Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері

КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасында астық өндірісі ауыл шаруашылығы ғылымы мен өндірісінің негізгі мақсатының бірі болып табылады, әсіресе ол нарық жағдайында аса маңызды болып отыр. Сондықтан бидай өндірісін ұлғайту экономиканы тұрақтандырудың маңызды резерві болып саналады.
Қосымша астық резервінің бірі –Солтүстік Қазақстандағы күздік дәнді дақылдар өндірісі. Барлық астық дақылдары ішінде күздік дәнді дақылдар өнімділігі барынша жоғары болып келеді. Олардың өнімі өзге дақылдардан гектарына 4-тен 12 центнерге дейін асып түседі. Сонымен қатар азықтық бағалылығы жаздық бидайдан еш кем түспейді. Топырақтан күзге-қысқы, ерте көктемгі ылғалды және сіңімді қоректік заттарды тиімді пайдаланады. Оны жел және су эрозиясынан жақсы қорғайды, арамшөптермен күресте де үлкен маңызы бар, ауруларға төзімді, ең қауіпті астық зиянкесі –астық сұр көбелегінен зақымданбайды. Сонымен қатар өсіп жетілуі 15-20 күн ерте аяқталады, ал ол егінді құрғақ және жылы кезеңде жинауға, ауыл шаруашылығы техникасын тиімді пайдалануға, көктемгі-күзгі ауыл шаруашылығы дақылдарын себудегі қауырттықты төмендетуге мүмкіндік береді. Егінді ерте жинау арқылы тамыз айында топырақты сүдігерге дайындауға мүмкіндік туады, соның нәтижесінде өсімдік қалдықтары жақсы минералданады, топырақта ылғал жинауға және арамшөптермен күресуге күздік дәнді дақылдар алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танап болып келеді әр кейінгі дақылдардың өнімділігі жоғарылайды.
Өсімдік технологиясы халық шаруашылығының ең басты салаларының бірі болып есептеледі. Сондықтан елімізде, әсіресе біздің республикада оны әрі қарай дамыту мәселесіне зор назар аударылып келді және келе бермек.
Қазақстан астық өндіру жқнінде дүние жүзіндегі белгілі елдердің қатарына жатады. Республикада астық шаруашылығының өркендеуінде басты көңіл бөлініп, жыл сайын орташа есеппен өндірілетін астықтың көлемін 26,5-28,5 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Ауа райы қолайлы жылдары ҚР-да астық өнімі 32-34 млн. тоннаға дейін жетеді.
Егін шаруашылығының көлемінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орынды (Ресей мен Украинадан кейін). Бірақ астықтың сапасы жағынан 1-ші орынды алады.
Республиканың егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде. Ол астықты көп өндіріп, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Оны төмендегі мәліметтер айқын айғақтайды.
Қазақстан астықөнімдері 1993 жылдан, яғни тың және тыңайған жерлерден игеруден бастап тез өссе бастады. Қазір республикада 25,5 млн. гектардан астық егіс егіледі. Қолайлы температура түптену кезеңінде 15-16 градус, масақттануда 18-20 градус, гүлдену мен пісіп жетілу кезендерінде 20-25 градус.
Күздік бидайдың көктеуі мен түптенуінде ылғалдың маңызы зор. Ф.Н.Прутцков пен И.П.Осиповтың (1990) деректері бойынша, себу қарсақында....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Библиография | Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні

Кіріспе

Қазақстан республикасында тәжірибемен тұжырымдалған жасалатын және қолданылатын құжаттарға деген жауапкершілікті шектейтін бірыңғай заңды орган жоқ. Бұл жауапкершілік атқаратын қызыметтеріне байланысты бірқатар мемлекеттік басқару және билік органдарына үйлестірілген. Ал арнайы осы органдарды құжаттандыру жүйесіне келетін болсақ, ол әрбір саланың министрліктері мен ведомстволарына жүктелген. Бұл министрліктер мен ведомстволар басқа да салаларды қамтитын нормативтік құжаттарды қабылдауы мүмкін. Кез келген ұйым немесе мекемеде және басқада да олардың құрылымдық бөлімшелерінде құжаттандыруды атқару үшін Республикада енгізілген нормативтік құқықтық актілер ескеріледі. Себебі құжаттандыруды және іс жүргізуді айналасын арнайы қабылданған, заңмен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге байланысты атқарған жөн. Жалпы құжаттандыру дегеніміз басқару саласындағы қызметтерінің құжатталуы бойынша мәселелерді реттеуші. Құжаттану қолжазба немесе арнайы тасымалдаушыға түсірілген ақпараттар мен қамтамасыз ету болып табылады.
Мен «Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні» тақырыбында жазған диплом жұмысымның негізгі мақсаты қоғамда басқаруды құжатпен қамту қандай болмасын салада, әсіресе өндірістік-шаруашылық жүйесінде, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда құжат және құжат жүйесінің орны мен рөді өте жоғары екенін терең қарастырдым.
Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарына тірек болған, ьарша құқықтық негіздер құрылды. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, қорғау сыртқы саясат ал салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бірнеше жыл дербес өмір сүру нәтижесінде Қазақстан Республикасында көптеген заңдар, нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Барлық қабылданатын заңдардың басқа да нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігі тікелей немесе жанама түрде азаматтарға жеке адамдарға туғаннан бастап қатысты болады.
Құжаттандыру өзінің пайда болуынан бастап осы кезге дейін мемлекеттік мекемелерді құжаттық қамтудың нәтижесінде негіздерін атқарып келеді. Құжаттандыру басқаруды қамту қызметтеріндегі ерекше бір сала бастады. Ал құжаттандырудың негізгі яғни іс қағаздарын жүргізу. Іс қағаздарды өздерінің сипаты және маңызы жағынан ерекшеленеді. Мәселен, мемлекеттік маңызы бар құжаттандыруға Қазақстан Республикасының жазба түрінде берілген заңы болып табылады. Қазақстан Республикасының дерективалық шешімдері басқару іс қағаздарының көптеген түрлері бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Биологиялық зерттеулерде политізбектік реакция әдісін қолдану

Кіріспе

Соңғы он жылдықта молекулалық биологияның, медициналық генетиканың, биохимияның, биофизиканың, микробиологияның, иммунологияның, онкологияның, эпидемиологяның және т.б. ғылымдардың қарқынды дамуы адам, жануар, өсімдік, бактерия және вирус геномын зерттеуде диагностикалық практиканың молекулярлы-биологиялық әдістің белсенді нығайуына әкелді. Бұл әдіс ДНҚ-зерттеу деп аталады. [1]
ДНҚ-зерттеу әдісі әр түрлі ауруларды ерте және толық анықтауға мүмкіндік береді. Терапияда нәтижелі бақылау жасауға және қазіргі диференциалды диагностика жасауға мүмкіндік береді. Тұқым қуалайтын ауруларды анықтауда таптырмайтын әдіс әсіресе қан іздерінен, шәуеттен және саусақ мөрінен қылмысты адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі танда ДНҚ-диагностиканың екі бағыты бар олар: гибридизационды нуклеин қышқылдарының анализі және политізбектік реакция әдісін қолдану арқлы диагностика. Молекулалық биология әдісінің дамуы ХХ ғасырдың 50-і жылдары басталды. Ресімей бастама 1953 жылы ДНҚ-ң құрылысының ашылуымен байланысты болды. ДНҚ-гибридизация әдісі инфекциялы қоздырғыштарды анықтауда қиындау, ұзақ және қымбатқа түсті. Оның орнына политізбектік реакция әдісі келді (ПЦР).
Политізбекті реакция –ДНҚ-ң репликациясының жүруін айқын көрсететін ең негізгі әдістердің бірі болып табылады. ПЦР әдісінің ашылуымен спецификалық молекула ДНҚ-ң миллиондаған молекула арасындағы маңыздылығы анықталды. [2]
Политізбекті реакция әдісінің ашылуы молекулалық биология саласындағы соңғы онжылдықтағы негізгі жаңалық болып табылады. Ашылған жаңалық медицина саласындағы диагностиканы жаңа, жоғары сатыға көтерді. Политізбекті реакция әдісінің маңыздылығы – ДНҚ-ң участогын лабораториялық жағдайда температуралық цикл барысында пробиркада амплификациялау (бірнеше қайтара көшірмесін түсіру). ДНҚ-ң әрбір көшірмесін жасау барысында алдыңғы процесте синтезделген ақпарат қайта синтезделіп, ДНҚ полимеразамен қайта көшіріледі. Осы процесс барысында ДНҚ-дағы ақпарат түрленіп, күрделене түседі де синтез процесінің жүруі жеңілдей түседі.
Политізбекті реакция анализинің ашылуы соңғы жылдары медицина мен ғылым саласында көптеген жетістіктерге жетті. Алғашқы кезде ПТР әдісі институт қабырғасындағы лабораторияда қолданылып, қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде практика жүзінде клиникалық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылуда. Инфекциялық ауруларды диагностикалау (соның ішінде агенттен туа біткен); микроорганизмдерді генотиптеу, олардың вируленттігін анықтау; микрофлораның антибиотиктерге қарсы тұру қабілеттілігі; генодиагностика және генетикалық дактилоскопия; қанның препараттарына биологиялық бақылау жасауда – ПЦР анализі қолданылып келеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
1 0

Дипломдық жұмыс: Тіршілік қауіпсіздігі | Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру кезіндегі еңбек қорғау шараларын өңдеу

КІРІСПЕ
Қазақстандағы минералды ресурстарды табу және қайта өңдеу ұзақ уақыт бойы экологиялық салдарсыз және табиғатты қорғау саясатынсыз жүзеге асырылып келді. Бұл жағдайда ауаның ластануының түрлі көздеріндегі зиянды заттардың қалдықтары үлкен мәнге ие болды. Мысалы 1988 ж. бұрынғы Кеңес Одағында ластанудың стационарлық көздерінен болған қалдықтар 5,4 млн.т. құрады. Аудандардағы таукен өндірісі комбинаттарының қарқынды әркеттерінен жер қыртысы, жер үсті және жер асты сулары ластанды. Ауа бассейнінің ластануымен қатар пайдалы кендердің құнды компоненттерінің де жойылуына әкелді.
Соңғы кезекте мұның бәрі адамның денаулығына кері әсерін тигізетінін де көрсетуіміз керек. Осы болжамға байланысты және ластану көздерінің шаң бөліну қарқындылығын анықтау, таукен өндірісі және құрылыс кешендеріндегі шаңмен күресу шараларын ұйымдастыру маңызды мәселе болып табылады. Түрлі көздердің шаң бөліну қарқындылығын дұрыс анықтау тиімді құралдар мен шаңды басу тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде қоршаған ортаның ластануымен күресу, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту да маңызды мәселе болып қала береді.
Жұмыста ұсақтау-сұрыптау фабрикаларындағы қайта тиеу желілерінен шаңның шектеулі-мүмкін болатын концентрациясына дейінгі шаң бөлінуді төмендетудің тәсілдері мен құралдары қарастырылады.
Үгітілген материалдардың физика-механикалық қасиеттеріне байланысты үгітудің түрлі кезеңдері үшін соңғы пайдаланыммен шаңды сору құралдары жасалған.
Берілген жұмыста ДСК бойынша бұзылған кен массаларының физика-химиялық қасиеттері есебінде ҚазҰТУ және ҚазБСҚА-да келтірілген шаңды сорудың құралдары мен тиімді тәсілдерін зерттеудің қорытындыларын жалпылауға талпыныс жасалған.
Теориялық және техникалық әзірлемелер таукен және құрылыс өндірісінде жұмыс істейтін инженерлік-техникалық білімі бар жұмысшылардың, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен аспиранттардың қызығушылығын тудырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Археология | ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Ғасырлар бойғы халқымыздың жеке шаңырақ көтеріп, өз алдына еркіндік туын тігуі, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдері қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Бұл қол жеткізген зор табыс болғанымен, оны кез келген мемлекеттің тәуелсіздігіне, елдігіне қажетті саяси, әлеуметтік-экономикалық алдыңғы қатарлы озық білім және мәдени жетістіктермен қамтамасыз етіп, одан әрі өрбіту керектігі сөзсіз.
Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі - мәдениет. Бүгінгі таңда мәдениет саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында біраз жұмыстар да атқарылып жалғасын таппақ.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда ұлттық мұраны сақтауға, зерттеуге, қастерлеуге ерекше ден қойылып, қазіргі заманның кезек күттірмес маңызды міндеттерінің біріне айналып отырған мәселенің бірі-халықтың мәдени мұрасының сақталатын, көрсетілетін, насихатталатын орны – музейлердегі коллекцияларды ғылыми тұрғыдан, терең зерттеу болып отыр. Бұл сала бойынша атқарылып жатқан игі істерге ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің деректану және қолжазба бөлімі өз үлесін қосуда.
Бұл бөлім ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде тұңғыш рет 1999 жылы құрылып, өз қызметін атқаруда. Бүгінгі таңда бөлімде жеті қызметкер атап айтқанда, бөлім меңгерушісі, екі ғылыми қызметкер, екі жоғары дәрежелі қор сақтаушы, екі кітапханашы жұмыс істейді. Бөлім қызметкерлері «Қазақ тарихына байланысты архивтік-деректі құжаттардың деректанулық зерттеулері» атты көп жылғы іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Онда сирек кездесетін қолжазбалар, басылымдар, нумизматика, эпиграфика, геральдика, сфрагистика, бонистика салалары бойынша қордағы және шетел архив музейлердегі экспонаттар, археологиялық деректанулық айғақтарды қарастырып, зерттеп ғылыми айналымға енгізуге ат салысуда. Дегенмен, ғылымның бұл саласында зерттелмей тың жатқан және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер әлі де болса баршылық. Осы бөлімнің қорында зерттелетін көп жәдігерлердің бірі – мөрлер.
Мөрлерді зерттейтін ғылым сфрагистика деп аталады – (грек тілінен sphragis аударғанда – мөртану дегенді білдіреді) – ол геральдика, нумизматика ғылымының бір саласы болып есептеледі. Басқа ғылым саласымен байланыстылығын мөрлерге қарап білеміз. Әр кезеңдегі мөрлер өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Мысалы, XVII ғасарлардағы мөрлердің ерекшелігі тарихи құжаттарда уақыты, мөр иесінің есімі, қала, ауылдікі екендігі көрсетілген.
Қазақ қоғамында хан, сұлтан мөрлері негізінен "тамшы іспетті" пішінді мәтінді, мөр иесінің әкесі мен атасының аты-жөні және "хан", "сұлтан", "би" атағы көркемделіп, нақышталып жазылды. Мұндай мөрлерді хан, сұлтан, билер ғана қолдану құқығы болды. Бұл куәландырғыш белгілерді қазақ хандары мен сұлтандары және билері өзара хат алмасуда, ішкі саяси іс жүргізуде, әр түрлі
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Қара мал пастереллезін полимеразды тізбекті реакциясымен балау

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі. Мал шаруашылығына қарқынды дамуына кейбір күрделі этиологиялық жэне мал өсірудің потологиялық процестеріне теріс әсерін тигізетін кейбір факторлы аурулар кері себебін тигізеді.
Ондай аурулардың қатарына ірі қара малдардың пастереллез ауруын жатқызады.Себебі қ.р - да пастереллез ауруы кең көлемде таралған инфекция қатарына жатады жэне де сан алуан экономикалық шығындарға ұрныратқаны белгілі болған.Сондықтанда бүл аурудың иондардың арқасында кеңінен таралуына жол бермеу үшін және е ауру салдарына түрлі экономикалық шығындарыды болдырмауда ауруды нақтылы әрі дәл балаудың факторлық маңызы өте зор болып саналады.
Қазіргі кезде пастереллез ауруын зертханалық жағдайда ғана балау және бірлендіру индентификациялау және культуралық тәсілдер қолданылады. Бірақта олардың бәрі бірдей диогностикалық бағалығы жағынан тиімді деп айтуға келмейді. Өйткені аталған тәсілдердің негізінен сезімталдығы, өзіндік тәндігі жеткіліксіз болса, ол кейбіреулері көп уақытты әрі мол шығынды талап етеді. Оған қоса бәл ауру жойқын жылдамдықпен өтетін инфкциялық ауру болғандықтан ауруды малдың тірі кездерінде балау жолдары әлі де толық анықталмаған.
Сондықтанда бүл ауруды уақтылы тез арада зертханалық балау үшін, өзіндік тән, әрі жоғары сезімталды экспрес тәсілдерді іздестіріп, тауып, әрі оларды жетілдіру мэселесіқазіргі замандағы ең бір өзекті тақырып болып келеді. Оған қоса бұл мәселе Қ.Р- сы өкіметінің стратегиялық бағытының инновациялық шешімдерді қарастырудағы мақсаттарымен толық сәйкес келетіндіктенде өте маңызды болып саналады.
Бұл проблеманы шешуге полимераздық реакциясы(ПТР) өте жетілдірілген балау тәсіл ретінде қолданылады. ПТР - дің көмегімен ДНК спецификалық өзіндік тэн тәсілдерін бөлігінің көшірмесін бірнеше рет үлкейте отырып жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын биологиялық сынамалардан тез әрі сенімді табу үшін қолдануға қажетті жоғары сезімтал, стандарттандырылған тест - система шығару өндірістік жолға қойылған. Бірақта бұл тәсілдің әлі де болса, жеткілікті еместігінің эрі өте қымбаттылығының сандарынан тэжірибеде кеңінен қолданыс таба алмай отыр, оған қоса күні бүгінге дейін арнайы ірі қара малдың пастереллезіне арналған диогностикалық тест - система Ресей мен Қазақстан Республикасында әлі даярланбаған.
ПТР - ді қоюға арналған тест - системе ДНК - ны анплификациялау принципіне арналғандықтан, бұл тест - системе бұрыннан қолданатына белгілі( имммунологиялық, бактериологиялық, микроскопциялық) тәсілдердің көмегемен таба алмайтын адам мен жануарларға потогенді бактерия мен вирус ДНК - фрагменттерін анфқтауға мүмкіндік туғызады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Библиография | Электронды құжаттар және мұрағаттар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуында сыртқы және ішкі, дәстүрлі және заманауй факторлар өз сабақтастығын тауып жатыр.Сабақтаса отырып дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен еліміз үшін бүгінгі таңдағы басты міндет – келешек ұрпаққа өшкенін қайта жандыртып, ұмытылғанын қайта еске салдыру. Осы айтылған ойды жүзеге асырудың ең алғашқы және басты этапы – қазақ мемлекеттігінің шынайы тарихын жазу болып табылады. Тарихтың небір қырлы да сырлы құпияларын ашу жолдарында сол замандарға қатысты құжаттардың алатын орны өте зор.
Әр заманның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құжаттар да өзіндік сипатқа ие болуда. 20 – шы ғасырдың басында дәстүрлі жазба құжаттармен қатар өмірге электронды құжаттар ұғымы келді. Көзбен көріп, құлақпен естіп білетін жаңа сарындағы құжаттар елдің саяси және мәдени өмірінің айнасына айналды. Ғасыр басында өмірге келген құжаттардың шоғырын іздеп тауып, жүйелеп сақтау сол заманда мұрағаттар алдында тұрған басты міндет еді. Көп жылдар бойына осы жұмыс атқарылып келе жатыр.
Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бері төл тарихымызға деген қызығушылығымыз бұрыннан бетер арта түсті. Қоғамның бұл сұранысын қанағаттандыру үшін республика мұрағаттары талмай жұмыс істеу үстінде.
Қазіргі заман ақпарат заманы болғандықтан ақпарат, соның ішінде ретроспективті құжаттар ақпарат қоғамның рухани, мәдени дамуындағы басты ресурсқа айналды. Электронды құжаттарды саяси, құқықтық, әлеуметтік және мәдени – ағартушылық салаларда пайдалану оларға деген сұранысты ұлғайта түсті. Дәлірек айтсақ, кешегі мен бүгінгіні байланыстыратын, өткеннен өнеге алуға уағыздайтын құжаттың соның ішінде электронды құжаттардың құны артты.
1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңында «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры
Қазақстан халқының тарихи – мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды» делінген. Аталмыш заңның 2 – бабында көрсетілген осы тұжырымдар арқылы біз фото құжаттардың мемлекет, ел үшін маңыздылығы қандай деңгейде екенін көреміз. Осыған сәйкес бүгінгі қоғам мүшелерін ретроспективті құжаттармен таныстыру және оны пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту Қазақстан мұрағаттарының басты міндеті болып отыр.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылы қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында аудиовизуалды құжаттарды қайта өңдеу шараларына байланысты көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы орайда цифрлеу әдісі арқылы ескірген құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар шет елден Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды (Мысалы Мұстафа Шоқай қоры) еліміздегі мұрағаттарға қайтарып алу бүгіндегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Бидай мутанттарының сапалық белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу

Тұқым қуалаушылықты зерттеу мақсатында және селекция тұрғысынан қарағанда, өсімдіктердің жасанды, мутагенезімен айналысатын зерттеушілердің алдында маңызды міндет тұр, ол – бағытталған мутацияларды алу [1]. Бұндай мәселенің шешімін табуға болады, ол әртүрлі мутагендердің және қосымша факторлардың әсер ету ерекшелігі арқасында мутагендердің генетикалық модификациялануымен дәлелденеді.
Жасанды жолмен алынған мутанттар селекционерді қызықтыратын дақыл формаларының әртүрлілігін жоғарылатады және келешекте сұрыптау мен гибридизация үшін кең жол ашады [2].
Бір сортта белгілі өндірістік, технологиялық және тұтынушылық қасиеттердің бірге қабысуы жұмсақ бидай селекциясының негізгі және шешімі қиын міндеттерінің бірі. Сондықтан, шаруашылықта құнды белгілері бар формалар алу үшін бидайдың өсуі мен дамуына әртүрлі мутагендердің әсерін зерттеу белгілі бір қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, генетикалық әсерлерді зерттеу мәселесі, әсіресе химиялық қосылыстардың әсерінен туындайтын мутацияларды зерттеу маңызды. Ұзақ уақыт бойы жасанды мутагенезбен жұмыс жасаған зерттеушілердің күш жігері селекцияда негізінен нақты фенотиптік сипатқа ие әртүрлі мутациялар алуға бағытталған болатын. Бірақ, көптеген макромутанттардың тіршілік қабілеті төмен, ал керісінше, кіші мутациялар жиі кездеседі және олардың өміршеңдігі жоғары болады [3-4].
Кіші мутацияларға әлсіз фенотиптік көрінісімен сипатталатын полимерлі гендердің мутациялары жатады. Полимерлі гендер немесе полигендер әдетте, сапалық белгілердің: өсімдіктің биіктігі, жапырақтардың мөлшері және масақтардың, масақшалардың, дәндердің, бүйір сабақтарының санына, белок пен май мөлшеріне, өнімділігіне, ерте пісу мен дамуына және т.б. белгілердің көрінуіне әсер етеді [5-8]. Осының әсерінен туындайтын мутациялар спецификасы үлкен маңызға ие.
Әлемдік селекция тәжірибесінде химиялық қосылыстардың, атап айтқанда, алкильді қосылыстардың дәнді дақылдарға әсері, көбінесе, құндылығы төмен, тек морфологиялық өзгергіштікке және өсімдіктің хлорозға ұшырауына жиі әкелетіндігі белгілі. Сондықтан, өсімдіктің өсіп – дамуына улы әсерін тигізбейтін, жұмсақ бидай сорттарының ауыл шаруашылығына құнды белгілерінің (өнімділігі, сапасы, тат және қара күйе ауруларына төзімділігі т.б.) өзгергіштік шегін ұлғайтатын әлсіз мутаген іздеу қажет болды.
Әдеби мәліметтерде кадмийдің токсинділігі, мутагенділігі және өсімдіктің өсуін тежейтіндігі туралы кеңінен талқыланған еңбектер кездеседі [1], бірақ, хлорлы кадмийдің 0,01 пайыздық ертіндісінің бидай дәніне әсерінен туындаған тұқым қуалайтын құнды белгілерімен алғашқы материалды алу жайлы жүргізілген зерттеу жұмыстары кездескен жоқ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Бидайдың жалпы сипаттамасы

Қай дәуірді алсақ та адам өмірі бидаймен тығыз байланыста болған. Осы кезге дейін сақталған кейбір қолжазбаларға көз жүгіртсек, дақыл тарихы тіпті де әріден басталатынын байқаймыз. Мәселен біздің дәуірімізге дейінгі 883 – 856 жылдарда жазылған Ассирия патшасы II – ші Ашурнасиралдың шежіресінде оның Наири еліне жорыққа шығу тарихы баяндалумен қатар, осы елдегі бидай өнімін жинап, бастыру туралы да деректер бар. Бидайдың әртүрлі ерекшеліктері біздің дәуірімізге дейінгі екі мыңыншы жылдары – ақ адамға белгілі болғандығы және сол кездің өзінде – ақ бұл дақыл кең көлемде егіліп, пайдаланылғаны мәлім.
Бидайдың бізге белгілі алғашқы түрлері бір дәнділер мен қос дәнділер болатын. Қос дәнділер біздің дәуірімізге дейінгі 7000 – шы жылдары Ефрат пен Тигр өзендерінің аралығында, онан кейін шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 4000-шы жылдары Батыс Азияда, Мысырда өсірілген.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша екі жүз миллион гектардан астам жерді бидай алқабы алып жатыр.
Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар егіншілікпен өте ерте заманнан – ақ айналысқан.
Қазіргі көзқкарас бойынша бидай полифилеттік жолмен шыққан екі туыстасқа жататын үш түрдің немесе Е.Р.Моррис пен Э.Р.Сирстің жаңа классификациясы бойынша бір ғана Triticum туысына жататын әртүрлі плоидты үш түрдің будандасуы арқасында пайда болған. Бидайдың амфидиплоидтарының пайда болу схемасы кестеде көрсетілген.
Н.И.Вавиловтың болжамы бойынша бидайдың шыққан, егіншілікке еніп, таралған ортасы мына аймақтар болып саналады: Алдыңғыазиялық (мәдени жалғыз дәнді, тургидум, қатты, жұмсақ, шығыс және персид, тимофеев, мех және тағы басқа бидайлар), жерортатеңіздік (қос дәнді – эммер, поляк, кәдімгі қос дәнділер және қатты бидайлар), абссиндік (қатты, поляк, тургидум және қос дәнді – эммер бидайлары). Орта азия аймағы аласа және домалақ дәнді бидайлардың алғашқы шыққан жері ғана емес, сонымен қатар жұмсақ бидайлар үшін де қайта қалыптасу ортасы болды. Бидайдың пайда болу және егіншілікке таралған орталары туралы осы айтылған тұжырымдамаларды қазіргі кезде ғалымдардың көпшілігі мақұлдап отыр.
Бидайдың шыққан жері – алдыңғы Азия, орталығы – қазіргі Иран, т.б. елдер. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан (Греция, Италия) қатты бидай шықты. И.С.Сүлейменовтың (1973) топшылауынша, біздің елімізде Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834 жылдан өсіріле бастады, XIX ғасырда ол қазіргі Қостанай, Ақмола, т.б. облыстар аумағында себілген, ал XX ғасырдың басынан республикамыздың барлық жерлерінде өсірілуде. Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн/га, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай өндірудегі ірі мемелекеттер қатарына Қытай, АҚШ,ресей, т.б. жатады. Қазақстан республикасында өсірілетін бидай астығының 80% - дан астамы Солтүстік қазақстан аймағының үлесіне тиеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кітап бизнесінің тарихы

КІРІСПЕ

Кітап – адамзат тарихындағы тұңғыш бұқаралық ақпарат құрал. Оның шығуы, дамуы жазу мәдениетімізбен тығыз байланысты. Арғысы тас кітаптан, одан ғана қағаз бетіне түсе бастады. Сол дәуірдегі біздің алғашқы қолжазбаларымыз - әл-Фарабидің, М. Қашқаридің шығармалары.
Интеллектуалдық білімнің қайнар көзі – кітап болғандықтан
Қазақстандағы кітап рыногі мен кітап басылымын сөз ету - өз алдына бөлек дүние.
Тақырыптың өзектілігі: Кітап бизнесі – жұртшылыққа мерзімді емес баспа өнімдерін таратып сатумен шұғылданатын сауда түрі. Кітап бизнесі туралы білім жүйесін зерттегенде кітап өнімнің тауарлық құнын ғана емес, тұтыну құнын бірге қарастыру керек. Бұл – киер киім, ішер ас емес, сонда да адам боп өсіп толысуымыз үшін бірден-бір азық. Ми, руханият азығы. Дәлірек айтқанда, рухани тауар. [1]
Кiтапты тауарға айналдырып саудалау оның сонау папирус бумасы, күйдiрiлген балшыққа, тақтайшаға не қайың қабығына жазылған түрлерiнен басталғаны белгiлi. Тiптi, сол замандарда- ақ қолжазба кiтапты көшiретiн орын даяр өнiмдi, яки қолжазба кiтапты сататын дүкендер де болған.[2]
Көне гректер кiтап сатушыны библиопол деп атапты. Осы сөзден француз кiтаптанушысы Г.Пеньо «Библиология жөнiндегi түсiндiрме сөздiк» деген кiтабында «библиополистика» атты термин туғызған. Бүгiнде библиополистика алғашқыдағыдай кiтап бизнесі деген ғана мағына емес, кiтап бизнесінің теориясы, тарихы, ұйымдастырылу негiздерi деген ұғымдарды бiлдiредi. [3]
Папирус қағаздары мен ағаш қабығына, теріге, жарғақ бетіне ою-өрнек арқылы жазылған кітаптарды сауда айналымына шығару әуелі Көне Шығыс мемлекеттерінде бой көрсеткен Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің кітап сатушылары тұңғыш рет кітап сату жабдығын жасап, оларды орналастыру, жарнамалау шараларын жүзеге асырды. Батыс Еуропада XIII-XIV ғасырларда университеттер мен ірі монастырьлар жанында кітап сатушылар корпорациясы құрыла бастаған. Мұнан соң қолжазба кітаптарды, ксилографиялық әдіспен немесе ағаш бетіне түсірілген өрнектер арқылы алынатын басылымдарды таратумен айналысушы тұрақты кітап рыногі ашыла бастады. Көне Русьте кітап бизнесі тұңғыш рет Григорий Печорский заманында (шамамен 1120-жылдар) пайда болып, І Петр реформалары тұсында айтарлықтай өрістеді.Мәскеу университеті жанынан ашылған кітап ләпкесінің қызметіне М.В. Ломоносов та көңіл бөліп отырған. Санкт-Петербург ғылым академиясы жанынан құрылған Кітап палатасы академияның өз басылымдарын сатумен әрі сырттан кітаптар әкелумен айналысты. Ресейдегі кітап бизнесінің дамуына оқырмандарға бағыт-бағдар беріп отыратын «Кітап хабаршысы» (1884-1916), «М.О. Вольф серіктестігіне қарайтын кітап дүкендерінің хабаршысы»(1897-1917), «Кітап биржасы»(1905-07), «Книжник»» (1898-1912). «Кітап сатушылар ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0