Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері

1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
Салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер. Басқа мiндеттi төлемдер (алымдар, баждар, ақылар мен төлемдер) – бюджетке белгілі бір мөлшерлерде жүргізілетін ақша аударулар. ҚР № 209-2 2001 ж. 12-маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Басқа салықтар тікелей салықтарға жатады. Салық кодексінің 60-бабына сәйкес салықтардың төмендегідей түрлері белгіленген:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат,шетелдік инвестицияларды тартудағы негізгі проблемалар

Кіріспе
"Экономика неғұрлым еркін болса,
соғұрлым әлеуметтік болады. "
Эрхард.
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс.Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесән ала келеді.
Біэдің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ақша реформасы

ҰЛТТЬІҚ БАНКІ, ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ,
ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ, МЕНШІКТІ
ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ПАЙДАСЫ
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік орга¬ны болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасының нарықтық әконамикада салық жүйесінің дамуы

Кіріспе
Салық - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің экономиксының өркендеп, халық тұрмысының жақсару негізінен салық үлкен роль атқарады.
Салық кодексін дайындап - жасаушылар халықтың салық мәдениеті мен кәсіборын басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.
Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден әлде қандай тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргүзуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінң салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады. Тиімділігі – жолай бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады.
Сондықтанда салық төлеу барысында әр түрлі келеңсіз жағдайларға ( тамыр – танысқа арқа сүйеу, салық көлемін жасырып қалу т.б.) жол берілмейді.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайданылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты

Кіріспе
Экономиканың өз заңдылығы бар.Ол да адам тәрізді: қалыпты жағдайда дұрыс тыныс алады,аршындап алға басады, тірлік ретті болады.Адамның қызуы көтерілгені сияқты экономиканың да қызуы көтерілетін болады.Адам ағзасы әлсірей бастаған уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір-екі түшкірік денсаулығы мықты организмге әсер ете қоймауы мүмкін.Түшкірік басылмаса,дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе-кез келген дерттің алдын алуда.Кейінгі кезде инфляция туралы жиі сөз бола бастады. Осы жерде "инфляция деген не? Ол қандай құбылыс, қашан пайда болған?.." деген сұрақ туады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
"Инфляция" термині (латын inflation сөзінен шыққан-кебіну,ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды жане АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының ("гинбектердің") қисапсыз көп шығарылуыменбайланысты болды.XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.Экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

КIРIСПЕ
Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ақшаның ролі

Кіріспе
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Осыдан келiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн К.Маркс “индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң қалтасына салып жүредi“ деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрiнедi:
Бiрiншiден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектiң нәтижесi екенiн анықтау болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуi арқылы қоғамдық еңбектiң сапалық деңгейi айқындалып, сандық есебi жүргiзiледi.
Екiншiден, әр адамның еңбектегi, яғни қоғамдық өнiмдегi үлесiн де ақша арқылы анықтауға болады. Себебi адамның қоғамдық еңбектегi үлесiн жалақы ретiнде алғанда ақша төлем құралы қызметiн атқарғаны.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 2003-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯ

КІРІСПЕ
Стратегия әрбір ұйым, әрбір территориялық система үшін керек. Ешқандай ұйым, ешқандай жергілікті бірлестік, ешқандай ел белгілі бір өздерінің жеке стратегияларынсыз өмір сүре алмайды.Стратегияны жасап шығару және оны іске асыру фирманың, ұйымның, бірлестіктің нарықтық құндылықтарын әлдеқайда ұлғайтады.
Бізге нарық пен жоспарды бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайтыны бұрыннан белгілі.Сондықтан нарық көп болған сайын,жоспар да көп болуы тиіс.Бұл сөз тіркесіндеқандай жоспар қолданатыны белгілі,яғни стратегиялық жоспар. Стратегиялық жоспар коммерциялық ұйым үшін де,университет үшін де,қалаға және тұтастай ел үшін де қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты болып стратегияның теориялық ұғымын қарастыру, Қазақстан Республикасының дамуы-ның экономикалық стратегиясын қалыптастыру болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның элементтері

Кіріспе
Курстық жұысқа кіріспес бұрын біз алдымен салық дегеніміз не? соған
Салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер.
Қазақстан Республикасында салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
Бірінші кезең 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қаз КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен Қаз КСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері пакеті қабылданды.
Екінші кезең 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Қосылған құн салығы енгізілді.
Үшінші кезең 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының басты мақсаттары

Кіріспе
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң – бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандыруымыз қажет. Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез-келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз. Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар үлкен жасқа жеткенде қандай күйде көргіміз келеді?
Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді - білікті бола ала ма? Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олар бейбіт татулықта өмір сүре ме? Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола ала ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0