Курстық жұмыс: Психология | Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу тарихы

Кіріспе
Қоғамдағы түрлі бағытта болып жатқан өзгерістер білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, бағалауды, сонымен қатар оқушылардың танымдық әлеуетін дамытуды талап етеді.
Таным – объективтік шындықты адамның ойын бейнелейтін және қайта жаңғыртатын, қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылық ретінде қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті шындықты танудың диалектикалық жолы: нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу болып табылады. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады. Оқушылардың танымдық әрекет құрылымы: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық дербестік және шығармашылық әрекеттен тұрады.
Танымдық іс-әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Өндіріс | Жүзімнің шараптық сорттары

Кіріспе
Еліміздің халық шаруашылығында жеміс-жидек және жүзім өсімдіктерінің маңызы зор.
Жеміс пен жидек және жүзімде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта қант 13—14% дейін, жүзімде 20% дейін болады. Жемісте белок, май өте көп және ол өзінің калориясы жағынан еттен кем түспейді. Витамикдер әсіресе қарақатта, бүлдіргенде, алмада мол болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылықтық маңызы да өте үлкен.
Жүзім, бүлдірген, алма, қарақат бағалы және пайдалы азық қана емес, сонымен қатар бұлардың емдік қасиеттері де зор.
Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат. Тосаптың, джемнің, мармеладтың, пастиланың, конфеттің, компоттың, шырынның және басқа тағамдардың түрлі сорттары жидектен, жемістен және жүзімнен алынады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Жеке табыс салығы

1. Жеке табыс салығының міндеттері
Көптеген елдерде жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықтың принциптері ортақ болып келеді. Негізгі принциптері мыналар: • барлық салық төлеушілер резидент және резидент емес деп бөлінеді. Резиденттікті анықтаудың басты белгілері болып жеке тұлғаның нақты бір ел аумағында алты айдан астам мерзім аралығында болуы. Резидент салық төлеушілер ел ішінде және елден тысқары жерде алған барлық табыстарынан салық төлесе, резидент еместер тек ел ішінде алған табыстарынан салықты «төлем көзінен» төлейді, яғни олардың салық жауапкершілігі шектеулі;
• салық салу барысында әр түрлі көздерден алған барлық табыстары негізінде жиынтық табысы анықталады; салық төлеушінің салық салу барысында өзіне, асырауындағы әрбір адамға салық салынбайтын минимум мөлшері беріледі;
• салық салу кезінде медициналық шығындар, әлеуметтік сақтандыруға төлеген жарналар, кәсіби шығындар жиынтық табыстан шегеріледі;
• салық сомасы үдемелі салық ставкасы негізінде анықталады;
• жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар салықты бірге немесе бөлек төлеуіне болады.
Салықтың есептелу немесе алыну тетіктерінде кейбір ерекшеліктері болмаса, салық салудың объектісі және төлеушілері ұқсас болып келеді, Жеке тұлғалар табыстарынан бөлек, салықты жеке өзі төлейді немесе жиынтық табыстан төленеді....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | ЖАТАҚХАНА БЕРІЛГЕНДЕР ҚОРЫН ҚҰРУ

КІРІСПЕ
Түрлi шаруашылықтaрда, оқу орындарында, коммерция¬лық, мекемелерде және т.б. салаларда берiлгендердi дайындау, оларды өндеу, caқтay жиi кездеседi. Мысалы, жоғары оку орындарында дайындалатын мәлiметтер:
факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерiнiң тiзiмi не қызметкерлер жөнiнде басқа мәлiметтер;
емтихан ведомостары;
cтyдeнттep жөнiнде мәлiметriк тiзiмдер;
түрлi белiмдерде жұмыс icтейтiн адамдардың тiзiмi (Teri, аты-женi, бiлiмi, aдpeci, үй телефоны, т.б.);
Мұндай мәлiметrердi caқтay және өңдеу көп тapaғaн әдici - оларды берiлгендер қоры түрiнде дайындау. Берiлгендер қоры (БҚ) - құрылымы арнайы тәсiл бойынша ұйымдастырылғaн берiлген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл неriзiнен кесте түpiндe дайындалады. Кестелердi дайындау, жылдам түрде олардан қажеттi жазулар тобын тандау (шартты қaнaғaттaндыpaтын сұраныс құру), оларды caқтay, жазуларды редакциялау, жолын алып тастау, Kecтeнi басып шығару сияқты орындалатын ic-әрекеттер - күрделi жұмыстар. Бұрын, мысалы, Турбо Паскальда БҚ кecтeci берiлгендер файлы ретiнде құрылып, онымен жұмыс icтey үшiн программағa арнайы процедуралар мен функциялар енгiзiлетiн. Соңғы кездерде кестелерден тұратын БҚ құрып, оларды өңдейтiн көптеген программалар жүйесi дайындалғaн.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Зейнетақы жүйесі туралы заң | Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Кіріспе
Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен әр-түрлі туындай бастады. Осы әр-түрлі мәселенің ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың алдынғы қатарына жатады сол 1990 жылдардың басты кезендерінде зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді. Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты болды:
1 мемлекетте қарттардын көбеюі
2 зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның болмауы.
3 өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын болмауы
4 Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы
5 әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б.
1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі өзгерістер пайда болуы негізінде 1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген Қазакстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету туралы заң жатыр. 1998 жылдын 1 қантарына дейінгі зейнетке шыққан тұлғалар және еңбек етуші тұлғалар, олар зейнетақы төлеу орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы - «Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты –несие беру жүйесінің мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі несие жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;
• Курстық жұмысымың құрылымы .
Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни несие жүйесінің түсінігі кіргізіледі. Бұл бөлімде жеке тұлғаларға несиелік операциялар бойынша қызмет көрсетудің ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жеткіншек шақтағы агрессивті тәртіпке психикалық анализ

КІРІСПЕ
Өзектілігі: Қоғамда болып жатқан жағдайлар адам психологиясына кері әсер етеді, бұл мазасыздықты, зорлық-зомбылықты қалыптастырады. Жеткіншектердің агрессивті мінез-құлығын зертеу, жою, алдын алу әрбір қоғамдағы күрделі проблемалардың біріне жатқызуға болады.
Әсіресе, бұл проблема әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жағдайындағы мемлекеттерде күрделене түседі. Осыған байланысты соңғы жылдары жеткіншектердің арасындағы тәртіп бұзушылық, үйден қашу, ұрлық, өтірік айту, сабақтан қашу, өзге адамның мүлігін бүлдіру, адамдарды жарақаттау, физикалық және жыныстық зорлық жасау, адамдарды немесе жануарларды зәбірлеу, суицидалды қылық сияқты проблемалардың көбейуі ерекше көңіл аудартқызады.
Жоғарыда аталғандай, жеткіншектердің негативті қылықтарының пайда болуының теоретикалық анализі көрсеткендей, бұл бұзылыстардың себебі агрессивтілік және оның әртүрлі түрде көрінуі болып табылады.
Агрессивті мінез-құлықтың пайда болуына көптеген экономикалық, әлеуметтік, медициналық, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық факторлар әсер ету мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Жеке меншіктің түрлері, мәні, маңызы

Кіріспе
Кейінгі жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Нарықтық жарлықпен немесе декреттен енгізуге болмайды, нарыққа көшу үшін , ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлелдейді. Өткен жылдардың қорытындылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалардың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлерімен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында алшақтық көп болады.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау мемлекеттік қауіпсіздігін және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлға және қарым – қатынас

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым – қатынастың дамуын зерттеу, яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінуі, мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін қанағаттандырмау — біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүруі, сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажеттігі, мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайьыны, өзгелермен қарым-қатынас жасау-бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз екендігі, бала қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алуы, еңбек-пен тұрмыс дағдыларына машықтануы, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгеруі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0