Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар

Кіріспе
Мемлекттің шығыстары-бұл мемлекттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен жэне тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды шаралары, оның орталықтандырылған жэне орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, элеуметтік, басқару, қорғаныс жэне т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
Қайтарылматын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі

Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономика күрделі құрылым –бизнестің құқықтық нормаларының жүйесінде бір-біріне әсер ететін өте көп өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық құрылымдардан тұрады және нарық деп біріңғай түсінікпен біріктіріледі.
Анықтама бойынша, нарық – бұл өндіруші мен тұтынушы, сатушы мен сатып алушысы бар, тұтынушы сұранысы (сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір бағаға сатып алатын тауар саны)мен өндірушілердің ұсынысы (ұсыныс деп - өндірушілердің белгілі бір бағаға сататын тауар саны) бір-біріне әсер ету нәтижесінде тауар саны мен сату көлемі белгіленетін ұйымдастырылған құрылым. Нарықтың ұйымдастыру құрылымын қарастырған кезде қандайда бір тауарды жалпылама эквивалент құнына айырбастауға қатысатын өндірушілер (сатушылар) саны мен тұтынушылар (сатып алушылар) саны маңызды орын алады. Бұл өндірушілер мен тұтынушылар саны, сипаты мен қарым-қатынасының құрылымы сұраныс пен ұсыныс қатынасын анықтайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Сақтандыру заңы | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ IСIНIҢ ДАМУЫ

Кiрiспе
Сақтандыру – бұл экономиканың стратегиялық секторы. Нарықтық қатынастарының даму кезеңінде кәсіпкер өзінің барлық назарын нарық проблемалары мен бәсекеге бөлуге мүмкіндік алады. Сақтандыру инвестициялық потенциалды көтеруге және ұлттық байлықты көбейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы нарық қатынастарының бөлінбейтін құрылымдық бөлігі сияқты сақтандыру саласынын құрылуы мен бекітілуінсіз мағынасы жоқ.
Сақтандырудың экономикалық категориясы қаржы категориясының құрылымдық бөлігі болып табылады. Бірақ, егер қаржылар табыстар мен жинаулардың бөлінуі мен қайта бөлінуімен жалпы байланысты болса, онда сақтандыру қайтасақтандыру қатынастар салаларын қамтиды. Сақтандырудың ерекшеліктерін ескере отырып мынадай анықтаманы беруге болады:
Сақтандыру – шаруашылық субьектілерімен келтірілген мүмкін болатын қауіп – қатердің орнын толтыру немесе жанұя табыстарының жоғалтуларын түзету үшін арналған мақсатты сақтандыру қоры салымдарының ақша қаражаттары есебінен құрылған қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: "Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика." Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу.
Біз білетіндей, 14 жыл ішінде тек қаржы жүйесінде ғана емес сонымен қатар, экономиканың басқа да секторлары елеулі түрде ілгері дамыды.
Курстық жұмыс барысында, мен қаржы жүйесі жайлы біраз мағлұматтарды жаздым. Астана қаласындағы елбасы--- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 18 ақпанда халыққа арналған жолдауында қаржылық сектор жайлы үшінші бөлімде көрсетілген. Бұл бөлімшеде әлеуметтік-экономиканың дамуында қаржы жүйесінің маңызы зор болып табылатындығы көрсетілген. Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін 2005-2007 жылдар аралығындағы бағдарламалар қадылданды. Ендігі біздің мақсатымыз білімімізді шыңдап, білікті маман болып шығу. Халықаралық стандарттарға сай болу арқылы қаржы жүйесін жетілдіру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар

І КІРІСПЕ
Өзіме берілген жанама салықтар тақырыбы негізінде толықтыратын болсам, кіріспеде былай делінген:
Жанама салықтар – бұл баға немесе тариыке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.
Акциздер дегеніміз – бұл тауардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салық болып табылады. Акциздер бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларған салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшылықты ерекшеліктеріне қарай монопольді түрде жоғары бағаларымен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Осы салықты бұрыннан бері көптеген мемлекеттер және бекітілген белгілі бір тауарлар түрлеріне салуарқылы қолданып келді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кеден ісі | Қазақстан Республикасының кедендiк төлемдерi

Кiрiспе
Кеденнiң аса бiр маңызды мiндетi- кедендiк алым - салық жинау. Мекеменiң экономикалық бағытын анықтайтын ерекше мiндетi болғандықтан сондай-ақ,, бюджетке кiретiн табыстың едәуiр бөлiгi алым - салықтан түседi. Кемелiне жеткен елдерде оның мөлшерi 20-25%, ал жаңа өркендей бастаған елдерде 80%-ке дейiн барады.
Бiздiң кеден саясатымыз Қазақстан Республикасының "Кедендiк тарих және алым - салық" Заңына, сыртқы экономикалық қарым - қатынас мәселесiне арналған Республика Президентiнiң жарлығы мен үкiмет шешiмдерi мен негiзделген. Ал сапасыз импортқа келетiн болсақ оған тосқауыл жасауға кеденнiң шамасы жетедi, мәселен бiз шетел арағына жанама және шекара салығын өсiрдiк те тұтынушылар мен арақ-шарап өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындарының мүддесiн қорғап отырмыз.
Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бiрлiгi кедендiк баждың өзiндiк ерекше ставкалары белгiленген тауарлар бойынша кедендiк баждар салуға араналған база болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстандық коммерциялық банктерінің банктік несилері

Кiрiспе
Екінші деңгейлі банктердің экономиканың негізгі салаларын дамытуды ынталандырудағы ролі ерекше,олардың несиелерінің көмегімен бүгінгі таңда көптеген коммерциялық жобалар жүзеге асырылып, шағын және орта кәсіпорындар ашылуда. Қазіргі таңда экономиканың барлық салаларына несиелер көптеп беріліп, ел экономикасының қарқынды дамуына өз үлесін қосуда. Несиелiк жүйенiң негізгі буыны xaлық шаруашылығына тiкелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын дербес банктiк мекемелер тобынан құралады. Сондықтан да Екінші деңгейлі банктер әртүрлі коммерциялық қызметтер көрсете отырып, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, кіші кәсіпкерлік субьектілерін, ауыл шаруашылығын және әртүрлі экономикалық секторларын несиелеуіне тікелей әсер етеді. Кез-келген елдің қаржылық жүйесінде коммерциялық банк негізгі несие мекемесі ретінде саналып, халық шаруашылығы мен өндірісті дамытуға өз үлестерін қосады. Банктер өз кезегінде коммерциялық, кооперативтiк және акционерлік банктер сияқты түрлерге бөлінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасында пластикалық карточкаларды енгізу

Кіріспе
Несие карточкаларын алғашқы болып 1988 жылы жарық көрген «Взгляд в прошлое» (Looking Backward) кітабында Эдуард Белл (Edward Bellamy) ұсынған, ал картон қағазды несие карточкаларын тәжірибелі енгізудің авлғашқы әрекеттері АҚШ-та жиырмасыншы жылдардың өзінде мұнай компаниялары мен бөлшек суда ұйымдарына жасалған. Картон карточкалардың көпке төзімсіздігі оларды он жыл ішінде алғашқы металдан жасалатындары шыға бастады, содан соң өрнектеліп мәнерленген лпатикалық карточкалар шыға бастады. Өрнектеу осы карточкалармен қызмет көрсету үрдісін бірте-бірте автоматтандыруға мүмкіндік берді, дегенмен карточкалардың бетіне таңба жасауға болатын және карточканың иегері туралы ақпаратты алдын-ала басылған чектерге көшіруге болатын. Соғыс жылдарынан кейін мынадай белгілі «Dinners club» және «Amerіcan Express» компанияларының пластикалық карточкалары пайда болды. Алдпысыншы жылдарда пластикалық карточкаларды ақпарат жазылатын магниттік сызықты енгізді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢ ТӨМЕНГІ КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ МЕН КЕДЕЙШ

КІРІСПЕ
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда кедейшілік шегі кез-келген мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін басты белгі болып табылады.
2007 - 2009 жылдары Кедейлiк пен жұмыссыздықты азайту үшiн тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейiн төмендетуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға бағытталған белсендi саясат жүргiзiледi.
Қазақстанның орнықты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің қалыптасуында маңызды рөл атқара алады және атқаруға тиіс.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін тұтыну есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға қалдықтардың көп шығарылуымен болуда. Қазіргі бағалау бойынша, ел аумағының 75%-ға жуығы экономикалық тұрақсыздықтың жоғары тәуекеліне ұшыраған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Экономикасын Кластерлер

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның басты мақсаты – кластерлерді зерттеп, олардың мемлекетке тиімділігін ашып көрсету. Өйткені экономиканы дамытатын және елге қолайлы жағдайларды туғызатын осы жүйе болып табылады. Бұл шетелдік тәжірибеде дәлелденген. Сондай-ақ жүйе әлеуметтік және демографиялық салаларды да қамтиды.
Мен курстық жұмысымды 3-үлкен тарауға бөлдім:
І – Тарау. Кластер терминалогиясының даму тарихы.
ІІ – Тарау. Шет елдердегі кластердің дамуы және өзгешелігі.
ІІІ – Тарау. Қзақстан Экономикасын Кластерлер көтереді.
Бұл тарауларда ең алдымен кластердің терминалогиясы, терминнің шығу тарихымен сипатталады.
Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро - өндіріс секторының өнеркәсіптері.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0