс қарауы жалпы алғанда республикадағы экологиялық жағдайдың нашарлануына әкеліп соқтырды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ

І КІРІСПЕ
Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық, валюта¬сы) теңге болып табылады. Тенге 100 тиыннан тұрады.
Ережелерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер клиенттерден банкттік шоттарға ешкандай кедергісіз қолма-қол тиындарды кедергісіз қабыддау мен операциялық кассаны қамтамасыз етуге міндетті; занды және жеке тұлғалардан тиындарды теңгеге, басқа да айналымдағы ақша белгілеріне ауыстыру жүргізіледі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі тарихи дамудың негізгі көріністері тұрғысынан әлемдегі кейбір елдерде авторитаризм мен тоталитарлық режимдрдің құлауынан байқалады. Ал модернизация теориясы тұрғысынан саяси даму билік пен қоғам арасындағы жаңа байланыстар типін қалыптастыру, халықтың көпшілік бөлігіне негізгі шешімдерді қабылдарда ықпал етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік – саяси механизамдерді құру болып табылады.
«Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы лизингтік несиелеу

Кіріспе
Бүгінде еліміздегі экономокалық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі - «лизинг» тақырыбының кең орын алуы.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң, икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз - тоз болып кетті. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда, олардың құрал - саймандары яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0