Реферат: Биология | Қанның кетуін саусақтармен тоқтату

106. Қанның кетуін тез жарақаттан жоғары тұрған сүйекке (денеге жақын) қан ағып тұрған тамырды саусақтармен басу арқылы тоқтатуға болады. Қан ағып жатқан тамырды саусақтармен жеткілікті түрде қаттырақ басады.

107. Жарақаттардан қанның кетуін:

беттің төменгі жағындағы – жақтық артерияны жақтың төменгі шетіне қарай басу арқылы;

шеке мен маңдайдағы – шеке артериясын құлақтың алдына қарай басу арқылы;

бас пен мойындағы – ұйқы күре тамырын мойын омыртқасына қарай басу арқылы;

қолтық асты шұңқыры мен иықтағы (иық тамырына жақын) – бұғана астындағы артерияны бұғана астындағы ойға қарай басу арқылы;

білектегі – білек артериясын сырт жағынан білектің ортасына қарай басу арқылы;

қолдың буыны мен саусақтарындағы – екі артерияны (кәрі және шынтақ) үшінші төменгі қолдың буынын білекке қарай басу арқылы; .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жарақаттар кезінде асқынушылық

25.02.2014, 19:08
Жарақаттар кезінде асқынушылық
Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Қалған жағдайлардағы жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік ретінде-жұқпалы ауруларды асқынжарушы ретінде қызмет етеді.

Микробпен зақымданаған жараны жұқтырмалы, ал оқыс арқылы пайда болған аурады жара инфекциясы деп атайды. Микробтар жараға жарақаттаушы заттар мен ағаштың қабығымен, жердегі түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен арқылы өнеді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Амебоциттер

Амебоциттер — амеба тәрізді жалған аяқтары арқылы қозғалатын, адам мен омыртқалы жануарлар лейкоциттеріне сәйкес келетін, омыртқасыз жануарлар қанының түссіз жасушалары[1]; омыртқасыздар қанының түссіз жасаушалары. Олар бөтен денелерді ұстап алып қорытады ағзаны зиянды заттардан қорғайды. Амебоциттер қызметі жағынан адамды қоса алғанда барлық омыртқалылардың лейкоциттеріне ұқсайды

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Амфибластула

Амфибластула (гр. amphi — екі түрлі, қостүрлі; гр. bios — тіршілік; гр. blastos — ескін) — біржасушалы ұрық — зиготаның бөлшектенуі нәтижесінде түзілетін, пішіні шар тәрізді, ішкі қуысы сұйыққа толған қосмекенді жануарлар эмбриогенезінің алғашқы даму сатысындағы ұрығы. Амфибластуланың жоғарғы анимальды полюсі майда бластомерлерден (микромерлерден), ал төменгі вегетативті полюсі — цитоплазмасы сарыуызға бай ірі бластомерлерден (макромерлерден) тұрады. Амфибластуланың қуысы (бластоцель) анимальды полюске қарай ығыса орналасады. Ал оның қабырғасы (бластодерма) бірнеше қабат бластомерлерден тұрады. Бұл бластомерлердің көпқабатты бластодермаға айналуы — тангенциальды ( бластомерлер бөлшектенуінің зиготаның сыртқы бетіне параллельді бірнеше қабатқа жүруі) бөлшектену арқылы жүреді .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Анимальды полюс

Анимальды полюс (көне грекше: polus animalis; көне грекше: animal — жануар; көне грекше: polus — полюс) мезолецитгі жоне телолецитті жұмыртқа жасушаларының ядролары орналасқан цитоплазмасының жоғарғы полюсі. Жұмыртқа жасушасы ( овоцит ) цитоплазмасының анимальды полюсінде сарыуыз қоры тым аз мөлшерде болуы болмаса тіптен болмауы да мүмкін. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Анаболия

Анаболия (гр. ἀναβολή — көтеру, көтерілу) — организмде немесе оның мүшелерінде эмбриондық дамудың соңғы сатыларында пайда болатын құрылымдық өзгерістер. Бүл құрылымдық өзгерістер организмге, оның есеюі кезінде түрақты белгілер ретінде беріледі. Анаболия — филэмбриогенездің бір түрі. Филэмбриогенез теориясын А.Н. Северцов ашқан .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Іштөлдік кезең

Іштөлдік кезең (плодный период) — эмбриогенездің соңғы кезеңі. Іштөлдік кезеңде жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына және жеке организмдерге тән белгілер дамиды. іштөлдік кезең, мысалы, сиырда 61-270 тәуліктердің аралығында болады. Оның ішінде бастапқы іштөлдік кезең 61-120 тәулік аралығында жүріп, тұқымға байланысты белгілер дамиды, ал 121-270 тәулік аралығындағы соңғы іштөлік кезеңінде жануарлар организміңде барлық мүшелер жүйелері қалыптасады, өсіп жетіліп, жеке организмге тән құрылыс белгілері мен ерекшеліктері дамып жетіледі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Абдомен

Абдомен (лат. abdomen — құрсақ) - құрсақ, дененің құрсақ бөлігі. Құрсақ — құрсақ қабырғасынан және ішкі ағзалар орналасқан құрсақ қуысынан түрады. Құрсақ қабырғасы — сырттан ішке қарай: тері, теріасты бұлшықетін қаптап жатқан екі қабат беткей шандыр (фасция), құрсақтың сыртқы қиғаш бүлшықеті, құрсақтың тік бұлшықеті (бұл бұлшықет адамда — құрсақтың алдыңғы жағында, жануарларда — құрсақтың төменгі жағыңда орналасады), құрсақтың ішкі қиғаш бүлшықеті, құрсақтың көлденең бүлшықеті, көлденең құрсақ шандыры және ішперде (сірлі қабық) қабаттарынан түрады. Құрсақ қуысы (лат. cavum abdominis) — диафрагма (көкірек қуысы мен құрсақ қуысы шекарасындағы көкет) мен жамбас қуысы кіреберісіне дейінгі аралықтағы қуыс .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ішкі танау тесік

Ішкі танау тесік (хоаны) — жұтқыншақпен жалғасатын мұрын қуысының шығаберіс тесігі. Хоана тесігі таңдай сүйегінің тік және горизонтальды тақташаларынан түзілген

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аллергиялық диатез

«Диатез» гректің бейімділік деген сөзі. Яғни тері мен шырышты қабаттардың қабынуға бейімділігі. Бұл тұқым қуалайтын жағдай.



Осы жағдайдың әсерінен зат алмасу бұзылады, әсіресе су және минералды тұздардың алмасуы, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Сондықтан балалар жиі ауырады, аурулары ұзаққа созылады, жиі асқынып кетеді.



Аллергендердің түрлері:



1. Тамақ аллергендері-сиырдың сүті, жұмыртқаның ақуызы, цитрус жемістері, какао, бал, шоколад, қызғылт және сары түсті жемістер мен көкөністер, грек жаңғағы т.б.



2. Дәрі аллергендері-антибиотиктер, витаминдер, сульфаниламидтер т.б.



3. Вакциналар, сарысулар.



4. Тұрмыстық аллергендер-үй ішінің шаң-тозаңы, үй жануарларының жүні, құс жүні, балықтың жемі т.б. .....
Рефераттар
Толық
0 0