Курстық жұмыс: Экономика | Инвестициялық жобаларды статистикалық зерттеу

Қазақстан Республикасы қазіргі кезде инвестицияға қолайлы мемлекет болып табылады. Инвестицияның өсуіне жағдай жасаушы факторлар арасында, Қазақстанның Азиялық региондағы геосаясатты жағдайын, соның ішінде бай пайдалы қазба орындарын, ауылшаруашылық потенциалын, сонымен қатар жұмысшы кадрларды тағайындаудағы жоғары білім деңгейін айтуымызға болады. Олардың республика аймақтарына қатысты стратегиялық көзқарастары қалыптасқан. Инвестициялы қызмет үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға әсер ететін фактор бәрінен бұрын экономикалық және саяси тұрақтылығы, инфрақұрылымның дамуы және банктік жүйе, сонымен қатар дәлдік пен заң орындарының шетелдік инвесторларына қатысты дәлдігі болып табылады.
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту үшін жақсы жағдай қалыптастыруға әртүрлі теориялық және әдістемелік көзқарастар келесі ғалымдардың жұмыстарында бейнеленген: Б.С. Мырзалиев, Б.С.Изатуллаева, А.Кошанов, Б.Хусаинов, У.Угарова, А.Акашов, А.М.Сулейменова, В.Комаров, А.Алимбаев.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың механизмін жақсартудың негізгі жолдарын дамыту бойынша кешенді және ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер анықталды:
- дүниежүзілік шаруашылықтың жаһандануы және инвестициялық процестің теоретикалық аспектілерін қарастыру;
- шетел инвестицияларының Қазақстан экономикасының даму процесіне әсерін анықтау;
- Қазақстан Республикасында инвестицияларды пайдаланудың негізгі бағыттары мен реттеу мәселелерін қарастыру;
Зерттеу объектісі ретінде республиканың экономикалық сферасы алынды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Зерде ғылыми өндірістік бірлестігінің іс әрекетіне талдау

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да, міне, он жылдан асты. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. "Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, — Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандарудың басым бағыты — шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағытта өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Нарықтың экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны — бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Заңды тұлғалардың салықтары

Менің курыстық жұмысымның тақырыбы заңды тұлғалардың салықтары, яғни жанама салықтар, корпорациялық табыс салығы . Яғни жанама салықтар дегеніміз қосылған құн салығы мен акциз салықтары.
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.Салықтардың толық көлемде, уақытылы аударылуы және алынуы бюджет қорының толығыуын айқындайтын фактор болып табылады. Салық төлемдерінің бюджетке толық көлемге түсуінің алуан әдістерін қолданып, қадағаланбайынша енді- енді құқықтық мемлекет болуға бағдар ұстап отырған еліміздің бұл бағытта табысты қадамын қамтамасыз ету мүмкін емес. Өркениетті елдердегідей кәсіпорынның, ұйымның, кәсіпкердің қарапайым салық төлеушінің ең бірінші кезектегі міндетін салықтан құтылу екенін түсінетіндей жауапкершілікке жете қоймағанымыз әмбеге аян болса керек. Әлі де салықтын жалтарушылар, табысын кемітіп көрсетушілер, қайтсем заңдылықты айналып өтем деушілер баршылық. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0