Сейпін деген хан болыпты. Ханның Мүбәрак дейтін уәзірі болыпты. Ханның уәзірі ханға айтыпты:
— Ханда 40 кісінің ақылы бар дейді, егерде сізде 40 кісінің ақылы бола тұрып, дау болса, жаңжал болса бізге неге жолдайсыз, өз бетіңізбен неге бітіріп жібермейсіз? Бізбен неге ақылдасасыз? – депті. Сонда хан айтыпты:
— Ханда 40 кісінің ақылы бар екендігі рас. Бірақ бір жерде Самыр деген шал бар, сол шалда 40 ханның ақылы бар. Сол шалды мұнда қонаққа шақырып кел, – депті хан уәзірге. Мүбәрак Самыр шалды қонаққа шақырып әкеліпті.......
Құдық терең еді, сондықтан арқан да ұзын болатын. Су тола шелекті тартқан кезде, шығырық ауыр айналатын. Құдықтың суы керемет мөлдір болғанмен, оның бетінде күн сәулесі шағылыспайтын, ал енді күн сәулесі өлеусіреп болса да жеткен жерлер, тастардың арасы жап-жасыл мүктен көрінбейтін.
Міне, тап сол араға құрбақаның үлкен тобыры қоныстанған. Құдықтағылар оларды ауып келгендер деп есептейді. Дәлірек айтқанда......
Өткен замандарда Әбдіхамит деген патшаның уақытында бір адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып алыпты.
Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын шықты, ол алтын сенің есіңнен шығып кеткен екен, соны барып алып кетерсің», – дейді. Сонда жер сатқан адам айтады: «Мен саған жердің бәрін сатқанмын. Ол менің алтыным болса, енді сенікі», – дейді. Жер алған кісі айтады: «Мен сенің тек жеріңді алғанмын, алтыныңды алмаймын» деп, екеуі Әбдіхамит патшаның алдына келіпті. Сонда патша екеуінен де сұрап, бұл екеуі де алтынды алмаса, жерден шыққан алтынды кім алады деп уәзірлерінен сұрайды......
Кішкентай бір гаражда Машка есімді ақ көлік тұрыпты. Бұл гараж орманға жақын жерде орналасқан еді. Сондықтан Машка орманға жиі барып тұратын. Әдетте ол гараждан тұп-тура бұлаққа алып баратын соқпақпен серуендейтін. Жаңбыр көп жауып, ой-шұқырлы болып кеткен соқпақ кең болса да өте ыңғайсыз еді. Кейде шұңқырлар суға толып қалғанда Машка қанша тырысып ақырын жүрсе де үсті-басы батпақ болып қалатын. Енді......
Ерке қыз бен мысық бүгін де Ғажайып орманға жол тартты. Жолда Дүкенші ағайдың «Тек пайдалы заттар» сататын дүкенінен балқаймақ пен жеміс шырынын алды. Бұл орманның жай орман емес, Ғажайып орман екенін білетін боларсың, балақай. Ерке қыз ашық алаңқайда өсіп тұрған әдемі гүлдерді көріп, бір-екеуін жұлып алмақшы болып еді, гүлдер сыңғырлап күліп қоя берді:
Ерке қыз-ау, ерке қыз, Біз де сіздей еркеміз.......
Ерте, ерте, ертеде бір ханзада болған екен, оның қайтсем де ханшаға үйленем деген асыл арманы бар көрінеді, тек нағыз ханшаға. Міне, ол сол себепті дүниенің төрт бұрышын түгел кезіп шығады, алайда өзі ойлағандай ешкім ұшыраспайды. Ханша дегендерің толып жатыр, бірақ нағыз ханша ма екен солар?! Осы арасын......
Ертеде бір хан болыпты. Ханның аты Сұмырай екен. Ол: «Елде жоқ зат өзімде бар болса екен, менде бар зат ешбір адамда болмаса екен», – деп ойлапты. Осы мақсатын іс жүзіне асыру үшін Сұмырай хан кімнің жақсы аты, асыл жиһазы, қымбатты мүлкі болса, барлығын да тартып алып, өз қазынасына сала беріпті, сала беріпті. Сонда да көзі тойып, көңілі толмапты. Ол бір күні жалғыз отырып:
— Осы мен мал, жиһаз, қазынаны қанша ала берсем де халықтың малы да, қазына, жиһазы да бір бітпей қойды. Құлақ естіген жердегі жақсы ат, асыл кілем, қыран бүркіт, жүйрік тазы, асыл жиһаздың бәрін де жинап алдым. Енді мұндай асыл қазына тек жалғыз менде ғана шығар деп талай рет ойладым. Бірақ жақсы ат та, асыл зат та бір таусылар емес. Менде бар зат халықта да бар болып шыға келеді. Мен құралайды құрықпен ұстайтын бәйге атын алып қойсам, оның орнына тағы сондай бір қарапайым адам ұшқан құсты құтқармайтын тұлпар өсіріп мінеді.......
Алёнушканың (автордың қызы – ауд.) бір көзі ұйқыда, ал екіншісі ояу;
Алёнушканың бір құлағы ұйқыда, ал екіншісі тыңдап жатыр.
Ұйықтай ғой, Алёнушка, балапаным, әкең саған ертегі айтып береді.
Бәрі осында сияқты ғой: сібір мысығы Васька, сабалақ төбет Постойко, қап тесер Сұр Тышқан, пеш түбіндегі Қара Шегіртке, тордағы Ала Торғай және сотқар Әтеш.
Ұйықтай ғой, Алёнушка, қазір ертегі басталады. Әне, терезеде......
Теңіздің беті шашыратқының гүліндей көкпеңбек, таза шыныдай мөп-мөлдір. Ал тереңдігінде есеп жоқ. Тереңдігі сонша, оның түбіне ешбір зәкір жетпек емес. Мұның тереңдігін өлшеу үшін қабат-қабат зәулім мұнаралардың бірнешеуін біріне-бірін жалғауға тура келер еді. Міне, сол тұңғиықта су перілері өмір сүреді.
Теңіз түбі тұлдырсыз ақ құмдақ екен – деп ойлап қалмаңдар. Жо-жоқ. Оның түбінде судың сәл ғана қимылынан тірі жанша ......