Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезенінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен кәсіпорынның өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Яғни өнеркәсіп орындарда еңбек ақы төлеу жүйесін қалыптастыруда, тек жекелеген жұмысшылардың ғана емес, тұтас өндірістегі жұмыстың қарқыны мен нәтижесін көтеруге сонымен қатар жұмысшыларды ынталандыру жүйесін, құрылымын ұйымдастыруға, жетілдіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда қалыптасқан қолайлы әлеуметтік - экономикалық ахуал шетелдік жұмыс күшінің ағылып келуіне жағдай туғызып отыр.Және үкімет басқа елдердің тәжірибелерін ескере отырып, республика аумағында жұмыс істеп жүрген заңсыз еңбек мигранттарын ішкі істер органдары мен басқа да тиісті ведомстваларда тіркеу арқылы заңдастыру жөнінде бір реттік акциялар өткізіп, тетіктерін әзірлеуде.....
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақсандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны ез қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. ....
КІРІСПЕ Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі. Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ. Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді.....
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ЖІӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуғаң атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылдың деп айта кетті [1].....
Әрбір Қазақстандық үшін ең басты құндылық оның денсаулығы. Ілеспелі түрде белсенді демалыстың дамуы мен дене тәрбиесіне, жаппай спортпен шұғылдануға жағдайлар жасалынуы керек. Білім беру мекемелерінде сабақтан тыс дене шынықтыру сабақтары мен дене шынықтыру секцияларын кеңейту қажет. Н.Ә.Назарбаев Зерттеутақырыбының өзектілігі.Қазіргі таңда шаңғы түрлері өзінің танымдылығы және жалпы көпшілікке қызығушылық жағынан алдыңғы орындарда.Әрине бұл тұрғыдан алғанда дамушы спорт түрлеріне жатады. Еліміздегі шаңғы түрлерінің дамуына соның ішінде қысқы демалысты ұйымдастыруда шаңғышылардың көпшілік демалысын ұйымдастыруда көптеген жұмыстар жасалуда.Спорттың бұл түрі қысқы туризмге оң әсерін көрсетіп, көптеген дамыған елдерде және ол елдердің ұлттық экономикасын дамытуда өз үлесін қосуда. Ертеректе елімізде шаңғы тебу дәл қазіргідей көпшілікті қызықтырмайтын, себебі тау туризмі орталықтарының жабдықталуы нашар еді. Ал қазіргі кезеңде спорттық туризм, әсіресе тау шаңғысы туризміне деген қызығушылық артып келеді.....
Кіріспе Гистология – жануарлар организмдерінің түрлі ұлпаларының құрылысын, қызметін және дамуын зерттейтін ғылым. Ұлпа дегеніміз белгілі функцияны атқаруға арналған құрылысы ұқсас тарихи қалыптасқан клеткалар мен клеткааралық заттардың комплексі. Ұлпалардың микроскопиялық құрылысы мен функциясын зерттеудің негізінде Франс Лейдиг 1853 жылы олардың бірінші классификациясын ұсынған болатын. Оның классификациясын Альберт Келликер 1855 жылы жарық көрген өзінің гистология оқулығында пайдаланған. Лейдиг пен Келликер ұлпаларды төрт топқа бөлген: 1. Эпителиалдық ұлпалар. 2. Дәнекер ұлпалары. 3. Бұлшық ет ұлпалары. 4. Нерв ұлпасы. Ұлпалардың осы төрт типін А.А.Заварзин екі топқа біріктіруді ұсынған: 1. Жалпы маңызды ұлпалар. Бұған эпителиалдық ұлпалар мен дәнекер ұлпалары жатады. ....
Кіріспе Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор. Шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Сондықтан да, кейінгі жылдары бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша болашаққа мамандар даярлау мея оларды қайта даярлау жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. Елімізде кәсіби бухгалтерлер даярлау үрдісін халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді. ....
Әрбiр басқару қызметi процесс болып саналады, өйткенi, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметi барлық қызметтiң жалпы жиынтығы. Басқару қызметiне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңiл бөледi. Кезiнде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегенiмiз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестiру және бақылау». Бұл қызмет басқарудын теориялық категориясы ретiнде әдебиеттерде кеңiнен пайдаланылады, бiрақ бiр жақты емес. Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы –менеджерлерді дайындауды талап етеді. Диплом жұмысының мақсаты -өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б Қазіргі менеджментке қатысты көтеріліп отырған мәселелер ауқымы алуан түрлілігімен және көп қырлылығымен ерекшеленеді. Алайда осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасының ерекшелігін ескеретін менеджмент әдісі бізде толық зерттелмей келеді. Сондықтан осы бағыттағы ізденістерді экономиканың нарықтық қатынастарға көшу кезеңінен бері қарай бірнеше жыл бойы жүргізіп келеміз. ....
КІРІСПЕ Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны 1979 жылы өндірістік геологиялық бірлестігі “Уральскнефтегазгеология” арқылы П-10 параметрлік ұңғысын бұрғылау кезінде ашылған. Кен орны Каспий маңы ойпатының солтүстік аймағында орналасқан. Мұнайгазконденсатты кеніш терең жатқат тұз күмбезінің астында 25*12 км көлемінде орналасқан. Мұнайгаздылық қабаты 300-метр – ден 1600-ге дейін, соның ішінде 200 метр қалыңдығында. Газмұнай шегі 4950метр тереңдіңгінде, ал су мұнай шегі – 5150 метр. 1983 жылы мұнай газ конденсат қоры туралы есеп жүргізілді. Осы құжат негізінде 1984 жылы ВНИИГаз арқылы тәжірибелі - өндірістік пайдалану (ТӨП) жобасы жасалынды. 1988 жылы көмірсутектер қоры нақты дәлелденіп есептелінді. Кен орны үш пайдалану объектісіне бөлінеді: 1 және 2 объектілері газды конденсатты және 3 – мұнайлы бөлімі болып, тереңдеген сайын конденсат мөлшері ұлғая бастайды. Қазіргі кезде пайдалануда тек бір ғана газды кешенді дайындау қондырғысы (ГКДҚ) бар. Оның құрамында LGA (Германия) жабдығымен жабдықталған үш технологиялық тізбек кіреді. Ол 1984 жылдан бері пайдаланылуда және ТМД елдерінен жабдықталынған төртінші технологиялық тізбек ьар. Ол 1989 жзылдан бері пайдаланылуда. Сонымен бірге, Орынбор газ өңдеу заводыа өнім жіберілетін 377 мм диаметріндегі үш конденсат желісі және 720 мм диаметірінде тазартылмаған газды айдайтын екі газ желісі пайдаланылуда. Газды кешенді дайындау қондырғысын ұзақ уақыт пайдалану нәтижесінде (17 жыл) жабдықтар өз ресурстарын және қызмет көрсетудің нормативті уақытын толық істеп, қондырғыны қайтадан жасап шығу қажеттілігі туды. 1991 жылы ВНИИГаздың араласуымен және кен орнының жасаудың негізгі жобалаушысы ЮЖНИИГаз арқылы қайтадан жабдықталған ГКДҚ – 3-дің технологиялық регламентін жасап шығарған, бірақ қаржы жетіспеушілігінен жобаны игеру және қайтадан жабдықтау іске аспады. 1997 жылы 17 қарашада Вашингтон қаласында ОСРП «Аджип», «Бритиш Газ», «Тексако», «Лукойл» және ҰМК «Қазақойл» компаниялары арасында жасалынып қол қойылды. Кен орнының игерілуі осы компания арқылы іске асуда. Кен орнын қалпына келтіру үрдісі – ұзақ үрдіс, сондықтан кен орнындағы жұмыс бағдарламалары өте нақты және кен орнының жұмыс қуатын қалпына келтіру кезеңдерге есептелінген және қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейіне жету қарастырылған. 1 ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 1.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер Қарашығанақ МГККО Батыс-Қазақстан облысының батысында, Бөрлі ауданының территориясында орналасқан. Аудан климаты континентальды. Температура қыста -400С-қа дейін жазда +400С арасында тербеліп тұрады. Оңтүстік – шығыс және солтүстік – батыс бағытындағы желдер басым. Орташа жылдық жауын – шашын мөлшері 300 – 350 мм. Кен орыннан Оралға дейінгі арақашықтық 160 км., Орынборға дейін 155 км., ОГӨЗ дейін 158 км. ОГӨЗ дейінгі газ құбырларының орташа ұзындығы 140 км. Ең жақын тұрғылықты пункттар: Қарашығанақ ауылы 10 км., Тұңғыш ауылы 2 км., Березовка ауылы 3 км. Ауданнның орфографиялық жағдайы сирек кездесетін құм сазды жазықтан тұрады. Рельефтің абсолютті белгілері 80-130 метрге дейін өзгереді. Кен орнының гидрографиялық жүйесі солтүстігінде Орал өзенімен, Солтүстік шығысында Елек өзенімен шекараласады. Жоспарланған жұмыс ауданында Елек өзенінің сол ағысы болып саналатын Березовка өзені қиып өтеді. Жазда ол құрғап қалады. Ауданда аз мөлшерде табиғи су қоймалары кездеседі. Техникалық сумен қамтамасыз ету жерасты суларымен іске асырылады. Сулы горизонттар 65 - 110 метр тереңдікте, әктас және мергель жарықшақтарында орналасқан, және де неогенді төрттік бор юра және триас кезеңіндей құмтастарда қалыптасқан. Сулар әлсіз минералданған, гидрокарбонаты калций минералдылығы 1-3т/л ал ұңғы шығымы тәулігіне 26 - 100 м3/тәу. Аудан климаты төте континентальды. Ауа температурасы -40 (қыста) +40 (жаз) дейін өзгереді. Жел оңтүстік - шығыс және солтүстік - батыс бағыттарында соғады, күзде, қыста және көктемде жылдың орташа жауын - шашын көлемі 300 - 950 мм-ді құрайды.....
Қазіргі заманғы кез келген қоғамның экономикалық құрылымының қалыптасуы мен дамуында алғы, анықтаушы рольді үкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты шеңберінде жүзеге асатын мемлекеттік реттеу алады. Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең маңызды механизмдердің бірі қаржылық механизм- бсты тізбегі мемлекеттік бюджет болып табылатын, қоғамның қаржылық жүйесі. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет ақшалай қаражттардың орталықтандырылған қорларын құрады және орталықтандырылмаған қорларға, мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерді артқаруға мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, әсер етеді. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік реттеу жүйесінің негізін кірістерді қайта бөлу жөніндегі қатанас құрайды. Тоқсаныншы жылдардың басынан бастап Қазақстан Републикасында жүргізіліп келе жатқан экономикалық және саяси реформалар мемлекеттік қаржы, ең алдымен бюджеттік жүйеге әсерін тигізді. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің ресурстарын мобилизациялау және жұмсаудың басты құралы бола отырып саяси үкіметке экономикаға әсер етуге, оның құрылымдық қайта құруларын қаржыландыруға , экономиканың басым секторларының дамуын ынталандыруға, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуге нақты мүмкіндік береді. ....