Тақпақ: Ұстаз

Әрбір бала жүрегіне сақтаған,
Өз баласындай құрметтеген, баптаған.
Ұстаз неткен сабырлы едің, салмақты.
Бала үшін жан жылуын ақтарған.
Тақпақтар
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Орден


Әскери прогимназияның мұғалімі, коллежский регистратор Лев Пустяков өзінің досы поручик Леденцовпен көрші тұратын. Жаңа жыл күні таңертең сол көршісіне барды. Дағды бойынша поручикті жаңа жылмен құттықтағаннан кейін:

— Мынадай бір шаруа болып тұр, Гриша, - деді ол - Өте қарыздар болмасам, мазаламас та едім ғой. Бүгінге ғана маған «Станиславыңды»1 бере тұршы, қалқам. Спичкин көпестің түскі тамағына барушы ем. Ол итті өзің де білесің ғой, орденді көрсе өледі, мойнында не өңірінде бірдеңе салбырап тұрмаған адамды кісі есебіне алмайды. Оның үстіне байдың екі қызы бар... Настя, білесің ғой, және Зина... Саған досым деп айтып жатқаным ғой... Өзің де түсініп тұрған боларсың, сүйікті досым. Бір жақсылық етіп, орденіңді бере тұршы!

Осының бәрін Пустяков тілі күрмеле, есік жаққа жалтақтай қарап, қысыла тұрып айтты. Поручик әуелі оны сөккенімен, ақыры көнді. Күндізгі сағат екіде Пустяков арбакештің арбасында, ішігінің өңірін сәл қайырып тастап, омырауына қарағыштап, Спичкиннің үйіне қарай келе жатты. Алтынын жалтылдатып, құбылтып, омырауына таққаны біреудің "Станиславы".

"Тіпті, мерейің тасиды екен ғой өзі! - деді ішінен мұғалім, тамағын кенеп қойып. - Сәл-ақ зат, коп болса бес сом тұратын шығар, ал құдіреті қандай зор өзінің!" .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По | Тірідей жерленгендер

Жұрттың бәрін ынтықтыратын, әйтсе де әдебиеттің заңды игілігіне айналу үшін аса үрейлі тақырыптар бар. Егер оқушыларды жәбірлеп әлде шошытқысы келмесе, романшының әдетте одан аулақ жүргені абзал. Айдай ақиқаттығы алғаусыз болған жағдайда ғана бұл тақырыпқа қалам тартуға болады. Мәселен, Березинадан өту туралы, Лиссабондағы жер сілкіну жөнінде, Лондондағы оба жайында, Варфолемей түні немесе Калькуттаның Қара Апанында жүз жиырма үш тұтқынның қалай тұншығып өлгені жайлы оқығанда «қайғылы қасіреттен» жанымыз өксіді. Әйтсе де бұл жазылғандардың ақиқаттығы ғана, растығы ғана, шындығы ғана бізді толғандырады. Егер олар ойдан шығарылса, әрине біз жиіркеніштен басқа ештеңе сезінбеген болар едік.

Мен әлемге әйгілі, аса қайғылы оқиғалардың бірсыпырасын ғана атадым; олардың қисапсыз көптігі жан дүниеңді қасіретті мәнінен кем күйзелтпейді, адамдардың бақытсыздығы жөніндегі бұл ұзақ қаралы тізімнен көпке ортақ осы апаттың қай-қайсысынан болса да, әлдеқайда асып түсетін жан түршігер не сан қайғы-қасіретті оқиғаларды таба алатынымды оқушыларға айтып жатуымның қажеті бола қоймас. Шын қасіреттің, ауыр қайғының әмәнда жалқы болатыны, әсте қайталанбайтыны ақиқат. Ал қасіреттің уын басу адамзаттың емес, адам пешенесіне жазылған болса, ол үшін рақымы күшті жаратушы жаппар иеме ризалық білдіруіміз керек! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ислам діні тірегің

(Толғау)

Алланың ақ жолынан адастырып,

Адамзат санасына салған бүлік.

Жаһанға Кеңес атты келген заман

Діңдарлардың ауызына салып құлып

Ислам діні діңгегін алмақ жұлып.

Болғанда діндарлар аз қырылды ма ?

Күңіренді ел,

Күйзелді ел, еңіреді,

Әділетсіздік жегі құрттай кеміреді.

Айырылған дін пірадарлар абыздардан

Еңсесі езілмейтін темір ме еді?

Әйтсе де шыдап берді сабыр сақтап,

Ал Кеңес діндарларды жатты даттап.

Абайсыз атын айтқан айыпталып,

О дүние босағасынан жатты аттап.

Әйтсе де дінге сенім берік еді,

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деуменен

Жер ана қойынына еніп еді.

Сақтағандар Алланы жүрегінде

Дін қайта оралар деп сеніп еді.

Ақылға қашандағы сенім серік

Жан екен дейтіндердің діні берік,

Сауатсыз болуы да ғажап емес,

Әйтсе де бас тартпады діннен жеріп.

Негізін сол сенімнің қалап Алла,

Дамытқан ұстаз десек дауың бар ма?

Сол ұстаз кімдер еді қиын сәтте

Дін үшін қарсы шыққан қалың жауға?!

Алашқа Исламды таныстырған,

Ғасырларда бізден шалғай алыс тұрған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ернар Жидебаев | Сенімділік жетістіктің бастауы

Барымыз да, нарымыз да, ең құнды асылымыз бала-шағамыз. Бала дүниеге келген соң бұрындары маңызды деп қараған көп нәрсе, екінші орынға түсіп қалады. Әр қадамдарымызды солар үшін басып, олар үшін біршама нәрселерден бастартамыз. «Біз аш қалсақ та осылар аш қалмасын, біз көрмесек те осылар көрсін» деп жатамыз. Ал осы көздің қарашығындай қорғаштап, әлпештеп жүрген балапандарымызды жақсы жетілдіре алудамыз ба?! Әрине әрбір ата-ана баласы үшін барлық нәрсенің ең жақсысын қалайды. Алайда ең жақсы деп жүріп қателікке бой алдырып жататынымыз тағы бар. Өйткені баламызды қорғаймыз деп жүріп, олардың келешекте әлсіз, өзіне сенімсіз, білгенін шығара алмайтын, басатын әр қадамында ата-анасының мақұлдауын күтетін, нәтижеде жетістіксіз, бақытсыз тұлға ретінде қалыптасуына себепкер болуымыз мүмкін. Ал қалай етсек олардың жетістікті болуына ықпал ете аламыз? Мұның жауабы балаға қарай, отбасыға қарай өзгерсе де, жалпылама ортақ тұстары бар. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Абайдың жас шағындағы шығармалары


Ақын Абайдың шығармаларын барлық түгел бойында тексеріп, зерттеп шығудың бұл кітаптағы тәртібі (системасы) бүгінге шейін Абайды тану ретінде жазылған тексеру, сындардан әдіс жағында басқарақ болады. Ол басқашалық — орыс классиктерін тексеретін әдебиет тарихы ғылымының әдісіне байланысты.

Горький, Маяковский сияқты советтік социалистік әдебиеттің үлкен жазушыларын барлық жазушылық, ақындық жолымен түгел зерттеуде, біздің социалистік әдебиет тарихымыз қолданатын система, әдіс те сол бұрынғы орыс классиктерін зерттеудегі рет, тәртіп бойынша құрылады.

Нақтылап айтқанда, бұл әдістің өзгешелігі, ақын шығармаларын жазылған жылдары бойынша топтайды. Абайдың толық жинақтарын хронологиялық ретімен бастырға-нымыз сияқты, ақындық жолын да ең алғашқы өлеңдерінен бастап, жылма-жыл өсіп, даму ретімен тексеретін боламыз. Жылы аталған өлеңдердің алғашқы топтарынан бастап, ақын өмірінің соңғы жылдарында туған шығармаларына қарай ауысамыз. Ақындық эволюциясын, жазушылық жолын біртіндеп, кезегімен тексереміз.

Әрине, бұл қатардан оқшауырақ тұратын, жылдары белгісіз бірнеше өлеңдер бар. Ол топтың жайындағы сөз қосымша ретінде кейін қосылатын болады. Жеке жанрлық өзгешелігі бар шығармаларды да бөлек-бөлек тексереміз.

Абайдан қалған ақындық мұраның молы — ұсақ үлгідегі қысқа формалы өлеңдер болғандықтан, жаңағы айтылған тексеру, зерттеу әдісін әуелі осы лирика түрлеріне айрық-ша қолданып өтеміз. Бұл шығармалардан жанры басқа болғандықтан, Абайдың поэмаларын, аудармаларын және қара сөздерін бөлек-бөлек қарастырамыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Көйлек мәселесі


Күздің бұлыңғырлау бір күні, таңертеңгі мезгіл. Трамвай іші халыққа толы. Жанар кондуктордың тап қасындағы орындықта терезе түбінде ештеңеге көңіл аудармай, ойға шомып отыр.

Оның ұзын қайқыш кірпіктеріне ұялаған, күн шығар алдындағы орман үстіндегі бозғыл тұман секілді бір селдір көлеңке бар. Ол түнде ұзақ қадалып отырғандықтан ұйқы қанбағандықтың табы.

Трамвай, әдеттегіше, қоңырауын шылдырлатып кеп тоқтай қалды. Жұмысқа асыққан жұрт жабырласып тез мініп жатты. Тап осы кезде есік алдынан бір әйелдің шіңкілдей шыққан ашы даусы Жанардың тұнған ойының шырқын бұзып жіберді де, жалт бұрылып қарады. Бажылдап тұрған түбіт шәлі салған, шұбалаң қызғылт пальто киген, аяғында қонышына тірі ұстаған қызыл күрең туфлиі, қолында сол тұста былғары сумкасы бар сұңғақ бойлы, шегір сары келіншек еді. Жанар оны тани кетті. «Кербез ғой мынау, әкем - ау, қайдан жүр?!

Кербез бір аяғын трамвай баспалдағына салған күйде артына жалт бұрылды, жұртты бөгеп, қып – қызыл, қаймақтай жұқа еріндері жып-жып етіп шапылдап тұр.

— Сендер маған жоя көрсетпеңдер. Мінемін мінбеймін бе, өз еркім. Немене бәрің жабылып шу – шу етесіңдер. Алдағылар арырақ өтсін.

— Ішке кіріп сөйлеңіз, азаматша.

— Мінгіңіз келмесе, өзгеге жол беріңіз.

Жүретінін білдіріп, трамвай қоңырауын тағы шылдырлатты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Сэмюэл


Маргарет Хэнен жүрген жерінде көзге түсе кететін ірі түлғалы кісі екен, солай болса да алғаш рет көргенімде мен таңырқай қалдым: ол бүткіл бір центнер қанар қап астықты арбадан иығына алып ұрып, қамбаға қарай адуындай бет алып, тіп-тік басқышқа барып жеткенде ғана кідіріп тыныс алды. Бұл кемпірдің толқымастан, ауытқымастан өр күшпен, төрт басқыштың бірінен соң біріне көтерілгеніне сүйсінгенімнен мынау ауыр күштің астында екі бүктетілген тарамыс тұлғаның діңкесі құрып, иығындағы дәу қапты тастап жібереді-ау деген ойымның қайда кеткенін сезбей де қалыппын. Осынша ұлан-асыр күшті көріп, кеудіреген кемпірден көзімді ала алмай, арбаның қасында қалтардым да қалдым.

Астық толы ауыр қапты арқалап, арба мен сарайдың арасына алты рет қатынады, саусыз ба дегені болмаса, мені елең қылған жоқ. Арбадан жүгін түсіріп болып, қалтасынан оттығын алып, молтақ трубкасын тұтатты да, күс-қүс бармағымен темекінің қызыл шоғын басып-басып қойды. Қолына қарасам: сап-сары, ісініп кеткен, буындары буылтық-буылтық, қара жұмыстан тырнақтары мүжіліп, алақанын күс басқан, тілім-тілім, қайсыбір жерінен ырсиып жаңа жара көрінеді — әдетте ауыр жұмыста жүрген еркектің қолы осындай болатын. Қолының бадырайған тамыры қара жұмыстың азабын көп тартқанын, жасының келіп қалғанын аңғартады. Мынау қолына қарап тұрып оның бір кезде Мак-Гилл аралында айтулы сұм болғанына ешкім де сенбес еді. Анығында мұны мен кейін барып білдім. Тап бұл күні қарияның өзі де, өмір тарихы да маған мәлімсіз-ді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Василий Шукшин | Микроскоп

Осыған бел байлауы керек еді. Солай істеді де. Ол үйіне келді: есі шығып, өңі қашып кеткен әйелінің бетіне қарай алмастан:

— Әлгі... Мен ақшамды жоғалтып алдым, – деді бұл мезетте оның (қисық әрі дөңес біткен) сарғыш мұрыны қып-қызыл болып кетті. – Жүз жиырма сом.

Аузын ашып аңырып қалған әйелі сенер-сенбесін де білмеді: қалжыңы шығар деп ойлады. Жоқ, бұл қисық мұрын ешқашан қалжыңдап көрген емес-ті, қалжыңның не екенін де білмейді.

— Қайда жүріп? – деді әйел тұтқиылдан. Бұл не дерін білмей, күрмеліп барып:

— Қайда қалғанын білсем, іздеп барып алмас па едім.

— Жоқ! Оның болмайды! – деп шаптықты әйелі, – Бұл тәлкегің енді ұзаққа бара қоймас! – Пештегі ұзын көсеуге қарай ұмтылды. – Табандатқан тоғыз ай толғаттырамын, жексұрын!..

Ол әйелінің соққысын тойтармақ болып төсек үстіндегі жастықты алды. (Бұрынғылар жарқ-жұрқ еткен қалқанына сиынатын еді. Бұл жастықпен жасқайды!) Екеуі бөлмені шыр айнала сайысып жүр...

— Байқа, жастықты былғайсың! Жуатын өзің!..

— Жусам, жуамын, қисық тұмсық. Екі қабырғаңды сындырамын, сындырмай тынбаймын.

— Әкел қолыңды, уәде ме!

— Шама-шарқың белгілі, қисық тұмсығым! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ерхан Болатұлы | Бір кем дүние


Ақ пен қарасы таразыға тартылған, сынаптай сырғып қолда тұрмайтын уақыт қарымын кідірту пенде еншісіне бұйырмағын іс. Әр сағат алтынға парапар десек бір тәулік яки қолыңдағы жиырма төрт алтын іспетті. Бірінен – бірі алмасып заңдылыққа бағынған уақыт қанжары бір демде отыз күннің басын алып, он екі айды сергелдеңге салып селін сұлата тегінде сыры сан қатпар тарих қойнауына алалы – құлалы парақшасын алмастырады. Бір кем дүние десеңізші...

**** **** ****
Бірі – қуып - бірінен қашып, қанжілік кейіптегі дүниеде еш таусылмайтын ол - жанардың жасы екен. Кеудедегі жалт еткен үміт оты, көктегі жарқ еткен жасын сынды. Самалалардай самсап барып жоқ болып кететін. Құламай - тұруды, жыламай – күлуді, тұраламай – ұғуды білмес едік. Егер егес – егізі болмаса. Бір кем дүние десеңізші...
https://www.zharar.com/engine/ajax/controller.php?mod=upload&area=full_story&author=araylym94&news_id=15691&wysiwyg=no&dle_theme=null#
.....
Әңгімелер
Толық
0 0