Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйсіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банктік несиелердің қайтымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен формалары

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Банктік несиелердің қайтымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен формалары"
Несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасын іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнының қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының түбін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Қазіргі кезде шаруашылықта несие ақша түрінде берілуде. Несие ақшалай қаражаттардың екі жақты қозғалысын , яғни қаражаттың уақытша және уақыт өткен соң қайтарылуын білдірсе, ал қаржы сол қаражаттың бір жақты қозғалысын білдіреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Антиоксидантты ферменттер және ДНҚ-ның тотығу арқылы зақымдануы

Супероксид, сутектің асқын тотығы және гидроксид радикалы секілді оттегінің белсенді формаларының клеткаларының программаланған өлімінiнiң iске асу механизiмiндегi ролі зор. Мысалы , гидроксил қалдығы лезде 7х10-10с ішінде клетка құрлымын бұзып, ондағы белок, нуклейн қышқылдарының құрылымын бұзып, липидтерді аса тотықтырып, тотығу өнімдері: альдегид, кетон, асқын тотықтармен қатар, аса улы қосылыстардың түзілуін жүзеге асырады. Осылардың ішінде нуклеин қышқылдарының зақымдалуы ДНҚ-дағы генетикалық информацияны өзгертіп, организмнің тіршілікгіне қауіп тудыруы мүмкін.
Осыған орай өсімдік клеткаларында ОБТ түзілуін тежейтін антиоксидантты ферменттер,сонымен қатар ОБТ әсерінен болатын ДНҚ-дағы тотыға зақымдануларды жөндейтін репарация механизмі дамыған.
Анти-оксидантты ферменттердің ішінде ОБТ қарсы клетка ішілік қорғаныстың алғашқы қатарын супероксиддисмутаза (СОД) құрайтыны анықталған. СОД өсімдік клеткасында детоксикация реакциясын катализдейді. Ол супероксид радикалдарын өзара әсерлестіріп, аса улы супероксид радикалының улылығы төмен сутегінің асқын тотығына айналуын катализдейді.
ДНҚ репарациясы - тірі организмнің ДНҚ-ғы өзгерістерін қалпына келтіру қабілеті болып табылады. Көптеген зақымданулардың репарациясы түпкілікті зерттелінгенмен олардың кейбір мәселелері әлі анықталмаған Сондықтан да ОБТ түзілуін тежейтін антиоксидантты ферменттер,сонымен қатар ОБТ әсерінен болатын ДНҚ-дағы тотыға зақымдануларды жөндейтін репарация механизмін зерттеу ғылыми зерттеу жұмыстары үшін өзекті тақырып болып табылады......
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы

Кіріспе.
Жүйені кез келген типке қолдану – біршама шартты, абстракты ұғым. Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру жүйелері дегендер болады.
Жүйелердін біреуі физикалық, технологиялық мәндердегі концепциялардың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені де яғни кейбір міндеттерді шешетін кез-келген нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Балалар мен жасөспірімдерге телебағдарламалардың психологиялық әсері

КІРІСПЕ
Бүгінде жаһандану үрдісі қоғамға жаңа леп әкелді. Бұл жаңашылдық қай салаға болмасын әсерін тигізіп, даму процесіне де елеулі өзгерістер енгізді. Бұрын төрт қабырғада қамалып отырған жұртшылық ақпарат ағымына тап болғандай. Бүгінгі заң журналитикасы, әсіресе теле журналитика аз уақыт ішінде түрленіп, бағыт-бағдарын да өзгертті. Кеңістік жүйе кезінде бұқаралық ақпарат құралдары үкіметтің саясат жүргізетін құрал болса, қазір ол бұқара санасын билейтін үлкен күшке айналып отыр. Телевиязияның адам психикасына әсерін батыста кеңінен пайдалануда. Шет елдің арзанқол, жабайы мәдениетін насихаттайтын хабарларын қарап, олардың «талғамының биіктігінең кейде қайран қаламыз. Ал шындығына келсек, адам психикасын шаршатып, болмашы нәрсеге эмоциямызды көл етіп батыстың таусылмас сериалдары, шытырман оқиғалы фильмдері (айта кетерлігі, сол фильмдердің бас кейіпкерлері американдықтар, сол елдің серілері де, ал жеккөрінішті, сұмырайлары не орыстар немесе азиаттар болып келеді) түптеп келгенде еріккеннің ермегі емес. Мұның астарында да үлкен саясаттың иісі аңқиды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы корпорация

Кез-келген мемлекетті алып қарасақ, сол мемлекеттің негізгі экономика саласы болып белгілі бір сала ғана болады.
Ауыл шаруашылығы экономиканың күрделі саласының бірі. Елбасы 2002 жылдың Қазақстан халқына жолдауында алдағы үш жылды «Ауылды қолдау жылдары» деп жариялап, оны жүзеге асыруда алда тұрған міндеттерді нақтылап берді. Ауыл шаруашылығының экономикасы егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алғалы біршама даму көрсеткіштері мен құлдырауларды басынан өткерді.
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында “2003-2005 жылдары ауылды қолдау, мемлекеттік саясаттағы басымдық болады” деп жариялады. Жолдауда көрсетілген ең басты өзекті мәселе ретінде әлеуметтік-экономикалық әрі саяси мәселелерді шешуде, саяси-экономикалық, құқықтық, демографиялық және ғылыми қамтамасыз ету көзделген еді. Әрине осының ең басында ауыл мәселесі тұр.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізін құрайды. Қазақстандық азаматтардың жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Сол себепті ауыл шаруашылығын қолға алып, нақты тұрғы да көтермелеп, жағдайын жасамасақ, тиімді экономика жасау мүмкін емес. Соңғы кездері атқарылып жатқан реформадан, ауыл өмірі тыс қалып отыруда. Ауылдағы кіріс деңгейі экономиканың басқа саласымен салыстырғанда, ең төменгі дәрежені көрсетіп отыр. Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2003 жылы ауыл тұрғындарының 42 проценті өмір сүру деңгейінен төмен кірісті қанағат тұтқан. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипатама

1. Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипаттама.
1.1. Релефке жалпы сипаттама.
Балқаш көлі тектоникалық түзілімдегі ойыста оранналасқан. Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстаның шөлейтінде, ежелгі балқаш Алакөл суайдынының бір бөлігін ғана алып жатыр. Ол соңғы төрттік мұзбасу кезеңінен бері белігі. Қазіргі кездегі геог рафиялық жағдайына келсекғ көлдің батыс және солтүстік-батыс жағңалаулары төмен шөгіп, солтүстік шығыс жағалаулары көтерілуде.
Сәйкесіне батыс және солтүстік батыс жағалаулары жалпы ингрессионды сипатта, ал солтүстік – шығысы – регрессиялды.
Көл екі табиғи аудандардың шекарасында оранласқан. Көлдің солтүстігінде қазақтың ұсақ шоқысы мен Орталық Қазақстаның жазығы жатыр, Оңтүстігінде Оңтүстік Шығыс Қазақстанның құмды жазықтары көмкерілген.
Балқаштың жалпы су жинау ауданы 413 мың км2. Оның көп бқлігі (353 мың км3). Қазақстан территориясында, ал Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай Халық Республикасына орналасқан. Алакөл көлінің бассейінінен бөліп тұратын суайрық сызығы Балқаш көлі мен Сасықкөл көлдерінің аралығында жатыр (биіктігі 400 м жуық).
Бассейннің ******** күрделігімен ерекшеленеді. Оның терротоиясында биік таулар жүйесін, аласа тауларды сондай-ақ жазықтар мен Балқаш маңы құмдарын кездестіруге болады.
Балқаш маңы жазығын 2 негізгі аудандарға бөліп қарастыруға болады:
1) Солтүстік Балқаш маңы (нақтырақ айтсақ Солтүстік және Солтүстік батыс)
2) Оңтүстік Балқаш маңы
Солтүстік Балқаш маңы қазақстан ұсақ моқысының оңтүстік бөлігі болып келеді.
Оның орташа биіктігі 400-500 м. Рельефі жазық болып келеді. Жеке шоқылар, қыраттар, опырылымдар, өзеннің құрғап қалған алаңдары мен тілімденген алаңдар араласып кездеседі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | "Балбөбек" төл бағдарламасы

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ұл бәсекелестігі алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты екендгі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, сөйтіп халықаралық деңгейге жету мақсаты қойылып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің нәтижеге бағытталған моделіне көшу көзделуде. Ол м 2008-2009 оқу жылынан бастап жүзеге асса, ал оған дайындық қызірден бастап жүруге тиіс екендігі сөзсіз. Дайындықтың мақсатты, жүйелі жүруін қамтамасыз ету үшін институт жанынан «Балалар әлемі» ғылыми-әдістемелік зертханасы ашылды. Зертхана 4 бағытта жұмыс жасайды: «12 жылдық білм беру, оқулық теориясы». «Мектепалды даярлық». Әр бағыт іштей төрт мәселелер төңірегінде жұмыс жасайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Нарықтық экономика | Баға құралуы

Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
• Баға теориясы;
• Баға жүйесі;
• Баға саясаты;
Баға құрылу тәсілдері:
• Индуктивті;
• Дедуктивті;
• Диалектикалық
Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.
Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы мәселелер

Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметлерімен де айқындалады. Агробизнес кешені нарықтың әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді, соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр түрлі үлгілерін танытады.
Ауыл шаруашылығы өндірісі рыногінің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: ауыл шаруашылығы — рыноктік құрылым мен қарым-қатынас жүйесі әлі де сақталған, ерікті бәсекелестік рыногіне барлығынан жақын турған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмендегідей:
Біріншіден, ауыл шаруашылығы рыногінде тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп. Айталық, АҚШ-тың ауыл шаруашылығында 1987 жылғы соңғы халық санағына сәйкес фермерлік шаруашылықтардың саны 2 млн. 176 мың құрады. Бұл — олардың барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға болмаса да, аз сан емес.
Екіншіден, ерікті бәсекелестік рыногі болып саналатын ауыл шаруашылығы рыногінің белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0