Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы нарықтың қызмат істеу механизімі

КІРІСПЕ
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындар-дың, салалардың, аймақтық кешендердің ( территориялық кешендердің), ха-лық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршең-дігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланыс-ты, дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттр мен зерттеулерде «нарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтармен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру

Кіріспе
Нарықтық экономикалық даму жолын таңдаған кез келген мемлекеттің шынайы тәуелсіздігі үшін мықты әрі тұрақты қаржылық негіздің болуы міндетті. Ал, салықтар мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып қана қоймай материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде қарама қайшылығы мол күрделі құбылыс әрі тауар өндірісінің барысына тікелей ықпал ететін мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасында іс жүзінде қолданудың оң және теріс жақтарын анықтау мақсатында қажетті талдау, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Еуропалық Одақтың құрамына кіретін мемлекеттердегі және Шығыс Еуропа елдеріндегі салық салу тәртібін реформалау шараларына, әсіресе, корпоративтік салықты өзгертудің мән жайларына көңіл бөлген жөн.
Курстық зерттеу жұмысының тақырыбы «Сақтандыру компанияларына салық салу ерекшеліктері» болғандықтан тақырып өзектілігі – сақтандыру компанияларына салық салудың ерекшеіктерін қарастыру, экономикалық мәнін, маңызын және Қазақстандағы сақтандыру компанияларының қызметін зерттеу болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Сақтандыру заңы | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру тарифтік саясат

Кіріспе
Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операңияларын жүргізудің монопольдык кұкығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді тек бүдан бірнеше жыл бүрын Мемлекеттік сақтандырү үйымдарымен экономикалык және үйымдык түрғыдан байланысты емес дербес сақтандыру үйымдары кұрылып, дами бастады .
Қазакстан Рёопубликасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және казіргі уақытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірей құқықтық дәрежеге ие болды. Сақтандыру нарығы бұл бір жағынан сақтандыру қызметіне деген сұраным да екінші жағынан ұсыну шараларының жиынтығы .
Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артка тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды . Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы калыптасты деп айтуға болады .....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ МЕНЕДЖМЕНТІН ЖЕТІЛДІРУ

КІРІСПЕ
Қаржылар нарықты экономиканы басқарудың ең тиімді нысаны болып табылады. Қаржы негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Қаржы саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына әсер етеді.
Қаржылар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның қаржы жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Қаржылар-шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Қаржы жүйесін құрайтын міндетті төлем – салық болып табылады.
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі басқарушы қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты

КIРIСПЕ
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. /1/
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІ

настарын жан- жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу. Бүгінгі таңда негізгі мәселе.
Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп мәселелердің бірі - өтпелі дәуірдегі меншік құрлымы мен шаруашылық жүйесінің тәуелді қатынастарын және жаппай жекешелндіру және оның әлеуметтік - экономикалық нәтижелерін реттеу - басқару шараларына тікелей қатысы бар ғалымдар Ашимбаев Т.А, Нысанбаев Б.Н, Нәрібаев К.Н, Арынов Е, Әубәкіров Ж.А, Жатқанбаев Е.Б, Қалиев Г.А, т.б жұмыстарын атауға болады.
I МЕНШІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Меншіктің мәні және элементтері
Меншік ұғымының мәнін анықтауда негізгі қағида "қандай да болмасын өндіріс жеке адамдардың қоғамдық форма (түр) шеңберінде және де сол аркылы табиғат заттарын иемденуі. Осы тұрғыдан, меншік ( иемдену) - өндіріс шарты кағидасы тавтологиялык (күрғак қайталау) пайымдау болып көрінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

1.1ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
• Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
• Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Еуропалық Одақ

Кіріспе
Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады.1995 жылы 23 қаңтарда Президент Н. Назарбаев Брюсельде Қазақстан Республикасымен Еуро Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастыққа қол қойылды.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Еуро Одақ әлемдік аренада жоғары дамыған аса алпауыт одақ. Оның осы белеске жетудегі ұстанған саясаты қандай және дамудың принціптері мен әдістері қандай соны білу. Еуро Одақ валюталық одаққа басшы бола отырып одан әрі өркендеп дамуда, әрі тұрақтылық тепе-теңдігін ұстануда. Еуро Одақтың Қазақстанмен дипломатиялық қатынасының мәнін ашу. Еуро Одақ Қазақстан экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсат Қазақстан мен Еуро Одақтың арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік байланыстарды анықтау. Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер орындалды:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы

Кіріспе
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдагы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
- неокейнстік
- неоклассикалық
- тарихи-әлеуметтік.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты факторға тәуелді. Олар:
1.Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
2.Еңбек ресурстарының сапасы мен саны ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0