Реферат: Биология | Альвеококкоз

Альвеококкоз (alveococcosіs; синонимі: көп камералы эхинококкоз — эхинококк тектес таспа құрттардың (echіnococcosіs alveolars) әрекетінен болатын ауру. Қазақтар кейде оны "бауыр құрт” деп атайды. Құрт иттің, қасқырдың, түлкінің ішектерінде арамтамақ (паразит) ретінде өмір сүреді. Көбінесе бауырда, өкпеде, кейде бүйректе және жүректе де орналасады. Құрт дернәсілі өсе келе сол орналасқан ағзаның бөліктерін біртіндеп зақымдайды. Ауру көп жылдар бойы адамға еш белгі бермеуі мүмкін. Құрт өсіп, көбейе, келе А. белгісі пайда болып, паразит орналасқан органның көлемі ұлғаяды. Егер құрт бауырда орналасса, ол ұлғайып, қатаяды, науқас тез жүдеп, терісі сарғыш тартады, қан құрамында эозинофилдер көбейеді. А-ды толық анықтау үшін рентген сәулесі, ультрадыбыс пайдаланылады және лабораториялық зерттеулер жүргізіледі. А-дың негізгі емдеу жолы — хирур. жолмен алып тастау. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Секіртпе

Секіртпе (Bradsot) — қойда болатын өте жұқпалы ауру. Ауру малдың аяқ асты өліміне соқтырады. Қоздырғышы — спора түзетін анаэробты микроб (Clostrіdіum septіcum). Секіртпе кенет пайда болады. Аурудың аса жедел түрінде мал қалтырайды, іші кебеді, аузынан көбік ағады, мұндай жағдайда 10 — 15 минуттың ішінде қой өліп кетеді. Секіртпенің аса жедел түріне ем қонбайды. Ал жіті түрінде — малдың мойын тұсында және тамағының астында ісік пайда болады, кейде тістерін қайрап, бір орнында айналшықтайды, қалтырайды. Ауру қозған кезде қойлар аяқтарын алға созып, бастарын шалқайтып құлайды, 2 — 12 сағаттан соң өледі. Секірпемен көбіне 2 жасқа дейінгі жас төлдер ауырады. Ауруды негізінен ауру және қайта ауырған қойлар қоздырады. Секіртпемен ауырған малдың 90%-ы өледі, өлген малдың өлімтігін өртейді. Емі: ауру созылмалы болса, көпәсерлі антибиотиктер, иммунді қан сарысуы қолданылады. Секіртпе шыққан отардың қонысын өзгертеді.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аденофлегмона

Аденофлегмона. Лимфа түйінінің іріңдеп, инфекцияның айналадағы клеткаға таралуы. [1]

Пайдаланған әдебиет



↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3 .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жемтүсу

Жемтүсу — жылқы тұяғының іріңсіз қабынуы. Бұл жылқыда ғана болатын ауру. Екі алдыңғы не екі артқы тұяғына, кейде төрт тұяғына жем түседі. Алдыңғы тұяғы ауырса жүрелеп көсіледі, артқы тұяғы ауырса бүрісіп, аяғын бауырына тартады. Ауру жылқы басын, мойнын көтере алмайды. Тұяғының қызуы көтеріледі. Жемтүсу ұзаққа созылса, тұяқтары бүрісіп қалады. Аурудың негізгі себептері: қатты шауып, алқынып еті қызған жылқыны кенет салқындату, ыстықтай суық суға шомылдыру, құрамында азоты көп (бидай, қара бидай, көк жоңышқа) және шіріген, көгерген, үсіген жемшөп беру. Ауыр жүкпен қиын, таулы жолда ұзақ жүру де бұл ауруды туғызуы мүмкін. Емі: алғашқы 2 — 3 күн тұяқтарын суық суға езілген сазға батырады; ауру аяғын жіліншігінен төмен қарай ысқылайды; іш жүргізетін дәрі-дәрмек береді. [1]

Пайдаланылған әдебиеттер



↑ Қазақ энциклопедиясы,3 том .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Өтте тас байлану

Өтте тас байлану







Өтте тас байлану.

Өтте тас байлану, холелитиаз – адам организмінде зат алмасу, әсіресе май алмасу процесінің бұзылуынан туатын ауру. Дерт өт қабығында көлемі, құрамы және сыртқы пішіні әр түрлі тастардың түзілуімен сипатталады. Өтте тас байлану көне заманнан белгілі. Бұл ауру туралы деректерді Гиппократ, Әбу Наср әл-Фараби, ежелгі римдік энциклопедист-ғалым А.К. Цельстің еңбектерінен кездестіруге болады. Бұл ауру семіру, қант диабеті, холецистит, ұйқы безінің қабынуы (холецистопанкреатит) дерттерінің салдарынан болуы мүмкін, сондай-ақ әр түрлі жұқпалы ауруларды дер кезінде емдемеуден де болады. Өт қабы мен өт жолында бөгелген өт бауырды қысады, соның нәтижесінде өттегі холестерин шала ыдырайды. Осыдан өт қабы мен өт жолы қабынып, ісініп тарылады, өт баяу жүреді, ал оның құрамындағы заттар бірте-бірте шөгіп тасқа айналады. Өт жолын тас бітегенде адамның денесі сарғайып, жиі кекіру басталады. Ауруды ультрадыбыспен зерттеу арқылы анықтайды. Аурудан сақтану үшін тамақты аз-аздан, тәулігіне 5 – 6 рет ішу керек; рационнан аса майлы тағамдарды шығарған жөн.

Емі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Истерия

Истерия (грек. hystera – жатыр), ұстамалы сырқат – адам мінез-құлқының, қозғалысының, сезімталдығының, ішкі органдар қызметінің бұзылуынан болатын психикалық ауру. Ежелден гректер истерияны жатыр ауруларының салдарынан болатын тек әйел дерті деп санаған ("истерия” аталуы содан). Бұл аурудың негізгі себептері, көбінесе, жүйке жүйесінің бұзылуы, психикалық қайғы, аурудан жүдеу, ми жарақаттары, дұрыс тәлім-тәрбие болмауы, т.б. И.Павловтың айтуынша, жоғары жүйке жүйесінде тежелуден гөрі қозу басым болғанда ғана истерия пайда болады. истерияның белгісі әр адамда әр түрлі, көп жағдайда ұстамалы дерттің белгілері байқалады; истериялық талма кезінде адам кенеттен құламайды, құласа да еш жерін жарақаттамайды, тілін тістемейді, аузынан көбік ақпайды, тек көз қарашығының көлемі өзгереді. Мұндай көріністі эпилепсиялық ұстамамен шатастырмаған жөн (қ. Қояншық). Негізінен, истерия кезінде адам денесінің жартысына жуығы өзгеріске ұшыраса, кейде мұндай құбылыс аяқ-қол немесе бетте ғана байқалады. Кейде истерия кезінде жылау мен күлкі бір мезгілде келеді, тынысы тарылып, бір нәрседен қорқып шошиды, киімін жыртып, шашын жұлады. Беті қызарып, көруі нашарлап, құлағы естімей, қол-аяғы жансызданып, дауысы қарлығады, құсады, кекіріп, есінеп жөтеледі. Ал егер бір нәрсе қатты ұнаса, көңілі көтеріліп, ақтарыла жарылып, көңіліне жаққан адамды, дүниеде одан артық жан жоқтай көреді. истерияның ауыр жағдайында адамның көз алды қарауытып, галлюцинация басталып, бұл – науқастың сандырақтауына ауысады. истериядан алдын-ала сақтанудың бірден-бір жолы – отбасында, мектепте, қоғамдық ұйымдарда дұрыс тәрбие беру; адам мінез-құлқына әсер ететін жағдайларды болдырмау. истерияны психотерапия (адамның өзіне және өзін қоршаған ортаға саналы да сын көзбен қарап, әділ баға беруі); еңбек терапиясы (қара жұмыс жасау); жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрілер ішу; физиотерапиялық шара қолдану арқылы емдейді.

Сілтемелер



"Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Секпіл

Секпіл (ephelіdes) — адамның терісіне түсетін пигментті ұсақ дақтар. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде пайда болады. Секпіл тері клеткаларында пигмент — меланиннің көп жиналуынан болады. Секпілдегі ақшыл қоңыр, қара қоңыр, пішіні дөңгелек, сопақша не белгілі бір пішінсіз болып келеді. Әсіресе, көктемгі және жазғы маусымда секпілдің көбейіп кететіні соншалық, олар бір-бірімен қосылып, тұтас қоңырқай даққа айналады. Секпіл адамның бала кезінде пайда болып, жас ұлғая келе, көбіне 30-дан асқаннан кейін өздігінен жоғалады. Көп жағдайда ақ құба, сары не жирен шашты, терісі жұқа адамдарда кездеседі. Емі: ең алдымен секпіл тудыратын гинекология, асқазан, ішек-қарын ауруларын, эндокринді, жүйке жүйесі жұмысының ауытқуын емдеу қажет. Тәулігіне 1 граммнан 3 рет аскорбин қышқылы беріледі. Дақ бар жерге лимон сөлі, лимон қышқылы, сірке қышқылы, 30%-дық пергидрол, 10%-дық сынап, 5%-дық гидрохинон майлары жағылады. Секпіл түскен жерлерді күн сәулесінен қорғау қажет.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Даун синдромы

Даун синдромы (21 хромосоманың трисомиясы) – 21-жұп хромосомалардың қалыпты екі көшірменің орнына 3 көшірмесімен (трисомия) көрінетін геномдық патологиялардың бір түрі, сондықтан адам кариотипі қалыпты 46 хромосома орнына 47 хромосомадан тұрады. Берілген синдромның басқа 2 формасы белгілі: 21 хромосоманың басқа хромосомаларға транслокациясы (жиі 15, сирек 14, өте сирек 22, У хромосомаға) - 4% жағдайда, синдромның мозаикалық нұсқасы – 5 % жағдайда кездеседі. Синдром ауруды 1866 жылы алғашқы рет сипаттаған ағылшын дәрігері Джон Даунның есімімен аталған. Туа біткен синдромның себебі хромосомалар санының өзгеруіне байланысты екенін 1959 жылы француз генетигі Жером Лежен анықтаған. «Синдром» сөзі белгілер мен қасиеттердің жиынтығы деген мағына береді. Бұл терминді қолданғанда «Даун ауруынан» көрі «Даун синдромы» сөзін қолданған дұрыс. Даун синдромымен ауыратын адамдардың Халықаралық күні алғаш рет 2006 жылдың 21 наурызында өткізілді. Мерекенің күні мен айы жұп хромосоманың реттік номері мен санына байланысты таңдалған болатын. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы

Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) – сәулелендіруден өткен жасушалар ұрпақтардағы көптеген генетикалық өзгерістердің de novo туындауы. Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы бірнеше ұрпақтарға беріледі, сондай-ақ, бастапқы ұрпақтар жасушаларында байқалатын генетикалық өзгерістер сәлелендіруден өткен жасушаларда пайда болған өзгерістерден ерекшеленуі мүмкін. Осы күнге дейін есептеліп келген, сәлелендіру кезінде жасушада пайда болатын жасушалардың қырылуы, мутациялар, хромосомалық аберрациялар және ісіктердің тасымалдануы сияқты, ДНҚ-ның алғашқы құрылымының қайтымсыз зақымдалуының нәтижесі болып табылатын, иондаушы радиацияның ағзаға кері әсерінен пайда болатын осындай биологиядық өзгерістер нәтижесі болып саналатын. Бірақ бұған қарама-қарсы нәтижелер алынған, сәлелендіруден кейін тірі қалған жасушалардың бір бөлігі түрі өзгерген ұрпақ беруі мүмкін, бұдан бірнеше ұрпақтар бойы жиілігі жоғары хромосомалық аберрациялар мен гендік мутациялар пайда болуы мүмкін, кейбір жағдайда апоптоз жолымен жасушалардың көптеп қырылуына әкеліп соғады және т.б. Бұл кешеуілді радиация әсерінің байқалуы радиация әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) деген атпен мәлім. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ауыз уылуы

Ауыз уылуы

Ауыз уылуы (стоматит) — ауыздың кілегей қабығының қабынуы.

Оның бірнеше түрі болады. Олар: ауыз кілегей қабығының жай ғана қызаруы; екіншісі — жас балаларда кездесетін — ауыз кілегей қабығының күлбіреуі; үшіншісі — ауыз ойылуы.

Ауыздың кілегей қабығы қатты қабынғанда адамның қызыл иегі қатты ісініп, қанай береді, ұрттың кілегей қабығы қабынғанда тістің батқан ізі көрініп тұрады, сілекей ағады, кейде мүңкіген сасық иіс шығады.

Уылудың екінші түрін ауыздың кілегей қабығына стрептококк немесе стафилококк микробы еніп қоздырады. Мұнда кілегей қабықша мен қызыл иектің әр жері күлдіреп ағарады. Адам тағам шайнаудан қалады, көңілі делсалданып, ашуланшақ келеді, аузынан сілекей ағады, дене қызуы 37,2—37,5 ℃ дейін көтеріледі. Ал аузы ойылған, уылған адамның тістерінің түбі ісініп, сұрғылттанады, қызыл иектері жара болады, жақ астындағы бездер шошиды, тамақ ішуі қиындайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0