Күніне 2 литр су ішу дұрыс па

Су – тәтті. Оның дәмі, мөлдірлігі, пайдасын байқай бермейміз. Ағзаны, миды, сананы реттеп, іске береке беретінін, тіпті, мазасыз адамды тыныштандыратынын оның ерекшелігі деп түсінген абзал. Су уақыт талғамайды, бірақ көлем талғайды. Күніне 2 литр су ішу керек деген қағида дұрыс па? Сұрақтың жауабын және судың мүмкіндіктерін бірге анықтап көрейік.
Бізге судың қандай мөлшері керек?
Әдетте көпшілік адам күніне 2 литр су ішуі тиіс дейді. Бірақ барлық адам әртүрлі, олардың ағзасы, салмағы, жас ерекшелігі бірдей емес. 2 литр су ішу керек деп жай айта салу оңай. Дегенмен, кей адамдар суды көп қажет ететін жұмыс жасауы мүмкін. Күніне ер адам мен әйел адамның қанша литр су ішу керектігін анықтайтын мынадай формула бар: ......
Кеңестер
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазым

Құндыз апай ақылыңды
Жаттап өстім сөзіңді
Мейлі күндер, жылдар өтсін
Ұмытпаймын өзіңді.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ерте қартаюдың себептері

Өз жасымыздан егде көрінбеу үшін теріні жасартатын түрлі кремдер жағып, бетімізге көптеген маскалар жасап жатамыз. Сұлулық екпелерін егіп, басқа да косметологиялық сиқырларға жүгінетініміз жасырын емес. Осылайша, бетіміздегі «кәріліктен» құтылғымыз келеді. Десе де, кейбір әдеттерімізбен өзіміз қартаюға қарай қадам жасап жатқанымызды ескере бермейміз. Назарларыңызға қартаюдың негізгі себептерін ұсынамыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

ҮНДЕМЕУДІҢ ӨЗІ ҮЛКЕН ӨНЕГЕ

Тіліне сақ болудың қадірін, "үндемегеннің үйдей бəледен құтылатынын" жан жүрегімен түсінген хан баласы үнемі үндемей жүруді өзіне əдет етіп алыпты. Үнемі үндемей жүргені соншалықты əке-шешесі оны ауырып қалды ма деп уайымдай бастайды. Хан елдегі ең жақсы деген дəрігерлерді шақыртып, ем жасатады. Бірақ бұдан еш нəтиже болмайды.
Содан күндерден күн өтіп, хан баласымен бірге аңшылыққа шығады. Жол жөнекей еш аң кездестіре алмай дал болады. Кенет бір бұтаның арасынан құстың даусы естіледі. Оқтаулы мылтығын дауыс шыққан жаққа қарай атып жіберген хан құсқа дəл тигізеді. Бұрқ етіп жерге құлаған құсты көрген бала еріксіз:"Үніңді шығарып нең бар еді, даусың жетті түбіңе" деп қалады.Мұны естіген əкесі баласының басынан періп жібереді. Сонда баласы:"Артық сөйлеп нем бар еді, тілім басыма таяқ боп тиді" деген екен.......
Кеңестер
Толық
0 0

Масаларға қарсы 10 иіс

Жазда таза ауада барынша ұзақ жүргің келеді, саябақта демалғың келеді, көкке жатып, жайқалған гүлдердің хош иісіне бөленгің келеді.

Ванилин

Ванилинді балалар кремімен 1:10 пропорцияда араластырып, дененің ашық бөліктеріне жағу керек. Сонымен қатар ванелинді суға араластырып, ерітіндіні тері мен киімнің ашық жерлеріне сепсе болады.

Әніс, қалампыр, насыбайгүлдің эфир майлары
......
Кеңестер
Толық
0 0

Көк жуаның пайдасы мен зияны

Көк жуа кез келген тағамға қосымша керемет дәм береді. Оның құрамындағы пайдалы заттар мен дәрумендер жуашығына (пияздың басы) қарағанда көп. Көк жуа деп пияздың піспеген жасыл сабағын айтады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, көк жуаны шаш өсіруде немесе бекітуде косметологияда да қолданады.

Көк жуаның құнарлылығы 100 грамда 19 килокалорияны құрайды. Оның құрамы 1,3 г ақуыздан, 0,0 г майдан және 4,6 г көмірсудан тұрады. Сонымен қатар, көк жуада А, В1, В2, В5, С дәрумендері бар. Сабақтың емдік қасиеттері калий, натрий, магний, кальций, темір, фосфор және цинктің болуына негізделген.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бала көтере алмай жүрген аналарға кенес!!!

Ел ішінде мынадай ырым бар. Көпке дейін бала көтере алмай жүрген әйел кішкентай бүлдіршінге ұлдың немесе қыздың көйлегін теріс кигізіп жүргізеді екен. Ұлдың киімін ұлға теріс кигізсе, ұл туады, қыздың киімін қызға теріс кигізсе, қыз туады деп ырымдайды. Діни аңыздарда бұл ғұрыпты Сүлеймен пайғамбардан қалған деседі.Ұлық Алла Былқысқа көпке дейін бала нәсіп етпепті. Сол кезде Былқыс Сүлейменнің ақылымен бес жүз жетім баланың көйлектерін теріс кигізіп жүргізеді. Артынша бала бақытының нышаны байқалады. Қазақ арасында бұл ырым әлі күнге дейін жалғасып жатыр. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Шаш күтімі

Шашты экрандау (экранирование) процедурасы — шашты қалпына келтіру мен емдеудің бір әдісі. Бүгінгі материалда экрандау процедурасы және оның ламинирлеуден айырмашылығы туралы білетін боласыздар.

Шашты экрандау – арнайы препаратпен қаптау. Ол препарат «экран» деп аталатын қорғаныш қабатын түзеді. «Экранды» жасау үшін тотық және аммиак қолданбайды. Оның құрамына аминқышқылдары мен өсімдік компоненттері кіреді. Шаш құрылымы мен бұрым жағдайына қарамастан бір ай бойы процедура әсерін жоғалтпайды. Мұндай күтімді «shining (шайнинг)» деп те атайды. Себебі, бұл процедурадан соң шашыңыз жұмсақ әрі жылтыр бола түседі. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Ағзаны тазарту

Темекі шегу адам денсаулығына аса зиян екенін барлығы біледі. Бұл жаман әдетті неғұрлым тез тастасаңыз, соғұрлым денсаулығыңыз жақсарады. Осы қолайлы кезеңді пайдаланып, ағзаны никотиннен, яғни темекі уынан 2-3 күн ішінде тазартып алуға болады.

Бақытты болашаққа сау ағзамен қадам басу үшін, дастарқанға қандай тағамдар қойған дұрыс? ......
Кеңестер
Толық
0 0

Ағзаны сумен тазарту және сауықтыру

Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Сусыз өмір жоқ. Ағзада су болмаған жағдайда жасушалар жұмысын тоқтатып, ағза уланады. Дәрігерлер мен салауатты өмір салтын ұстанатындар күніне 2 литр су ішуге кеңес береді.
Бірақ адамдар судың емдік функциясы жайлы біле бермейді. Ағзаны сумен тазартып, сауықтыру ең қымбат және сирек дәрі-дәрімектердің күшімен бірдей болуы мүмкін.......
Кеңестер
Толық
0 0