Реферат: Биология | Асқаза 12-елі ішек жарасы

Асқазан, 12-елі ішек жарасы.



Асқазан және 12-елі ішектің шырышты қабатында жараның пайда болуымен сипатталатын ,рецидивті өтетін созылмалы ауру.



Этиологиясы: тамақтанудың режимінің және сапасының бұзылыстары, стресстік ситуациялар, тұқым қуалаушылық, инфекциялық фактор-хеликобактерлер.



Клиникалық формалары:



І. Жараның орнына байланысты:



1. Асқазан жарасы



2. 12-елі ішек жарасы.



3. Асқазан, 12-елі ішек жарасы.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ

Жүрек кызметінің жеткіліксіздігі жүректің өзінің аурулары кезінде дамиды. Жүрек бір соққанында 60—75 мл қан шығарса, бір минөтте 4,5—5 л, бір тәулікте 7200 л, бір жылда — 263 тонна қан айдайды. Бұл көрсетілгендер қалыпты жағдайда болса, ал ауыр қол жұмысын жасағанда немесе спортпен шұғылданғанда бұлардың барлығы 3—4 еседен астам көбейеді.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі мына патогенездік жолдармен дамуы мүмкін:

1. Шамадан тыс артық қызмет атқарудан, жүректің зорығуынан;

2. Миокардтың бірінші бүліністерінен;

3. Перикард қызметінің бұзылыстарынан;

4. Жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарынан;

5. Осы көрсетілгендердін біріккен бұзхылыстарынан.

Миөттік қан көлемін қалыпты жағдайда ұстап тұратын компенсациялық механизмдерге тахикардия жатады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Нозология

Нозология (гректің поsos — ауру, дерт, Іоgоз —- ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бүл медицина ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі.



Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін денсаулық толық зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері әлі жинақталмаған.



Егер организімнің сыртқы қоршаған орта (адам үшін әлеуметтік орта) жағдайларына бейімделу қабілеті бұзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. Денсаулықтың физиологиялық өлшемі балып қалыптылық немесе белгілі бір түрақты өлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық (қан қысымы-ның деңгейіг дененің температурасыг қан жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, нәруыздың ж. б. деңгейі т. с. с.) көрсеткіштердің көпшілікке тән арифметикалық орташа .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ішек (кишечник)

Ішек (кишечник) — ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі. ішектер: ащы ішек және жуан ішек бөлімдеріне бөлінеді. Ащы ішекке: 12 елі ішек( ұлтабар ұшы), аш ішек және мықын ішек, ал жуан ішекке: бүйен, тоқ ішек және тік ішек жатады. ішектің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-етті және сыртқы-сірлі қабықтардан тұрады. Ащы ішектің ішкі бетінде ішек бүрлері болады. ішектердін кілегейлі қабықтарында ішек сөлін бөлетін жалпыішектік бездер және 12 елі ішекте дуоденальды қабырғалық бездер болады.[1] .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Менингококкты инфекция

Менингококкты инфекция-клиникалық айқындалуы әртүрлілігімен сипатталатын жұқпалы ауру.



Қоздырғышы-менингикококк, сыртқы артада тұрақсыз. 37 С төмен температурада өмір сүре алмайды, ал 50 С температурада 5 минуттан артық өмір сүре алмайды.



Эпидемиологиясы:



Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш вирус тасымалдаушы.

Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.

Төзімділік (сезімталдық- 14 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

Иммунитет-тұрақсыз,.

Аурудың даму механизмі-қоздырғыш ауа-сілекей жолымен жұтқыншаққа жетіп оны қабындырады, ал кейде қоздырғыш қанға, лимфаға өтіп аурудың ауыр түріне айналады..



Клиникалық белгілері:



Инкубациялық немесе жасырын кезең- 2-10 күн.



3 клиникалық түрі жиі кездеседі;



1.Менингококкты назофарингит- аурудың жеңіл түрі.баланың жалпы жағдайы бұзылады-шаршағыш болып, тәбеті төмендейді, денесінің қызуы көтеріледі Басы ауырады, көмекейдің шырышты қабатын қан кернеп, мұрны бітеді. Диагнозды дәлелдеу үшін жұтқыншақтың шырышты қабығынан зерттеуге жағынды алынады

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Зиянды жәндіктер

Зиянкестер – адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар Зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы Зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, капустаны – капуста ақ көбелегі мен капуста қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны – қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты – колорадо қоңызы зақымдайды.[1] Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Асфиксия

Асфиксия - тұншығу, нәрестенің туылу сәтіндегі организмінде оттегі жетіспеушілігінен дамитын жағдай.



Гипоксиямен-тканьдердегі оттегі жетіспеушілігі, гиперкапниямен-қандағы СО2-нің көбеюі, ацидозбен-организмде шала тотыққан зат алмасу заттарының көбеюімен сипатталады. Асфиксия кезінде ОЖЖ-нің, жүрек қантамыр жүйесінің, бауырдың жұмысы зақымданады.



Тұншығудың себептері:



1. Кіндіктегі қан айналымының бұзылуы : баланың кіндігінің мойнына, денесіне оралып қалуы, кіндіктің түйілуі, түсіп кетуі т.б.



2. Баланың туылуының ауыр жағдайда өтуі: бала жолдасының ерте ажырауы, ұрыққасындағы судың ерте кетуі, жатырдағы су мөлшерінің шамадан тыс көп болуы, аз болуы,баланың дұрыс келмеуі, егіздік , туылудың ұзаққа созылуы т.б.



3. Анасының жүктілік кезіндегі зиянды әдеттері, инфекциялық аурулары, қан кетулер, әйел мықынының тар болуы, акушерлік қысқыштар қолдану т.б......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Темір тапшылықты анемия

ТЕМІР ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯЛАР

Темір тапшылықты анемия- темірдің организмге түсуі мен пайдаланылуы және организмнен сыртқа шығарылуы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде организмде оның жеткіліксіздігінен дамитын анемия.

Этиологиясы. Теміртапшылықты анемияның даму себебеі болып мыналар есептеледі:

1. Қайта-қайта және ұзақ қансыраулардан (жиі жатырдан, кейде ас қорыту ағзаларынан, бүйректен, өкпеден) нәтижесінде эритроциттермен бірге организмнен темір көптеп шығарылуы;

2. Темірдің тағаммен бірге жеткіліксіз түсуі (балаларды сиыр және ешкі сүттерімен тамақтандырғанда);

3. Организмнің өсуі, жетілуі кездерінде, әйелдердің жүкті және бала емізу кездерінде темірге артық мұқтаждығы пайда болуы;

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек

Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек

97. Жарақаттың қандай да бір түріне жарақат алған заттағы, зардап шегушінің терісіндегі, сондай-ақ шаңдағы, жердегі, көмек көрсетушінің қолындағы және байлайтын таза емес материалдағы микробтарды жұқтыруға болады.

98. Көмек көрсету кезінде мынадай талаптар сақталады:

жараны сумен немесе қандайда бір дәрілік заттармен, жууға, ұнтақ себуге және маз жағуға болмайды, себебі бұл жазылуына кедергі жасап, оған тері бетінен кірдің түсуіне септігін тигізеді және іріңденуіне әкеп соғады;

жараның бетінен құмды, жерді, тасты алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі жараны ластайтын заттардың барлығын алып тастау мүмкін емес. Жараның бетін бүлдірмеу үшін абайлап теріні сыртына қарай тазалай отырып, жараның қасындағы кірді тазалау керек; жараның қасындағы тазаланған учаскені таңғыш байлау алдында йод тұнбасын жағады;

жараның бетінен ұйыған қанды, жат заттарды алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі бұл қанның қатты кетуіне әкеп соғады;

жараның сіреспемен іріңдеуін болдырмау үшін жараны оқшаулағыш лентамен орауға немесе жараға тор таңғыштарды салуға рұқсат етілмейді.

99. Жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету үшін орауышында басылған нұсқауға сәйкес дәрі-дәрмек қорабындағы (сөмкесіндегі) жеке қолдану пакетін ашады. Таңғышты байлау кезінде оның тікелей жара бетіне байланатын бөлігін қолмен ұстауға рұқсат етілмейді.

100. Егер жеке қолдану пакеті болмаса оны таңып байлау үшін таза бет орамалды, матаны пайдалануға болады. Мақтаны тікелей жараның бетіне салуға рұқсат етілмейді. Егер жараның бетіне қандайда бір ұлпа немесе орган (ми, ішектер) түссе, таңғышты еш жағдайда сол ұлпаны немесе органды жараны ішіне салуға тырыспай үстінен байлайды.

101. Жарақат алған кезде көмек көрсетуші қолын жууы немесе саусақтарына йод тұнбасын жағады. Жараның бетін жуылған қолмен ұстаудың өзіне рұқсат етілмейді.

102. Егер жара жермен ластанған болса, дереу қан сарысуының сіреспесіне қарсы дәрі алу үшін дәрігерге барады.



.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ерте жастағы балалардың аурулары

Ерте жастағы балалардың аурулары. Ерте жастағы балалардың тамақтануының созылмалы бұзылыстары.



Арулардың анықтамасы, жіктелуі

аурулардың даму себептері, белгілері, диагностикасы

асқынулары,емі ,алдын алуы

клиникасы мен емі

науқас нәрестелердің күтім принциптері

Баланың физикалық дамуы және жүйке-жүйесінің дамуы өз жасына сәйкес болса, бұндай балаларды-нормотрофиктер дейді.



Егер баланың дене құрылысы оның мөлшерлік нормасынан артық немесе кем болса, бұл балалар дистрофиктер деп аталады.



Салмағы мөлшерден артық балаларды паратрофиктер деп атайды.



Салмағы мөлшерден төмен болуы және организмнің қорғаныс принциптерінің нашарлауымен сипатталатын созылмалы жағдайды гипотрофия деп атайды.



Балалардағы дистрофия – бұл созылмалы тамақтану бұзылысы, онда асқорыту қызметінің бұзылуымен қатар,зат алмасу мен клеткалар мен тіндердің сіңіру қызметі де бұзылады. Олдене және жүйке–психика дамуынтежеп, бала организмінәлсіретеді. Дистрофия ауыр және созылмалыинфекциялыауруларпайдаболуынабейімдейтінқолайсыз фон болыптабылады. Дистрофиялыбалаларды осы ауруларбойынша "қатер” тобынажатқызады.

.....
Рефераттар
Толық
0 0