Бүгінгі өркениетті елдердің көпшілігі адамзаттың өсіп-өркендеу тарихын межелеп отыру үшін, шартты түрде, Ғайса пайғамбардың туған күнінен бастайтын жылсанау тізбесінде жиырмасыншы жүзжылдық қарама-қайшылықтарғасыры боп мәңгілікке қалатын шығар, сірә. Адам парасатының кемел мүмкіндігін танытқан ғажайып ғылыми-техникалық жаңалықтар да осы ғасырда ашылды, пендеге тән қатыгездіктің кейде қанқҰйлы соғыстар мен жаппай жазалауларға ұласатынын көрсеткен аласапыран төңкерістер де осы ғасырда болды. Азат ел болуды аңсап ұзақ күткен ірілі-ұсақты кейбір Ұлттардың дербес мемлекетін орнатуға бүгін ғана қолдары жетіп жатса, өркениет шуағына малынып, ішкі қуатын толық таныта алған кейбірхалықтар енді, керісінше, бір-бірімен қайтадан қосылуға үмтылуда. Пайда табу мен бір-бірімізден өктемдігімізді асыру мақсаттары жолында бәрімізге ортақ алтын бесік - жер ана төсін аямай-ақ бұлдірген, улаған біз - адамзаттың бүгінгі ұрпағы өзімізге түпсіз-түңғиық ғаламда бұдан өзге қоныс жоғын түсініп, баршамыздың бір кеменің үстіндегі тағдыр-ластар екенімізді сезіне бастағандаймыз ....
Анитбиотиктер азық-түлік қорын жасау үшін маңызды қоспаның бірі болып табылады. Олардың кейбіреулері өсімдіктерге зиянкес бактерияларға қарсы күресте маңызды қызмет атқарады. Олар мал шаруашылығында үй малдарының жұқпалы ауруларын емдеу құралдары болады, сөйтіп адамды азық-түлікпен неғұрлым толық қамтамасыз етуге сырттай көмектеседі.Сонымен бірге антибиотиктер жемнің сапасын арттыратын құрал ретінде де қолданылады. Химиялық құрылымы жағынан кейбіреулер белгілі бір химиялық қоспаның өнімі мысалы тетрациклин болса белгілі да антибиотиктер өте алуан түрлі зат болады. Өзінің химиялық құрамы ұқсас заттар клеткаларға әсері жағынан да бір-біріне ұқсас болады, және керісінше, құрылымы жағынан алуан түрлілігіне олардың антибиотиктік қасиеттерінің айырмашылығы да сай келеді деуге бола ма? Қазіргі кезге дейін алынған мәліметтер бізге мұндай сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді. Ал қазір пенициллиннің бактериялардың клеткалы қабырғасына әсер етіп, оның синтезделуіне кедергі жасайтыны белгілі болып отыр. Бактериялар әлі де болса біраз уақытқа дейін өсіп-өнеді; бірақ клетка қабырғасынан айырылғаннан кеін тез өліп қалады. Стрептомеицин клеткаға сіңген соң белоктар синтезделетін жер – рибосомаға жетіп, олардың тірщілігін тоқтатады. Белоктардың синтезделуіне тетрациклиндер, эритромицин, хлорамфеникол және басқа молекулаларының құрлымы ерекшелігіне байланысты әрқайсысы тек өзіне ғана тән әдіспен әсер етеді.....
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, біздің елімізде 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, Қазақстандағы мол қазба байлықтар қоры. Жылына елімізде 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастар достық, тату көршілік негізінде құрылғанымен де, екі тарапқа тиімді өзара пайда мүдделері де маңызды болып табылады деп айтсақ қателеспейміз. ....
Аксиаль роторпоршеньді машиналар аз өлшемдерде жоғары өнімділікпен және едәуір қысымдармен болып келеді, сондай-ақ олардың айналатын бөлшектерінің екпіні аз және реттеу дәлдігі жоғары. Бұл айтылғандар олардың қолданудың кеі аймағын қамтамасыз етеді. Тау кен өндірісінде АПРМ-дар арнайы орындалған және сериялы шығарылатын машиналар ретінде қолданылады. Сериялы машиналар 1200л/мин-ке дейінгі өнімділікпен 20,0 МПа-ға дейінгі қысымға арналып шығарылады....
Тұрлан гефизикалық экспедициясы Каспиймаңы ойпатының шығыс енеумаңы бөлігінде, әсірес Ақтөбе – Астрахан күмбезінің іргетасында1987 жылдан бастап сейсмобарлау жұмыстарын МОГТ жүргізген. Алдымен сейсмикалық зерттеулер тербелісті жарылыс көзін пайдалану арқылы тудырған, кейін сонымен қатар жармайтын құрылғы СВ – 5150 – ді пайдаланған. Берілген есеп беру сейсмикалық материялдардың көмегімен құралған. Онда сейсмикалық толқындарды жаратын және жармайтын әдістермен тудырған. " 1986 – 1990 жж. және 2000 жылға дейінгі кезеңде ССР – дің негізгі бағытта экономикалық және әлеуметтік дамуында" елдің жаңа ірі мұнайшығару кешенінің біріктілуі алдын ала ескеріледі, өзінің мағынасы бойынша тең Батыс – Сібір, ашық базада Каспиймаңы ойпатының аймағында Астрахан, Тенгиз, Қарашығанақ және Жаңажол кенорындарында. Осылармен байланысты Каспиймаңы ойпаңыңда геологобарлау жұмыстарының көлемінің елеулі өсуі алдын ала қарастырылады. Cоңғы болжамды бағаларға сәйкес бұл ауданның жоғарғы болашағы бар мұнайгаздылығы Қарашығанақ, Жаңажол, Кеңкияқ, Урихтау және т.б. аудандарында мұнай және газ кенорындарының ашылуымен тұжырымдалатын, боррты аймақтардың тұзасты түзілімдерімен байланысты. Көмірсутектердің негізгі қорларымен келтірілген карбонатты түзілімдер бірінші ретті объектілер ретінде қарастырылады. Бактыкарын партиясы 8/85 – 88 Турлан геофизикалық экспедициясымен МОГТ және ОГИ МПВ сейсмобарлау жұмыстары орындаған, ауданның карбонатты түзілімінің кеңінен дамуы Темір кенорнының фундаменті болып табылады. Административтік тұрғыда жұмыс аймағы Темір ауданы Ақтөбе облысында орналасқан ( 1 – сурет ).....
Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы өз кезегінде жүйке торшаларынан – нейрондардан және жүйкелік глеядан - нейроглядадан тұрады. Нейроглия торшалары нейрондар аралығында орналасады да, оларды біріктіре, дәнекерлей отырып, тіректік, қорғағыш және нәрлік қызмет атқарады. Жүйке торшалары жүйке жүйесінің құрылымдық және әрекеттік негізі болып табылады. Нейронның ядролы денесі және одан жан-жаққа тарайтын бір ұзын, көптеген қысқа өсінділер болады. Қысқа өсінділер – дендриттер, ал ұзын өсінді – нейрит немесе аксон деп аталады. Дендриттер сырттан келетін тітіркендіргіштерді қабылдап, нейрон денесіне өткізеді, ал нейриттер нейрон денесінде пайда болған тітіркеністі басқа нейрондар дендриттері ұшына, немесе атқарушы мүшеге жеткізеді. Нейрон өсінділері сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса келіп, жүйке тамырларына айналады. Бір жүйке тамырдың құрамында бірнеше мың немесе миллион талшықтар болады. Осыдан жүйке тамыры жүйке талшықтарының будасы болып табылады. Жүйке тамырларының негізгі қызметі – нерв импульстерін өткізу. Тітіркеніс деп тітіркендіру нәтижесінде нерв жүйесінде туындаған процесті айтады.....
Аралдарымен бірге Азияның территориясынан ағатын жылдық ағын 16 мың км шамасында , яғни Жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының жартысынан сәл азырақ . Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм-ге тең, бүкіл жерді тұтас алғандағы орташа қалыңдығы жағынан Азиядан кейін Оңтүстік Америка ғана алда тұр. Бірақ осы орташа шамалар Жердің зор материгі ішіндегі ішкі сулардың таралып орналасу ерешеліктерін толық көрсете алмай отыр. Азияда ұзына бойы созылып жатқан таулар көп. Осы таулардан Азияның ең ірі өзендері ағып келіп мұхиттарға құяды. Осы ең ірі өзендердің бастауы мына таулардан ағып шығады. Мысалы, Кавказ, Тянь – Шань, Гималай, Памир, Тибет, Қарақорым, Гиндукуш және тағы басқа таулар. Осытауларда мұздықтар көп таралған. Мұздықтар өзеннің толығуында аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60% ─ і сыртқы, 40%─і ішкітұйық алқапқа орналасқан. Солтүстік мұзды мұхитқа Обь, Енисей, Лена, Яна, Индишрка, Колыма, Тынық мұхитқа Амур, Хуанхэ (сары өзен), Янцзы (көгілдір өзен), Меконг, Үнді мұхитына Брахматура, Ганг, Инд, Әл – Араб өзендері құяды. Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері: Еділ, Амудария, Сырдария, Кура, Жайық, Іле өзнедері жатады және экваторлық белдеудегі өзендердің суы әр дайым жыл бойында мол болады. Азияның өзендері теңіздік жаңбырларға байланысты бүліл жаз бойы тасиды. Жерорта – теңіздік Батыс Азияның өзендерінің суы қыста молаяды.....
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада тарихта болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адам-гершіліктің де иесі болады деп жазды. Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Мон-тескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлса-фашысы –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорация-ларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өмір-шеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастар-дың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтама-сыз етуге зор мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері....
1995 жылдың 30 тамызында дүниеге келген ата заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясында заңдылық қағидасы белгіленіп, оны жүзеге асыру құқық қорғау органдарының алдында тұрған мәселелерді шешудегі ең басты мақсаты болып табылады. Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағы "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" - деп аталған, осыған сәйкес, барлық лауазымды тұлғалар мен азаматтар өзінің лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, тегіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша заң және сот алдында тең. Заңдылық қағидасын орындамау, қылмыстылықпен күрес жүргізетін органдардың қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасында дүние жүзіндегі қылмыстылықпен күрес ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес соңғы бес жылдың ішінде Республикамызда қылмыс саны екі-үш есеге өскен. Осы көрсеткіштерге сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың жасаган қылмыстарының саны үш-төрт есеге өскені ең басты мәселеге айналып отыр. Бұрын тек ересектерге ғана тән болған қылмыстар, айта кетсек қару-жарақ және наркотик сату, ұрланған заттарады сату, өз ортасында рэкет болу, қылмыс құрбандарымен қатыгез болу сияқты қылмыстар кәмелетке толмағандар арасында кең етек жая бастады. Сол себепті де заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстылықпен және өзге де құқ бұзушылықтармен шешімді түрде күрес жүргізу, олардың алдын-алу, қазіргі кездегі шешуші, әрі негізгі мәселелердің біріне айналып отыр....
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді. Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.....