Курстық жұмыс: Сақтандыру | Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

КІРІСПЕ
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стадиясында тұр: Экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай арта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін бизнестің шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, нарықтық экономикада тұрақты жайғасымдарда алып отыр.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметтің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мамлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын олыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Ертіс өзені - Өскемен қаласы тұсындағы гидрологиялық сипаттамаларды есептеу

КІРІСПЕ
Берілген бітіру жұмысында қарастырылып отпырған Ертіс өзені-Өскемен қаласы бекетінің жалпы физико-географиялық сипатын, климаттық факторларын, гидрологиялық зерттелгендігін және су режимінің жалпы жүру кезеңдері айқындалған.
Жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттеу жұмыстары кезіндегі мәліметтер бойынша есептік тұстамадағы өзен ағындысының барлық сипаттамаларын анықтау болып табылады.
Қарастырылып отырған жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-географиялық сипаттамалары есепке алынып, өзенннің орташа, ең жоғарғы және ең төменгі су өтімімен қамтамасыздық қисығы, ең жоғарғы су өтімімен күнделікті су өтімі алынып гидрограф тұрғызылды.
1 ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ҚЫСҚАША ФИЗИКО ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жер бедері
Жоғарғы Ертіс пен Жоғарғы Обь алаптары Қазақ қатпарлы елі мен Алтай-Саян таулы жүйесінің жапсарында орналасып, бүкіл Кеңестік Алтайды қамтиды. Жер бедерінің формасы әртүрлі және күрделі орографиялық құрылысы бар таулы аумақ. Бұл территорияны орфографиялық жағынан қарасақ, абсолюттік биіктігі 200 м-ден 4500 м-ге дейін жететін қатпарлы-үйінді таулы облыс. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Жаңа технологияның ұжыммен байланысы

Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған.
Тәжірибелі педагогтың жеке іс-әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс-әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады.Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді.
Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тұлғаны жан-жақты дамыта тәрбиелеуге арналған жаңа шешімдерді іздестіру төрбиелік үрдістің түтас идеясын тұрақтандырудың қажеттіін туғызады.
Соңғы он жылда тәрбие үрдісі шынына келгенде оның қүрылымындағы жекелеген үрдістер жиынының жалпы саны ретінде қаралып келді. Бүл үрдістер төрбие ісін үйымдастыра да, жетілдіре де алады деп саналды, Бүдан басқа түлғаның түтастай қалыптаеуына емес, оның жекелеген сапаларын қалыптастыруға көңіл бөлінді, сонымен бірге түлғаның жан-жақты үйлесімді дамуының үстанымы бүзылды.
Тәрбие үрдісін осы заманғы жағдайдағы түсінік бойынша тербиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлесқен мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, ыңтымақтастық әрекеті деуге болады.
Еңбектің бірініші бөлімінде бүгінгі күнгі емір талаптарынан шыққан тербиенің мақоаты белгіленген. Осы негізгі мақсатты нақтылай келіп, қазіргі қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру үрдістерінде, нарықтық қатынастарға көшіп отырғанда, жалпы адамзаттық қүндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйене отырып жөне Қазақстанның үлтгық, өлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішкі мүмкіндіктерін өздігіне толық пайдалануға даяр белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапқершілігін сезінетін, сонымен бірге қайырымды жөне тапқыр, қоғамдық талаптарға икем, жеке басының мүдделерін қоғам мүддесімең үштасгыруға қабілетті, жеке бастың қүндылығын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, үлтгық саңасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері жетілген, жан-жақты мөдениері азамат тәрбиелеу керекгігін еске саламыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Зоология | Жарқанаттар

I Кіріспе
Қолқанаттылар Арктика мен Антарктика құрылықтарынан басқа жерлерде кеңінен тараған. Әуеде ұшып тіршілік етуге бірден-бір бейімделген сутқоректілердің өкілдері. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған.Артқы аяқтары ерекше құрылысты: тізелері орала біткен, сол себепті үлкен саусағы артқа, кішісі- ішкі жағында орналасқан. Денесі жалпақ, төсінде бұлшық еттер жетілген, жауырыны- жалпақ.
Тунде тіршілік етуіне байланысты есту мушесі жақсы дамыған. Құлақтары да улкенді – кішілі болып келеді. Сезу мүшелерінің ішінде мұрттарының орны ерекшке. Көзі нашар жетілген. Ішектері қысқа, дене мөлшерінен 2-3 есе ғана артықтау. Ас өте тез сіңеді, небары 4 сағаттың ішінде жеген омыртқасыздар толық қорытылып үлгереді.
Қолқанаттылардың дене температурасы қыста қоршаған орта температурасынан бар- жоғы 1-2 градус жоғаы болады. Барлық өкілдері қысқы ұйқыға кетеді немесе жылы жақтарға ұшып қоныстарын аударады. Жылына бір рет көбейіп, бір-екі өсім береді Шағылысуы күзден басталып, көктемге дейін созылады. Жатырға түскен ұрық көктемге дейін жұмыртқа клеткасы пісіп- жетілгенше сақталады. Көптеген өкілдері өніп- өсу кезінде, әсіресе қыста, топ-топ болып жиналып, саны бірнеше жүзге, мыңға жетеді. .
Дене температурасының өзгеріп тұруы, ұзақ мерзімге ұйықтау, зат алмасуының төмендеуі қолқанаттылардың көпшілігінің 20, тіпті 27 жылға дейін өмір сүруіне себебін тигізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Әбу Насыр Әл-Фарабидің тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері

К І Р І С П Е
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Жапониядағы самурайлардың салт – дәстүрінің өзектілігі

Кіріспе.
Самурай (жапония самурай-қызмет ету)- Жапониядағы ірі князьдар мен ұсақ дварияндары қамтитын феодалдық топ, Самурайдың шағын және әрдайым жиі қолданылатын мағнасы – ұсақ дворяндардың әскери феодалдық сословиесі. Самурайдың ерекше сословие ретінде бөлінуі Жапонияда Минамото феодалдардың үйі билік құрған (1192-1867) кезіне саяды. Саловейдің сословиесі өзінің нақты анықтамасын Жопонияда Токугава феодалдар үйі сегундары билеген кезде алды. Феодалдар өзара соғыстар тоқталғаннан соң Самурайдың әскери отряды негізінен шаруалар көтерілісін басуға пайдаланды. Самурай Сословиесінің ыдырауы 18 ғасырдың орта шеніненде елең алады. Самурайлар сословиесі 1872 жылы таратылады.
Басқарушы феодал класы Токугавада бірнеше топқа бөлінеді. Ерекше топ-кугэсарай маңындағы ақсүйектер, император астанасы Киото тұтастырды. Кугә формалды түрде ерекше пұрсатты жағдай орын алғанымен өздерінің жеке меншік жерлері болмады. Император секілді олар сегундардан еңбек ақы алып отырды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Естің жалпы сипаты.

1.1. Естің жалпы сипаты.
Ес дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңартылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес – күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И.П. Павловтың нерв жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Нерв жүйесінің пластикалығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қаблеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы онда бұрынғы байланыстардан ізі қалып отырғандығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғалымда ә[і нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстармен байланыстыра (есті зерттеудегі электрофизиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми сассасының алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Жарнамалық кампанияларда туристік қызмет сұранысы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Жарнама тұтынушының тауар мен оның қызметі туралы алатын ақпаратын жарнама деуге боладыю Белгілі бір мөлшерде жарнама осы қызметті атқарады, бірақ бұл жарнаманың толық қызметі емес. Жарнама деген түсінікке біз бұдан да кең ұғым беруімізге болады. Жарнаманы жасауда көп шебірлікті талап ететін жұмыс.
Жарнама – қазіргі заманға сай, барлық жерді қамтитын, кәсіптік жағынан жетілдірілген ақпарат.
Қазақстан Республикасы сауда-өнеркәсіп палатасының одағы тауарлық белгілерді, фирмалық стилін және логотипін әзіреу бойынша қызметтер көрсетеді, тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін тіркеуге көмектеседі.
Тауарлық белгілер және қызмет көрсету белгілері интеллектуалдық меншік болып табылады және кәсіпорынның материалдық емес активтерінің құрамына енгізілуі мүмкін.
Тауарлық белгілерді әзірлеуде өзінің ерекшелігі, ал эмблемаларды және коммерциялық емес символикаларды әзірлеуде айырмашылығы бар және «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шыққан жерінің атаулары туралы» ҚР Заңымен реттеліп отырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ә. Шілтерханов әңгімелерінің танымдық қасиеті мен көркемдік ерекшеліктері

Кіріспе
«Өнер алды - қызыл тіл» дейді дана халқымыз ықылым заманнан бері тұжырымдаған асыл ойын бір ғана жолға сыйдыра халық даналығымен қабысқан өрнекті сөзбен ойлы тұжырым, ғасырдан - ғасырға ұласып, әдебиеттің төрінен орын алып келеді.
Көркем әдебиет - искусствоның бір саласы. Ғұлама ғалым А. Байтұрсынов саралаған өнер атаулы беске бөлінеді: архитектура (сәулет өнері) культура (мүсін өнері), живопись (сурет өнері), музыка және әдебиет (сөз өнері).
Теориктердің айтуынша, әдебиет көркем өнердің ең негізгі саласы болып есептеледі. Көркем өнердің басқа түрлері бірінің жұмысын бірі атқара алмайды. Сөз өнері арқылы сәулетті сарайдың көрінісін де құйып қойғандай етіп, адамның кекінін де, табиғаттың көрікті суретін де жасауға болады. Көркем әдебиетте кездесетін талай сұлу портрет, талай тамаша табиғат суреттері өмір құбылысын дәл, шындық бейнеде бере алумен қатар, сол құбылыстың қыры мен қимылын сезінгендей дәрежеде жанды, жинақы түрде суреттей алады.
Бұған скульптура живопись не басқаларының күші жоқ. Сөз өнерінің құдіретті күшімен ақын, жазушылар оқырманын қуантада жылатада алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0