Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Билiктi немесе қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдалану

Кiрiспе
Әр бiр мемлекеттiң дамуында экономикалық дағдарыстан шығу кезiнде қылмыстың көрсеткiштер өте жоғары болған. Экономикамызға байланысты мем лекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар күрт өзгерiстерге ұшырады.
Қазақстан Республикасының Парламентiмен осы заманға сай 1998 жылы 1 қаңтардан бтап күшiне енген жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданды. Осы кодекстiң 13 тарауындағы 308 бабында билiктi немесе "Қызмет өкiлетiн асыра пайдалануға" қылмыстық жауапкершiлiк көрсетiлген. Қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдалану мемлекеттiк аппараттың облыстық, жергiлiктi басқару органы, банк сфераларында орын алатын қоғамға қауiптi қылмыстар.
Қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдалану лауазымды адамның қызметтiк парызын бұзып, мемлекеттiң немесе қоғамның құқығын және заңмен қорғалатын азаматтардың мүддесiне тiкелей қасақналық пен едәуiр зиян келтiруi.
Бұл бапты зерттеушi заңгер ғалымдар өте көп, және теорияда көп зерттелген. Зерттеуге өз еңбектерiн күш-жiгерiн жұмасаған адамдардың бiрi заң ғылымның докторы, профессоры Арықбай Нүсiпалиұлы Ағыбаев. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы теориясы тәжірибесі

Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамдас бір бөлігі ретінде оның зейнетақымен қамтамасыз етілуі болып табылады. Зейнетақы жүйесі экономикалық құрылымның ең бір күрделі түрі ретінде қарастырылады. Зейнетақы жүйесі мемлекеттің экономикалық дамуына әсер етеді, соның ішінде капитал мен еңбек нарығының қызмет етуіне, сондай-ақ ел азаматтарының ұрпақ ішінде және ұрпақ аралығында табыстың қайта бөлінуіне өз ықпалын тигізеді.
Қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін қолдаудың материалдық негізі зейнетақы болып табылады. Зейнетақы (лат сөзі pensio-төлем) – белгілі бір жасқа келген азаматтарға, мүгедектерге, асыраушы адамынан айырылған отбасына және заң жүзінде көрсетілген өзге жағдайларға байланысты берілетін ұдайы ақшалай төлем. Зейнетақы бюджеттен тыс мемлекеттік және сақтандыру қорларынан, жеке меншік кәсіпорынның зейнет қорынан құралған зейнетақылық және сақтандыру қорлары арқылы беріледі /1, 211б/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында дағдарысқа қарсы саясат және болашақ дамуы

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. "Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алып тастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі.
Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін.
Дағдарыс - бұл қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі.
Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.
Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: жаңару немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу

Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары
Отандық білім беру жүйесін реформалаудың заңнамалық тұжырымдамалық негіздері болатын Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында; Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында оқу-тәрбие процесінің сапасына, оның соңғы нәтижелеріне жаңа, күрделі талаптар қойылған. Өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатысатының байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру». Қазақстан қоғамының өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы қатарға шығады: креативтілік, белсенділік, төзімділік, әлеуметтілік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдылығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салықтан жалтару мәселелері

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 15 жылдан астам, Салық кодексінің іске қосылғанынан 6 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде экономикамыз, экономикалық қатынастар құрылымы, меншік құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тіпті халқымыздың салықтық мәдениеті де айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, мемлекет салық саясатының мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын тереңінен қарастырды, ал екінші жағынан – көптеген экономикалық қатынастар әлі де болса қазіргі салықтық заңнамамен қамтылмай, бір мәселелер өз шешімін таба алмай келеді.
Дегенмен де, біз қазір өз дамуымыздың жаңа, өркениетті сатысында келеміз. Біз алдымызға экономикалық жоғары дамыған елдердің экономикалық-қаржылық жүйесінің принциптері мен тәжірибесін қойып отырмыз. Кеңес дәуіріндегі салық жүйесінің элементтерінен толықтай арылып, негізгі салықтық ұғымдар мен категориялардың нақты анықтамасын, барлық салық субъектілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеуді қазіргі нарық талаптарына сай орната білдік. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Шағын және орта кәсіпкерлік экономикалық жағдайы және дамыту жолдары

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2006 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2007 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтерден көрсетіп отырғанымыздай шағын және орта кәсіпкерлік секторының Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2008 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның ақша айналымын басқару

Тақырып өзектілігі. Компаниялардың қаржыны басқаруда маңызды объектісі ақша ағыны − құн (Д-Т-Д) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Сақтандыру нарығының теориясы

Ежелгi тұрмыс уақытысынан бастап, адамзат мүлікке ие бола бастаған уақыттан, ол оны ұрлау, өрттену қаупi, су алып кету, басқа да жағдайлардан сақтану жайлы ойлай бастады.
Өндiргiш күштер дамыған сайын және материалдық байлық жинақталған сайын өндiрiстiк қоғамда әр меншiк иесiнде өз мүлкi үшін сабырсыздық, және тәуекелдiк факторлары белең ала бастады.
Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткенде, алапат құбылыс кезiнде үлкен аймақтың өзiнде шаруашылықтың барлығы шығынға ұшырамайды, және алапат құбылыс ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬— сирек кездесетiн құбылыс. Бұл жағдай жеке материалдық немесе ақшалай резерв құру емес, жинақтау жасау, бiрақ қоғамдық кассаға қатысушылар көп болған сайын, әрқайсысына аз бөлiгi берiледi.
Осылай, адамдар қоғамында бiрiккен тiзбектелген жинақтау тұтыну негiзiнде қоғамдық қатынастың жаңа категориясы, сақтандыру деп аталатын, алғашқы мағынасы қорқыныш, сөзiнен алынған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
1 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Фирманың ағымдағы шығындарын басқару

Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді.
Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының, сонымен қатар салалық қаржының рөлінің артуына ықпалын тигізді.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтанда, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетілуі тиіс. Кәсіпорында ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Ең білікті кадрлар жинақталады. Сол сияқты бизнес–жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0