Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі әлеуметті

Кіріспе
Қазақстан Республика болып жарияланғаннан кейін еліміздің тәуелсіздігінің тұрақтылығы ретінде 1993 ж өз конституциямызды қабылдап демократиялы ел ретінде жарияландық. Ел басшылығы яғни басты байлығы халық демекші халқымыз тарихында ең ауыр жағдайларды бастан кешірді. Патшалық Ресейді алсақта, кеңестік өкіметті алсақта қазақтың саны көрші одақтас тыстас түркі халықтарынан саны жағынан азшылықты құрап келді.
Оған себеп 1930 жылдардағы алапат ашаршылықтан қазақ халқы 2 млн-дай адамнан айырылды десе кейбір деректерде Н.Е.Масанов қазақ халқын 1794,4 мың қазақ яғни 46,8%-құраған халық қырылғын дейді. Жалпы 1937 ж жалпы одақтық санақ кезнде халық санының 10%-ы кірмей қалған онын саясат астарына үңілуден басқа шара қалмады. Қазақстанның қазіргі таңдағы демографиялық хал ахуалын зерттеп оны түпкілікті зерттеу жасаушы, зерттеуші ғалымдарымыз саусақты санарлықтай-ақ. Осы тақырыпта оның барынша шындық әлпетін алып көрсету болатын оны алдағы зерттеулер қорытындыларынан қорытынды нәтиже айтармыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

КІРІСПЕ
"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.
Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады. Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер қорын бөлу аяқталды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі тарихи дамудың негізгі көріністері тұрғысынан әлемдегі кейбір елдерде авторитаризм мен тоталитарлық режимдрдің құлауынан байқалады. Ал модернизация теориясы тұрғысынан саяси даму билік пен қоғам арасындағы жаңа байланыстар типін қалыптастыру, халықтың көпшілік бөлігіне негізгі шешімдерді қабылдарда ықпал етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік – саяси механизамдерді құру болып табылады.
«Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.
Жалпы саяси ғылымдарда саяси модернизация теориялары XX ғасырдың 50 – 60 жылдарында қалыптаса бастады. Оның құрушылары XIX - XX ғасырлардың басындағы атақты зерттеушілердің, сонымен қатар М.Вебердің (мінез – құлықты рационалдау негізде дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту бағытында европалық мәдениетті дамыту идеясын қозғады), Ф.Теннистің және Э.Дюркгеймнің (еңбекті бөлу негізде «механикалық ынтымақтастықтың» қоғамынан «органикалық ынтымақтастық» қоғамына өту эволюциясының концепциясын ұсынғандар) теориялық мұраларына сүйенді[1].....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Технология | Қазақстандағы БАҚ-ты зерттеудегі маңызды мәселелер

Кіріспе
Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани мәдениет құндылықтарынан білім алуына зор ықпал етеді. Осылардың ішінде ұрпақ тәрбиесіне тікелей ықпал ету мүмкіншілігі басым тұрған мерзімді баспасөз. Өйткені, газеттер қоғамдық пікірді қалыптастыруда халыққа бір табан жақын.
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиясы мен «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізді бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы рөлі мен орнын айқын анықтап алуымыз керек...ең демократияшыл бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық мүддені қрғауға келгенде айқын тұғырда тұрады» деп атап көрсеті.
Мерзімді баспасөз жұртшылыққа бағыт-бағдар беруде, тәлім-тәрбиеге қатысты өзекті жайтарды қозғауда негізгі құрал болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Қазақстан Республикасында жеке меншік

Кіріспе
Меншік ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Бірншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден – бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасар отырған біздің экономикалық заңдарымыз
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада беллгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтың қатынасын анықтайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.
Осы бойынша америка ғылымы, экономист, П. Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минумум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» - деп жазды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы

К І Р І С П Е
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.
Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздар

Кіріспе
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен тұрады.
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада манызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары

Кіріспе
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның аграрлық саласының дамуы

Кіріспе
Индустриялы-инновациялық бағытты нақты шаралармен толықтыру мақсатында және оны жүзеге асырудың ұйымдық - экономикалық жетістіктерін қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар мен қағидаларды қамтитын, индустрияны қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ететін тұжырымдама әзірленді. Осы тұжырымдамада индустрия саласының бірінші кезектегі мақсаттары, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және дамыту бағыттары, әрі олардың мүдделерін қорғайтын зандық нормативтерге жүгіну механизмдерін жақсарту шаралары қамтылады.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға, негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0