Жаттығу құрамына кіретін қимылды немесе дене қалпын атау үшін арнайы терминдерді білу қажет. Арнайы терминологияның болуы жаттығуларды үйрету барысын жақсартуға , сабақ берудің үздік тәжірибелерін қорытындылауға ілімі мен әдістерін жете зерттеуге , жас мамандарға тәжірибе беруге мүмкіндік береді. Терминдерге қойылатын талаптар:1) қолайлығы: терминдер анна тілінің сөздік құрамы негізінде, сонымен қатар басқа тілдерден алынған сөздерді пайдалана отырып құралуға тиісті; 2) дәлдігі: термин көзделген бір қимыл (жаттығу) немесе ұғым туралы дұрыс түсінік алып, оны тез меңгеріп кетуге зор ықпал етеді; 3) ықшамдылығы: қысқа терминдер орынды, айтуға ыңғайлы болады. Сол үшін де ждаттығулардың аталуын және жазылуын жеңілдететін қысқарту ережелері қолданылады. Әуелі дене қалпының нақты бір тобын анықтайтын негізгі терминді көрсету керек, содан соң қимыл ерекшеліктерін нақтылайтын қосымша терминдер көрсетіледі. Кез келген терминнің қимылды орындаудың нақты техникасын білдіретінін ұмытпаған жөн, ал қимылды дәстүрлі орындаудан ауытқыған жағдайда қосымша түсініктеме беру қажет. Мысалы, «Қолдарды екі жаққа созу» термині қолдардың тік созылуын, алақанның төменге қаратылуын, саусақтардың біріктірілуін білдіреді. Егер бұдан өзгеше қалыпты атар болсақ, оны нақтылай түсу керек: «Қолдарды екі жаққа алақандарды жоғары қаратып, саусақтардың арасын ашып созу». Бірнеше дене бөліктерін бір мезгілде қимылға қосу қажет болған жағдайда оларды төменнен жоғары қарай атау дәстүрге айналған. Егер қимыл қысқа жолмен орындалатын болса, онда тек соңғы қалыпты ғана атауға болады.Ал егер қимыл күрделірек жолмен орындалатын болса, қимылды нақтылап, оның бағытын анықтайтын қосымша терминдер қолданылады. Мысалы, «Қолдарды доға жасай алға созып барып, екі жаққа жаю». Бұл қолдардың әіуелі алға жылжып, содан кейін барып екі жаққа созылған қалыпқа келетінін білдіреді. Көптеген қимылдарды белгілеу кезінде оларды орындау тәслін көрсетуге тура келеді, мысалы: «Бір қадам оңға, аяқ арасы ашық» немесе «Секіру, аяқ бірге». Жалпы дамыту жаттығуларда қолданылатын негізгі дене қалыптарының жалпыға ортақ терминдері мыналар ....
Зерттеудің көкейкестілігі: Мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет дидактикалық ойын болып есептелінеді. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз емес немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Дидактикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Сабақта дидактикалық ойын элементтерін қолдану немесе сабақты толықтай ойын түрінде өткізу тәрбиешіден аса білікпен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан оларды оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілік және сақтықпен қарау талап етіледі. Бұдан шығатын қорытынды мақсаты дұрыс таңдалып, сауатты түрде ұйымдастырылған ойын ғана бала логикалық қабілетінің, білімінің дамуына жағдай жасайды. Ойын әрекетін бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердіұлы сияқты қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады. Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл – қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп санаған. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің биылғы халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап ....
Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануарлар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі – зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, тағам, жел, дауыл, жейде, тал, терек, у-шу, айқай, қойын, қоныш) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстракт ұғымдардың (наным, шама-шарық, ынсап, нарық, мінез-құлық, кәде-жора, ырым, пікір, тентектік, ұялшақтық, ырыс) аттарын да білдіре алады. Лексикалық-семантикалық өрісі аса кең сөз таптарының бірі осы зат есімдер. Мұны аңғару үшін осы орайда оның құрамына енетін сөздердің мына секілді топтарын ішінара санамалап атап өтудің өзі-ақ жеткілікті. Олар: күнделікті тұрмысымызда жиі аталып, жиі қолданылатын түрі бұйымдар мен нәрселердің аттары (ыдыс-аяқ, киім-кешек, қасық, табақ, кереге) тағамдардың аттары (сорпа, қазы-қарта, жент, сүт) жануарлар атаулары (жылқы, түйе, ақбөкен, ит) өсімдік атаулары (қайың, тобылғы, баялыш) табиғи денелер мен құбылыстардың аттары (ай, жұлдыз, боран, аяз) адамның кәсібін, тегін, мамандығын, қабілетін, білдіретін сөздер (тілші, диқан, мұғалім, саудагер, керей, найман, қазақ, орыс) тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, байланысты айтылатын сөздер (айтыс, көкпар, шілдехана, жар-жар, қыз қуу). Мұндай біз зат есім арқылы көрінетін сөздердің лексикалық тобын тек шетпұшақтап қана атап өттік. Сөздердің мұндай тобының бәрін ине-жіпке тізіп санап шығу тіпті де мүмкін емес. Олар өте көп. Сырт пішімі, тұлғасы жағынан алғанда зат есімдердің біразы түбір тұлғалы сөздер болып келетін болса (бас, із, ым, су, жол) бірқатары әр түрлі сөз табынан жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер (тебінгі, малшы, бағбан, егін, ойық). Сол сияқты зат есімнің екі сөздің бірігуі арқылы жасалған түрлері (бірқазан, кәріқыз, өнеркәсіп, Қаратау) мен қос сөз тұлғалы түрлері де (құрт-құмырсқа, шөп-шалам, бала-шаға) бар. Екі сөздің тіркесі нақтылы бір заттың атауышы ретінде қолданылғанда да ондай лексикаланған тіркестер (ақ шағыр, сары шағыр, ақ тікен, темір-тікен, көкқұтан, аққұтан) зат есім қатарында танылады. Дербес заттар мен заттардың белгілі тобының атын білдіру ыңғайына қарай зат есімдер жалқы есім (Үсен, Гүлнар, Алматы, Ұлытау, Ай, Темірқазық) жалпы есім (адам, қыз, қала, дала, өзен, көл) болып бөлінеді. Бір-біріне ұқсас, бірыңғай нәрселер мен ұғымдардың атауышы болып келетін есімдер жиынтық мәнді зат есімдердің (тау-тас, жігіт-желен, қыз-келіншек, той-томалақ, кір-қоң, дәм-тұз) тобын құрайды. Зат есімдердің тағы бір тобын ғаламзат есімдері мен адамзат есімдері деп атауға болады. Адамға қатысты есімдерге кісінің аты-жөнінен бастап оның барлық әлеуметтік, қоғамдық жай-күйін, хал-ахуалын білдіретін (ағайын, жекжат, қарындас, дәрігер, қойшы-қолан, жарлы-жақыбай) атаулар жатады да, ал адамнан өзге өлі және тірі табиғат беткеннің бәріне қатысты атулар (жартас, төбе, шыбын-шіркей, үміт, тілек, қой-ешкі, қалам, кітап) ғаламзат есімдері делінеді. Зат есімдердің бұл екі тобының бір-бірінен түбегейлі айырмашылы – адамзатқа қатысты есімдер әлбетте кім? деген сұрақтың, ал ғаламзатқа қатысты есімдер не? деген сұрақтың жауабы ретінде айтылады. ....
Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалы реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық-ақшалық (мүліктік) және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принціптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес. Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды екендігі сөзсіз. Егемен Қазақстанның конституциялық, әкімшілік азаматтық, енбек және қылмыстыққұқықтық салдарының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті проблемалары жаңаша қарастырылады. Әр бір заңда тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңнын өзі ұйымдары бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаны ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтері, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы мен құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң қүжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істеитін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Оқу құралы соңғы кезде қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік актілердің негізінде дайындалған; меншік нысанына қарамай барлық кәсіпорындардың, мекемелер мен азаматтардың міндетті түрде орындау қажеттілігіне, заңдардың талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өз құзыреттері шеңберіндегі актілеріне негізделеді. Бірнеше қажетті жалпы ережелерге, принціптерге, анықтамалар мен жаңа түсініктерге ғана емес, нақты материалдар негізінде басқа да жоғары оқу орындарында өткізілетін бағдарламалық заң курсы бойынша да түсініктемелер беріледі. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғылым профессоры С.И.Аскназий «мемлекеттік ілімнің » авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі үстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтыдар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатнаста болуы керек қой» деген уәж айтады. Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілімін» алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы. Ал, ғалым Д.М.Генкин «әлеуметтік ақиқат»теориясына ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін» алға тартты оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады. ....
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп санамен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып огтырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Ойын- өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар. Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттілігі- адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Адам еңбек ету кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі келмейтін әрекетті де жасайды. Ал ойын кезінде мұндай жағдай болмайды. Ойын әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды әрекеттер ғана жасалады. Ойын әрекеттері түрткідегі, мотивтегі әрекет мағынасын көрсетуі керек. Осы өзінің ерекшелігіне байланысты ойын, қажеттіліктердің кездесуі, оның әрекетінің мотивін білдіретін сұраулары және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар іс-әрекет болып табылады. Оқу - іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым - білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Баланың білім меңгеруі, мұғалімнің сабақ оқытуы екеуіде "инемен құдық қазғандай" аса қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-ой жиренушілігін туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр уақытта оқушының рухани тілектерін ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамытуы қажет. Бала психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі - еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К.У.Ушинский: "Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады." - дейді. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, белгілі еңбек тәртібін қажет етеді. ....
Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді. Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол “шипалы қойма” іспеттес. Оңтүстік қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000 –дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар. Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар, олар дәрі жасау саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т.б. Басқа да дәрілік шөптер: ит ошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дермене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ – бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот, тасшөп, т.б. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі – 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келсе, дәрілік шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда. Бұл жерлерде және де басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің өңірге бейімдеп өсіріп жетілдіруге жағдай туғызылуда. Олардың қатарына: паслен дольчатый, өткір жапырақты кассия, дәрілік альтей, дәрілік календула, иісті рута, кәдімгі пижма, күмәнді иссоп, дәрілік валериана, мускатты жалбыз, кәдімгі фенхаль және түкті эрва, т.б. жатады.....
Ойын- жалпы адамдық мәдениеттiң ерекше құбылысы, негiзгi бастауы және шыңы. Басқа ешқандай iс-әрекет барысында адам баласы ойындағы сияқты өзiнiң психо-физиологиялық және интелектуалдық мүмкiндiктерiн көрсеткен емес. Сондықтан да ойын оқытады, тәрбиелейдi және дамытады, әлеуметтендiредi. Белгiлi орыс жасушысы Ногибин ойынның маңызы туралы былай дейдi:”Ойын кезінде баланың мiнезi,өмiрге деген көзқарасы айқындалады. Көптеген өмiрлiк күрделi мәселелердi бала ойын процесiнде жеп-жеңiл шешiп отырады. Балалық шақты ойынсыз және ойыннан тыс алып қарауға мүмкiн емес.” Халқымыз бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекетiде елеулi рөл атқаратындығын аңғарған, ойынның маңызын жөнiнде мақал-мәтелдердiң түйетiнi мыналарды: Ойында баланың ортамен қарым- қатынасы кеңейiп, таным қабiлетi өседi, мiнез-құлқы қалыптаса түседi. Бала ойынының түрi де мазмұны да сан алуан. Ойын үстiнде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа,ептiлiкке,iскерлiкке,адамгершiлiкке балуында. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысына құмар, ойын балалық шақтың басты ерекшелiгi. Мәселен «Баланың iстегенi бiлiнбес,» «Баламен ойнама, шаршарсың», «Қыз қуыршақ дейдi, ұл құлыншақ дейдi»,«Ойнай бiлмеген, ойлай бiлмейдi», - деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар екендiгi, ұл мен қыздың ойыны да түрлiше болатындығы ойын арқылы баланың сана-сезiмi ақыл-ойы өсiп жетiлетiндiгi дұрыс көрсетiлген. Баланың дүниетанымында оның психологиясын қалыптасуында оқу бiлiмiнiң ерекше маңыз алатынығыңда мақал-мәтелдерден дұрыс көрсете алған. «Бiлiмнен асар байлық жоқ», «Бiлек сүрiндiре алмағанды, бiлiм сүрiндiредi», «Бiлiмдiден өнер құтылмас» деген мақалдардан осы идеяны жақсы анғаруға болады. Кіші мектеп жасындағы балалар үшiн- сабақ, олар үшiн ойын тәрбиенің маңызды түрi. Ойынды дайын үлгiге айналдырмай, балалардың да бастамасына жол беруде өте маңызды. Ойын процесiнде бала қиындықтарды жеңуге үйренiп, айналадағы дүниенi танып біледі, қиындықтан шығудың жолдарын іздейді. Педагог балалардың инициативасын тежеп, ынта-ықыласын түсінуге, танытуға тиісті емес. Ол бұл жағдайда қауіпті, зиянды сезімдер және тағы да басқа тудыратын ойындарды алмастырып жіберуге ғана тиіс. Ойын жай ермек ғана емес, балалардың рухани жетілуі мен табиғи түсуіне қажетті алғы шарты. Бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жолы ойынға тікелей тәуелдi, әрі өте байланысты. «Адам өмірге бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді»,- деп К.Чуковскийдің бала мен ойынды теңестіре жоғары бағалауын да терең шындық үлкен мән жатыр ....
Жұмыстың мақсаты: Дәстүрлі емес сабақ және оның өту жолдарын ашып көрсету Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады: - Дәстүрлі емес сабақтардың әдістерін көрсету; - Сабақ барыстарын ұйымдастыру жолдарына тоқталу; - Ойын сабағын ұйымдастыра білу; - Өлкетануды оқытудың бағыттарына тоқталу;
Сабақтың барысында, үнемі емес, ішінара оқытудың ойын түрін ұйымдастырып отыру баланың белсенділігін арттырып, баланың сабаққа деген сүйіспеншілігін арттырады. Сонымен қатар дәстүрлі емес мысалы, арнайы экскурсия ұйымдастырып музейлерге немесе архивтерге де барып тұру тиімді. Кей жағдайда тарихи кинолар болып жатқан кинотеатрларға да барып тұру қажет. Мұндай әрекеттер баланың қызығушылығын арттырады. ....
Кез келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын оқып, зерттеп жүрген болашақ заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осы қағидаларды ескере отырып, мен, болашақ заңгер ретінде өз елімнің азматтық құқығы, оның ішінде ел эконмикасын көтеруге бірден-бір себепкер бола алатын Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ұғымы, түрлері, құқық қабілеттілігі және пайда болуы мен тоқтатылуы жайлы, аз да болса өзімнің теория жүзінде жинаған білімімді ортаға салуым қажет деп ойлаймын. Қазіргі уақытта болып жатқан әлемдік дағдарысқа байланысты тек Қазақстанның ғана емес, дүние жүзінің кез кезген мемлекетінің экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік жағдайын т.с.с. көптеген салаларының деңгейін көтеруге тікелей атсалыса алатын, осы - заңды тұлғалар екенін ескере отырып, мен, жоғарғы оқу орындарына арналған ҚР Азаматтық құқығы пәнінен заңды тұлғалар тақырыбында курстық жұмыс жазуды жөн көрдім. Менің осы, курстық жұмысымды оқу барысында еліміздегі заңды тұлғалар жайында толығырақ танысарсыздар деп үміттенемін ....