Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Алдаберген Қайшыбекұлының естелігі


(Жаркент оязы, Тұзкөл болысы, Аламан ауылының Албаны)

Мен шілденің 10-ы күні Шалкөдеден келе жатып дүйсенбі күні Албанның Қарқараға жиналатынын есіттім. Шілденің 11-і дүйсембі күні Албан Қарқараға жиналды. Кеңесі, бала беру-бермеу. Көп бермеуге қаулы қылып келіп, Серікбай, Айтбай, Тұрлықожа — үшеуіне жауабын берді. Үшеуі келіп приставка айтты. Пристав бір ауық ашуланды. Бір ауық ақылын айтып, майдалады. «Қатты қатарға алынасыздар», — деді. Жұрт илікпей тұрып алысты. Аяғында пристав елге «тарқа, не жауап болса да болыстарыңнан естірсіңдер», — деді. Ел тарқады.

Мұның алдында «песір», болыстар шет пұшпақтап «іспескі» жазып жүр дегенді жұрт күңкіл қылатын. Әлгі жиналыстан қайтып келіп өзіміздің «песірдің» қолындағы «кінағаны» тартып алып, жыртып тастадым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Қасқырдың тарамысы

Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.

Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.

Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жетісудағы қазақ-қырғыздың көтерілісін басуға өкімет тарапынан қылынған қамдар


Жетісуды алғаннан бері орыстың өкімі күшке таянып, әскер, қамшы, абақтымен ел билеп келе жатқандығы айтылып келеді. Қалай да орыс өкіметі Жетісуға орыс келтіріп, оны «сенімсіз көшпеліге» күзетші қылды. Оларға жабдық үлестірілді. Казак-орыстардың еркек кіндігіне мылтық, жабдық үлестіріліп және туысымен жер кесіліп берілетін.

1914 жылғы неміспен соғыс шыққанда Жетісу орыстарына мылтық-қару қайта үлестірілді. Оғымен бердеңке берілді. Бұларға өзін-өзі қорғаушы дружина жасауға ерік етілді.

Жетісуда көтеріліс болатынының алдында орыстың қолындағы күш мынадай еді. Қапалда, Алматыда және Жаркентте бір-бір сақтық әскерінің дружинасы. Бұлардың әрқайсысында 885 -тен бесатар бар еді. Бақтыда 221 мылтықпен бір рота және Аягөзде 55 мылтықпен бес қарауылдық команда бар еді. Лепсіде 90 мылтық, Пішпекте — 194, Қарақолда — 75, Нарында — 75 мылтық бар еді және Пішпектің жергілікті командасында — 24, Алматының жергілікті командасында 44 бесатар бар еді. Бұдан басқа Алматыдағы зеңбірек қоймасында 101 мылтық бар еді. Мұның үстіне жабдықсыз атты запастың 3 бөлімі бар еді. Мұның үстіне Бақтыда, Жаркентте, Нарында казак-орыстың бір-бірден полкі тұрушы еді. Мұның арқасында 100- ден, 120-дан қылыш бар еді. Алматыдағы казак-орыс запасында 264 қылыш бар еді. Бақты, Нарын, Алматы мен Қапалдағы пружинаның екі-екіден пулеметі бар еді. Осы жоғарғы көрсетілгендерден Алматының дружинасының 1- ротасы Әулиеатаға, 20 казак-орыс, 30 ратник Бақтыдан Шәуешекке барып тұрушы еді.

Облыста солдатқа ат алатын болғандықтан атты запастың адамдары! барлығы да облыстан қазақ-қырғызға ат алуға бытыратылған да, бұлардың жергілікті командасы конвой қызметін атқарулы.

Сөйтіп өкімет қолындағы күштің ұзын саны 3736 еді. Бірақ қазақ-орыстың ауруларын санамағанда, анық сойыл соғары 500-ден артылмайтын еді. Осы әскерге қазақ-қырғыз көтерілетіндегі тапсырылғаны:

1) Бақты, Жаркентте қытай мен қазақ астасып кетпес үшін шекарада күзет қылу;

2) штабтың пәтерін күзету (әсіресе Алматыдағы);

3) ат алуға облыс (бойынша) бөлінген 13 учаскедегі конвойлық қызметін атқаруға —175 солдат. Бұлардың бәрі лау мінетін;

4) орыс қалаларын сақтау;

5) жаза (карательный) отрядын жасау. Жаза отряды көбінесе жергілікті казак-орыс солдатынан жасалды.

Ол уақытта бүтін облыста казак-орыс станицасымен 230-дан аса мұжық қаласы бар еді. Жоғарғы айтылған мылтықтар ылғи бесатар болып, олар орыстардың бұрынғы қолындағы бердеңке, қос атар сықылды жабдығының үстіне қосымша еді. Соның үшін әлгі әскер жабдығы мен өкімет солдаттары Қытай шегі мен дуан сықылды қауіпті жерлерге қойылды.

Жетісудың әр жерінен көтеріліс ұшықты шығып, «облыс соғыс халында» деп жарияланғанда, Жетісу 17 учаскеге бөлінді. Әрбір учаскенің басында бір-бір комендант белгіленді. Олардың қолында белгілі мөлшерде әскер күші болды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0