Табиғаттың жаңарып, қайта түлеу мезгілі-көктеммен бірге келетін Наурыз мерекесі тек қазақ халқына емес, сонымен қатар күллі түркі жұртына ортақ мұра, ортақ мереке. Наурыз мерекесі - жер ана мен адамзат арасындағы үндестікті көрсетеді. Парсы тілінен аударғанда «Наурыз» сөзі - «жаңа күн» деген мағына береді. Осынау ұлы мерекенің тойлануы осыдан 3000 жыл бұрын бастау алған. Наурыз ежелден жаңарудың, бейбітшіліктің, пәктіктің мерекесі ретінде тойланып келеді. Сондықтан наурыз айын түркі тілдес халықтар жыл басы деп біледі. ......