Реферат: Биология | Акробласт

Акробласт (akroblastus; грек, akros — төбесі, ұшы; blastos — өскін, ұрық) — аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар басындағы сопақша ядронын алдыңғы жағында орналасқан, тығыз дәншелер (гранулалар) жиынтығынан құралған Гольджи кешенінің туынды құрылымы. Акробласт — еннің ирек тұқымдык өзекшелерінде жүретін сперматозоидтардың даму процесі — сперматогенездің қалыптасу кезеңіндегі сперматидаларда түзіледі. Сперматозоид басының қалыптасу кезеңі барысында акробласт мөлшері жағынан ұлғайып, сперматида ядросының алдыңғы жағын оймақ тәрізді қаптайды. Акробласттың орталық аймағында еріту ферменттеріне (гиалуронидаза, протеаза) бай тығыз денешік — акросома орналасады

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Абсорбент

Абсорбент (лат. absorbeo — сіңіру) :
газдар немесе сұйық ортадағы (ерітіндідегі) заттарды өзінің барлық массасымен сіңіруге, соруға қабілетті сұйық немесе қатты зат. [1]
бойына судан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты затАдам мен жануарлардың дене құрылысындағы сіңіргіш құрылымдарға: жасушалардың биологиялық жарғақтары (мембраналары), арнайы (жасушалар микробүрлері) және жалпы органеллалар (лизосомалар т.б.);
Өсімдіктер организмдерінде — тамырдын, сабақтың, жапырақтың беткей жаткан жасушаларының плазмолеммалары жатады.Абсорбент (лат. absorbens— сіңіргіш зат) — абсорбент, көлемді сіңіргіш зат — бойына cудан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты зат .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Гипотрофия

Гипотрофия.



Көбінетуаболған гипотрофиякездеседі,оның себебі анасыныңсоматикалық және гинекологиялықаурулары, ата-анасыныңзияндыәдеттері "алкоголизм, темекі шегу”,өндірістік зияндылықтар болуы мүмкін.



Жүрепайдапайдаболғангипотрофияныңнегізгісебептері:



Алиментарлық фактор-баланыдұрыстамақтандырмау-керектімөлшерден аз беру немесетамақтыңсапасыныңнашарболуы.


Инфекциялық фактор-баланыңжиіауыруы, әсіресе ас қорытумүшелерініңауруларында.


Баланыңкүтімініңнашарболуы.


Тұқымқуалаушылыққабейімділік.


Клиникасы. Денесалмағыныңкемудәрежесінебайланыстыгипотрофияның 3 дәрежесі бар:



І Дәрежесі-салмағыныңмөлшерденкемдігі 10-20%, теріасты май қабатықарнындааздапкеміген, тәбетіжаманемес, терісісәлбозғылт. Терініңсозылғыштығытөмен, психикалықдамуыжасынасәйкес. Бұлдәрежедегігипотрофияныбайқауқиын, сондықтанауқытындаемделмейқалады .
.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ішперде

Ішперде (брюшина); (лат. peritoneum ішперде) — құрсақ және жамбас қуыстарының ішкі бетін астарлап жаткан сірлі қабық. Ол қабырғалық (париетальды) және висцеральды жапырақтарға бөлінеді. Қабырғалық ішперде құрсақ пен жамбас қуыстарының қабырғаларын және көкетті (диафрагма) астарлайды. Ал осы қуыстарда орналасқан ішкі мүшелер сыртынан висцеральды ішпердемен қапталған. Жалаңқабат сірлі қабықтан құралған париетальды ішперденің омыртқа бағанасы астында дене қуыстарының оң және сол жақтарынан келіп, өзара түйісіп қосқабаттанып, висцеральды ішпердеге өтетін жерін шажырқай деп атайды. Шажырқай негізінен ішек ілмектерінің аралығында жаксы жетілген. Қарындағы қосқабаттанған сірлі қабықтар аралығындағы дәнекер ұлпасында іш майы жиналатын шажырқайды шарбылар .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аннулоспиральды

Аннулоспиральды (дөңгелекайналымды) жүйке ұшы (көне грекше: terminatio nervi annulospiralis; Үлгі:Lang=grc — ұшы + көне грекше: nervus — жүйке + көне грекше: annulus — дөңгелек, шиыршық + көне грекше: spiralis — спираль) — бұлшықет үршығының ядролы қапшықты және тізбекті ядролы интрафузальды (көне грекше: intra —ішкі, ішінде + көне грекше: fusus — ұршық) ет талшықтарында аяқталатын сезімтал жүйке ұшы. Бүлшықет үршығы сыртынан созылмалы дәнекер ұлпалы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | АУЫРУ СЕЗІМІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ

АУЫРУ СЕЗІМІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ



Ауыру деп адамның жандүниесі мен көңіл күйін меңгеретін жанға жайсыз ауыр тұлғалық сезімді айтады. Ол ағзалар мен тіндерді бүліндіретін әсерлер туралы немесе сыртқы орта ықпалдарынан дамыған бүліністер мен дерттер туралы организмге хабар береді. Ауыруды сезіну жүйесін ноцицепциялық (лат. nocere — бүліндіру, сереrе — сезіну) жүйе деп атайды. Ауыру физиологиялық және патологиялық болады. Әдетте ауыру сезімінің физиологиялық қорғаныстық маңызы бар. Ауыру туындататын тітіркендіргіштерден (ыстық температура, жарақат т. т.) адам немесе жануарлар аяқ-қолын тез тартып алады. Сол арқылы бүліндіргіш әсерлерден сақтанады. Ал туа біткен немесе жүре пайда болған жүйке жүйесі дерттерінің нәтижесінде ауруды сезбейтін адамдар тіндерінің бүліністерін де байқамайды.



Паталогиялық ауырсынулар жүйке жүйені қажытады, организмнің зиянды факторларға қарсы тұруын әлсіретеді, үздіксіз, толқынды, иррадиациялы, ұстамалы болады

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Колиентерит

Колиентериттер-ащы ішектің шырышты қабатының қабатының қабынуымен сипатталатын жалпы инфекциялық ауру. Бұл аурумен көбінесе емшек жасындағы балалар, әсіресе шала туылған және қолдан тамақтандырылатын балалар ауырады.



Қоздырғышы-ішек таяқшасының О26, О66, О111 штаммдары.



Эпидемиологиясы:



1. Ауру көзі-ауру адам-және қоздырғыш тасымалдаушы.



2. Таралу жолы-қарым-қатынас(су, тамақ, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, лас қол, шыбын-шіркейлер арқылы).



3. Сезімталдық-1 жасқа дейінгі балалар.



4. Маусымдылық-жыл бойы.



5.Иммунитет-тұрақсыз, микробтың әр шаммына бөлек.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ФЛЕБИТ

ФЛЕБИТ (грек. phleps; phlebos — көк тамыр) — адам организміндегі көк тамырдың (венаның) қабынуы. Флебит негізінен инфекцияның аяқтың көк тамыр қабырғаларын зақымдауынан болады. Инфекция ошағы әр түрлі жаралар, бітеу жара, флегмона болуы мүмкін. Аурудың қоздырғыштары әр түрлі микроорганизмдер, негізінен стрептококк болып саналады. Флебит қалыпты жағдайда аяқтағы вена қан тамырларының кеңейіп түйінделуінің (қ. Варикоз) немесе вена қан тамырларында тромбоздың (қ. Тромбофлебит) пайда болған жерінде кездеседі. Сонымен қатар вена қан тамыры қабырғасынан Флебит оның айналасындағы тіндерге ауысып, перифлебит ауруын тудыруы мүмкін. Флебиттің жедел және созылмалы түрі бар. Бірінші түрінде аяқ ісініп, көк тамыр үстіндегі тері қабаты қызарып, дене қызуы жоғарылайды. Сол жерді саусақпен басқанда, көк тамырдың түйінделгені байқалады. Ауру асқынып, ірің пайда болып, ұзаққа созылғанда екінші түріне ауысады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Инсулинді енгізу ережесі

Мақсаты: баланы дәрігердің тағайындауымен емдеу, гипергликемиялық комадан шығару.



Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы, балада гипегликемияның анықталуы.



Кері көрсеткіші: гипогликемия.



Инсулинді енгізу ережесі:



1. инсулинді инсулин шприцімен енгізу керек



2. инсулинді қатал дозамен, тағайындалған уақытында енгізу қажет



3. 1 шприцке ұзақ уақтылы және қысқа уақтылы әсер ететін инсулинді араластыруға болмайды



4. Енгізер алдында флаконды 25-300 С жылытып, жақсылап сілку керек.



5. инсулинді тері астына енгізу керек, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Әлтерация

Әлтерация (лат. alterare — бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық немесе некроздық бүлінулерімен сипатталады. Бірінші әлтерация зақымдаушы қоздырғыштың тікелей әсерінен дамиды. Бұл кезде жасушаның сыртқы қабығы бүлінуімен қатар митохондрийлардың мембраналары зақымданады. Мембраналардың иондық насостарының қызметтері нашарлайды; жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарлайды.

Осылармен қабынудың негізгі белгілері қызару, ісіну мен ауыру сезімін түсіндіруге болады.

Алғашқы әлтерацияның нәтижесінде қан жасушалары (тромбоциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер, моноциттер, лимфоциттер) және тін базофилдері (мес жасушалары) іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін сыртқа шығарады. Осыдан жасуша аралық кеңістіктерде биологиялық белсенді заттар көбейеді. Бұл заттарды қабынудың дәнекерлері (медиаторлары) деп атайды. Олар айналасындағы сау жасушалардың бүлінуіне әкеледі. Сонымен, бірінші әлтерация қабыну шақыратын қоздырғыштың тікелей әсерінен пайда болады. Ал, екінші әлтерация тіндерге лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың (қабыну медиаторларының немесе дәнекерлерінің) әсерлерінен дамиды. .....
Рефераттар
Толық
0 0