Курстық жұмыс: География | БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

К І Р І С П Е
«Қазақстан-2030» стратегиясының мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып табылады. Қазақстанның 66% территориясы шөлейт және шөлді аймақтарда орналасқан және су ресурстарына өте тапшы. Жеке адам басына суды пайдалану бойынша Қазақстан Евразия құрлығында соңғы орындардың бірінен орын алады.
Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.
Балқаш көлі жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жатады. Ол Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл аумақтарын қамти орналасқан. Мұнда кеме қатынасы, балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған. Сондай-ақ көл суы егістік суаруға және өнеркәсіпте (Балқаш көлінің жағасында Республикадағы ірі «Балқашмыс» металлургиялық комбинаты орналасқан) кеңінен қолданылады. Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте жоғары болып саналады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Африканың ішкі сулары

Жалпы Африканың ішкі сулары құрғақ ішкі суларының ағындарының кейінгі орында тұр. Өзен – көл жүйесі біркелкі таралмаған. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік – шығыс жағалауында жиі, шөлді аудандарда әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғаратын құрғақ өзен арналары көптеп кездеседі. Көлдер өлкесі – Виктория көлінен ағып шығатын өзен Ніл деп аталады. Жоғары ағысында оның жағасы тасты болып келеді, ал көлдің қасында нағыз басталар жерінде сарқырама болып құлайды. Қазір Оуэн сарқырамасының жанынан плотина және Ніл бассейіндегі алғашқы су электр станциясы салыну себепті, бұл сарқырама мен одан төмен жатқан босаға тастары су астына кетті. өзендер өлкесі – Мобуту – Сесе, Секо көлінен Аьберт – Ніл ағып шығады. Жоғарғы ағысында өзен тып – тыныш ағады, ал Нимуеле қаласынан бастап көп кедергілерге ұшырайды. Фола сағасында шаңғал тастар көп болғандықтан, осы жерде өзен арнасы 20 – 25 метрлік шатқалдан өтеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Белоктардың жалпы сипаттамасы

1. Белоктардың жалпы сыпаттамасы және физикалық
- химиялық қасиеттері
Академик В.И. Вериадскийдің есебі бойынша жер жүзіндегі тірі организмдердің салмағы 10 т. тең екен. Ал осы барлық тірі организмдердің негізгі құрамда бөлігі белок. Тіршілік ету процестерін зерттеу жұмыстары олардың өмірінде нуклеин қышқылдарының белоктардың жаңаруы, күрделілігі, шексіз әр-түрлілігі, маңыздылығының ерекше кеңдігін көрсетті. Ф.Энгельс өзінің "Табиғат диалектикасы" еңбегінде өмір дегеніміз – белокты денелердің өмір суру тәсілі, яғни организмдегі зат алмасудың қоршаған ортамен тығыз байланысы деп жазды. Басқаша айтқанда белок - барлық тірінің материалдық негізі болса, ал олардың тіршілік ету тәсілі - өмір болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банк қызметiндегi тәуекелдiлiк

I тарау
1.1 Банк қызметiндегi тәуекелдiк. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктiк салада банк әр түрлi операцияларды жүргiзу кезiнде өзiне қабылдайтын тәуекелдiлiк бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдiлiк түсiнiгi банктер өмiрiне нақты кiруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанксiнiң жоспар – нұсқауы бойынша қызмет еттi, сондықтан банкатер тәжiрбиеде тәуекелдiк деген түсiнiк болған жоқ.
Қазiргi кезде банктiк нарық тәуекелсiз мүмкiн емес. Ол кез келген операйияларда болады, тек тәуекелдiк әр түрлi колемде болуы мүмкiн. Сондықтан банктiк қызмет үшiн тәуекелдiлiктi мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгi деңгейге дейiн жеткiзу маңызды болып табылады. Тәуекелдiк дегенiмiз не? Тәуекелдiк негiзiнде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктiң қаржылық операйияларды жүтргiзу кезiнде өз ресуррстариының табысы бiр бөлiгiн жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупiн түсiндiредi. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банктік карточкалар

Кіріспе.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының төлем системасының ұйымдастырылуы жетілдіріліп келеді. Төлем системасындағы есеп айырысу операциялары экономикадағы ақша массасы мен оның қозғалысын реттеуге және оған бақылау жасауға ықпал етеді. Есеп айырысу операциялар банктік операциялар ішінде ең көп қолданылады. Төлем құралдары ішінен артынан шыққан банктік карточкалар қазіргі таңда кең өріс алуда. Төлем карточкалардың көптен қолдануы «көлеңкелі» экономика көлемінің азаюына және ақша айналымыныңбір бөлігінің легалдандыруына ықпал етуі мүмкін. Бұл пікірді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төрағасы Ануар Сайденов айтқан болатын. Банктік карточкаларды қолданудың ыңғайлығы мен оның мүмкіндіктері , оны жетілдіріп дамуына және басқа төлем құралдарынан озып кетуіне ықтимал. Осы мақсаттарда клиенттерге осы төлем нысаны бойынша қызметтер кеңейте түседі. Ал бәсекелестікті қолдау үшін жүргізілетін есеп айырысу операциялары бойынша тарифтер төмендетіліп, түрлі жеңілдіктер жасалып отыр. Бұл банктік карточкалардың төлем системасында нығая түсуіне ықпалын тигізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады. Нақты ол шаруашылық жүйенің барлық қатысушылары мен оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер - іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын негізгі орталық болып табылады.
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында қарастырылуы маңызды болып келеді. Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Осы оқу құралы коммерциялық банктердің тәуекелділігін оқып үйренуге студенттер мен магистранттарға көмектеседі.
Осы материалда ҚР-ң коммерциялық банктер қызметін толық ұйғаруына көмектесетін ақпараттар бар. Теоретикалык материал практикалық мәліметтермен бірге берілген ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | Басқару стилі мемлекет басқарудың ажырамас бөлігі

КІРІСПЕ
Басшылық – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру.
Басшылық тәсілдері:
Иелік жасау. Басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді, тапсырады.
Түсіндіріп тарату – ауыртпашылық ортасы (нүктесі) тікелей кестеден адамдармен өз еріктеріне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен белсенділік көрсетеді.
Түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) – бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі.
Кей жағдайларда басшы билік жүргізу, беруден бас тартады, сөйтіп белгілі шешімдерді қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік беріп, оларға проблеманы (мәселені) шешуде белгілі дәрежедегі жауапкершілік жүктейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясы

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу
мотивациясының психологиялық сипаттамасы,
яғни оқуды басқару балалардың осы іс-әрекетті
қалыптастыруы болып табылады. Оқуды
бастамастан бұрын бала оқу міндетін (түсіну, өзі
үшін қабылдау, өз бетінше анықтау) меңгеруі тиіс
екендігі, толық құнды оқу белсенді оқу әрекетінсіз
оқу жұмыстарының әдістері, тәсілдерінсіз
(мысалы, оқытылатын пәнінің әр түрлі жақтарын салыстыру, олардан жекелеген белгілерді бөлуі, оларды қайта құру және қайта қарастыру, сызба, модель құрастыру) мүмкін емес. Белсенді оқуды жүзеге асыру сонымен қатар баланың өзін-өзі тексеру, бағалау ептілігін, яғни өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әрекетін орындауды талап етуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банктердегі валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, есебі

Кіріспе
Бүгінде Қазақстан мемлекеті нарықтық экономикаға өтіп, ел экономикасы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Экономиканың нарықтық қатынастарында банктер және олардың жүргізетін операциялары, өте жоғары орынды иеленді. Қазіргі таңда, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банк мекемелірінің тиісті шоттарында сақтап, осы мекемелер арқылы өздерінің қаржылық операцияларын жүзеге асырады. Банк мекемелерінің жүргізетін операцияларының ішінде валюталық шот арқылы жүргізілетін валюталақ операциялар өте маңызды болып табылады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Банктердегі валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, есебі» деп аталады. Осы курстық жұмыста валюта жүйесі, валюта бағамы және валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін қарастырдым.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады: «Валюталық шоттағы ақшаларды есепке алу» және «Валюта жүйесі, валюта бағамы, олардың құқықтық реттеу».
«Валюталық шоттағы ақшалар қозғаласының есебі» деп аталатын бірінші бөлімде валюталық операцияларға түсініктеме беріп, олардың жүзеге асыру тәртібін қамтып, валюта шоттарындағы ақша қозғаласын бақылауды қарастырдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | АТС жүйесі

Ақпараттық жүйелер(АЖ) – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және шығарып беру жүйесі. Экономиканы басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін АЖ – ның айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- экономикалық ақпараттың негізгі құрамдық өлшем бірлігін экономикалық корсеткіштер мен құжаттарды өндеуге бағытталуымен;
- мәліметтерді үлгілік (модельдік) өңдеу мен есеп айырысу–есептеу кезеңінің байланыстылығымен;
- уақытқа қарай – экономикалық есептер мен оның шешімдерін қажетті мәліметтермен жабдықтау зәрулігімен;
- уақытша іс тәртібімен әкімдік–үйымдастыру құрылымына басқарылатын жүйені қатар тізу қажеттілігімен.
Қазіргі уақытта әр түрлі мақсатта қолданылатын АЖ–ның көптеген саны қызмет етеді. Олардың бір–бірінен өзгешелігі келесі белгілермен түрлендіріледі:
- басқару объектісінің сипатымен;
- АЖ–ны тұрғызу мен жұмыс істетудің жинақталған тәжірибесімен;
- басқару және басқарылушы жүйелерінің құрылымымен;
- мәліметтерді жинауда, өткізіп беруде және өндеуде қолданылатын жабдықтармен;
- АЖ–ны басқару объектісінің жетекшілік тұрғысымен және т.б.
АЖ – бұл ақпараттық жүйелер жобасы мен акпаратты-есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделi жүйе.
Мұндағы АЖ жобасы – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс iстету шешiмдерi сипаттап жазылған техникалық құжат.
Ал, АЕЖ - деп ақпараттық жүйелер жобасын жұмыс iстетуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық кешенiң түсiнуге болады. АЕЖ мәлiметтердi жинауды, өткiзiп берудi, өңдеудi, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып берудi АЖ жобасындағы шешiмдерге сәйкес қамтамасыз етедi.
АЖ-ның келесi есебi –шешiмдердi қабылдау үшiн мәлiметтердi алу. Бұл жерде шешiмдi қабылдау деп әдетте алға қойылған белгiлi-бiр мақсатқа жету жолдарының бiрiн таңдауды ұғуға болады.
Оның негiзгi есебi АЖ-ның үлкен көлемдегi жеке есептерiн қамтиды.
- жүйенiң iшiнде және сыртында болып жатқандар туралы ақпаратпен жабдықтау; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0