Курстық жұмыс: Агрономия | Картоп дақылының вирустан сауықтырылған бастапқы материалын алу
Картоп (Solanum tuberosum) алқа тұқымдасына және түйнекжемістілер тобына жатады. Картопты жерасты туйнекжемісі үшін өсіреді, өндірістік, мал азықтық және тағамдық маңызы зор. Бұл топқа картоптан басқа тағы да күрделігүлділер тұқымдасына (Compositae) жер алмұрты немесе топинамбур жатады.
Картоп – адам ағзасына өте қажетті тағам ретінде, ауылшаруашылығында кеңінен тараған дақылдың бірі. Дүние жүзіндегі тағамдық дақылдардың ішінде дәнді-дақылдардан кейін екінші орын алатын, соған байланысты халық арасында «екінші нан» деген әділ бағасын алған дақыл. Қазақстанда дақылдың егістік көлемі – 180-189 мың га жерді алып жатыр.
Картоптың қоректік, азықтық, техникалық және медициналық маңызы оның түйнегінің химиялық құрамымен байланысты. Оның түйнегінде 12-ден 32%-ға дейін құрғақ заттар болады, көп бөлігі крахмал түріндегі көмірсулар болып келеді.
Индустриялық технологияны енгізу ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын едәуір арттырады, өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын еңбек шығыны мен қаржыларды күрт кемітеді. Ауылшаруашылығы дақылдарының ішіндегі қолданыс аясы кең, үлкен сұранысқа ие картоп дақылы басым бағытқа ие.
Картоп - тағамдық, азықтық қасиеттеріне қарай және өндірісте шикізат ретінде қолдануға арналған, Қазақстан Республикасы ауылшаруашы-лығындағы кеңінен тараған, астықтан кейінгі екінші дақылдардың бірі.
Еліміздегі ауа-райы мен топырақ жағдайы картоп тұқымын өсіруге өте қолайлы деп айтуға болады. Көп жылдар бойы жинақталған ғылыми деректерге сүйенсек, картоптың өнімі тұқымның сапасына байланысты екендігіне көз жеткізген болар едік. Дақылдың өндірісін арттыруда ауылшаруашылығында оның өнімділігі мен сапасын жақсартатын озық технологияларды пайдаланудың практикалық маңызы зор. Тұқым өндірісі ауылшаруашылығының жеке бір саласы болып есептеледі, сондықтан да көптеген жылдар бойы ғалымдардың жүргізген зерттеулер нәтижесінде шығарылған сорттардың тиімділігі оның саапасына да байланысты.
Картоп дақылының тұқым шаруашылығын дамыту, оның өнімі мен сапасын арттырып, республика тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру ауылшаруашылығы саласындағы ғалымдардың алдына қойған көкейкесті мәселелердің бірі. Көптеген тәжiрибелер көрсеткендей, картоптың репродукциясы артқан сайын, оның өнiмi төмендей бередi. Соған байланысты,биотехнологиялық жаңа әдiстердi пайдаланып, аурулардан сауықтырылған бастапқы материал алу мен оны жеделдетiп көбейтудiң маңызы зор. Жоғарыда айтылғандар негізінде, жасалып отырған жұмыстың мақсаты бастапқы вируссыз микротүйнектерді аз көлемді гидропоника жағдайында алудың оңтайлы жолдарын қарастыру болды.....

Курстық жұмыстар