Реферат: Биология | Патологиялық физиология

Патологиялық физиология-гректің pathos (ауру, дерт, кесел), physis-(фуекция, қызмет), logos-(uiiM, үғым) деген сөздерінен қүралған. Дерттану физиологиясы деген ұғымды білдіреді. Сонда патологиялық физиология ауру организмнің физиологиясы деген үғым. Қалыпты физиология cay организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін болса, патологиялық физиология ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің жэне түтас организмнің қалыптан тыс өзгерулерінің ең жалпы заңдылықтарын анықтайды. Сонымен патологиялық физиологиялық дегеніміз дерттік үрдістердің пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Генетикалық карталар

Генетикалық карталар
Генетикалық карталар деп — хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе, генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілердің, атап айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан өсімдіктерінің, тышқанның, пішен таяқшасының, т.б. генетикалық карталары жасалған. Болашақта басқа да өсімдіктер мен жануарлардың және адамның генетикалық картасын жасау міндеті тұр.
Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Олардың саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болатындығы бұрын айтылған болатын. Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты, жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды. Тіркестік топтар рим цифрларымен І, ІІ, ІІІ, ІV және т.б. болып белгіленеді......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аксонема

Аксонема (axonema; гр. axon — білік; гр. nema — жіп) - плазмалық жарғақпен қапталған жасуша кірпікшесінің өзегі. Аксонема сақина тәрізді шеңбер бойымен орналасқан тоғыз жұп микротүтікшелерден (дублеттер) және сақина ортасындағы екі жеке микротүтікшелерден (сингалеттер) құралған .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Абдуктор

Абдуктор (лат. abductor; ab — сыртқа қарай; duko — серпу, яғни денеден алыстатқыш) - адамда қол мен аяқ, ал жануарларда алдыңғы және артқы аяқтар буындарына әсер ету арқылы аталған мүшелерді денеден алыстататын бұлшық ет. Абдукторларға иық буынын денеден алыстататын "қырарты бұлшық еті" және жамбас-ортан жілік буынын сыртқа қарай тартып қозғалтатын "бөксенің терендегі бұлшық еті" жатады .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Спирохеталардың морфологиялық сипаттамасы

Спирохеталардың морфологиялық сипаттамасы.
Спирохеталар (Speira – иілген /изгиб/, chaite - шаш) – спиральға ұқсас иілген, өте жіңішке (шаш сияқты) қозғалғыш бактериялар. , ұзындығы 5 - 500 мкм. Жасушалар протоплазмалық цилиндр секілді фибриллалармен оралған,қозғалғыш, спора түзбейді,грам теріс, жасуша ішілік қосындылар бар. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Балалардың жүрек және қантамыр жүйесінің АФЕ-рі

Балалардың жүрек және қантамыр жүйесінің АФЕ-рі. Тумастан біткен жүрек ақаулары.



Туа біткен жүрек ақаулары жайлы түсінік, даму себебі, негізгі клиникалық көріністері, диагностикалық әдісі және емдеу.

Балаларда қан тамырларының тонусының бұзылуы, себебі, клиникалық көріністері және емдеу әдістері.

Балалардың жүрегі үлкендердің жүрегіне қарағанда жоғары орналасқан, шар тәріздес. Жүректің бұлшық еті қанмен жақсы жабдықталған, сондықтан көп ауыр жағдайларды көтере алады.Артериалар мен веналар бірдей кең, сондықтан қан қысымы төмен. Жаңа туған балалардың қан қысымы 70/35 мм сын.бағ. бойынша, 1 жастағы балада бұл көрсеткіш 80/45 мм сын.бағ. Бір жастан асқан балалардың максимальды (жоғарғы) қан қысымы Молчанов формуласы бойынша анықталады: ҚҚ=80+2п, п-баланың жасы. Ал максимальды (төменгі) қан қысымы бұл санның жартысына тең. Мысалы: 5 жасар баланың қан қысымы-80+2х5=90, яғни 90/45 мм сын.бағ. Қан қысымы Рива-Роччи аппаратының көмегімен Коротковтың әдісімен айқындалады. Балалардың тамыры (пульсі) жиі тұрақсыз ағады.



Жаңа туған балада-120-140 рет минутына



1 жастағы балада -110-120 рет



7 жастағы балада -85-90 рет



15 жастағы балада -80-76 рет



Тамыр соғу жиілігін тұтас 1 минут ішінде кәрі жілік, самай, ұйқы артерияларының үстінен, үлкен еңбектің қимылдауы (соғуы) бойынша табуға болады. Бала жылағанда, дене қызуы көтерілгенде тамыр соғуы жиіленеді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары

Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары



Асқазанда тағам химиялық өңдеуден өтеді. Ол үшін асқазан құрамы күрделі сөл шығарады. Бұны секрециялық қызметі деп атайды. Қарын сөлі құрамында тұз қышқылы, протеолиздік ферменттер, ішкі антианемиялық (Касл) факторы, су, фосфаттар, сүлфаттар, хлоридтер, калий, натрий, кальций және шырыш бар.

Асқазан сөлі үш түрлі бездік жасушалармен (гландулоциттермен) өндіріледі:

1. негізгі гландулоциттер пепсиноген мен химозин;

2. мукоциттер-шырыш;

3. париеталдық (іргелік) гландулоциттер — тұз қышқылын, ішкі антианемиялық факторды өндіреді.

Асқазан сөлінің шығуы нервтік рецепторлардың қозуымен және ас қорыту жолдарының гормондарымен реттелуі бойынша үш сатыда өтеді:.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Гомеостаздық нейро

Гомеостаздық нейро – эндокриндік реттелуі. Гомеостаз және оның реттелуі. Гомеостаз және оның механизмдері.

1929 ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты – басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т.) айтады.
Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Абдукция

Абдукция (лат. abductio — сыртқа серпу, алыстату) — адам мен жануарлардың омыртқа бағаналарының бойын бойлай бастан кұйрыққа дейін өтіп, олардың денелерін арқадан құрсаққақарай тепетең екі жарты бөлікке бөлетін орталық сагиттальды (лат. cagitta — жебе) жазықтықтан дененің оң жағына немесе сол жағына сыртқа қарай бағытталған қозғалыс. Аталған қозғалысты іс жүзіне асыратын бұлшықеттерді "абдукторлар" деп атайды......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ішек дисбактериозы

шек дисбактериозы деп ішектегі қалыпты микрофлораның құрамының өзгерісін айтады. Ол әртүрлі қолайсыз жағдайларда организмнің әлсіреуінде немесе антибиотиктерді бақылаусыз және ретсіз көп қолданғанда дамиды. Осы кезде тоқ ішекте ашу, шіру процесстері күшейіп, перистальтикасы жоғарылайды, іш өту болады, К витаминінің түзілуі нашарлайды. Ішек дисбактериозын емдеу үшін И.И.Мечников сүт қышқылының бактерияларын ұсынған. Бұл бактериялар адамның ішегіне бейімделіп, өсіп-өніп, басқа бактериялардың өсуін тежейді. Сүт қышқылы айран, сүт, қымыз т.с.с. тағамдарда болады.



Бауыр организмде ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап тұруға бағытталған көптеген өте маңызды қызметтер атқарады.

Бауыр аурулары жиі қабынумен (гепатит), бауыр жасушаларында зат алмасудың бірінші бұзылыстары нәтижесінде дамитын дистрофиялармен (гепатоздар), осылардың нәтижесінде бауырда дөнекер тіннің көптеп өсуімен (цирроз), өспе өсуімен, өт өндірілу мен өттің ішекке шығарылуьгның бұзылыстарымен көрінеді......
Рефераттар
Толық
0 0