Курстық жұмыс: Экономика | Еңбекақы төлеу системасын ұйымдастыру және оның нарықтық экономика жағдайындағы ерекшеліктер

Кіріспе
Нарықтық экономика және оған өтпелі кезеңдердегі кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін анықтайтын экономикалық механизмдердің бірі - еңбекті мөлшерлеу және оның ролін жоғарылату объективті қажеттілік болып табылады. Жұмыс берушілердің кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табысы мен жалданбалы жұмысшылардың жалақысы
шығарылған өнімінің өтіміне, оның бағасына және өзіндік
құнына байланысты, былайша айтқанда, рынок тауарларының
көбеюіне, сұрыпталымының ұлғаюына, тұтынушылардың сұранысына және олардың сапасы мен бағалылығына байланысты. Оған еңбекті мөлшерлеу механизмдерін дұрыс басқару жэне оны дұрыс қолдану арқылы жетуге болады. Сонымен еңбекті мөлшерлеудің басты міндеті өнімнің өлшем бірлігінің нақты жұмысты орындауға кететін уақыт шығынын нормативті негіздеу.
Тәжірибе көрсеткендей, еңбек шығындары ресурстардың шығынын төмендетуге, унемді пайдалануға әсер етеді. Өнімнің өлшем бірдігінің шығынын төмеңдету кәсіпорынның қосымша табыс табуың жоғарылатады. Кәсіпорындардың қызметтерінщ жалпы экономикалық нәтижесі мен еңбекті қолдану нәтижелілігінің өзара байланысы еңбек шығыңдарының төмендеуін қажет етеді де, кәсіпорындардағы еңбекті мөлшерлеумен айналысатын кызметтердің ролін жоғарылатады.
Еңбекті мөлшерлеу - жабдықтау жүйесін және еңбек жөніндегі шараларды орнықтыру әдістерін зерделейтін эономикалық, инженерлік, әлеуметтік ғылым. Еңбекті мөлшерлеудің негізгі жабдықтары - орталықтандырылып өңделіген, нормативті материалдар, өлшем құралдары, еңбек процестерін талдау, компьютерлік техника болып есептеледі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Екінші деңгейлі банктерде қаржылық есепті ХҚЕС сәйкес ұйымдастырудың ерекшелігі

Кіріспе
Қазіргі таңда мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының негізгі алғы шарты экономикалық өсуді жоғары және тұрақты деңгеймен қамтамасыз ету болып табылады. Экономикада банк секторы ролінің өсуі мемлекеттің маңызды шараларының бірі болып табылады. Банктік жүйе, банктік іс пен экономикалық жүйені бүтіндей зерттеудегі кілттердің бірі болып табылады.
Банктік сектордың дамуын шешудің динамикасы құқықтық орта жағдайы мен салықтық талаптардың, банк қызметін реттеуді жетілдіру мен банктік қадағалау жүйесінің, бухгалтерлік есеп жүйесін және банктік жүйені бақылауды ұйымдастыру жағдайларына байланысты болады.
Қазақстанда банктік қызметте басқару есебі жүйесінің дамуы, ішкі және сыртқы бәсекелестік пен экономикалық потенциалдың өсу талаптарында банктің бәсекеге қабілетті болуы үшін қажетті болып табылады. Кредиттік ұйымдарда корпаративті басқарудың сапасын жоғарлату факторы болып, корпаративті ұйымдар қызметінің болашағы мен қазіргі жағдайын анықтауда ішкі бақылау мен тәуекелділіктерді басқару жүйесін қоса, корпаративті басқару сапасын бағалау табылады.
Қазіргі таңда банктік бақылау жүйесін жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл екі фактордың әсеріне байланысты. Біріншісі,банк ісіне байланысты болса, екіншісі, бақылыу қызметін ұйымдастыру шеңберінде жатыр.Банк қызметінің дамуы жайлы сұрақ тар келесі авторлардың еңбектерінде қарастырылған: Астрелин В.В., Бабичева Ю.А., Жуков Е.Ф., Платонов В.В., Рознари Дж., Рудакова О.С., Синки Дж. Ф, Тавасиева А.М., Франкильна А.
Бақылау мен есепті ұйымдастыру мәселелері: Аренс Э.А., Дүйсенбаев К.Ш., Ержанов М.С., Сейдахметов Ф.С. сияқты авторлардың еңбектерінде қарастырылған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Еуропалық қаржы нарығындағы Евро

КІРІСПЕ
Талдаушылардың көбіне жалпы Европалық валютаны енгізуді Бреттон-Вудстық жүйеден бас тартқаннан кейінгі халықаралық валюталық қатынастардағы негізгі жағдайлардың бірі болып табылады.
ХВҚ (халықаралық валюта қоры) дайындаған баяндамада ЕВЖ құрумен евро әлемдегі мәнділігі бойынша арнайы қорлардың ішінде екінші болуы тиіс, ал ЕОБ мемлекет аралық валютаны басқару бойынша ұлттар басшылығындағы құрылым ретінде болады.
Кейбір ғылыми – экономистер ЕВЖ сияқты әлемдік экономикалық өте шықты құрылымының құрылуы әлемде экономикалық өзгерістерге алып келеді деген болжам айтуда.
Экономикалық зерттеулердің Лондондық Орталығының талдаушысы, Элек Рей, былай деген: «Қатардағы европалықтар, шынымен де жаңа валютаны тәжірбиеде қолдану мәселесіне аса көп көңіл аударады. Бірақ кейбір европалық саясаткерлер мен экономистер (әсіресе Францияда) ЕВЖ-ні халықаралық валюталық жүйеде доллар бағамын төмендетудің тиімді мүмкіндігі ретінде көреді». Бұл амбициялардың қаншалықты ақталғандығы бірнеше жылдар өткеннен кейін ғана белгілі болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0