Әңгіме: Джек Лондон | Мың дожна

Дэвид Расмунсен қарапайым кісілер тәрізді ұрт мінез, бір еліксе еліріп, әңгірлеп кететұғын жан еді. Сол мінезінен болу керек Солтүстіктің дабырасын құлағы шалғанда, ендігі құмырын бір пайдалы кәсіпке бағыштап, жұмыртқа сатып, сауда жасамаққа тәуекел етті. Аздап есепке жүгініп қарап еді, шаш етегінен олжаға батты. Япыр-ау, Доусонда жұмыртқаның дожнасы құрығанда бес доллар дейікші, сонда Алтын Астанада бір мың дожнадан бес мың дожна пайда келтірмейтін не бар?

Айтпақшы, шығынын да есептеу керек-ау. Расмунсен беталды лағып кетпейтін сақ, құнтты адам болғандықтан мұны да мұқият ойластырды. Жұмыртқаның дожнасына он бес центтен төлегенде де мың дожнасы жүз елу долларға түседі екен, ал мұнан келетін орасан көп олжаға қарағанда бұл шығын боп па? Жол шығыны мен көлік ақысына ең көп дегенде сегіз жүз елу доллар-ақ кетсінші, әрине бұл шама, артығымен айта салған болжал ғой, сонда да ең соңғы жұмыртқаны сатып, алтынды аптай дорбасына саларда, уысына төрт мың доллар таза пайда оралады екен.

— Түсінесің бе, Альма, − деді ол толып жатқан қарта, үкімет орындарының есебі, Аляска жолының анықтамалары ыбырсып үйіліп жатқан бөлмесінде есеп-қисабын әңгімелей отырып, − түсінесің бе, жол шығыны Дайядан әрі шыққасын көбееді, оған дейін бірінші класспен жүргенімде де мықтағанда елу доллар елу доллар жұмсармын, а-ал, Дайядан Линдерман көліне дейін жүкші-индейлер жүктің қадағына он екі цент кіре алады деседі, былайша айтқанда жүз қадақ үшін – он екі доллар, мың қадаққа – жүз жиырма доллар ғой. Менің бар жүрегім мың жарым қадақ болсын-ақ, сонда оған жүз сексен доллар алады; оны-мұнысын қосқанда, қойшы екі жүз болсын. Клондайктан келген біреу Линдерман көлінде үш жүз долларға қайық оп-оңай табылады деп ант-су ішіп отыр. Екі жолаушы ала кетуге болады дейді, олар кісі басы маған жүз елу доллардан төлейді, − сонымен қайық өзіме тегіндей түсетін болды ғой, әрі ол екеуі жолда қолқабыс етпей ме. Қош... міне осы. Доусонда жұмыртқаны жағаға түсірем. Кәне, қанша болды?

— Сан Францискодан Дайяға дейін елу доллар, Дайядан Лидерманға дейін екі жүз, қайықтың құнын аналар өтесе, барлығы екі жүз елу доллар болады, − дейді әйелі зып-зып етіп.

— Иә, киім-кешекке, жол жарағыма тағы да жүз қос, − деді қуанып ері, − сонда жанымда бес жүз доллар ақшам қалады ойда жоқ шығынға. Бірақ ойланбаған не қалды?

Альма «бәсе» дегендей қасын керіп, иығын қақты. Егер солтүстіктің бір жазығы кең адаммен мың дожна жұмыртқаны жайындай жұтатыны рас болса, сол адамды бүкіл мал-мүлкімен ала кетпесіне кім кепіл. Әйел ойына келген осы бір күдігін еріне айтқан жоқ. Дэвид Расмунсеннің сылайы өзіне мәлім ғой, үндемей-ақ қойғанын артық көрді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Келіншектау сағымдары

Шілденің күні шаңқай түс болғанда батыстағы Келіншектау сағымданып, үздік-создық қимылдай бастайды. Баяғы байдың ұзатылған қызының көші қайта тіріліп, уап-шуап бара жатқандай.

Байдың қызы ұзатылған ғой. Қыз әкесіне өтініш айтыпты: Менің жасауыма алтын шаңырақты, күміс уықты ақ отау дайындатыңыз. Қазан, ыдыс-аяқ, табақ бәрі де алтын жалатқан күмістен болсын. Төсегімді пілдің сүйегінен жасат. Көрпе-жастық шытырма шәйі, сусыма жібектен болсын, — деп тағы басқа керек-жарақтың бәрін небір асылдан әзірлеткен ғой.

Жасау мүлкі қырық түйеге артылып, қалыңдық көші шұбатылып жолға шыққанда, кенет байдың қызы көшті тоқтатып, әкесіне:

— Әкетай-ау, біз бір нәрсені ұмытып кетіппіз ғой — дейді.

— Нені, шырағым?

— Итаяқ алтыннан болмады ғой.

Әкесі аттың үстінде келе жатып, қос қолының алақанын көк аспанға қарата жайып жіберіп:

— О, Тәңірі! Бар болсаң, мына көшті тас қыла гөр! — деп, сақалын көзінің жасы жуып, құдіретті күшті Құдайға шын ниетімен жалбарынған екен дейді. Әкенің қарғысы қатты, тілегі тәтті, байғұс қыз келіншек болып келе жатып, лезде бүкіл көш ұзақтан-ұзаққа созылған қаратас болып қатып қалған ғой.

Содан бері Келіншектау аталады. Күндіз оны сағым буып тұрады. Кешке жақын, күн батарда Келіншектау алыстан ерекше ап-айқын көрініп, келбеттеніп, құдіреттеніп кетеді.

Шілденің күні шаңқай түсте ысып, ми айналдыратын тұста, тірі жан кірерге тесік таппай, бәрі де алақандай болса да көлеңке іздейді. Тал түсте көлеңке де барынша қысқарады.

Киіз үйдің көлеңкесі қураған терідей қусырылған жерде келісті ақ ешкі екі лағымен бүйірі бүлкілдеп, ыстықтап жатқан болатын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Тортай шалдың есегі

«Басқа бәле тілден» деген рас екен. Кейін жаны мұрнының ұшына келгенде Тортай шал:

— Е, Құдай, маған тіл беріп қасқайтып қойғанша, неге мылқау қылып жаратпадың?! — деп жылаған көрінеді.

* * *

Шілденің ыстығына соғыстың от-жалынының қызуы қосыла ма екен, әйтеуір сол жаз қазан қайнатар ыстық болды.

Алапат аптапқа шыдай алмай ерні тілім-тілім жарылып, қанталап кеткен Тортай шал реңі қызыл шырайлы, негізі сары кісі еді. Сондықтан да аузын орамалмен таңып жүреді.

Тортай шал молотилканың тойымсыз өңешіне бидайды бау-бауымен лақтырады. Қарамай иісі аралас шаң-тозаң қарт кісінің қасы-көзін, аузы-мұрнын тұтып қалады.

Аузы-мұрнын танып алған ақ орамалды лезде тозаң тұтып, кіршең тартады.

Тортай шал бүгін Көк әңгіні қырманға өзі мініп кетіп еді. Дүниеде өзінің малы өзіне бұйырмағаны жанға қатты батады екен.

Көк әңгі, арам да болса, Тортайдың өз малы ғой. Сол есек мына егін орағы басталғалы бері иесінің тақымына тимейтін болды.

Ал ауыл мен қырманның арасы едәуір алыс жер. Қарт кісі жаяу жеткенше, кәдімгідей ентігіп қалады. Қисықбас бригатқа:

— Айналып кетейін Арқанбай-ау, мен жұмыстан қашпаймын ғой. Айтқаныңды істеп, айдауында жүрейін, тек менің есегіме тимеші, әкетай шырақ, жұмысқа жаяу жету маған тым ауырлау, – деп еді.

Қисық бас Арқанбай пұшық маңқылдап ала жөнелді: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Мен қалай үйлендім

Әркім өзінің, қалай үйленгенін айтып жатты. Кезек бурыл бас журналист Бекәділге келді.

— Соғыстан келген бетім, бойдақпын, - деп бастады Бекәділ, — жастар газетінде тілші болып істеймін. Мезгіл август айының аяқ кезі. Алматы — Москва жүрдек поезымен оңтүстіктің Ш. дейтін станциясына келіп, түсе қалдым.

Ш. ауданы мал өсіруден Қазақстан бойынша аты шығып дүрілдеп тұр. Озат малшылардың өмірінен очерк жазбақшымын. Бұрын мұнда болған емеспін, бірінші рет келуім.

Мезгіл кешкі уақыт. Күні бойы сіркіреп ақ жауын жауған. Қазір де басылмай, бүркіңкіреп тұр. Ауа сыз, бұлыңғыр. Былайғы жердің миы шығып жатса керек, ал станция басы асьфалтталған, саз емес. Бірақ жаңбыр суы көлкіп шылқып жатыр. Галошым да жоқ еді, судың молдау жерлерінен амалдап аяғымды өкшелей басам.

Сол арадағы жұрттан сұрастырсам, аудан станциясы басында емес, бұдан жеті километр жерде екен. «Оған қалай баруға болады?» — деп едім. Білегіне қызыл байлаған теміржолшы:

— Ана кетіп бара жатқан жұртты көрдіңіз ба? Солардың соңынан ілессеңіз, сонау мұржасы көрінген үй асхана, соған барасыз. Сол жерде автобус тоқтайтын аялдама бар, — деп жөн сілтеді.

Әлгіге рақмет айттым да, шұбырып кетіп бара жатқан он шақты адамның соңынан ілесіп жөнелдім. Жолдын батпағы ми болып жатыр. Галошсыз ботинкамның мықтап сорлайтынын сезсем де, істерге амалым жоқ. Өзі оншалық жаңа да ботинка емес еді. Әуелі қорқыңқырап басып, амалдап көрмек болдым. Бірақ бұдан ештеңе шығатын емес. Одан соң не болса да болды ғой деген оймен батылдана адымдап жүріп кеттім.

Бір кезде алдымда кетіп бара жатқан жұрт иіріліп, бөгеліп қалды. Сөйтсем әлгі арада ені екі метр шамасы, жағасы түйетайлы арық бар екен. Көпір ештеңесі жоқ. Жұрт амалдап секіріп жатыр. Қарттау бір адам арықтың ішіне тайып жығылып, үсті басын оңдырмай былғап алады......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Мен қалай үйлендім

Әркім өзінің, қалай үйленгенін айтып жатты. Кезек бурыл бас журналист Бекәділге келді.

— Соғыстан келген бетім, бойдақпын, - деп бастады Бекәділ, — жастар газетінде тілші болып істеймін. Мезгіл август айының аяқ кезі. Алматы — Москва жүрдек поезымен оңтүстіктің Ш. дейтін станциясына келіп, түсе қалдым.

Ш. ауданы мал өсіруден Қазақстан бойынша аты шығып дүрілдеп тұр. Озат малшылардың өмірінен очерк жазбақшымын. Бұрын мұнда болған емеспін, бірінші рет келуім.

Мезгіл кешкі уақыт. Күні бойы сіркіреп ақ жауын жауған. Қазір де басылмай, бүркіңкіреп тұр. Ауа сыз, бұлыңғыр. Былайғы жердің миы шығып жатса керек, ал станция басы асьфалтталған, саз емес. Бірақ жаңбыр суы көлкіп шылқып жатыр. Галошым да жоқ еді, судың молдау жерлерінен амалдап аяғымды өкшелей басам.

Сол арадағы жұрттан сұрастырсам, аудан станциясы басында емес, бұдан жеті километр жерде екен. «Оған қалай баруға болады?» — деп едім. Білегіне қызыл байлаған теміржолшы:

— Ана кетіп бара жатқан жұртты көрдіңіз ба? Солардың соңынан ілессеңіз, сонау мұржасы көрінген үй асхана, соған барасыз. Сол жерде автобус тоқтайтын аялдама бар, — деп жөн сілтеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Киллер сауысқан

(Көзжендет)

Бұла тірлік атаулыға баз кешірген бұлаң құйрық сауысқан екен...

Бұл болса — сол сауысқан сана билік еткен пенде екен. Қу құлқынның құлы боп, қу нәпсінің тұтқыны боп күн кешіп келіпті. Сауысқан саңғыған саңғырық сезім салғыртсып, сауысқан сорған саңғырық сана кеуіп қалғандай.

Ал ала мойнақ, құба құйрық сауысқан өлі-тіріге саят құрғалы қай заман?! Өлі өлексені де, тірі тірсектіні де жұмырына жұқ құрлы көрген емес.

Дәп бүгін де ауладағы молақ шөрке бетінде сыңар сауысқан шықылықтап отыр. Бөтегесі бос. Молақ бетін амалсыз тұғыр еткен түз құсы секең-секең жортақтап, қысқа мойнын соза жұтынып, ұзын құйрығы шоқаң-шоқаң қағады. Үй іргесінде көлеңкелей отырған иесі қара шалға қос жанары қанжардай қадалулы.

Ақиқатында, қалбиған қара шалға емес, иесінің алдында жатқан қақпыш бастарға көзін сатқан. Бірақ сырғақ сауысқанның қу бас атаулының қабағынан қарауыл қарағалы, көзұясынан жылы-жұмсақ қарбытқалы да көп болды... Балапан кезінен баулынған беймаза құс қой.

* * *

Күн қақтаған қара шалдың қатулы қабағының астында жатқан екі бас та ессіз. Екеуі де шикі, қанды бас. Бірі — арбиған орақ мүйіз арқардікі. Енді бірі – құлағы едірейген көк бөрінікі. Сойылмаған. Бітеу күйі. Көк желкелерінен балтамен шабылғаны көрініп тұр. Бөрінің қасқа маңдайынан қаракөк қылшық пышақтың қырындай көтеріле келіп, шабылған көк желкесінен шорт кесілген.

Екі бас та қаңсып, тістенген қасқа тістері ақсиып, құйқа терілері тұз сіңгеннен қақпыштана кеуіп қалыпты. Жанарлары жоқ. Арқардың жазықсыз жәудірі, бөрінің көк жалыны ғайып болып, орындарында үңірейген қос үңгір қарауытады. Ет жүректі селт еткізер сесті бастар жанары көңілге үрей көлеңкесін түсіреді. Оған бірақ қара шал қыңқ етер емес, еті өліп кеткен сияқты.

Қара шал есік алдына шығып, қорғасындай ауыр бастарды жерге дүрс еткізіп тастай салғанда, анадай жерде тік тұрған жалпақ бет шөрке үстіндегі сауысқан шықылықтап-шықылықтап жіберген еді бағана... Ол қазір қарны ашқанын білдіріп, ащы-ащы шықылық қағып, молақ тұғыры үстінде жорғалап-жорғалап кетеді. Жүрегін жалғар талғажу аңсап, бос бөтегесі бұлтылдап, иесіне ессіз бір көзқараспен еміне түсіп, қиық қанаттарын қозғап, қырандай қомдап-қомдап қояды. Қос басқа сыпсың етіп ұшып-ақ келгісі келеді, бірақ сирағынан сақиналанып салынған балақ бауға ұшталған шығыршықты шолақ баулы ірге бау ешқайда жібере қоймасын біледі. Біледі де бұлтың құс қара шалға мұң шаға, ашу шақыра ащы үн қатады. Ал шал да бір қара тастай болып алған. Кешеден бері құсқа деген ішінде қан қатыпты... Ала қанат болса аштықтан өзегі тала өттеніп, басқа жете алмай топқанат күйге түсіп отыр. Көлеңкеге тізе бүккен иесі болса ыстықтан терін сүртіп, шашын тықырлап алып тастаған тақыр басын жұқа орамалмен жауып алған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Жалғыз қолды биллиардшы


Төркіні жақын қыз дамыл таппайды. Өзің тұратын қаланың тап іргесіндегі демалыс үйіне тынығу соған ұқсайды екен. Қаншама алаңсыз боламын дегенімен бола алмайсың, екі күннің бірінде сары портфельді салақтатын, қала қайдасың деп, тартып бара жатқаның.

Сенбінің кешінде үйге кетіп, мұнда бүгін оралсам, биллиардшы достарым ұясын аю талқандан кеткен арадай гу-гу етеді.

— Ойбай, осында тынығуға жалғыз қолды біреу келіпті, биллиардты ғажап ойнайды! Ұтпаған адамы қалған жоқ...

Жай ғана мықты биллиардшы келіпті десе, мен әрине, таңырқамас едім. Ал мынау өзі жалғыз қолды, өзі мықты биллиардшы. Жалғыз аяқты керемет жүйрік біреу келіпті деген секілді құлаққа сөкеттілеу естіледі. Кім екен деп, көріп - білгенше ынтық болдым.

Сөйтсем, жұрттың өрепкіп, әңгіме етіп жүргендері өзім жақсы танитын, ағарту мекемесінің бірінде үп - үлкен қызмет атқаратын биязы әсем жігіт Халел болып шықты. Meн, бірақ, оның биллиардшы екенін білмейтін ем.

Амандасып болысымен:

— Ау Халел, сені жұрт керемет биллиардшы дейді ғой? Сондай да өнерің бар ма? Мұндағы ойыншыларды жайпап салған көрінесің? — дедім.

Өзінен шашы бұрын қартайған буырыл бас Халел сыпайы ғана күлімсіреп:

— Е, біздікі деген жай ермек қой, — дейді.

— Ермегің мынадай болғанда, ермек емесің қандай? Мүмкін екеуміз ойнап та жіберерміз?

— Еркің білсін.

Міне, біз биллиард ойнайтын бөлмедеміз. Осында тәуір екі ойыншы болса, біріміз деп жүргеннің өзімін. Халелмен күш сынасып көруге ынталы - ақпын. Бірақ жалғыз қолды адам биллиардты соншалық ғажап ойнайды дегенге іштей сене де қоймайтын тәріздімін.

Халелдің оң қолы иық түптен жоқ, бары тек сол қол. Екінші дүние жүзілік соғыспен ол есепті солай айырысқан. Соғысқа бір қолын садақа етіп берген де, шыбын жанын аман алып қалған.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Көңілді кеш


Алматы көктемінің тамаша бір салқын кеші. Әзімбай тротуарды бойлап, ойға қалып келеді бүгінгі кешті қалай өткізсем екен?

Кенет оның бет алдындағы биік үйдің жанында электр сәулесімен қызылды-жасылды болып құбыла жазылған «Ресторан» деген сөз жарқ ете қалды. Әзімбайдың бұл оншалық жек көрмейтін орны. Мм... деп ол майданда жарқышақ тиіп, кемтар болып қалған бұжыр алақанымен мұртын уқалады. Жүрісі де баяулап, батпақ кешіп келе жатқан адамша ілбіді де қалды. Ой үстіне ой келді.Кірсе жаман болмас еді. Кешті көңілді өткізіп, шалқып қайтуға болушы еді. Бірақ жоқ жомарттың қолын байлайды. Командировканың ақшасы адамды жарыта ма? Қалаға бұрын келіп жүргенде Әзімбайдың өзіндік тағы да бірдеңелері болушы еді. Бұл жолы оның реті келмеді.

Әзімбай мұнда әлі де үш – төрт күн болады. Әр күні үш мезгілден тамақ ішуі, қонақ үйге төлеуі. Содан соң автобустың жол ақысын төлеп Н. Ауданындағы үйге жетуі керек. Қаладағы бар ақша сондық қала. Қой болмайды.

Әзімбай тоқыраудан шығып, аяғын тездетіңкіреп басты. Ресторанның есігіне жалтақтай қарағанмен бұрылмады. Қатар – қатар көп терезе бұлар да ресторандікі. Адам аздау секілді. Сыра салған бөтелкелер, графиндер көзіне шалынғанда, Әзімбай тағы да қобалжыды.Алматыға айына да жылына да бір келгенде, тым құрыса бір рет сыраға тойып қайтпау деген... Әзімбай тағы да ілбіп, көңілінде есеп жүргізе бастады: кешкі тамақты бәрібір ішуім керек. Соның орнына екі-үш бөтелке сыра алсам. Жарайды, арзандау бір тамақ және алайын. Пәлендей қымбатқа түспейді. Оның есесіне ресторанда болып, музика тыңдап уақыт өткізіп қайтам.

Кір, кірме деген екі ойдың біріншісі еңсеріп әкетті. Әзімбай бұрылып, қайтадан кейін қарай жүрді. Екінші кереғар ойдың да жағы семер емес. «Кірме! Кірме! Кірме!» дейді. Кірген соң сенің жайың белгілі ғой дейді. «Жоқ, әлгі есебім есеп, бір грамм да татпаймын» — деп, Әзімбай өзіне өзі ант бергендей болды да, ресторанға кірді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: ОРАМАЛ МЕН ДІН АРАБТАРДІКІ дейтіндерге


"Орамал _ арабтардікі"... Жарайды, болсын делік! "Дін _ арабтікі". Жарайды, ол да болсын! Сонда қазекеңдердің бүгінгі істеп жүргенінің бəрі өзінікі ме екен? Сондай ұлтшыл һам салт-дəстүріне сондай берік халық болғаны ғой онда?! Ендеше ішіп жүрген "сайтанның сідігі" бабасының салты ма?! Жеп жүрген неше түрлі арамнан болған тамақтары атасының асы ма?! Киіп жүрген ит талаған киімі, күзелген байталдың құйрығындай шашы, ыңқылдап-қыңқылдап шығатын əуені...бəрі-бəрі қазақтікі болғаны ғой... сонда біздің Əжелеріміз ақ сандарын жалтыратып, маңдайларын жарқыратып, қолында темекі, мұрнында "шүлік", шолақ шашын шолтаңдатып, "салбөксесін" бұлтыңдатып жер тепкілеп билеген екен ғой, Жасаған!... Олай болмағанда "мынау орыстың ата тамағы, мынау батыстың қоқысы, мынау ірігені, мынау шірігені, анау адасқан..." деген сияқты "жақсылыққа жармаса кеткіш" сөздер осыларға келгенде неге сирек?! Тек аздаған "өз ұлтының дəстүрін өзге ұлтқа айырбастағандар" мен " намыссыз сатқындар" ғана ернін жыбырлатады. Ондада орамал мен дінді айтушылардай емес, сипай қамшылайды. -Кім білсін?! Қорқатын шығар. -Кімнен?
-қайдам... ...Тәйт, тіліңе шоқ түсіп, бетің тілінгір! Қазақ қазақ болғалы: "дінім_ислам, кітабым _ Құран, Пайғамбарым_Мұхаммед(Алланың игілігі мен сəлемі болсын!) дегеннен жазғаны жоқ! Ал, бүгінде дінді құбыжық қып көрсетіп жүргендер мен діннен аңдай жосып қашатындар Тектіден тараған тексіздер ғана! Ал, ақиқатында Дін арабтікі емес_Құдайын танығандардікі! Орамал арабтікі емес_Құдайдан қорыққандардікі! Қазақ үшін_салты мен тұрмысы. Оны, ата-бабаларымыз бізге аман жеткізудің айласы ретінде дəстүрге айналдырған. Сол үшін де біздің дəстүрі ДІНІМІЗ_ИСЛАМ ағайын! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Аяқталмаған мәжіліс


Сөйлем мүшелерінің алғашқы мәжілісі «Абай жолы» романының... бетінде шақырылды.

Мұнда шешуші дауыспен қатынасып отырғандар: Бастауыш, Баяндауыш, Толықтауыш, Анықтауыш және Пысықтауыш. Бұлар мәжілістің толық праволы мүшелері.

«Қатынасамыз дегендерге есік ашық» деп хабарландырылғаннан кейін бүгінгі мәжіліске грамматика майданының өзге саласында еңбектеніп жүрген талаптылардың да өкілдері келіпті. Сөз таптары атынан Сан есім, сөйлеммен грамматикалық байланыстары болмаса да Қыстырма, Қаратпа, Одағай сөздер қатысып отыр.

Бірінші болып, Бастауыш сөйледі.

— Мен Бастауышпын. Сөйлемде менің мойныма ұшан - теңіз жауапкершілік жүктеледі. Meн сөйлемдегі ойдың иесімін. Менсіз сөйлем басы жоқ теке тәрізді. «Кім? Не?» деп сұрай келген жан болса, атау тұлғада тұрған мені қиналмай бірден тауып алады. Рас, кейде көзге түспей жасырынып та қаламын. Бірақ ол менің кінәм емес.

Бастауыш осы сарында қыза желпініп, ұзақ сөйледі. Даусынан бұрқырап шаң көтерілгендей болды.

Екінші болып Баяндауыш сөз алды:

— Бәкен, тамаша сөйледі, — деп, сөзін ол Бастауышқа жағынудан бастады.— Бір ауыз артық сөзі болған жоқ. Ал енді мен өзім жайында айтайын. Мен Баяндауышпын. Қызметім — сөйлемде айтылған ой иесінің яғни Бәкеңнің іс-қимылын, күй - жағдайын білдіру. Бәкен жайын білгілері келген жұрт «Не істеді? Не істеп жатыр? Не болды? Хал -тұрмысы қалай?» — деп сұрайды. Осынын бәріне тиісті жауабын беріп, мен тиянақтаймын. Бәкен екеумізсіз сөйлем басы мен аяғы жоқ дене тәрізді. Міне, сондықтан да бізді ғалымдар тұрлаулы мүшелер деп атайды.

— Лепіріп, шалқып, дандайсып бүл не өзі! — деп, кенеттен Баяндауыштың сөзін Пысықтауыш бөліп жіберді.— «Мен! «Мен!» деп, кеуде қаға сөйлеуді осы қашан қоясыңдар! Тұрлаулы мүшелеріміз деп, бөлектенуді қашан доғарасыңдар? Бастауыш пен Баяндауыш бізсіз, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінсіз, сендер күрделі ойды бере аласыңдар ма? Бере алмайсыңдар. Ал мен болсам, Баяндауыш, сенін мағынаңды айқындап, суреттей түсем. Олай болса, сенің мені неге танығың келмейді, а!

Пысықтауыштың шанқ - шанқ етіп, ашынған үні парақтың арғы бетіндегілерге естіліп жатты.

Бұдан кейін Толықтауыш сөз алды. Ол Пысықтауышқа тиісті:

— Біреулерді сынай тұрып, өзің неге лепіресің? Баяндауыштың мағынасын айқындайтын сен ғана ма екенсің?! Етістіктен болған Баяндауыштарды қолдап - жебеп, көркейту, ол менің ісім емес пе? Менің бұл еңбегімді сөйлем мүшелерінің қайсысы жоққа шығара алады?!

Осылайша гүж - гүж етіп, жуан денелі Толықтауыш ол да бірқауым сөйледі.

Манадан бері бір қуарып, бір қызарып құбыла тыңдап отырған Анықтауыш сөз алды:

— Кімнің қандай кызмет атқарып жүргенін, жолдастар, өмір көрсетеді. Өмірге, шындыққа жүгініп сөйлеген жөн. Біз, Анықтауыштар, өздеріңізге мәлім, есім сездерді анықтаймыз. Одан басқа да сөз таптарымен байланысып, белгісін, сыр - сыпатын білдіретін кездеріміз болады.

Алдындағы сия сауыттан сияны қылқ еткізіп жұтып қойып, лепіріп сөйлей берді Анықтауыш:

— Біз, Анықтаушытар, есім сөздердің ғана емес, бүкіл сөйлемнің көркіміз, бояуымыз. Нелер ділмәр шешендер бізді, Анықтауыштарды, тіліне тиек етпей сөз сөйлемейді. Өмірдегі әдемілік пен сұлулықтың, асқақтықтың бір де біреуі біздерсіз сипатталмайды. Жамандық пен жауыздықтың нелер лас бояуын да біз келтіреміз... Біз... Біз...

Анықтауыш қақалып-шашалып, түр-түсі құп-қу болып барып сезіп бітірді.

— Шіркінің бөседі - ақ екен! — деп, босаға жақтан Шылаудың бірі кепке естірте күбір етті.

Парақ бетіндегі сөздер тыңдаудан жалығып, қақырынып, жөтеліп, қозғалақтап кетіп еді.

— Жолдастар, үзіліс жасасақ қайтеді? — деп Қаратпа сөз ұсыныс енгізді.

Екі үтірге шынтақтап, шаршап отырған Қыстырма сөз:

— Үзіліс жасаған, әрине, дұрыс болады, — деп қостады.

— Тым болмаса бес минут, — деді Сан есім.

Мәжілісті басқарып отырған Бастауыш үзіліс жариялады.

— Уһ! — деді Одағай Леп белгісіне сүйеніп, орнынан тұрып жатып.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0