Курстық жұмыс: Экономика | Кеден қызметінің ақпараттық жүйесін құру

Қазақстан Республикасында кеден ісі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдарды алмастыру реті мен шарттарынан тұрады, олар кедендік өңдеуден және кедендік бақылаудан, кедендік реттерді қолдану, кедендік төлемдер мен салықтарды өтеу, кеден ісінің ортасында құқық бұзушылықпен күресу және кедендік саясатты жүзеге асырудың басқа да құралдарынан тұрады, олар ішкі экономикалық және басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемелекет және тұлға аралық қатынастарға негізделген.
Қазіргі уақытта кез–келген экономикалық жүйе адам қызметінің түрлі ортасында басқарудың ақпараттық қамтамасыздандырылуы мәселесіне көп мән береді. Жаңа экономикалық модельдермен байланысты сыртқы сауданың таралуы, Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі және ақпараттық технологиялардың пайда болуы, мемлекеттің кеден қызметтерінің сипатында түбірлі өзгерістерін, кедендік басқармалардың жетілдірілуін, кедендік–есептеу амалдарын қажет етті.
Кеден органы – бұл кеден ісі ортасында туындайтын, өзгертілетін және аяқталатын құқық қатынастарын реттеуші мемлекеттік орган.
Кеден ісінің ортасы – Қазақстан Республикасының кедендік саясатын жүзеге асыру барысындағы кеден ісі бойынша мемлекеттік реттеулер аймағы [1, б.56].
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отыр.
Қазақстан Республикасында мынадай кедендiк төлемдер қолданылады: кедендiк баж, кедендiк алымдар, алымдар, алдын ала шешiм үшiн төлемақы.
Кеден органдары демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда алады.
Төлеушiлер, салықтарды есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзу кезiнде кедендiк төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жиынтық кедендiк төлем түрiнде төленуi мүмкiн.
Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына еркiн айналыс үшiн шығарған кезде кеден бажы мен акциз Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жиынтық төлем түрiнде төленуi мүмкiн.
Кедендiк төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге:
1) салық салынатын тауарлардың кедендiк құнына процентпен есептелетiн – адвалорлық
2) салық салынатын тауарлардың бiрлiгi үшiн белгiленген мөлшерде есептелетiн - ерекшелiктi; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кеден режимі

Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу - тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.
Осы тарауда белгіленген жағдайларда кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған шетел тауарларын қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруталаптары:
1. Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:
1) осы Кодекстің белгіленген тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) кедендік режим осы Кодекстің сәйкес қайта өңдеу өнімдерін, балама тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда, кеден органдары шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол беріледі.
2. Егер тауарларды Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса, кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін пайдалануға жол берілмейді.
3. Кедендік аумақга тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін осы Кодекске сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тулға мәлімдеуі мүмкін.
4. Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
Қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел тауарларын бірдейлендіру:
1. Әкелінген тауарларды қайта өңдеу фактісін белгілеу мақсатында мынадай тәсілдердің бірін пайдалана отырып қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіру жүргізіледі:
1) тиісті уәкілетгі мемлекеттік орган берген қорытындыда аталмаған тауарларды өндірістік процесте пайдалануға жол бермеу мақсатында, белгілі бір технологиялық операцияларды орындайтын қойма үй-жайларына, технологиялық желілер учаскелеріне пломба түрінде кедендік қамтамасыз етуді орнату;
2) декларанттың, қайта өңдеушінің немесе кеден органдары лауазымды адамдарының қайта өңдеуге арналған шетел және (немесе) қазақстандық бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және басқа да таңбаларды қоюы;
3) өндірісте пайдаланылатын шикізат, материалдар және жинақтаушы заттар туралы мәліметтерді қоса алғанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды сипаттау;
4) қайта өңдеуге арналған тауарларды ауқымында суретке түсіру, кескіндеу;
5) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта өңдеу өнімдерімен салыстыру; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының экономикалық астары

Орталық Азияның батыс бөлігі Қазақстан мен Түркменстан, Кавказ өңірі, Ресей Федерациясының кейбір аудандарымен, Иранның солтүстік аумағы Каспий аймағын қүрайды. Бұл аймақ өз кезегінде Еуразия материгінің орталық бөлігін құрап, қазіргі таңда әлемнің саяси картасында ерекше орын алады. Еуразияның географиялық орталығы бола тұра, Каспий аймағы экономикалық және саяси маңызды аймақтардың, Шығыс Еуропаның, Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азияны, Азия-Тынықмұхит аймағын және Ресей Федерациясының солтүстік-батысындағы дамыған аудандарын байланыстырып, сонымен қатар, оларды бір-бірінен бөліп тұрады.
Каспий теңізі арқылы мұнай мен газ тасымалдайтын құбырлар мен онымен шектесетін аймақтарды байланыстыратын кеме жолдары өтеді. Сондықтан, ағымдағы саяси, сауда-экономикалық және демографиялық ерекшеліктері Каспий өңіріндегі мемлекеттер мен халықаралық қатынастардың маңызды субъектілерінің Еуразия орталығы арқылы бір-бірімен қандай сипатта байланысатындарын анықтайды.
Геосаясат ғылымынын негізін қалаушылары Каспий өңірінің әскери-саяси және экономикалық артықшылықтар беретін географиялық ерекшеліктеріне бұрыннан көңіл бөлген. Британ географы Х.Макиндер аймақты «Әлем аралы» деп сипатама берген.
Тақырыптың өзектілігі – қазіргі таңда әлемдік экономиканың қарқынды дамуы, халықтың өмір деңгейінің жоғарылауы елдерде энергия тұтынысының өсуіне байланысты дамыған әлем державаларының негізгі мұнай ағымын қадағалауға, стратегиялық қорларының көлемін өсіруге бағытталған энергия ресурстары шоғырланған аудандардың бірі Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының қарама – кайшылықтары мемлекеттердің экономикалық мүдделерінің сай келмеуі болып табылады.
Энергия ерте уақыттын бері билік, байлық және әділеттілік мәселелерімен тығыз байланысты. Өткен жүзжылда құрылған энергетикалық жүйе жаппай өнеркәсіптік өндірістің қарқынды өсуіне, адамдардың жақсы тұрмыс хәлінің өсуіне әсер етті, осыған байланысты осы заманғы консьюмеризмді анықтады, әлеуметтік теңсіздіктің жаңа түрлерін және маңызды геосаяси және экономикалық мәселелерді тудырды. Аймақтағы мұнайқұбыр коммуникациялары геосаяси күштердің тоғысуының негізгі объектісі болып табылады. Каспий аймағында АҚШ, Ресей, Иран, Түркия, Қытай және Еуропалық Одақ (ЕО) сияқты әлемдік және аймақтық геосаяси күштердің және кіші транзиттік мемлекеттердің экономикалық мақсаттары шоғырлануда. Қазіргі таңдағы Каспий аймағындағы мұнай құбыр коммуникациялары аясындағы геосаяси жағдайларды келесі тенденциялар арқылы сараптауға болады: Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) жобасын іске асыру арқылы АҚШ-тың аймақтағы ролін нығайту; Ресейдің аймақтағы транзиттік мүмкіншіліктерін жоғалтпауға бағытталған іс-әрекеттері; Каспий аймағындағы Қытайдың өз позициясын нығайту. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кеден бакылауының түрлері

Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының келесі институтына кедеп рәсімдеуі мсн кеден бақылауын жатқызуға болады.
Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мол көлік кұралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мсн осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяктауды білдіреді.
Қазакстанның кеден шекарасы аркылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік қүралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік кұралдарынын есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналаскан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсім-діктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік қүралдарына зиян келтірмейтін техникалык құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады.
Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарынын заңдылығын аныктайды және бекітуге жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын анықтайды, баска да шаралар сырткы сауда мәмілесінің заңга сәйкестігін нактылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кеден бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі. Кеден заңы кеден рәсімдерін құрайтын келесі тараулардан тұрады: жалпы ережелер, алдын-ала жүргізілетін операциялар; уақытша сақтау; кедендік тасымалдау; мәлімдеу.
Кеден рәсімдеуі кеден органына кеден рәсімдеуіне бөлініп берілген орынға тауар мен көлік қүралдарының жеткізілгендігі жөнінде хабардар етілгеннен кейін және кедендік жүк декларациясын және басқа құжаттарды ұсынғаннан соң басталады. Кеден рәсімдеуі тиісті кеден органының қалауы бойынша сол жерде және оның қызмет орнының аймақтарында немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша басқа да орындарда жүргізіледі. Мұндай жағдайда жалпы тәртіпті Кеден комитеті бекітеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0