Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі

Кіріспе
"Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі" [1] делінген Елбасының 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында. Бұл жолдау Қазақстанды келешекте биік белестерден көрінуіне себепші болады деген сенімдемін. Соған орай мен диплом жұмысын осы жолдауды басшылыққа ала отырып жаздым.
Қазақ өлеңі туралы байсалды әңгіме қозғайтын уақыт әлдеқашан жетті. Қазақ поэзиясы, қазақтың қара өлеңі Абай мен Ыбырайдан бастау алып, оның жалғасы әсіресе, XX ғасыр басындағы поэзия әлемінде ерекше көзге түсе бастаған еді. Себебі, осы тұста асқақ жырларымен, жалынды үніменен халыққа танымал бола бастаған ақындар қатары көбейе түсті.
«... XX ғасырдың басында қазақ поэзиясында... Сұлтанмахмұт пен Сәкеннің, Мағжан мен Бернияздың кейіпкердің ішкі жан сырына үңіліп, оның қалың қатпарын аздап болса да, ашуға тырысатын өлеңдерімен бірге қазақ өлеңіне лиризм келе бастағанды» [2. 146 бет] деп өз мақаласында Бекділдә Алдамжаров 20 ғасырдың басындағы ақындар жайлы, олардың қозғаған тақырыптары мен өлеңге әкелген жаңалықтарын ауызға алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы экономикасының дамуындағы отын өнеркәсібінің ролі

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының отын өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде отын өнеркәсібінің ролі зор. Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылғы дейінгі даму стратегиясын» қабылдады. Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды, ел экономикасындағы отын өнеркәсібінің ролі қандай деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Батыс Еропалық саяси және құқықтық ойдың негізгі бағыттары

Кіріспе
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Европаның қоғамдық-саяси өмірінде буржуазиялық тәртіптер онан ары нығая түсті. Әсіресе XVIII ғасырдың аяғындағы Ұлы Француз революциясы Европада капитализмнің дамуына мықты серпін берді.
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодадцық-монархиялық топтар қаламады, олар өздерінің жоғалтып алған ескі жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған. Консерватизмнің ең кеңінен таралған кезі XIX ғасырдың алғашқы ширегі. Социализм мен либерализмге қарағанда консерватизмнің нақты белгіленген тұрақты концептуалды өзегі болған жоқ. Сондықтан да оның саяси-заңгерлік идеялары оқулықта қарастырылмайды. Бірақ өз заманында консервативтік көзқарастарымен кеңінен танымал болған есімдерді ескерген жөн. Олар ағылшынның саяси өдебиетінде Эдмунд Берк (1729—1797), француздарда — Жозеф де Местр (1753—1821) және Луи де Бональд (1754—1840), немістерде — Людвиг фон Галлер (1768— 1854) және Адам Мюллер (1779—1829).
Капиталистік тәртіптерге консерваторлардан гөрі барынша қарсы шыққан социалистік лагерьдің өкілдері болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салық механизмі және қазіргі кезеңдегі қызмет етуі

Салық жүйелерi, мемлекеттiң экономикаға қатысу формасы ретiнде ұдайы өндiрiстiк процесстiң барлық кезеңдерiндегi капиталға әсер етедi. Салық жүйелерi арқылы мемлекет бюджеттiң табыстық және шығыстық бөлiгiн реттеп отырады, ондағы оның мақсаты-экономиканың перспективтi салаларын дамытуға қолдау көрсету, экономиканы дағдарыстан шығару және экономикалық жүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Салық салуды ұйымдастыру мемлекеттiң өз функцияларын тиiмдi атқаруға мүмкiндiк бередi, бұл экономиканы салықтық реттеудiң қажеттiлiгiн және мiндеттiлiгiн анықтайды. Осыған байланысты, тиiмдi құрылған салық салу жүйесi экономиканың керi беталыстардан тәуелдiлiгiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Мұндай жағдай салық салуды ұйымдастыруды бiрiншi кезектегi маңызды мәселелердiң қатарына жатқызады және жүргiзiлiп жатқан салықтық реформалардың теориялық және әдiстемелiк негiзделуiн қажет етедi. Аталмыш проблема салықтық базаның және салықтарды есептеу сұрақтарын, сондай-ақ салық салудың хұқықтық аспектiлерiн қалыптастыру мәселелерiн қозғайды. Бiздiң ойымызша, бұл мiндет салық салу жүйелерiнiң құрылымын оптимизациялау негiзiнде шешiлуi керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы валюта жүйесін реттеу және бақылау саясаты

Дүниежүзілік экономика дамуының қазіргі кезеңі ұлттық шаруашылықтардың өзара байланыстарын нығайтып, олардың әрқайсысын дүниежүзілік шарушылықтың құрамдас бір бөлігіне айналдырып отыр.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Еуразия кеңістігінің бірқатар елдері үшін диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толық саяси-экономикалық жаңғыру жылдары болды. Бұл жылдар дүниежүзілік шарушылықтың нығая түсіп интернационалдануына, жаһандану процестерінің күшеюіне, сондай-ақ ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы жағдайында дамудың жаңа, ұтымды арналарының пайда болуын жеделдетті.
Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық валюта-кредиттік және қаржылық қатынастардың субьектісі бола алған жок. Ол кезең қажетті алғышарттар жасалдып, жаңа үрдістер қанат жая қоймаған уақыттар еді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамсыздандырудың жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан - 2030» даму Стратегиясынан бастау алатын, еліміздің жақын жылдарға дамуын болжайтын бағдарламалық құжат болып табылады. [1]
Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.
Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс әрекетті бағалау

Бітіру жұмысының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекетті бағалау»
Жұмыстың көлемі: 78 бет.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер және қосымша материалдардан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты сынды мәселелер қарастырылады. Негізгі бөлім 2 тараудан тұрады. 1 тарау «Инвестицияның теориялық негіздері», 2 тарау «Қазақстан Республикасының іс-әрекетін бағалау» тақырыптарына бөлінген. Қорытынды бөлімде жұмысқа жалпы талдау, анализ жасалған.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасының инвестициялық іс-әрекетін бағалау жолдарын, өзекті мәселелерін, теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып, төмендегідей мақсаттар мен міндеттерді басты бағытқа алуға болады:....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ ӨТКЕН МЕН БҮГІНГІ

1. БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ: ӨТКЕН МЕН БҮГІНГІ.
БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚӨЗҚАРАСТАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Бөлу коғаіущық ұдайы өндірістіц маңызды фазасы болып табылады. Белу қоғамцық ұдайы өндірістің фазасы ретінде өндіріс пен тутынудың арасывда болып, құбылыс түріңде өнімдерді бвлу міндетін атқарады.
Алайда, бөлуді жүзеге асыру үшін өнімді бөлуде мынау қажет: біріншіден, қоғам мүшелеріне өндіріс тұріне қарай белу, өнімді бөлу осы бөлудің нәтижесі болады.
Өнімді бөлу мәселесі ең өзекті мәселе болған жене бола береді. Себебі ол миллиондаған адамдар мүдделеріне әсер етеді. Оны зерттеуге кептеген экономикалық ойдың әртұрлі мектебі мен бағыттарының өкілдері қатьісқан. Олардын әрқайсысы дәуірдің сол кездегі және ертедегі ерекшелігіне қарай, өмірлік игіліктерді бөлудің әртұрлі принципін ұсынған. Мьісалы, еркін нарык теориясы («либерализм» мектебі) өкілдері - А. Смит мен Д. Рикардоньщ есептеуінше, жалақы негізін қалыптастырудың принципіне «өмір сүру қажетгілік деңгейі» алуды ұсынған. Себебі бұл «деңгейлік» жүмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне қажетгі болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазіргі заман жағдайындағы несиенің мәні мен қажеттігі

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде ақша – несие жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан ел экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс үрдісінде маңызды роль атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарыз алушылар арасындағы қарым–қатынасын білдіреді.
Несие – бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы – бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы.
Несие – кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай ақшаны бөлу және xалықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттарының жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы.
Несие заңды тұлғаларға ақшалық ссуда ретінде банктермен, несиелік-қаржылық мекемелермен беріледі. Банктік несие коммерциялық несиенің шекарасынан асады. Бос ақша капиталы кез-келген өндіріс кешенінде бөлінеді және банктік несие арқылы кез-келген бағытта жүре алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Бирманың(Мьянма) XVI-XIX ғғ.әлеуметтік-экономикалық дамуы

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Оүңтүстік Шығыс Азиядағы орналасқан Бирма мемлекеті бүкіл адамзат тарихында елеулі орын алады.Себебі бұл мемлекет кезінде көптеген қиыншылықтар кездесті. Алғашқы кезде мұнда көрші алып Қытай мемлекетімен талай жылдар бойы тәуелсіздік үшін күрес жүргізді. XVI ғасырда Португалдықтар кейін ғаламдықтар келк бастады.Португалдық Бриту XVII ғасырдың басында Сирианда мемлекет құрды. XVII ғасырдың I ширегінде Таунгу әкімі Анаупхелун бүкіл Бирманы қайта біріктірді де, Аваны астана жасады. XVII ғасырдың 40 жылдары Таунгу мемлекеті ыдырап, бірнеше феодалдық иеліктерге бөлінді. Мондар Пегу мемлекетін қалпына келтіріп, 1752 жылы Аваны жаулап алды да, Таунгу әулетін ⁿқұлатты.
Бирма Мон күресіне Бирма жағалауын жаулап алуды көздеген ағылшындар мен Француздардың Ост – Үнді компаниялары қол сұқты. XVIII ғасырдың ортасынан бастап Бирмалықтар елді түгел біріктіріп, феодализмді дамыту жолына түсті. 1752 жылы конбаундар әулетін құрушы Бирманың ұсақ феодал Алаунпая монғолдарға қарсы Жоғарғы Бирмада көтеріліс жасады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0