Еліміз өзгерістер алдында, демократиялық реформалардың жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр.Сондықтан біз одан әрі жүретін реформалар пайдасына таңдау жасауымыз қажет. Қазақ ұлтының кешегісін түгендеп, ертеңін екшейтін заман туғалы қашан. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды. Ғылыми зертеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі , дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі. ....
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Мен бұл бітіру жұмыс ретінде осы тақырыпты таңдаған себебім, ауырлатылған жағдайда адам өлтіру қазіргі заманның қатігез шындығы, өзекті мәселе. Демографтардың айтуы бойынша жер бетіндегі халықтың жартысы өздерінің уақытынан бұрын қайтыс болады, олардың көбісі зорлықпен қаза табады. ХХ ғасырдың 90 жылдары бүкіл әлемде зорлықпен қайтыс болған адамдар саны 750 мың . Ауырлатылған жағдайда адам өлтіру басқа адам өлтіру қылмыстарынан ажырата білу өте қиынға соғады, тіпті осы салада көп жылдар тәжірбиесі бар қызметкер немесе заңгер кінәлінің әрекетін саралауда жиі қателеседі. Сондықтан мен бұл қылмысты жан – жақты зерттеп, мағынасын дұрыс барынша ашуға тырысамын. Әрі бұл жұмыс өте қызық. Адам өлтіру – жеке тұлғаға қарсы бағытталған зиянның ....
Халқаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея Европада кітап басу ісімен байланысты ХV ғасырда пайда болды. Европадағы алғашқы заң XVІІ ғасырда Англияда дүниеге кледі. Ағылшынның баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сәйкес заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сәуірінде «Королева Аннаның статуты» деген атпен күшіне енеді. Бұл заң тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғады. Ал суретшілердің авторлық құқық туралы заңы Англияда 1535 жылы қабылданды. Бүгінгі Қазақыстан аумағында авторлық құқық негіздері нақтылап айтсақ әл-Фараби заманынан келе жатқаны аңғарылады. Авторлық құқық жөніндегі ресми құжаттар Қазақстанда тұңғыш рет ХІХ-шы ғасыр аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында ғылыми-қоғамдық еңбектерде көрініс берді, ал одан соң қолданылып жүрген бірқатар заң ережелерінде, оның ішінде 1928 жылғы Заң кодексінде айқындала түскені мәлім. Дегенмен бұл заңдар жүйесі 1917 жылы 29-желтоқсанда қабылданған «мемлекеттік баспа туралы» декреттен бастау алады. Ол кездегі заң авторлық құқық саласының көптеген проблемаларын шешуге дәрменсіз еді. ....
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады. Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан. Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.....
Кіріспе Энергетика, машинақұрастыру, құрылыс сияқты халық шаруашылығының алдыңғы қатардағы салалары негізделетін минералды – шикізат базасын кеңейтусіз Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының алға басуы мүмкін емес. Мемлекет дамуының барлық сатыларында осы өзекті мәселелерді шешу геологиялық және барлау жұмыстарының нәтижелігінде аса маңызды орын атқарады, үкімет ғылым мен техниканың басты жетістіктерін жүзеге асыруға ерекше назар аударады. Дүниежүзі бойынша Қазақстан Республикасы қазба байлықтарының мөлшері жағынан алдыңғы орындардың біріне ие, сондықтан қазіргі таңда іске қосылып тұрған тау - кен өндіру кәсіпорындарының минералды – шикізат базасын кеңейту қажет. Осы мақсатта қара және түсті металлургия тау – кен кешені үшін, минералды тыңайтқыштарды, құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдалы қазбаларының кен орындарында барлау жұмыстарын жүргізуге аса үлкен назар аудару қажет. Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлау жұмыстарына прогрессивті әдістерді енгізу, геологиялық және барлау кәсіпорындарын техникалық жабдықтармен, көлікпен қамсыздандыру қазіргі таңда өзектіі мәселелер болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келгенде, бар байлығымызды еселеу үшін әрқайсымыз осы жобаларды жүзеге асыруда ат салысуымыз қажет. 1 Жалпы бөлім 1.1. Жұмыстарды жүргізудің географиялық және экономикалық жағдайлары Жаман-Айбат кен орны “Жезказганцветмет” АҚ –ның әсер ету сферасы аймағында орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан алғанда ол Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданында Қорғаныс Министрлігінің территориясында орналасқан. Кен орнынан солтүстік – батыс жағында 140 шақырым қашықтықта “Жезказганцветмет” НПО орналасқан, оның Жезқазған олыстық орталығында және Сәтпаев қаласында металлургиялық зауыты бар және мыс кенін жер бетінен және жерастынан өндіретін іске қосылып тұрған 4 кені бар.....
Адам құқықтарын қорғау – мемлекеттің мерейлі міндеті ғана емес, саяси-әлеуметтік, қоғамдық қастерлі борышы. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабындағы 2-тармақта былайша көрініс тапқан; «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де құқықтық нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталған». Мұны тарата түссек Ата Заңның 18-бабында ол «Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» - деген тұжырыммен айқындалар еді. Біз Ата Заңымызбен қорғалған жалпыға белгілі адам құқықтарын санамалаудан аулақпыз. Кейбір түйінді мәселелердің түпкі мәніне үңіліп, оның бүгінгі тыныс-тірлігі, алдағы көкжиек кемері туралы кемерлі де келелі ой тамызықтау ниетіндеміз. Құқықтық мемлекет құрудағы және сол тектес өмір сүрушілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудегі сот органдарының роліне барлық өркениетті әлемде баға жетпейді. ....
Кіріспе Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. ....
Көкшетау қаласында Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды. Алайда, ол мәңгілік ескерткіш емес, мұздан жасалған уақытша туынды болып шықты. Әншінің мұзды мүсіні жаңа жылдық қалашықта орналастырылған деп жазады "КТК" арнасына сілтеме жасаған nur.kz.
КІРІСПЕ Бұрғылау мұнарасы көтеріп-түсіру операциясын автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын және тәл үшін арналған, ұңғы аузына орнатылатын металды қондырғы. Бұрғылау мұнарасының монтаждық қабілеті және оңай орын ауыстырулығы оның қаншалық техникалық жетілгендігіне байланысты. Сондай-ақ, бұрғылау мұнарасының техникалық жетілгендігінің деңгейі бұрғылаудың тиімділігіне және қауіпсіз болуына елеулі ықпал тигізеді. Бұрғылау мұнараларының істен шығып қалуы өте ауыр зардап төндіруі мүмкін, сол себепті бұрғылау мұнараларына тағылатын ең маңызды талаптар – оның беріктігі мен сенімділігі. Бұл айтылған талаптармен қатар жұмыстардың тиімділіген және тезедетілуіне ықпал ететін мұнараның технологиялық қасиеттері және мұнараның жеңіл болуы ескерілуі тиіс. Бұрғылау мұнараларына қойылған МЕСТ12,2,041-79 қауіпсіздік талаптарына сәйкес мұнараның құрылысы және фундаментке бекітілуі тартпаларды алып қолданғанда қауіпсіз және сенімді болуыға тиіс. Мұнараның құрылысында крон блок, маршты табалдырықтары және бұрғылау қондырғысының еденінен кронблокқа дейін сатысы бар жоғарғы жұмысшының алаңшасы және өту алаңшасы ескерілуі тиіс. Жоғарғы алаңшада көтеріп – түсіру операциясы кезінде бұрғылау свечасын орналастыратын жұмысшыға арналған қозғалмалы люлька орнату керек. Мұнараның жоғарғы табанындағы кронблокты және монтажды ролик ті ауыстыруға арналған сандал кронблоктың бір жарым массасын көтере алатындай етіп есептелінеді. Желдің түсіретін күшін неғұрлым азайту үшін бұрғылау мұнарасының және оның бөлек элементтерінің геометриалық пішіні минималды аэродинамикалық күш тудыратыдай етіп құрастырылуы керек. Көтеріп – түсіру операциясының жүзеге асырылуы бойынша бұрғылау мұнараларының свечаларды қолмен немесе механика көмегімен орналастыратын түрлері болады. Аяқтарының саны және олардың өзара орналасуы бойынша бұрғылау мұнаралары мұнаралы және діңгекті (мачталы) болып бөлінеді. Мұнаралы мұнарада бар Салман екіден көп, көпбұрыштың төбелерінде орналасқан тіректерге түсіріледі. Мұнара түріндегі мұнаралардың бірлік кеңістік жүйеде тормен байланысқан нақты емес төртаяқтары болуы мүмкін. Діңгекті мұнараларда Салмақ бір немесе екі тірекке түсіріледі. Мұнараның вертикаль жағдайы тіреуіш, бағана немесе портал көмегімен қамтамасыз етіледі. Мұнаралы мұнаралар иілгіш және қатты торлардан жасалады. Сонымен қатар төртқырлы пісірілген фермалар немесе үлкен диаметрлі құбырдан жасалған мұнаралар да белгілі. Ондай типті мұнараларды пилонды деп атайды. Конструктивті схемасы әр-түрлі болса, да мұнаралы мұнаралардың кез келген типі өте үлкен қатандықпен және тәлдік арқанның серпімділік күшінің моменті әсерінен айналуына кедергі бола алатындығымен сипатталады. Алайда, бір – бірімен жалғастыратын болттық қосылыстар көп болғандықтан мұнаралы мұнараларды құрастыру өте күрделі. Пилонды мұнараларының аяқтарында байланыс болмағаны олардың монаждық қабілетін ұлғайтады, көпіршелерден бақылау мүмкіндігі жақсарады. Мұнаралы мұнара өзара белдіктермен және иілгіш диагональ орналасқан тартымдармен байланысқан төтр көлбеу орналасқан аяқтардан тұратын төртқырлы қиылған пирамида. Мұнараның төбесінде бүтінпісірілген кронблокасты рамасы, сандал және кронблокасты алаңша орналасқан. Мұнараны құрастыру үшін, кронблокты ауыстыру үшін жіне басқа ауыр заттарды жоғарыға көтеру үшін сандал блок пен жабдықталған. Бұрғылаушы бұрғылау свечаларын қолмен ауыстыруға арналған екі балкон бар. Әр балкон төрт алаңшадан, қалқалардың қаңқасынан тұрады және свечаны орналастыруға арналған басы шарнирлі саусақтармен және ұңғының өсінен тәлдік блок еркін өтетіндей ара – қашықтықты қалдырып, орналастырылған, жоғарыда істейтін жұмысшыларға арналған люлькамен жабдықталған. Алайда, люльканы өте алас орналастыру да дұрыс емес – жұмысшының жұмыс істеу жағдайы нашарлайды. 15 метр биіктікте манифольд тұрағының бұрғылау насосы мен жеңін күту үшін арналған алаңша бар.....
Қылмыстылық өзінше ашық жүйе ретінде қоғамның нәтижесі бола тұра, қоғамның өзіне де қарсы тұра алатын, оны күйрете алатын күйге жетті. Мысалға, соңғы қырық жылдағы қылмыстылық деңгейі 1960 жылдардағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 1970 жылдары 25%-ке, 1980 жылдары (сол 60 жылдармен салыстырғанда) 120%-ке, ал 1990 жылдары 293%-ке өскен. Ал соңғы екі онжылдықты салыстырғанда 78%-ке өскендегі байқалады. Әрбір он мың халыққа егер 80 жылдары 62 қылмыстан келсе, 90 жылдары 124 қылмыстан келген. Қоғамдағы соңғы жылдары болған өзгерістер қоғам мүшелерінің моральдық этикалық ұстанымдарын күрт өзгертті. Осыған орай жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар да өсті. Сонымен қса, қылмыс сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да өзгерістерге ұшырады. Айталық ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері жиіледі, атап айтқанда, аса қатігездікпен, пайдақорлық мақсатпен, екі немесе көп адамды өлтіру т.б. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы өзектілігі әлі күнге кү....