Дипломдық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейі

Кіріспе
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Жұмысымыздың өзектілігі :
Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.
Әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым-қатынас проблемасы мен зейін проблемасы жан-жақты қаралған. А.А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекеткетеңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылық потенциалына ие дейді.
Орыс психологы И.Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды.
Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.
В. Вунд сана мен зейінді байланыстырады. Осы және тағы басқа ғалымдар мәселелерді қарастырғанымен әлі де жеткіліксіз жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байланыстары қаралмаған.
Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады.
Зейінді іс-әрекеттің әр түрінен зерттей отырып біз оның бірліктегі мазмұны мен формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз.
Зейін іс-әрекетте мазмұнды және осының негізінде оның қасиеттерінің, динамикалық ерекшеліктері мен функцияларының көпжақты байланыстары пайда болады.
Зейін – бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлануына бағытталған.
Өзінің көріністерінде қарым-қатынасайналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Қарт адамдардың әлеуметтік психологиялық сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпанда халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде былай деп айтқан болатын: «Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады».
Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіптік лицей жағдайында Ауылшаруашылық машиналар пәніне молотилка тақырыбын оқытуда интерактивті технологияны қолдану

Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз.
«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы – 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы – 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дінтану | Қазақтың ежелгі наным сенімдері

Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары

Тақырыптың өзектiлiгi.
Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының “Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу мәселесiне арналған.
Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу, саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар қалыптасты.
Қазақстан Республикасындағы жалпы қоғамдық-саяси даму ерекшелiктерi негiзiнде саяси қатынастардың жаңа формалары мен даму үрдiстерiн, әрбiр ұлттың ерекшелiктерiн сақтай отырып, олардың ортақ мүдделерiн қарастыру-қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етер негiзгi мүмкiндiк көздерi. Ал бұл мүмкiндiктерді іске асыруда қоғамдағы саяси және әлеуметтiк институттардың ықпалы мен рөлi айқын сезiлiп отыр. Тақырыптың маңызы Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттiлiгiн нығайту кезеңiндегi жаңа мiндеттер мен үлкен өзгерiстер жағдайында арта түсуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқылы қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.
Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының көкейкестілігі:
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс.
Диплом жұмысының мақсаты:
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.
Диплом жұмысының объектісі:
Қазіргі кездегі педагогика ғылымының дамуы, қазіргі педагогикадағы тәрбиенің жаңа әдістерімен тәрбие құрал – жабдықтары, формалары. Оларды топтастыру және тиімді пайдалану жолдары.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Филология | Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар

КІРІСПЕ
Қазақ тілінің грамматикасындағы ең күрделі мәселелерінің бірі – көмекші сөздер. Көмекші сөздердің дербес мағынасы бар сөз таптарына қарағанда мағынасы жағынан да, сөйлем мүшесі болу, сөз тіркесі сыңары болу жағынан да үлкен айырмашылығы бар екені белгілі. Олар қолдануда дара қолданылмай, тек дербес мағынасы бар сөз таптарымен түйдекті тіркес құрау ыңғайында қаралатыны белгілі. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, А. Ысқақов, Т. Қордабаев, Р. Әміров, В. А. Исенғалиева, Ф. Кенжебекова, Қ. Қадашева, т.б. ғалымдарымыз көмекші сөздердің негізгі мәні, шығу тарихы, түйдекті тіркес құрауы, кейде олардың синтаксисіне аздап болса да назар аудара бастағанын көруге болады. Көмекші сөздердің бірі – шылаулар. Шылау ішкі мазмұндары жағынан да, ішкі формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола кол үзіп, әрі осы аталған үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айрылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет етеді. Шылау сөздер есімдерге де, етістерге де жақындаспай, өз алдына оқшауланып, жеке топ болып отырады.
Шылау сөздердің де бастапқы лексикалық мағыналары солғындап, өздеріне тән әуелгі дербестіктерінен айрылып көмекші сөздер қатарына көшуіне, сайып келгенде, оларды практикалық тілде аса жиі қолданылуы арқасында туған грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен.
Бұл жағын дұрыс аңғарған А. К. Федоров: “Выражение предикативных атрибутивных и обстоятельственных синтаксических отношений есть синтаксические функции...........союзов”, деп, олардың тек сөйлемде ғана емес сөз тіркесінде де, сөйлем мүшесінде де қатысын барлығын көрсетеді.
Шылаулар – сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылауларда аз да болса, лексикалық мағынаның нышанасы болады, ал шылаулардың бойындағы қалыптасқан негізгі қасиеті – грамматикалық мағыналар. Өйткені шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым болады. Сол мағыналары олардың өзі үшін емес, өзіне тән формалары арқылы өзіндік грамматикалық мағыналарын толық қамти алмайтын атаушы сөздерге жәрдемші дәнекер есебінде жұмсалады. Сондықтан да шылаулар өз алдына жеке-дара қолданылмай, тиісті сөз тіркестерінің белгілі бір компоненті ретінде атаушы сөздердің жетегінде қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Х. Досмұхамедұлының психологиялық көзқарасы

Кіріспе
Егеменді қазақ мемлекетінің қалыптасуы өте күрделі тарихи кезеңдерде жүріп жатыр. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының әлеуметтік қиыншылықтары аз емес. Соның ішінен жекелеп айтып кетер бір саласы – қазақ халқының қоғамдық – саяси, әлеуметтік мұралары мен өскелең жас ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт - дәстүрімен, ата – баба мұраларынан толық қол үзіп қалмауы елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі даусыз.
Елдің елдігі мен ертеңін ойлап, қам жеген, туған халқының көкірегіне сәуле құюға мақсат еткен қазақтың асыл азаматтарының бірі – көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы ғалым – дәрігер, профессор Х. Досмұхамедұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары мен идеялары бүгінгі ұрпаққа баға жетпес мұра.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілі, республика ғылымы мен денсаулық сақтау ісінің Қазақстан мен Түркістан республикаларында талантты ұйымдастырушысы, кезінде заңсыздықтың құрбаны болып, қуғын-сүргінге ұшыраған, күрделі де тағдыр иесі, халқымыздың алып тұлғасы екендігін қарастыра отырып, Х. Досмұхамедұлының туған тіліне, ұлтына, әдебиетіне, тәлім - тәрбиесіне, ұлттық психологиясына деген көзқарастары бүгінгі тапңда зерттеу қажеттілігін туындатып отыр.
Ғұлама ғалым педагог ретінде Қазақстанда жоғары мектептің қалыптасуы мен дамуы тарихында, оны ұйымдастыруда алатын орнын ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар Х. Досмұхамедұлы қазақ мектептері мен оқу орындарына арналған бірнеше қазақша оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Атап айтқанда, I және II сатыдағы мектептерге арналған «Өлі табиғат» (1922ж), «Зоология» 1-бөлім, омыртқалылар, 2-сатылы мектептерге арналған (1922ж); «Зоология». 2-бөлім (1926) омыртқасыздар (192ж); зоология. 3-бөлім; оқушылдар гигиенасы (1925ж) қазақ тілінде жарық көрді. Осымен орайлас «Анатомия және физиология», «Адамның тән тіршілігі» сияқты оқулықтары жаппай бастап ашылып жатқан қазақ мектептері үшін ауадай қажет кітаптар еді. Сондықтан да бұл оқулықтар 1922-1928 жылдар аралығында бірнеше рет басылды. Х. Досмұхамедұлы қаламынан туған оқулықтардың өне бойындағы ұтымды қолданыстар, тың балама сөздер ұлттық ғылым тілін, ұлттық психологияны дамытудың сүрлеуін салуға септескені дау туғызбайды.
Х. Досмұхамедұлының басшылық жасап және тікелей тығыз араласыумен мектеп типтері, мектеп бағдарламалары, ғылыми терминология жасалды, қазақ мектептері үшін бірқатар оқулықтар тәржімаланды.
Санкт-Петербургтағы әскери-медициналық академияда шартты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің авторы, академик И. П. Павловтан дәріс тыңдаған бар болғаны екі – үш қазақ екен. Оның бірі - Х.Досмұхамедұлы, екіншісі – С.Асфендияров.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Жапонияның сыртқы саясатындағы Қытай және Корея

Қазіргі заманда әлем өзара өте тығыз байланысқан, сондықтан жер шарындағы кез-келген шиеленіс бүкіл дүние жүзіндегі қауымдастықтың экономикасына да, саясатына да әсерін тигізеді. Жапония, дүние жүзіндегі ең ірі державалардың бірі болғандықтан Қиыр Шығыстағы, тіпті бүкіл дүние жүзіндегі халықаралық жағдайға септігін тигізбей қоймайды. Кез-келген мемлекетің негізгі саясаты, ең алдымен, аймақтық қарым-қатынастарға бағытталған, яғни көршілес және жақын орналасқан мемлекеттермен қатынастарды жақсарту саясаты. Жапонияның Қиыр Шығыстағы көршілері – Қытай мен Корея Дүниежүзілік қоғамдастықтың бүгінгі және ертеңгі жағдайын нақты бағалай білу үшін, Жапонияның бұл мемелекеттерге деген шынайы көз қарасын білу қажет.
Жапонияның соғыстан кейінгі қарқынды дамуы, бұл азиялық мемелекеттің экономикалық супердержаваға және АҚШ пен Батыс Европа қатарында қазіргі заманғы үш негізгі дүниежүзілік саяси- экономикалық мегаполистің орталығының біріне айналуына әкелді. 1985 жылы Жапонияның жалпы ішкі өнімі дүниежүзілік жалпы өнімнің 10% құрады, АҚШ-22%, ал экономикалық қауымдастық пен даму ұйымына кіретін басқа да мемлекеттердің пайыздық өлшемі – 31% құрады. Жапонияда 80-ші жылдары орташа жылдық өндірістің өсу қарқыны (4,1%) оның бәсекелестерімен салыстарғанда әлдеқайда жоғары және тұрақты болды:АҚШ-та – 2,2%, ал басқа да жоғары дамыған капиталистік елдерде 0.7 мен 1,6 % арасын құрады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0