Реферат: Биология | НЕРВ ЖҮЙЕСІ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Нерв жүйесінің бұзылыстары тежелудің тапшылығымен, денервациялық және деафферентациялық синдромдармен, нервтердің нәрленістік (трофикалық) қызметтерінің өзгерістерімен көрінеді.



1. Тежелудің тапшылығы. Нерв жүйесінің қызметтері екі қарама-қарсы қозу және тежелу үрдістерімен қамтамасыз етіледі. Қалыпты жағдайда нерв жүйесінің жоғарғы бөліктері төменгі бөліктеріне, нервтелетін ағзалар мен тіндерге тежеуші әсер етіп тұрады.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жыныс генетикасы

Жыныс генетикасы
Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Табиғатта кездесетін көптеген тірі организмдердің арасындағы аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады. Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты. Бұл Мендель тәжірибелеріндегі талдай будандастырудың нәтижелерімен сәйкес келеді:
P Aa x aa
Г Аа а
Ғ1 1Аа : 1аа
Жүргізілген цитогенетикалық зерттеулердің нәтижесі жануарлар мен өсімдіктердің көпшілігінде аталық және аналық организмдердің .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Қабыну

Қабыну (лат.— inflammatio, грек.— phlogosis) көптеген аурулардың даму негізінде жатады.

Қабыну деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен көрінетін біртектес дерттік үрдісті түсінеді.

Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. Қабынудың дамуында жергілікті механизмдер нервтік-эндокриндік реттеу жүйелерінің әсерлерінен басымырақ байқалады. Бірақ қабыну басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене қызуымен, аллергиямен, стреспен, иммундық серпілістермен) тығыз байланысты болғандықтан организмнің, жергілікті ғана емес, жалпы серпілістерін көрсетеді......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аккомодациялық аппарат

Аккомодациялық аппарат (лат. accomodatio — бейімделу) — әртүрлі қашықтықтағы заттарды көздің анық көруіне көмектесетін бейімделу аппараты. Аккомодациялық аппарат — биологияда, медицинада, ветеринарияда кору мүшелеріне байланысты қолданылатын термин. Заттарды анық көру көз бұршағының пішіні мен оның жарық сәулелерін сындыру күшіне тікелей байланысты. Аккомодациялық аппаратқа: көз бүршағы мен оның пішінін (бетінің дөңестенуі мен жалпақтануын) өзгертіп отыратын кірпікті дененің бұлшық еттері жатады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Полиомиелит


Полиомиелит – жұлын параличі – жұлынның сұр затының зақымдануымен, парез-параличтермен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Өткен ғасырдың 5-ші жылдарына дейін полиомиелит ауруы көптеген балалардың өмірін үзіп, тірі қалғандарын мүгедектікке әкелген ауру болып келеді.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Лейкоцитоз

Лейкоцитоз — шеткі қанда лейкоциттердің 8х109/л-ден астам көбеюі. Лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық лейкоцитоздар тамақ ішкеннен 2—3 сағат әткен соң дамитын — ауқаттық, ауыр қол жүмысын атқарғаннан кейін — миогендік, жаңа туған балаларда, жүкті әйелдерде болады. Патологиялық лейкоцитоз көптеген аурулар кездерінде дамиды, Бұл лейкоцитоз инфекциялық лейкоцитоз, қабынулық, қатерлі өспелер кездеріндегі және қансыраудан кейінгі лейкоцитоздар болып бөлінеді. Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай нейтрофильдік (нейтрофилез), эозинофильдік (эозинофилия), базофильдік (базофилия), лимфоциттік (лимфоцитоз), моноциттік (моноцитоз) лейкоцитоздар болады......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жалпы этиология Патогенез

Этиология – себеп туралы ғылым (aitia-себеп, logos-ғылым). Медицинада этиология – аурудың себебі, пайда болу жағдайы, дамуы туралы ғылым.

Аурудың себебі – ауру тудыратын фактор.

Мысалы: сәуле ауруының себебі – радиация, инфекциялық аурудың себебі – патогенді микробтар.

Сыртқы ортаның ауру тудыратын себептерінің жіктелуі:

1.Механикалық күштердің әсері (соғу, қысу, кесу).

2.Физикалық факторлар

А) дыбыстың және шудың әсері

Б) барометрлік қысымның өзгеруі

В) жоғары және төменгі температураның әсері

Г) күн сәулесі, лазерлік сәуле

Д) электрлік ток .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ТАМЫР ІШІНДЕГІ ШАШЫРАНДЫ ҚАН ҰЮ

Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы жиі кездесетін дерттік көріністерге жатады. Ол көптеген дерттік жағдайларда: сепсис, вирусемия кездерінде, қатерлі ісіктер мен шоктардың барлық түрлерінде, әсіресе кардиогендік шок кезінде, ауыр жарақатпен, әсіресе қансыраумен қабаттасатын хирургиялық әрекеттерде, акушерлік патологияларда, үлкен күйіктерде, үсіктерде, сүйек сынықтарында, жұмсақ тіндердің жаншылуларында, бүйрек, бауыр, ұйқы безі бүліністерінде, тез дамитын тамыр ішіндегі гемолиз бен лейкоциттердің цитолизінің барлық түрлерінде, гемобластоздарда, созылмалы миелолейкозда, жүйелі қызыл жегіде, түйінді периартеритте және басқа иммундық ауруларда, геморрагиялық васкулитте, көп мөлшерде гемотрансфузияларда т. б.жағдайларда кездеседі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Тонзиллит

Тонзиллит (tonsіllіtіs) – таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуы. Тонзиллиттің жедел түрі және оның бірден қатты ұстайтын созылмалы түрі бар. Созылмалы түрі мұрыннан қиналып дем алудан, мұрын қуыстарының және тістің зақымдануынан болады. Бұл кезде қабыну ошағы негізінен бадамша бездің шұңқыры лакунада болады. Науқас адамның оқтын-оқтын тамағы ауырып, жұтынғанда тамағында бір нәрсе тұрғандай сезінеді. Кейде құлақ шаншып ауырады. Ауру адамның дене қызуы 37,3 – 37,5С-қа көтеріліп, дерт бірнеше аптаға, тіпті бірнеше айға созылады. Соның салдарынан науқас әлсіреп, буындары сырқырайды, басы ауырып, жұмысқа қабілеті төмендейді. Тонзиллиттің бұл түрі мезгіл-мезгіл қайталануы мүмкін. Дерттің өршуі жүрек-қантамыр және несеп-зәр шығару жүйелері қызметінің бұзылуына, буындардың сырқырап ауруы – тонзиллогенді сепсиске әкеледі. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралу керек. Емді дәрігер тағайындайды. Ем кешенді түрде жүргізіледі. Дұрыс диета сақтап, витаминдерге бай тағамдар ішу керек; антигистаминді препараттар, антибиотиктер беріледі; лакуналарды антисептик. ерітінділермен жуады. Дерт қатты асқынып кеткен жағдайда, хирург. операция жасап, таңдай бадамшаларын алып тастайды.



Пайдаланылған әдебиет



"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Талма ауруының генетикасы

Талма ауруының генетикасы



Талма (эпилепсия) ауруымен бүкіл әлем бойынша 20-дан 40 миллион дейін адамдар ауырады. Еуропада бұл аурудың әртүрлі жас аралығында кездесу жиілігі 100000 адамға шаққанда 40-70 аралығында анықталады. Аурудың ең басым көрсеткіші бір жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Алғашқы талма 75 пайыз жағдайда 18 жасқа дейін дамиды. Ең минималды жиілігі 30 және 40 жас аралығында, ал қарт адамдарда бұл көрсеткіш қайта жоғарылайды. Талма ауруы 12-20 пайыз жағдайда жанұялық сипатта болады. Талма ауруы ерте заманнан белгілі. Біздің заманымызға дейін 400 жылдары Гиппократ осы талма ауруына арналған бірінші трактатын «Қасиетті ауру» жазды. Бұл ғұлама дәрігер талма ауруының табиғатын тұқымқуалаушылық пен бас миының ақауларымен байланыстырды. Ал, талманың дамуын бас миының тығыздығын өзгертетің күн сәулесімен, жел және суықпен әсер етеуінен-, деп есептеді. Қазіргі заманғы түсінік бойынша талма ауруы мультифакторлы аурулар тобына жатады. Патогенезінде бас миындағы эпилептикалық ошақта нейрондардың шамадан тыс қозуының салдарынан клиникалық көрінісінде қайталамалы жайылған талманың дамуымен сипатталады.

Жіктелуі .....
Рефераттар
Толық
0 0